
- •А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті тарих - педагогика факультеті
- •3.Дәрістің мақсаты
- •2. Салыстырмалы педагогиканың негізгі функциялары (қызметттері).
- •5. Бақылау сұрақтары:
- •6. Дәріс тақырыбына сәйкес сөж тапсырмалары:
- •7. Қажетті әдебиеттер:
- •2. Салыстырмалы-педагогикалық зерттеу тәсілдері.
- •2. Дәрістің жоспары
- •3.Дәрістің мақсаты
- •4. Дәрістің мазмұны
- •3. Салыстырмалы-педагогикалық зерттеулер дамуының бастапқы кезеңі.
- •2. Дәрістің жоспары
- •3.Дәрістің мақсаты
- •4. Дәрістің мазмұны
- •4. Хх ғ. Шет мемлекеттерде салыстырмалы педагогиканың дамуы.
- •2. Дәрістің жоспары
- •3.Дәрістің мақсаты
- •Дәрістің мазмұны
- •2. Салыстырмалы педагогиканың әдістемелік және теориялық проблемаларын жүйелі түрде өңдеу бастамасы.
- •5. Салыстырмалы педагогиканың хх ғасырда Ресейде дамуы.
- •2. Дәрістің жоспары
- •3.Дәрістің мақсаты
- •4. Дәрістің мазмұны
- •1. Салыстырмалы педагогика кеңес дәуірінде.
- •2. Соңғы жылдардағы салыстырмалы педагогикалық зерттеулер.
- •6. Дамыған және дамушы елдердегі білім берудің экономикалық нәтижелігі.
- •2. Дәрістің жоспары
- •3.Дәрістің мақсаты
- •4. Дәрістің мазмұны
- •2. Дамушы елдердегі білім беру саласы.
- •7. Білімге деген әлеуметтік сұраныстың жалпы мінездемесі.
- •2. Дәрістің жоспары
- •3.Дәрістің мақсаты
- •4. Дәрістің мазмұны
- •1. Білімге деген әлеуметтік сұранысты кеңейту.
- •2. Білімге деген әлеуметтік сұраныстың өсуі:
- •3.Білім беру саласының дамуына демографиялық факторлардың әсері зор.
- •8. Мектеп жүйесінің жалпы мінездемесі
- •2. Дәрістің жоспары
- •3.Дәрістің мақсаты
- •4. Дәрістің мазмұны
- •3. Германиядағы мектеп жүйесі.
- •4. Франциядағы мектеп жүйесі.
3. Салыстырмалы-педагогикалық зерттеулер дамуының бастапқы кезеңі.
2. Дәрістің жоспары
1. ХІХ ғ. дейінгі салыстырмалы педагогиканың элементтері.
2.Салыстырмалы педагогиканың негізін салушы.
3.Европа елдеріндегі салыстырмалы педагогиканың алғашқы зерттеушілері.
4.Шетелдегі білім беру саласындағы отандық зерттеушілер.
3.Дәрістің мақсаты
1. М.А.Жюльен Парижскийдің, Европа ғалымдарының еңбектерімен танысу. Отандық зерттеушілердің шетелдегі зерттеулерінен мәлімет жинау.
4. Дәрістің мазмұны
1. ХІХ ғ. дейінгі салыстырмалы педагогиканың элементтері. Басқа елдерде өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесіне деген қызығушылық бағзы заманда пайда болған: Грек тарихшысы Геродот Вавилон мен Египеттегі (Мысырдағы) тәрбие туралы айтқан. Рим тарихшысы Тацит ежелгі германдықтардың тәрбиесіндегі ерекшеліктерін дәріптеген. XVIII ғ. соңы – ХІХ ғ.ғ. басы – европалық педагогикалық ой эволюциясының маңызды кезеңі. Олар ортақ европалық резонансқа ие болды. - Белл – ланкастерлік жүйе; - Песталоцци педагогикасы; - Руссоның «еркін тәрбиесі». - Канттың өнегелік тәрбие пастулаттары.
