
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті
«Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасы
Лекция тезистері
Пән - «Кәсіптік білім беру педагогикасы» (КВВР 3306)
Факультет – «Дене тәрбиесі және спорт»
мамандық – 5В010300 - Педагогика және психология
оқу түрі - күндізгі
курс - IІІ, семестр – VI
кредит саны – 2
лекциялар - 15 сағат
Шымкент 2012
Кәсіптік білім беру педагогикасы пәні.
Кіріспе лекция
Тақырып 1. «Кәсіптік білім беру педагогикасы» - оқу пәні.
1 Лекция.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындау.
Жоспары:
1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.
2.Қазіргі кездегі білім беруді жетілдірудің талаптары.
Негізгі ұғымдар: «Білім беру жүйесі», «Білім беру жүйесінің міндеттері», «Білім беру деңгейлері».
Әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. Алматы, 2007. Алматы 2010.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 2003.
Өстемиров К, Шәметов Н. Васильев И. Кәсіптік педагогика. Алматы, 2006.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 3-тарау 10-бапында «білім беру жүйесі» ұғымына мынандай анықтама берілген: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:
білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беретін оқу бағдарламаларының;
меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының;
білім беруді басқару органдары және тиісті инфрақұрылымдар, оның ішінде білім сапасы мониторингін жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығын білдіреді.
Кәсіби білім беру – жеке тұлғаның еңбектік әлеуметтендірудың қоғамдық және педагогикалық ұйымдастырылған процесі. Бұл үдеріс жеке тұлғаны кәсіптер әлемінде бағдар алуын және бейімделуін қамтамасыз етеді, нақтылы мамандықты меңгеруіне және біліктілік деңгейіне қол жеткізуіне, кәсіби құзыреттіліктеріның, шеберлігінің үздіксіз дамуына, адам қызметіның әр түрлі салаларында қабілеттеріның дамуына мүмкіндік жасайды.
Кәсіби білім беру – бұл: кәсіби оқыту және тәрбиелеудің мақсатты педагогикалық үдерісі; мемлекет және қоғам іске асыратын білікті жұмысшы күштерді өндіру, мамандарды дайындау, қайта дайындау және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған мақсатты процесс.
Кәсіптік білім беру жүйесі кәсіби білім беру мекемелерінің тармағынан құралады – қарапайым курстардан жоғары және жоғары білімден кейінгі кәсіптік білім беру ұйымдарына дейін.
Кәсіптік білім беру дегеніміз кәсіби дайындық және кәсіби білім берудің белгілі бағдарламасын құзыретті меңгерудің деңгейінің болуы.
1. Білім беру жүйесінің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;
Білім беру деңгейлері
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;
2) бастауыш білім беруді;
3) негізгі орта білім беруді;
4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді);
5) орта білімнен кейінгі білім беруді;
6) жоғары білім беруді;
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды
Тақырып 1. «Кәсіптік білім беру педагогикасы» - оқу пәні.
2 лекция.
1.Курстың мақсаты мен міндеттері.
2.Кәсіптік білім берудің пәні мен обьектісі.
3.Курстың мазмұны.
Әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. Алматы, 2007. Алматы 2010.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 2003.
Өстемиров К, Шәметов Н. Васильев И. Кәсіптік педагогика. Алматы, 2006.
Қоғамның даму деңгейінің шарты ретінде қазіргі кезде білім беру жүйесінің рөлі мен мәні, адам факторы өсе түсуде. Жоғары білім берудің мақсаты – қоғам мен мемлекеттің стратегиялық мүддесін қанағаттандыратын, халықаралық еңбек рыногында бәсекелес бола алатын адамды қалыптастыру болып табылады.
Оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес ерте кәсіби бағдар беруді қамтамассыз ету негізінде жоғары сыныптағы оқушыларға кәсіби бағдар беру жүйесін жасауды қажет етеді.
Оқушылардың терең кәсіпалды даярлығын жүзеге асыру үшін, жоғары мектептің жоғары басқыштарының іс-әрекеті қызметіндегі басым бағыты кәсіптік білім беруді ендіру болып табылады.
