
9 Лекция.
Мақсаты: Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің формалары туралы тұтас білімдерді қалыптастыру.
Жоспары:
1.Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің формалары.
2.Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің формаларының сипаттамасы.
Әдебиет:
1) Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процестің теориясы мен технологиясы.- Алматы, 2005.
2) Керимов Л.К., Айтмамбетова Б.Р. Педагогический процесс как объект деятельности учителя.- Алматы, 1998.
3) Момынбаев Б.К., Өстеміров К. Кәсіптік-техникалық пәндер. – Алматы, 2005.
4) Васильев И.Б. Профессиональная педагогика. – Харьков, 2003. Ч.2.
Кәсіби оқытуды ұйымдастыру формалары – бұл оқытушы мен оқушылардың оқу-тәрбие мақсаттарына қол жеткізугек бағытталған біріккен іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері, сыртқы көрінісі.
Оқытуды ұйымдастырудың формаларның негізгі белгілерін сипаттайтын мыналар:
сабақтың дидактикалық мақсаттары;
уақыттық-кеңістік айқындылық (сабақ тәртібі, өткізілетін орны, білім алушылар құрамы);
сабақ құрылымы;
оқушылар өзіндік жұмыстарының деңгейі.
Оқыту формаларының ерекше атқаратын қызметтері:
ықпалдастық;
коммуникативтілік;
басшылық сипаты.
Кәсіби-техникалық мектепетерде оқытуды ұйымдастырудың формалары:
А) теориялық оқыту (дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтар, лекциялар, зертханалық-сарамандық жұмыстар, теориялық және практикалық семинарлар, экскурсиялар, оқу конференциялары, үй тапсырмалары);
Б) өндірістік оқыту (оқу шеберханасындағы сабақ, кәсіпөрында оқыту, қызмет көрсету аясында еңбек, өндірістік практика,и жұмыс орны, диплом алдындағы практика);
В) сыныптан тыс жұмыстар мен қосымша сабақтар )факультативті сабақтар, консультациялар, үлгермеушілермен қосымша сабақтар, үйірме жұмыстары);
Г) оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру (коллоквиумдер, сынақтар, емтихандар, қорытынды конференциялар, біліктілік байқау жұмыстары).
Сабақ - оқу үрдісін ұйымдастырудық негізгі түрі
Кәсіби оқытуда сабақ берудің мына түрлері қалыптасқан:
- Теориялық окыту сабағы;
- Практикалыкқ оқыту сабағы.
Теориялық оқыту сабағы оқушыларға болашақ кәсіби - еңбек кызметін жүзеге асыруда ғылыми-теориялық білім мен парасатты білік, дағдылық қабілетгіліктерін жетілдіруге арналған оқу үрдісі. Кәсіптік мектептерде (дидактикалық мақсатына қарай) сабақ мынадай түрлерге жіктеледі.
1. Жаңа білім негіздерін игеру;
2. Білім мен дағдыны жетілдіру және бекіту;
3. Қайталама - жалпылау;
4. Бақылау - тексеру;
5. Аралас сабақтар т.б.
Теориялық оқыту үрдісінде негізінен аралас сабақтар түрі жиі пайдаланылады. Мұнда сабақтың ұйымдастыру және дидактикалық құрылымы болады.
Ұйымдастыру құрылымына мыналар кіреді:
- Ұйымдастыру кезеңі;
- Үй тапсырмасын орындауын тексеру;
- Оқушылардан өтілген материалдарды сұрау;
- Жаңа сабақ түсіндіру;
- Жаңа сабақты игеруде оқушылардың өз бетінше жұмысы;
- Жаңа сабақ материалдарын бекіту;
- Сабақты қорытындылау;
- Үйге тапсырма.
Сабақтың дидактикалық құрылымы мына 3 элементті қамтиды:
- Тірек білімдері мен қимыл тәсілдерінің көкейкестілігі; - - Жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдерін қалыптастыру;
- Білімді өмірге қолдана білу, білік пен дағды икеміне ие болу:
- Білімді бағалау, білік пен дағдыны қалыптастыру;
Бұл құрылымды ары қарай мына 3 бөлікке бөлуге болады:
- Логикалық-психологиялық;
- Мотивациялық;
- Әдістемелік.
Тақырып 4. Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің сипаттамасы