2. Салыстырмалы педагогиканың негізін салушы. М.А.Жюльен Парижский (1775-1848) «салыстырмалы педагогика» ұғымын 1817 ж. пайдаланған алғашқы зерттеушілердің бірі болып табылған. Салыстырмалы педагогика деп ол: - тәрбие және білім беру тәсілдері мен мазмұнын зерттеу, - түрлі елдердегі білім беру тәжірибелерін аналитикалық салыстырудың нәтижесі бола алатын теория деп түсінген Жюльен Парижский салыстырмалы педагогикадан білім беру тәжірибесі мен теориясын жетілдірудің, барлық европалық елдер үшін ортақ педагогикалық теорияны өңдеудін құралын көрген. Ол европа еледеріндегі халықаралық және педагогикалық журналдың білім беру әдістері мен классификациялау үшін халықаралық зерттеу органын құру қажет деп санады.
3. Европа елдеріндегі салыстырмалы педагогиканың алғашқы зерттеушілері. Францияда «алғашқы» педагогикалық саясатшы атағына Сорбонна профессоры және халықтық білім жоғарғы Кеңес мүшесі В.Кеззен (1792-1867) ие болды. Үкімет тапсырысы бойынша ол 1830 жылдары бірнеше рет білім беру жүйесін зерттеу үшін Пруссияға барған.Прусс берудегі енгізулер туралы, олардың мазмұны мен әдістері туралы баяндамалары оң нәтиже берді. 1865 жылы ағартушы Ж.М.Бодуэн «Бельгия, Германия және Швейцариядағы бастауыш білімнің қазіргі жағдайы туралы баяндамасын» жасады.
ХІХ ғ. 80-90 ж.ж Е.Дрейфус – Бриссак 3 томдық «Жаңа тәрбие: салыстырмалы-педагогикалық зерттеу» еңбегін жарыққа шығарды.
ХХ ғ. басындағы еңбектерінен В. Фридельдің «Шетелде мұғалімдерді дайындау» (1903) және «Шетел педагогикасы» (1910) деген кітаптарын ерекше атауға болады; соңғысында 9 елдегі міндетті оқытуды ұйымдастыруды салыстырмалы түрде бейнелеген. Бұл Батыс елдерінің мектептерін қарастырумен қатар (Англия, Германия,Италия, АҚШ) Жапония және Мысырдағы білім беру саласын ұйымдастыруға мінездеме алған европалық алғашқы еңбектердің бірі.
Германияда ХІХ ғасырдың шетел педагогикалық проблематиканың ірі зерттеушілерінің бірі – Мюнхен университетінің профессоры Ф.Тирш (1774-1860). Мектеп басшыларының тапсырыстары бойынша жасалған шетелдік іссапарлары нәтижесінде «Батыс елдері Германия, Голландия, Франция және Бельгиядағы қоғамдық білім берудің қазіргі жағдайы туралы» 3 томдық еңбегін жазды. (1838)
Келесі он жылдықтағы Л.Штейннің маңызды деген еңбектерінен «Германия,
Англия, Франция және басқа мемлекеттердегі бастауыш және кәсіптік білім беру» (1868) және А.Баумейстердің «Европа және Солтүстік Америка елдеріндегі жоғарғы білім беруді ұйымдастыру» (1897) ерекше атауға болады.
Англияда салыстырмалы педагогиканың «Пионерлері» атағын алғандар М.Арнольд (1822-1888) және М.Сэдлер (1861-1943). Арнольд өзінің педагогикалық еңбектерінде – «Франциядағы халықтық білім» (1861), «Германиядағы жоғарғы білім» (1874) және басқа еңбектерінде – Англиядағы және басқа елдердегі білім беру саласы дамуын детермидеген факторларын белгілі иерархиялық жүйе арқылы анықтауға әрекет жасаған. Оның ойынша екі фактор басты рөлде – тарихи дәстүрлер мен ұлттық мінез, нақ осылар сол немесе басқа елде білім беру жүйесінің спецификасын бірінші болып анықтайды.
