
- •Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы
- •1.1 Қазақстанның экономикасы туралы түсінік
- •1.2 Қазақстанның даму стратегиясы
- •Қазақстандағы сыртқы экономикалық байланыстары
- •2.1 Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы.
- •2.2 Сыртқы экономикалық байланысты реттеудің нысандары мен әдістері
- •Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті дамыту жолдары
- •3.1 Сыртқы экономикалық қызмет түрлері.
- •3.2 Инвестициялық саясат және елімізге шет ел инвестициясын тарту
3.2 Инвестициялық саясат және елімізге шет ел инвестициясын тарту
Инвестициялау – Қазақстан Республикасы экономикасының нарыққа өтудегі ең басты тетігі және ақша, қаржы, пайда, баға секілді басқа да тетіктер мен формаларды пайдаланудың базасы болып табылады. Мұнда инвестициялар пайдаланғанда қандай да бір пайдалы нәтижеге қол жеткізуге немесе белгілі бір мөлшерде пайда табуға мүмкіндік беретін көптеген мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың түрлерін сипаттайды.
Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие.
Қазақстан экономикасына шетел капиталын тартудың негізгі формаларының бірі – сыртқы несиелер.
Несиелік келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін.
Дефольт себептеріне барлық кезеңдерде шетелдік несиелік тізбектер есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар қозғалысы механизмінің жоқтығы немесе сәйкес болмауы жатады: келісім шартқа қол қою, аймақ, ұйым немесе үкімет деңгейінде жоба бойынша шешім қабылдау, несиені игеру және ол бойынша қарызды өтеу. Әлемдік бизнесте кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибесінің болмауы қарыз алушы үшін пайдасыз және кемсітушілік келісім шарттар жасауға әкеледі. Олардың жүзеге асырылуы нақты кәсіпорындар мен ұйымдардың, жалпы республика аймақтары мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін.
Басым инвестициялық жобаларды таңдап алу механизмінің басты кемшілігі – таңдаудың нақты белгілері мен қарапайым бағыт - бағдардың жоқтығы. Жобалардың көпшілігі экономикалық тиімділік, валюталық қайтарымдылық, ішкі қарыз қабілеттілігі жағынан толық дәлелденбеген. Әлеуметтік сипаттағы көптеген жобалар экономикалық пайдалылыққа зиян келтіруде. Қазіргі таңда тартылған несиелер бойынша төлемдер өтелуде. Шетел несиелері бойынша өтелмеген төлемнен қалыптасқан соммалардың үшінші бөлігі төлем қабілеттілігі жоқ шаруашылық субъектілерге келеді.
Шетел капиталын тартуда ұйымдастырушылық шаралар қатарына келесілер қажет:
1) инвестицияларды өзара қорғау мен қолдау туралы келісім шарттар жасауға қызығушылық танытқан мемлекеттермен байланысты жалғастыру;
2) “Кепілдік туралы”, “Қозғалмайтын мүлік ипотекасы туралы” заң жобаларын, шетел капиталын тарту мақсатында, кепілдемелік нысандарды қолдану механизмі бойынша ұсыныстарды қарастырып құру;
3) Қазақстан Республикасы мен оның аймақтарында инвестициялық ахуал мониторингі жүйесін қалыптастыру.
Шетел капиталын тарту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен байланысты қызметтерді орындау үшін инвестициялар жөніндегі Комитет шеңберінде келесілерді құру қажет:
1) жобалық қаржыландыру және кеңес берушілік көмек көрсету орталығы. Оның мақсаты алдын - ала инвестициялық зерттеулер, жобаларға сараптама жасау, кеңес берушілік - техникалық көмек көрсетуді жүзеге асыруда қызметтің бағытын анықтау;
2) шетел капиталы бар кәсіпорындарды тіркеу және шетел фирмалары мен компанияларын аккредитациялау үшін тіркеу палатасын құру;
3) нақты инвестициялық бағдарламалар мен жобалар, заңнамалық база, салықтық жүйе, инвестициялық саясат бойынша мәліметтер банкін құру және бұл мәліметтермен потенциалды шетел инвесторларын қамтамасыз ету мақсатында, шетел капиталы бойынша ақпараттық орталық құру.
Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық мәнге ие емес салаларда (жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ағаш өңдеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету) шетел капиталына жататын шағын және орта кәсіпорындарды құруға бет - бұрыс берілуі керек.
