Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эл тех шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
507.31 Кб
Скачать

Д) Параллель жалғанған қоректендіргіштерді бір балама қоректендіргішпен айырбастауға (түрлендіруге) болады (5-сурет) .

5-сурет

Кирхгофтың бірінші заңы бойынша: I=I1+I2+I3+I4, немесе

(Eб – Uаб)/Rб =(E1 – Uаб)/R1+(E2 – Uаб)/R2 +(-E3 – Uаб)/R3+(E4 – Uаб)/R4. Бұдан

Eб= (E1G1+ E2G2-E3G3+E4G4 )/(G1+G2+G3+G4 ), 1/Rб=1/R1+1/ R2+1/ R3+1/R4= G1+G2+G3+G4.

Жалпы жағдайда Уб= /

7 Билет

1) Индуктивтілік(лат. іnductіo – келтіру, бейімдеу, қоздыру) – электр тізбегінің магниттік қасиетін сипаттайтын шама. Өткізгіш контурмен шектелген бетті қиып өтетін магниттік индукция ағынының (Ф) осы контурда тудыратын ток күшіне (І) қатынасына тең: L=Ф/І. И. Өлшем бірлігі Генри (Гн).

Тізбектің бір контурында немесе бір элементінде ток өзгерген кезде басқа контурда немесе басқа элементте э.қ.к. пайда болса, онда осы екі контурды немесе екі элементті бір-бірімен индуктивті байланысқан (магнитті байланысқан) дейді, ал екінші контурда немесе екінші элементте пайда болған э.қ.к.-ті өзаралық индукцияның э.қ.к.-і деп атайды.

Өзара қатар ораласқан, орам сандардары w1 және w2 тең екі индуктивтілік орамалармен i1 және i 2 токтары жүрсе, онда әр ораманың барлық магнит сызықтары екінші ораманың орамдарымен ілінісуі мүмкін, яғни Ф2111, Ф1222. Сондықтан мұндай тізбектерді талдау кезінде орамалардың өздерінің ағын ілінісулерінен ( Ψ11 және Ψ22) басқа қосымша ағын ілінісулерін ( Ψ12 және Ψ21) есепке алу керек. Бірінші ораманың өзіндік ағын ілінісуі Ψ1111 w1=L1 i1, бірінші ораманың тогының әсерінен пайда болған екінші орамадағы қосымша ағын ілінісуі Ψ21= Ф21 w211 w221 i1 , мұндағы М21= Ψ21/i1 –пропорциональдық коэффициент, өзаралық индуктивтілік деп аталады.

2) Теңгеру принципі: Тізбектің тармағындағы кедергіні сандық мәні сол кедергі мен токтың көбейтіндісіне тең, ал бағыты токтың бағытына қарама- қарсы электр қозғаушы күшімен айырбастауға болады.

8 Билет

1) Электр Сыйымдылық – өткізгіштің немесе өткізгіштер жүйесінің электр зарядтарын жинау және ұстап тұру қабілетін сипаттайтын физикалық шама. Өткізгіштің (жеке оқшау өткізгіштің) электрлік сыйымдылығы – өткізгіштен шексіз қашықтықта орналасқан нүктенің электр потенциалы нөлге тең деп қабылданған және басқа барлық өткізгіштер шексіз қашықтықта орналасқан деп ұйғарған жағдайда (жеке оқшау өкізгіш деп аталады) өткізгіш зарядының (Q) оның электр потенциалы (U) қатынасына тең скаляр шама:

С = Q/U.

Жеке оқшау өткізгіш үшін электр сыйымдылық өткізгіштің өлшемдеріне, пішініне, сондай-ақ оқшаулаушы ортаның диэлектрик өтімділігіне (ɛr) тәуелді болады. Екі өткізгіш арасындағы электрлік сыйымдылық (екі өткізгіштің өзара электрлік сыйымдылығы) – өткізгіштер зарядтарының мәндері бірдей, ал таңбалары қарама-қарсы болған жағдайда және басқа барлық өткізгіштер шексіз қашықтықта орналасқан кезде өткізгіштің біріндегі зарядтың абсолюттік мәнінің осы екі өткізгіштің электр потенциалдары айырымының қатынасына тең скаляр шама:

С = Q/(ɸ1–ɸ2).

Екі өткізгіштің өзара электр сыйымдылығы олардың өлшемдеріне, пішіндеріне, өзара орналасуына және олардың арасындағы ортаның диэлектрик өтімділігіне (ɛr) тәуелді болады. Электрлік сыйымдылық тың бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшем бірлігі – фарад (Ф). Электрлік сыйымдылықты өлшеу үшін сыйымдылық өлшеуіштерді пайдаланады.

2) Өзаралық принцип: Тізбектің k тармағына орналасқан э.қ.к. m тармағында Im (Im=Eк ∙Gkm) тогын тудырса, онда m тармағындағы э.қ.к. Еm=Eк k тармағында мәні Im-ге тең Ik (Iк =Em ∙Gmk )тогын тудырады. Gkm , Gmk -өзаралық өткізгіштіктер.