
8 Лекция.
Мақсат: Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің құралдары туралы тұтас білімдерді қалыптастыру.
Жоспар:
1.Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің құралдары.
2. Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің құралдарының сипаттамасы.
Әдебиет:
1) Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процестің теориясы мен технологиясы.- Алматы, 2005.
2) Керимов Л.К., Айтмамбетова Б.Р. Педагогический процесс как объект деятельности учителя.- Алматы, 1998.
3) Момынбаев Б.К., Өстеміров К. Кәсіптік-техникалық пәндер. – Алматы, 2005.
4) Васильев И.Б. Профессиональная педагогика. – Харьков, 2003. Ч.2.
Оқытудың құралдары – дидактикалық мақсаттарда пайдаланылатын, көмекші ретінде қолданылатын әр түрлі құралдар. Оған – баспа және таратма материалдар, оқулықтар, мультимедиялық және үйретуші бағдарламалар, есептер мен жаттығулар жынағы, ОТҚ, көрнекіліктер кіреді.
Оқыту құралдары: Оқыту құралдары оқушылардың танымдық әрекетін дамытуға, білім негізін қалауға арналған түрлі ақпарат негіздері. Оның көмегімен оқытушы мен оқушы белгілі бір мақсатқа жету жолында бірлескен іс-әрекет жасайды.
Оқыту құралдарына жататын материалды объектілер табиғи және адам қолымен жасалған заттар деп екіге бөлінеді. Ал, педагогикалық қарым-қатынас ауызекі сөйлеу арқылы не басқа жолдармен де жасалуы мүмкін. Сондықтан оқыту құралдарына педагогтің сөйлеу мәнерін, көзқарастарын (түр, ым, көзқарас, бет құбылысы т.б) және оқулық, оқу құрал-жабдықтары, аспаптар және көрнекі құралдарды жатқызуға болады. Оқыту құралдарының түрлері сан алуан, олар соңғы ғылым мен техника, ақпараттық технологияның дамуына байланысты жетілдіріп отырады. Қазіргі кезде кәсіптік-техникалық оқу орындарында оқыту құралдарының мына төмендегі түрлері кеңінен пайдаланылуда.
Баспа материалдары: оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар, түрлі картотекалар. нұсқаулар, оқу алгоритмдері т.б.
Оқу құралының ең бастысы оқулық.
Оқулық - қоғамның әлеуметтік тапсырысына сай нақты оқу-тәрбие процесінің таңбалық жүйесін жүзеге асыруда стратегиялық бағыты бар педагогикалық жүйенің моделі,
Оқулық — білім алушылар меңгеруге міндетті пәндік ақпараттар көзі қызметін атқарушы, білім алушылардың логикалық ойлауын қалыптастырушы, біліктілігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытушы және адами құндылықтарды тасымалдаушы, әрі оқушылар санасына дарытушы құрал.
Оқу - әдістемелік кешен—жеке тұлғаның танымдық қызметін басқарудың әдістемелік жүйесінің біртұтастығын қамтамасыз ететін, ядросы оқулық болып саналатын, дидактикалық -әдістемелік құралдардың жиынтығы.
Оқулық әдебиеттер (ОӘ) — тәрбиелеу, білім алу және біліктілікті дамытудың мақсаттары мен міңдеттеріне жауап беретін оқулықтар мен оқу - әдістемелік құралдардың жиынтығы.
Осы айтылғандарды салыстыра отырып, оқулық әдебиеттерде адамзат баласының ақпарат арқылы меңгергеы дүниетанымы туралы мағлұматтардың таңбалар мен шартты белгілер түрінде жинақталғанына оңай көз жеткізуте болады екен. Тәрбиелеу, білім алу және біліктілікті дамытудың мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін оқулық әдебиетгердің құрамы туралы қысқаша мәлімет беретін болсақ, қазіргі заманда олар басылымдардың мынадай түрін қамтиды:
- Оқулықтар;
- Электрондық оқулықтар;
- Мультимедиялық және үйретуші бағдарламалар әдістемелік оқу құралдары;
- Есептер мен жаттығулар жинағы;
- Диктанттар жинағы;
- Жұмыс дәптері;
- Кестелер мен экрандық оқулықтар;
- Хрестоматиялар;
- Оқиғалы мазмұнды картиналар албомы;
- Әдістемелік басшылықтар;
- Өзіндік жұмыстарға және өзбетімен оқуға арналған ақпарат негіздері;
- Анықтамалар көрсеткіштер;
- Түсіндірме сөздіктер және т.б.
Енді оқулықтың атқаратын міндеттеріне тоқталайық. Оқулықтың үйлестірушілік қызметі оның басқа оқу құралдарын төңірегіне топтастырып, олардың ұйытқысы болуынан көрінеді. Басқаша айтқанда, барлық басқа құралдар оқулықта көрініс тапқан бағдарламалық мақсаттарға кол жеткізуге кызмет етеді. Сөйтіп, оқулықтың бұл қызметі мұғалімнің білім берудің даралық тәсілін жүзеге асуына, оқпшылардың ақпараттар тасқынын бағдарлай білулеріне, алған білімдерін практикада қолдана білу шеберліктерін қалыптастыруға арналған.
Жүйелеушілік қызметі оку пәнінің мазмұнын құрайтын ақпараттың қатаң түрде бірізді баяндалуын қамтамасыз етеді. Оқулықтың өзі оқушыға дәйекті білім, айналадағы әлем туралы біртұтас түсінік бере отырып, ғылыми жүйелеу тәсілдері мен әдістеріне дәл үйретуге тиіс.
Оқулық бұлардан басқа мынадай дидактикалық қызметтер атқарады.
Тақырып 4. Кәсіптік білім берудің тұтас педагогикалық процесінің сипаттамасы