Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пед окт адс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
251.9 Кб
Скачать

13 Лекция.

Жоспары:

1.Оқушылардың ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың мақсаты және мазмұны.

2.Кәсіптік мектепте оқуды түрлі вариантта жалғастыруда оқушыға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудегі іс-әрекетті ұйымдастыру.

Психологиялық қызметті және міндеттері

Психологиялық қызметтің білім беру жүйесіндегі негізгі мақсаты - баланың психикалық және жан саулығын қамтамассыз ету. Бұл мақсат арқылы психологиялық қызметтің негізгі міндеттері мен ұстанымдары анықталады.

Психологиялық саулық - ортадағы жағдайға өз мінез – құлқын, іс - әрекетін бейімдеу арқылы қамтамассыз етілетін, адам жан дүниесінің жағымды қалыпты тыныштығы.

Сонымен психологтың негізгі міндеті - бала дамуының заңдылықтарын ескеріп , оған қажетті жағдай жасауға көмектесу арқылы , баланың қалыпты дамуын қамтамассыз ету. Мектепке психологтың негізгі функциясы - әр баланың денсаулыңын, жан дүниесін қорғауға, эмоцияналдық жағымды қалпын қамтамассыз етуге, қабілетінің еркін және тиімді дамуына жағдай туғызу.

Психолог жұмысы оның ұжымдық беделіне байланысты . Беделге жету үшін ұжымды психологиялық ағарту жұмысын жүйелі жүргізу , қажет , яғни психолог өз іс -әрекеті арқылы психологиялық білімнің қажеттігін ұжымға сезіндіру керек.

Психологтың міндеттері :

  • Тәрбиешілерді баланы тиімді оқытудың психологиялық теорияларымен , зерттеулерімен таныстыру;

  • Оқытудың дидактикалық ұсынымдарының психологиялық негіздемесін жасау;

  • Арнайы мамандармен бірлесе отырып, суреттен, әнкүйден, дене тәрбиеден және басқа іс - әрекет түрлерін дамыта оқыту дидактикасын жасау;

  • Дамыта оқытуға қойылатын психологиялық талаптарды құру және талқылау;

  • Оқу процесі барысында педагогтарды кәсіби жағынан өзін-өзі тануға дайыдау;

  • Тәрбиешіні оқу процесі барысында баланың жеке тұлғалық өсуін, ақыл – ой дамуын зерттейтін диагностика құралдарымен жұмыс істеуге үйрету.

- Ата – аналармен баланы оқыту мәселесі бойынша , ағарту жұмысын жүргізу ;

- Жеке сұраныстар бойынша баланы оқыту және мектепке дайындығы жөніндегі проблемаларды шешу, және арнайы үй жағдайында жүргізілген жеке бағдарламалар жасау ;

- Ата – аналардың сұранысы бойынша баланың ақыл – ойын, арнайы қабілетін дамыту ( мысалы, фонематикалық естуі , сенсомоторикасы , кеңістікті бағдарлауы , математикалық білімі, түсті айыру т.б. );

Педагог-психологтың ата – аналармен жұмыс жүйесі:

  1. балаларды оқыту мәселесі жөнінде ата – аналарға ағарту жұмысын жүргізу;

  2. баланы мектепке дайындау және оқыту жайындағы сұраныстарды шешу, ата – аналарға арнап үйде жүргізетін жеке сабақтардың бағдарламасын жасау;

  3. сұраныс бойынша баланың арнайы қабілетіне, интелектуалдық дамуына диагностика жүргізу (фонематикалық есту , сенсомоторика, кеңістікте бағытталу, математикалық бейімі, түсті айыру және т.б)

Тақырып 7. Кәсіптік білім беру мекемелерін басқару

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]