Шетелдік саясат мемлекеттің экономикалық стратегиясының маңызды элементі және оның мақсаттарымен анықталады. Шетел капиталын тарту саясаты өндірістің құрылымдық қайтақұрылуына максималды түрде көмек көрсету, инвесторлардың инвестициялық белсенділігін маңызды көлемде көтеруге қол ұшын беру қажеттілігінен туындайды.
Қазіргі таңда республикада негізінен, шетел капиталын тарту үшін қажетті құқықтық орта мен кепілдеме жүйесі қалыптасқан. 2003 жылы Қазақстан Республикасында “Шетел инвестициялары туралы” Заң қабылданған. “Шетел инвестицияларын тарту үшін Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларының тізімін бекіту туралы” және “Инвесторлармен келісім жасауда жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі және оны беру тәртібі туралы Ереже” сияқты Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің қосымша жарлықтары, Инвестициялар жөніндегі Комитетпен 2009 жылға дейін шетел инвестицияларын тарту үшін маңызды секторлардың тізімі бекітілген. Бұл құжаттардың негізгі мақсаты - маңызды өндіріс пен қызмет саласын селективті қолдауды қамтамасыз ету, экономика құрылымының шикізат бағыттылығын жеңу, инвестициялық белсенділікті көтеру мәселесін шешу, ел экономикасына тікелей инвестициялар ағымына қолайлы жағдай жасау.
Шетел инвестициялары ағымын ынталандыру бойынша жүргізіліп отырған іс - шаралар арқасында капитал салымы көрсеткіштері жоғарлауда. Бұл инвестициялық ахуалдың жақсаруын, іскерлік белсенділіктің жоғарлауын, біздің елімізге шетелдік және отандық инвесторлар жағынан сенімділіктің өсуін дәлелдейді. Жағдайды жақсартуда инвестициялар жөніндегі Комитеттің құрылуының маңызы өте зор. Сонымен бірге, Қазақстанға шетел капиталын тарту көлемі республика экономикасында ірі құрылымдық қайтақұруларды жүзеге асыру үшін жеткіліксіз, олардың қолданылу бағыты мен тиімділігі қоғамдық мүддеге сәйкес келмейді.
Мұнай
өндірісі саласы бойынша тікелей шетел
инвестицияларын тартудың қолайлы
ахуалын қалыптастыру
Мемлекеттік
кепілдік қорын құру
Норматив тік
құқықтық базаны жетілдіру
Тікелей шетел
инвестицияларын ынталандыру
Инфра-құрылым-ды
дамыту
Мұнай өндірісі
саласында инвестициялық қызметті
мемлекеттік реттеуді жетілдіру
Мемлекеттік
қаржылық қолдау: -
міндетті сақтандыру
Инвестициялық
салықтық преференциялар
Кеден баж салығынан
босату
Мемлекеттік
натуралық гранттар беру
Бәсекеге қабілетті
өндірісті құру үшін мұнай өндірісі
саласында инвестицияларды тиімді
басқару қызметін қалыптастыру
1-cурет Мұнай өндіру саласында қолайлы инвестициялық ортаны қалыптастыруда мемлекеттік инвестициялық саясат үлгісі
Қазіргі кезде, Қазақстанның алдында тұрған мақсаттардың бірі – еліміздің әлемдік экономикалық қауымдастыққа жедел енуі. Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстан қажетті шарттаға ие: маңызды шикізат, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, кадрлық потенциал мен республикадағы тұрақты қоғамдық - саяси жағдайдың болуы.
Экономиканы қайтақұру мәселесі сыртқы экономикалық қызмет саласында айқын көрініс тапты. Қазақстанның инвестициялық саясатын жүзеге асыруға сыртқы экономикалық байланыстарының рөлі маңызды көлемде өсуде, себебі сыртқы экономикалық байланыстар шетел капиталын тарту есебінен, капитал салымдары үшін қосымша қорларды ашудың және бірлескен кәсіпорындар құрудың маңызды жолы.
Еуропалық континентте Қазақстан үшін ерекше қызығушылыққа Еуропалық Одақ ие. “Үлкен жетілік” елдерімен екі жақты байланыстар күшеюде: ең алдымен, Ұлыбритания және Германия. Азия бағытында Қытай, Оңтүстік Корея, Жапониямен өзара экономикалық байланыстарға үлкен назар аударылуда.
