
- •А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті тарих - педагогика факультеті
- •3.Дәрістің мақсаты
- •2. Салыстырмалы педагогиканың негізгі функциялары (қызметттері).
- •5. Бақылау сұрақтары:
- •6. Дәріс тақырыбына сәйкес сөж тапсырмалары:
- •7. Қажетті әдебиеттер:
- •2. Салыстырмалы-педагогикалық зерттеу тәсілдері.
- •2. Дәрістің жоспары
- •3.Дәрістің мақсаты
- •4. Дәрістің мазмұны
- •3. Салыстырмалы-педагогикалық зерттеулер дамуының бастапқы кезеңі.
- •2. Дәрістің жоспары
- •3.Дәрістің мақсаты
- •4. Дәрістің мазмұны
- •4. Хх ғ. Шет мемлекеттерде салыстырмалы педагогиканың дамуы.
- •2. Дәрістің жоспары
- •3.Дәрістің мақсаты
- •Дәрістің мазмұны
- •2. Салыстырмалы педагогиканың әдістемелік және теориялық проблемаларын жүйелі түрде өңдеу бастамасы.
- •5. Салыстырмалы педагогиканың хх ғасырда Ресейде дамуы.
- •2. Дәрістің жоспары
- •3.Дәрістің мақсаты
- •4. Дәрістің мазмұны
- •1. Салыстырмалы педагогика кеңес дәуірінде.
- •2. Соңғы жылдардағы салыстырмалы педагогикалық зерттеулер.
- •6. Дамыған және дамушы елдердегі білім берудің экономикалық нәтижелігі.
- •2. Дәрістің жоспары
- •3.Дәрістің мақсаты
- •4. Дәрістің мазмұны
- •2. Дамушы елдердегі білім беру саласы.
- •7. Білімге деген әлеуметтік сұраныстың жалпы мінездемесі.
- •2. Дәрістің жоспары
- •3.Дәрістің мақсаты
- •4. Дәрістің мазмұны
- •1. Білімге деген әлеуметтік сұранысты кеңейту.
- •2. Білімге деген әлеуметтік сұраныстың өсуі:
- •3.Білім беру саласының дамуына демографиялық факторлардың әсері зор.
- •8. Мектеп жүйесінің жалпы мінездемесі
- •2. Дәрістің жоспары
- •3.Дәрістің мақсаты
- •4. Дәрістің мазмұны
- •3. Германиядағы мектеп жүйесі.
- •4. Франциядағы мектеп жүйесі.
Ф - ӘД – 001/026
А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті тарих - педагогика факультеті
Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы
«Салыстырмалы педагогика» пәнінің
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛК НҰСҚАУЫ
ТҮРКІСТАН - 2013
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИЫНЫ
1. Салыстырмалы педагогика ғылым ретінде.
2. Дәрістің жоспары
1.Салыстырмалы педагогиканың объектісі мен пәні.
2.Салыстырмалы педагогиканың функциялары (қызметі) мен міндеттері.
3.Салыстырмалы педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
3.Дәрістің мақсаты
1. Студенттерге салыстырмалы педагогика жайлы түсініктерін қалыптастыру. Салыстырмалы педагогиканың даму тарихы мен қызыметінің маңыздылығын ұғындыру.
4. Дәрістің мазмұны
1. Салыстырмалы педагогиканың объектісі мен пәні. Ғылыми обектісі – зерттеуге бағытталған қандай – да болсын толық жүйе немесе көп жақты құбылыс. Салыстырмалы педагогиканың объектісі деп:
-Қазіргі заманғы білімнің дамуы (Б.Л.Вульфсон, З.А. Малькова);
-Әртүрлі елдер мен әлемнің түрлі аумақтарындағы педагогикалық теория мен практика (М.П.Радионов).
-Қазіргі заманғы білім мен тәрбие (А.Н.Джуринский) деп санаған.
