Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ППП-111 салстырмалы кешен (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.23 Кб
Скачать

3.Дәрістің мақсаты

1. Дамыған мемлекеттердің мектеп жүйесімен танысу. Дамыған елдердегі мектертердің білім беру жүйесін еліміздегі мектептермен салыстыра отырып ұғыну.

4. Дәрістің мазмұны

1. АҚШ пен Англиядағы мектеп жүйесі. АҚШ-та бастауыш білім алу мерзімі 6 немесе 8 жыл. Ол: - элементарлы білім береді; - оқуға деген сана-сезімді қалыптастырады.

60 ж.ж-ры мерзім аралық немесе кіші орта мектептер сияқты мектептер пайда болды. Олардың мақсаты – мектептің бастауыш және орта қабатын (5-8 сыныптарды) қосуға көмек беру. Орта мектеп ондағы ортақ білім берудің схемалары мен типтері бойынша көпнұсқалы болып табылады. Орта мектеп бағдарламасы пәндерді оқытудың түрлі нұсқаларын саналуымен құралған 200 түрлі курстары бар. Орта мектептің көбісінде жұмыс пен оқуды қосуды қарастыратын бағдарламалар жүргізіледі.

АҚШ-ғы орта білім деңгейін бағалау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылуда:

- орта мектепті бітірушілер саны (ХХ ғ. 90 ж.жылдары 100 адамнан - 75-77 адам);

- алынған білім деңгейі (мектеп дарындылығы тесттерінің көмегімен анықталады).

Қазіргі заманғы мектеп жүйесі білім беру саласындағы алты стратегиялық мақсаттары белгісінде дамиды.

- Американың барлық балалары мектепке оқи алатындай болып түсуі керек.

- Толық орта мектепті табысты (жақсы) бітірушілер саны 90% дейін көтерілуі тиіс;

- Американдық оқушылар 4,8,12 сыныптарында емтихан тапсырып, ағылшын тілі, математика жаратылыстану, тарих және география сияқты пәндерді жетік меңгеруі тиіс. Әрбір орта мектеп бітірушілерге білімін жетілдіру немесе қазіргі заман экономикасында өнімді жұмыс атқаруы үшін жетік дайындыққа кепілдік беруі тиіс;

- Америкалық оқушылар әлемде жаратылыстану пәндері мен математикадан білім деңгейі бойынша бірінші орын алуы тиіс;

- Ересектердің барлығы әлемдік экономиканы түсіну үшін және өздерінің азаматтық міндеттерін атқару үшін қажеті білім алады;

- Барлық мектептер наркотикпен (есірткі) күштеуден аулақ болады: тәртіп атмосферасы бекітіледі.

Дәстүрлі академиялық пәндері міндетті жаңа курстармен толықтырылған:

- ағылшын тілі - әлемдік мәдениетке енгізілген және т.б.

- қоғамтану (тарих, география, азаматтық құқық) – батыс өркениеті тарихымен, Америка тарихы, Америка демократиясымен;

- математика – дифференциалды және интегралды есептеу және т.б.

- жаратылыстану (физика, астрономия, биология, химия, геология) – кванттық механика, электродинамика негіздерімен, технология қағидаларымен (техникалық жоба)

- шет тілі (тәжірибелік билингвизмге жету мақсаты қойылып отыр) дене тәрбиесі мен өнер курстары жетілдірілуде.

10 сыныптан бастап бұл кең бағдарлама оқушылардың өздері қалаған пәндермен толықтырылады – негізінде оқушылар 10 – сынып басында кейінгі білім алуы жөнінде шешім қабылдайды.

2. Англиядағы мектеп жүйесі. Ұлыбританияда әлеуметтік жағдайы мен ұлтына қарамастан барлық балалар үшін тегін білім беру жүйесі жұмыс жасауда (1988 ж) білім беру реформасы туралы Актіге сәйкес міндетті білім кезеңі төрт «Бастауыш кезеңге» бөлінеді:

- 5 жастан 7 жасқа дейін; - 7 жастан 11 жасқа дейін; - 11 жастан 14 жасқа дейін; - 14 жастан 16 жасқа дейін;

Оқу мерзімін бөлу: - оқу жылының мерзімі – 38 апта; - жазғы (6 апта), рождестволық және пасхальді (2-3 апта) демалыстары мен оқу жылы триместрге бөлінген.Триместерлер ортасында апталық үзіліс қарастырылған. Оқу аптасы негізінен 5 – күндік. Оқу күні азанғы сағат 9.00-ден 15.30.ға дейін, түстікке үзіліс. Аптасына аз ғана академиялық сағаттар қарастырылған: мектептер апталық оқу (нагрузкаларын) көбейтуге құқылы: - муниципалды – тегін; - жекеменшік – ақылы мектептер бар.

Бастауыш білім – 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға арналған. Бастауыш білім беру мекемелерінде балалар жас мөлшерлік сыныптарға бөлінеді, барлық пәннен бір ғана мұғалім дәріс жүргізеді, сабақ 15 минуттан 45 минутқа дейін жүреді. Оқуды бітіргеннен соң балалар емтихан тапсырмайды, оқу орнын бітірді деген куәлік алмайды.

Бастауыш мектепте оқытылатын пәндер:

- оқу мерзімінің 40 % ағылшын тілін оқуға жұмсалады. 15% -ны – дене тәрбиесі алады, 12% жуық қол еңбегі мен өнер сабағы, қалған сағаттар арифметика, география, табиғаттану, және дінтану арасында бөлінеді.

Орта білім. - біріктірілген мектеп 11 (12)- 15 жасар. - 15-17 (18) жастағыларға арналған грамматикалық және қазіргі заман мектебі.

Оқушылар жас мөлшеріне қарай сыныптарға бөлінеді.

Орта мектепте оқу мерзімі 13 жыл. 11 жыл білім алу – міндетті. 14 жасқа толғаннан кейін жасөспірім кәсіптік мектепке түсуге құқылы. 16 жастан кейін олар білімін жалғастыруға немесе жұмыс істеуге құқылы. Бұл уақытқа дейін олар кәдімгі деңгейдегі білім туралы сертификат ала алады. 13 жылдық табысты оқудан кейін жоғарылатылған деңгейдегі сертификат беріледі.

Білімді бағалау кезінде тестіні жүйелі түрде қолданады. Оқу нәтижесін бақылауда маңыздылығы тең 3 элемент бар, олар: - тексеру; - есеп; - диагностика.

Бақылау стандартты білімге, ілімге бағытталған. Стандарттарға сәйкес оқушының 3 деңгейдегі жетістіктері бөлінеді: - есте сақтау қабілеті; - штаттан тыс ахуалда білімін пайдалана алуы; - өмірде білімін пайдалана алуы.

Білімді бақылау мен оны бағалаудан басқа емтихандық тексерулер бар:

- бастауыш мектепте 2 реттен – 7 және 11 жасар оқушылар;

- орта мектепте 2 реттен -14 және 16 жасар оқушылар.

Бағаны мұғалімдер мен емтихандық комиссияның тәуелсіз мүшелері қояды.

5. Кәсіптік білім, кәсіптік дайындықтың 4 деңгейін көрсетеді:

- 1-ші деңгей – біртүрлі жұмыс атқаруға мүмкіндік беретін (компетент);

- 2-ші деңгей - өз бетінше және жауапкершілікті түрде жұмыс атқару қабілеті;

- 3-ші деңгей – күрделі және оригинальды жұмыстарды атқару;

- 4ші деңгей – арнайы жеке тапсырмаларды орындау.