Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ППП-111 салстырмалы кешен (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.23 Кб
Скачать

4. Хх ғ. Шет мемлекеттерде салыстырмалы педагогиканың дамуы.

2. Дәрістің жоспары

1. Салыстырмалы педагогикалық зерттеулермен айналысатын ұйымдарды ашу.

2. Салыстырмалы педагогиканың әдістемелік және теориялық проблемаларын өңдеу.

3.Дәрістің мақсаты

1. Салыстырмалы педагогикалық зерттеулермен айналысатын ұйымдардың жұмыстарымен танысу. Салыстырмалы педагогиканың ғылыми білімдерінің өзіндік салаға айналуы

  1. Дәрістің мазмұны

1. Салыстырмалы педагогикалық зерттеулермен айналысатын ұйымдарды ашу.

Салыстырмалы педагогиканың ғылыми білімдерінің өзіндік салаға айналуы ХХ ғасырдың 20 жылдары басталған. Бұл кезеңде негізгі қызметі әлемнің түрлі елдеріндегі білім беру тәжірибесі мен теориясының дамуын көрсететін айғақтар мен құбылыстарды жүйелендіру, жинау болып табылатын алғашқы халықаралық және ұлттық, ақпараттық мекемелер пайда бола бастады. Осындай мекемелер арасынан ерекше болған халықаралық ағарту бюросы. Бұл бюро 1925 жылы Женева қаласында атақты швейцар педагогы Э.Клапаредтің ұсынысымен ашылған болатын. Халықаралық ағарту бюросы ғылыми – педагогикалық мекемелер мен түрлі елдердің ағарту ведомстволарымен қатынас орнатты, халықаралық педагогикалық конференциялар, педагогтар мен ағарту саласының қызметкерлерін шетелге іс – сапарға жіберуді ұйымдастырған. Халықаралық ағарту бюросының жұмысында басылымдық қызметі кең тараған. Халықаралық ағарту бюросын көп уақыт мерзім көлемінде көрнекті психолог Ж.Пиаже басқарды, ал оның орынбасары педагог – компративист П.Россело болған.

1946 ж. білім, ғылым және мәдениет жөніндегі БҰҰ (ЮНЕСКО) құрылды. 1969 жылдан бастап халықаралық ағарту бюросы ЮНЕСКО- ның ресми құрылымдық бөлімі болды. ЮНЕСКО- ныңұйымдастырумы бүгінгі күнге дейін салыстырмалы педагогиканың даму проблемаларына арналған ғылыми конференциялар мен семинарлар өтеді.

ХХ ғ. 50 жылдарынан бері бірқатар елде салыстырмалы педагогиканың ірі зерттеу орталықтары қызмет атқаруда.

  • Франкфурт – Майндағы (ФРГ) халықаралық педагогикалық зерттеу институттары;

  • Севрдағы (Франция) халықаралық педагогикалық зерттеу орталығы;

  • Зальцбургтегі (Австрия) салыстырмалы педагогика институты.

АҚШ, Англия, Германия, Жапония университетерінде салыстырмалы педагогика кафедралары ұйымдастырылған. Салыстырмалы педагогиканың ұлттық қоғамдары пайда болды. Алғашқы осындай қоғам АҚШ- та 1956 жылы құрылған. Ұқсас қоғамдықтар Батыс Европа елдерінде, Жапонияда, Канадада ашылды.

Ірі аумақтық бірлестік 1961 жылы құрылған салыстырмалы педагогиканың европалық қоғамы болған. Салыстырмалы педагогикалық қоғамның бүкіләлемдік кеңесі халықаралық өкіметтік конгрестерді әрдайым ұйымдастырып отырады.

2. Салыстырмалы педагогиканың әдістемелік және теориялық проблемаларын жүйелі түрде өңдеу бастамасы.