Ғылым пәні – бұл зерттеуге арналған жақтары, объект элементтері. Салыстырмалы педагогиканың пәні болып табылатындар. Әртүрлі елдердегі, геосаяси аумақтарда және глобальды масштабтағы бөлім дамуының қалпы, негізгі тенденциялары мен заңдылықтары, ортақ тенденциялары мен ұлттық немесе аумақтық спецификаның өзара қатынасы, ұлттық педагогикалық мәдениеттердің өзара баюының формалары мен тәсілдері (Б.Л.Вульфсон, З.А.Малькова).
-компаративизм (салыстыру) және ерекшеліктері айқын көрсетілген елдердің тәрбиесі мен білімі, мектептік-педагогикалық тәжірибелерінің жалпылануы. (обобщения) (А.Н.Джуринский).
2. Салыстырмалы педагогиканың негізгі функциялары (қызметттері).
- әртүрлі елдердегі және әлемнің аумақтарындағы тәрбие мен білімнің дамуының қалпын (жағдайын), заңдылықтары мен тенденцияларын талдау (анализдеу);
- ортақ тенденциялар мен ұлттық (аумақтық) спецификаның қатынастарын әшкерелеу;
- халықаралық педагогикалық тәжірибелердің, ұлттық педагогикалық мәдениеттің өзара баюының формалары мен тәсілдерінің әртүрлі аспектілерін (жағымды және жағымсыз жақтарын) көрсету;
- мектеп пен педагогиканың дамуын болжау;
- терминологиялық әртүрлі оқуды жою (разночтение).
- Педагогикалық идеялар мен мектептік тәжірибелерді салыстыру.
- Осы негізде универсалды (жан-жақты), болжаулық мінездің теориялық жолдарын (подходов) қалыптастыру (А.Н.Джуринский).
Түсіндіру қызметі білім беру жүйесінің және оның элементтерінің қызметін талдау дегенді білдіреді. Сонымен бірге қазіргі жайды өткен істің нәтижесі ретінде түсіндіріп қана қоймай, қазіргіні талдау арқылы кейінгі істерді болжау міндеті қойылады.
Негізгі қызмет болжау болып табылады. Зерттеу арқылы білім беру саласында мәселенің дамуын алдын ала болжауға болады. Ол үшін бастапқы шарттарды, бірегей ұлттық жағдайларды барынша дәлірек талдау қажет, теорияда, әсіресе практикада бұлар болжаудың алдында істелуі шарт.
Салыстырмалы педагогиканың болжау қызметі сынау қызметімен тығыз байланысты. Қолданылып отырған саясаттың терістігін, оның нәтижесіз екендігін дәлелдеу арқылы салыстырмалы педагогика білім беру ісін жетілдіруге үлкен үлес қоса алады.
Болжау қызметімен тасымалдау қызметі де байланысты. Басқа елдің немесе бірнеше елдің педагогикасын, оқу орындарының жұмыс тәжірибесінзерттеуде компаративист өз еліне тасымалдауға болатын және тасымалдануы тиіс құбылыстармен танысады. Тасымалдағанда ол елдің экономикалық дамуы ғана емес халқының рухани байлығы, сенімі, діни нанымы үлкен рол атқарады.
3.Салыстырмалы педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Білім философиясы; Педагогика тарихы; Тәрбие және білім беру теориясы; Мектептану; Білім берудің экономикасы мен элеметтануы; Демография және т.б. кіретін ғылыми білімнің бірқатар салаларымен тығыз байланысты.
Ғылыми білімнің саласы ретіндегі салыстырмалы педагогиканың ерекшелігі—оның пәнаралық сипатының болатыны. Кең салыстыра зерттеудің міндеттері кейде педагогика ғылымында қалыптасқан мамандықтар шеңберінен шығып, одан тыс мектепті басқару, дидактика, тәрбие теориясы мәселелеріне де араласуды керек етеді. Педагогикалық концепциялардың философиямен, психологиямен, қоғамтанумен байланыстарын, қарастырылып отырған елдің немесе аймақтың саяси дамуын талдау қажет болады. Сонымен бірге білімнің өзара жақын салаларының зерттеу әдістерін пайдалануға тура келеді. Осылайша зерттеу педагогикалық теория мен тәрбиенің дамуының ең маңызды тенденцияларын ашуға, соның негізінде олардың даму болашағы жөнінде дәлелді болжам айтуға негіз бола алады.