Қойылған міндеттерді шешу үшін түрлі деңгейде педагогикалық кадрларды даярлаудың тұтас жүйесі қажет. Бұл курс кәсіптік мектептегі жұмыс істейтін педагог-психологтардың кәсіби даярлығын қарастырады.
«Кәсіптік білім беру педагогикасы» курсының обьекті – «Педагогика - писхология» мамандығы бойынша жалпы педагогикалық жүйесінің дербес бөлігі болып табылады. Кәсіби педагогика – кәсіби білім берудің педагогикалық аспектілерін зерттейді.
Кәсіби педагогиканың пәні - кәсіби білім беру үдерісі.
Кәсіби педагогика – кәсіби білім берудің барлық деңгейлерінде және мкәсіптік білім беретін барлық мекемелерде білім беру үдерісінің жалпы әдіснамалық, теориялық, тарихы, әдістемелік және технологиялық негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының дербес саласы.
Кәсіби білім берудің жеке, арнаулы заңдылықтарын оның тарихы қалыптасқан ғылыми салалары зерттейді:
кәсіби-техникалық білім теориясы;
орта арнаулы кәсіби білім педагогикасы;
жоғары мектеп педагогикасы;
кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі.
Жеке кәсіби салаларда - әскери, музыкалық білім, көркем педагогикалар, педагогикалық білім теориясы мен әдістемесі, өндірістік педагогика т.б. қалыптасты.
Кәсіби педагогиканың категориялары: кәсіп, мамандық, кәсіби білім беру, кәсіби тәрбие беру, кәсіби қалыптасу, кәсіптік құзыреттілік, кәсіби біліктілік, кәсіби өзін-өзі жетілдіру т.б.
Кәсіби педагогиканың зерттеу әдістері жалпығылымдық және жеке ғылымдық зерттеу әдістерінен құралады. Оған:
педагогикалық құбылыстарды теориялық талдау және синтездеу;
педагогикалық бақылау;
педагогикалық эксперимент;
әлеуметтанымдық әдістер;
еңбек іс-әрекеттерін зерттеу;
тұлғаны еңбек барысында зерттеу;
мамандықтарды талдау; жұмысқа қабілеттілікті зерделеу т.б. жатады.
Курс студенттердің әдіснамалық-теориялық даярлығына бағдарланған кәсіптік білім алудағы ғылыми педагогикалық процесті ұйымдастыру мен басқаруды игеруін көздейді.
Курстың мазмұнында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Қазіргі кездегі білім беруді жетілдірудің талаптары. Кәсіптік білім берудің педагогикалық принциптері. Кәсіптік білім беруде оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған оқу процесін жүзеге асыру көзделеді. Курстың мақсаты мен міндеттері. Кәсіптік білім берудің пәні мен обьектісі. Кәсіптік білім беруді жүзеге асырудың оқыту әдістері мен құралдары. Бақылау түрлері. Кәсіптік білім берудің шетелдік тәжірибесі. Білім беру процесінде курстың алатын орны. Жоғары оқу орынының білім беру процесінде алатын орны. Кәсіптік білім берудің моделін жасаудың ерекшеліктері. Мектепішілік кәсібилікке бөлудің моделі. Кәсіптік білім беру мекемелері. Кәсіптік білім беру жүйесін ұйымдастырудың моделі. Кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім беру стандарты. Кәсіптік білім беру мазмұнын жаңартудың бағыттары. Кәсіптік білім берудің оқу жоспарын құрудың принциптері. Мемлекеттік базистік оқу жоспары. Инварианттық компонент. Вариативтік компонент. Кәсіптік компонент. Элективтік оқу курстары. Кәсіптік мектеп оқушысының жеке білім алу бағыты. Кәсіптік білім беруде тұлғаның іс-әрекеті және дамуы Мектеп психологының кәсіптік бағдар беру жұмысы. Менеджмент теориясы негіздерінде білім беру мекемелерін басқару.
Тақырып 2. Кәсіптік білім берудің моделі