ХХ ғ. 20 – 30 жылдарына қатысты Америкалық педагог, теоретик И.Кэндл – осы салада елеулі қызмет еткен көптеген ірі еңбектердің авторы. «Салыстырмалы педагогика саласындағы зерттеулер» (1933), «Білім беру саласындағы жаңа заман – салыстырмалы зерттеу» (1955), «Салыстырмалы педагогиканың әдістемесі» (1959) және т.б. Ол алты ел – АҚШ, Англия, Франция, Германия, Италия және КСРО – ғы білім беру саласын салыстырмалы түрде анализ жасаған. Осы елдерді халықаралық педагогикалық лабораториялар (зертханалар) деп атап, сол немесе басқа елдің экономикалық даму деңгейі мен тұрғындар сауаттылығының деңгейі арасындағы корреляцияны ашық көрсетіп берді.

Ағылшын компоративисті Н.Хэнс 1929 жылы Лондонда бірнеше елдің айғақты материалдары негізінде салыстырмалы түрде білім беру саласы дамуының маңызды әлеуметтік – саяси проблемаларын анализдеген «Білім беру саясатының қағидалары» атты кітабын жарыққа шығарды. Компаративист көзқарасымен қарағанда ең маңыздысы Хэнстің «Салыстырмалы педагогика: білім беру факторлары мен дәстүрлерін зерттеу» атты еңбегі 1949 жылы жарық көрді.

Хэнс, білім беру саласының дамуына бірінші дәрежелік ықпал ететін үш факторды ерекше көрсететін:

  • бірінші факторға ол нәсілді, тілді, табиғат (условие) экономиканы жатқызған:

  • екіншіге – дін (католицизм, протестатизм және т.б.);

  • үшіншіге – идеология (гуманизм,социализм, национализм).

Хэнс нәсіл және ұлттық факторларға ерекше көңіл бөлген.

Салыстырмалы педагогиканың әдістемелік проблемаларын герман профессоры Ф.Шнейдер өңдеген.

Соғыстан кейінгі онжылдықта Батыста компаративист – педагогтардың жаңа ұрпақтары пайда болды.

  • Англияда – Лондон университетінің профессоры Б.Хомиз (1920 - 1993) өзінің еңбектерінде салыстырмалы педагогикалық зерттеулерде проблемалық қағидаларды жасап, оларға негіздеме береді.

  • Францияда – Сорбонна профессоры М.Дебесс пен Миалареннің редакторлықтарымен 1972 жылы «Салыстырмалы педагогика» атты ірі монография жарық көрді. Бұл кітапта Дебесс өзінің концепциясын нақты көрсете білген. Оның ойынша салыстырмалы зерттеулерде тарихи (подход) ерекше орын алуы тиіс.

Франциялық педагогикалық әдебиетте маңызды орын алған А.Векслиардың «Салыстырмалы педагогика. Әдістер мен проблемалар» атты кітабы болды(1967). Мұнда салыстырмалы педагогика дамуының тарихи очерктері жазылған.

  • ФРГ- ң көрнекті өкілдері – О.Анвайлер және В.Миттер. Бұл жерде педагогикалық компаративистика 60 – 80 жылдары Шығыс Европа мен Совет одағының елдеріндегі білім беру тәжірибесі мен теориясына көп көңіл бөлген.

  • Польшада әдістемелік проблемалармен Польшалық салыстырмалы педагогиканың негізін қалаушы Б.Наврочинский, сонымен бірге Б.Суходольский, Т.Вилех, Т.Пенхерский айналысқан. Олардың еңбектерінде салыстырмалы педагогиканың пәні, функциясы (задачи) анықталған.

Бүгінгі таңда салыстырмалы педагогика түлеуде.

  • салыстырмашылардың европалық және бүкіл әлемдік конференциялары жиі өтуде.

  • 1995 жылы Токиода өткен халықаралық конференцияда салыстырмалы педагогиканың Азиялық ассоциациясын құру туралы шешім қабылданған.

  • Барлық дамыған елдерде салыстырмалы педагогиканың ұлттық қоғамдықтары бар.

  • Салыстырмалы педагогиканың проблемалары жөніндегі халықаралық және ұлттық журналдар шығуда.