Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ППП-111 салстырмалы кешен (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.23 Кб
Скачать

7. Білімге деген әлеуметтік сұраныстың жалпы мінездемесі.

2. Дәрістің жоспары

1. Білімге деген әлеуметтік сұранысты кеңейту.

2. Қыздарды орта және жоғары біліммен қамту.

3. Демографиялық факторлар ролі.

3.Дәрістің мақсаты

1. Білім беру саласына экономиканың тигізетін әсерін ұғыну. Дамыған және дамушы елдердегі білім нәтижесімен таныстыру.

4. Дәрістің мазмұны

1. Білімге деген әлеуметтік сұранысты кеңейту.

Қазіргі заманда дамыған елдерге тән толық білім алуға деген әлеуметтік сұраныс артуда. Жастар толыққанды білім алуды өздері армандаған әлеуметтік статусқа жету шарты ретінде қарастырады. Білім деңгейі мен еңбек ақы арасында нақты корреляция пайда болады. Жоғары білімділік деңгейі, бірінші бөлімі төмен деңгейдегі мамандандырылмаған жұмысшылар жұмыссыздықтың құрбаны болатын ескере отырып, жұмыссыздықтан кепілдік ретінде қаралады. Батыстық қоғамның әлеуметтік элиталары қалыптасуының жаңа тәсілдерімен байланысты, ауқатты жанұядан шыққан жастар үшін де білімнің маңыздылығы жоғарылады.

2. Білімге деген әлеуметтік сұраныстың өсуі:

- Бірқатар экономикалық және әлеуметтік – психологиялық себептермен, қыздарды орта және жоғары білімге тартумен байланысты деуге болады.

- Дамыған елдердің экономикасындағы құрылымдық алға қадам басу.

- Әйелдердің қоғамдық өзін - өзі тануы тәуелсіздік пен еркектер мен әлеуметтік теңдікке талпыныстарының өсуі.

- Сондай – ақ әйелдердің экономикалық белсенділігін, егер оның бюджетін ерінің еңбек ақысы құраса, отбасының белгілі бір материалдық деңгейін көтеру үшін қаржының жетіспеушілігімен түсіндіруге болады.

Әйелдердің еңбек нарығында көбеюі – көкейтесті құбылыс КСРО – да 80 жылдары еңбек ететін халықтың жартысының көбі әйелдер болған, денсаулық сақтау, ағарту, мәдениет, сауда және қоғамдық азықтануда - 75% аса . Осы кезеңде АҚШ – та Швеция, Данияда әйелдер экономикалы белсенді халық арасында 45% құрайтын, Францияда, Англияда, ФРГ – де - 40% - жуық.

Батыстың дамыған елдерінде толық орта мектеп оқушыларының және жоғарғы оқу орындары студентерінің жартысын құрайды. Бакалавр, магистр, ғылым докторлары арасында әйелдер саны өсті. Дамушы елдерде әйелдер сауаттылығын ашуда үлкен қадамдар жасалуда.

3.Білім беру саласының дамуына демографиялық факторлардың әсері зор.

Туу эволюциясы уақыт өткенде, жас мөлшеріне орай оқуға міндетті оқушылар санының өзгеруіне әкеледі. Дамыған елдерде туудың қысқаруы бастауыш мектептерінде оқитындардың санының азаюына әкеп соқты. 1980 жылдан -1990 жылға дейін: Англияда 500 мыңға, Францияда 400 мыңға, Жапонияда 2 млн – ға жуық қысқартылды. Орта мектептерге келетін болсақ, 60 – 70 жылдары олардың өсу қарқыны жоғары болып қала берген. Соңғы жылдары ғана дамыған елдердегі жастар орта есебінің азаюы орта мектептерге әсерін тигізді: 1980 жылдан 1990 жылға дейін олардың саны 3,5% -ға кеміді. Тек жоғары мектеп қана демографиялық фактордан тәуелділікті сезінбейді.

8. Мектеп жүйесінің жалпы мінездемесі

2. Дәрістің жоспары

1. АҚШ пен Англиядағы мектеп жүйесі.

2. Германия мен Франциядағы мектеп жүйесі.

3. Жапония мен Ресейдегі мектеп жүйесі.