- М.Сэдлер әртүрлі елдерде білім беру саласының дамуына ықпал ететін факторларының анализін жалғастырып тереңдеткен. Сэдлердің ұсынысымен 1894 ж. Лондонда:
- міндетті ағылшын және шетел мектептерінің дамуы туралы ақпарат жинау; жаңа оқулықтар, мақалалар, педагогикалық құжаттарды және сәйкес келетін аналитикалық баяндамалардың каталогтарын құру (жасау) болып табылатын арнайы мекеме ашылған болатын.
ХІХ ғ. АҚШ-та білім беру саласы дамуындағы шетелдік тәжірибелерді зерттеуге өз үлестерін қосқан ағартудың көрнекті қайраткерлері – Г.Манн (1796-1859) және Г.Барнард (1811-1900) Европаның жеті мемлекетіне барып, олардың мектептерімен түбегейлі танысуының нәтижесінде Манн қоғамдық резонансқа ие болған және үкіметтің арнаулы мектеп білімін жетілдіру туралы шешім қабылдауына айтарлықтай ықпал еткен бірнеше баяндамасын жасады.
Шетелдік тәжірибені зерттеген, сонымен қатар Европа жерлерінде «педагогикалық саяхат» жасаған Барнард болды. Педагогикалық ортада оның атын шығарған «Түрлі еледрдегі халықтық білім беру жүйесі, мекемелері мен статистика» атты 2 томдық монографиясы болды. (1872).
1898-1899 ж.ж Д.Ж. Рассел Колумбиялық университеттің педагогикалық колледжінің студенттеріне салыстырмалы педагогика бойынша 1-ші курсын оқып берді.
1910 ж. А.Флекснердің «Америка, Англия және Германия университеттері»,1911 ж. Ж.Браунның «Германия мен АҚШ-та орта мектеп мұғалімдерін дайындау» кітаптары жарыққа шықты.
4. Шетелдегі білім беру саласындағы отандық зерттеушілер. Ресейде шетелдік білім беру жүйелерін жүйелі түрде зерттеуді бастаған. К.Д.Ушинский болған. Оның бірқатар еңбегінде бәрінен бұрын «Қоғамды тәрбиедегі халықтылық туралы» (1857) атты атышулы еңбегінде Франция, Англия, Германия, Солтүстік Америкаға ұйымдастыру және олардың қызметінің анайылығын анықтап беретін халықтық білімділік туралы очерктері мазмұндалған.
ХІХ ғ. 60 жылдары тек қана бір «Педагогикалық жинақтар» атты журналда оншақты мазмұнды еңбектер жарыққа шыққан.
Д.Н. Семенов «Германия мен Швейцариядағы педагогикалық саяхат туралы есеп» (1866);
Н.П. Померанцев «Неміс және америкалық мектептер» (1868);
Н.Х. Вессель «Пруссия, Австрия, Швейцария және Францияның училищелік (кәсіптік) жүйелер» (1869)жазылып басылды.
Батыс елдерінің мектептері мен университетері туралы материалдар «Бастауыш мектеп», «Мұғалім», «Тәрбиелік журнал», «Халықтық ағарту министрлігінің журналы» атты педагогикалық журналдарда, сонымен қатар «Қоғамдық – саяси басылымдарда » жарияланып тұрды.
ХХғ. басында ірі монографиялық еңбектер жарыққа шыға бастады.
П.Г.Мижуевтің «Франциядағы білім» (1900), «Америкадағы мектеп пен қоғам» (1902), «Европа мен Америкадағы қазіргі заманғы мектеп» (1912) атты еңбектерінде батыс елдеріндегі мектеп жүйесінің қызықты салыстырмалы мінездемелер мазмұндалған. Е.Янжулдың «Американдық мектеп. Америкалық педагогика әдістерінің очерктері» атты кітабы ірі айғақты материалдарға ие болды.(1901)
Ресейдің салыстырмалы педагогика тарихшысын 1900 ж. жарыққа шыққан орыс педагогы П.Капнисттің Германиядағы орта біліміне арналған еңбегі қызықтыруы мүмкін. Онда гимназиялық білімдегі классицизмге аса көңіл бөлінген. Автор алғашқы бөлімінде отандық білімді дамыту үшін педагогика мен шетел мектептерін зерттеудің маңыздылығын көрсеткен.