Шетел инвестицияларын тартудың негізгі басымдықтары өмір сүруді қамтамасыз ететін салалар мен экспортқа бағытталатын өндіріс – мұнай - газ және мұнай - химиялық салалар, электр энергетика, металлургия, коммуникация және агроөнеркәсіп кешені, себебі Қазақстан бидай, жүн, мақтаның ірі өндірушісі. Мұнай - газ саласында мұнай және газды игеру мен экспорттауды көтеру, сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға назар аудару керек./37, 23-30 б/.
Сөйтіп, шетел инвестициялары - дамыған тауарлық қатынастарға ұлттық шаруашылық субъектілердің бейімделу деңгейін ірі коммерциялық инвестициялау негізінде көтеруге қабілетті, әлемдік ғылыми - технологиялық жетістіктерді енгізудің маңызды жолы. Бұл мәселе Қазақстан үшін ішкі тауар -ақша өлшемдерін деформациялау жағдайында маңызды. Республикада жаңа өндірістік қуаттарды жедел құру үшін тікелей өндірістік капиталдың импорты қажет.
Қазіргі таңда, стратегиялық аспектте, инвестиция - елдің дамуындағы барлық жинақ мәселені шешуді анықтаушы және ең алдымен экономиканы жаңғырту, тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу, ішкі және әлемдік нарықта отандық өндірістің, бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың маңызды түйіні болып табылады.
Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, бүгінде Қазақстан Республикасы шетел инвестицияларын тарту бойынша алдыңғы қатарда. Инвестицияның құйылуы өндірістің кеңеюіне және сонымен қатар экономиканың әлеуметтік экономикалық дамуының сапалы, жаңа деңгейге шығуын қамтамасыз етеді. Қазір шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай – химия салалары, электр энергетикасы, металлургия, коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдар, жүн, мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, агроөнеркәсіп кешені жатады. Еліміздің экономикасының дамуы отандық және шетелдік инвестициялаудың тартылуымен тығыз байланысты болып келеді.
Шетел инвестицияларын экономикаға тарту мәселесі әлі де өзекті. Бұған себепші келесі факторлар: біріншіден, экономикалық жүйені реформалау кезеңінде ішкі қаржылық ресурстар азайып кетіп, экономика салалары өзінің өндірістік аппаратын жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші саладағы инвестиция көлемі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жеткіліксіз. Инвесторлардың көзқарастары экономиканың нақты қажеттеріне сай еместігінен инвестициялардың жеткіліксіздігі орын алуда. Өнеркәсіптің еркін қаржылары күнделікті қажеттіліктерге жұмсалып, сонымен қатар, коммерциялық банктер әлі де экономиканың нақты секторын қаржыландыру көзі болмай отыр.
Сол себепті шетел инвесторларының пікірі бойынша, Қазақстан инвестициялық салымдар жасау үшін тартымды нарық болып табылады. Біздің еліміз пайдалы қазбалар, ауыл-шаруашылығы жерлерінің қорларына және квалификациясы жоғары жұмыс күшіне бай, сондай ақ үлкен потенциалға ие, бірақ оларды тиімді қолдану үшін инвестициялық салымдар жасалуы қажет. Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту еліміздің өндірістік тиімділігін арттыруға және жұмыс орындарын құруға қажет.
Шетелдік инвестицияларды тарту жаңа технологияларды ендіруге, сонымен қатар менеджмент пен маркетингтің қазіргі кездегі әдістерін ендіруге, инвестициялық салаға жаңа жұмыс орындарын құруға, жергілікті мамандарды үздіксіз оқытуға және де рынок жағдайына байланысты олардың біліктіліктерін көтеруге жағдай жасайды. Нәтижесінде, алынған техникалар мен технологиялар отандық тауар өндірушілердің өндірісін қолдауға және ынталандыруға алып келеді. Сондықтан да, Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту стратегиялық және тактикалық мәселелерді шешуге бағытталған объективтік қажет процесс болып таылады.
Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларының қазіргі кездегі жағдайы. Қазақстан ұзақ мерзімге бағытталған «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына» сәйкес өзінің динамикалық дамуын жалғастыруда, сонымен қатар біздің алдымызда – Қазақстанды әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына енгізуіміз қажет деген стратегиялық мәселеміз тұр. Бүгінде Қазақстанның экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвесторлардың жалпы түсімінің өсулері 60-65 пайыз көлемін құрайды. Егер 2006 жылы Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 10,6 млрд.долларды құраса, ал 2008 жылы Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 17, 5 млрд.долларды құрады. Ал биыл Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы электровоз заводының ашылу салтанатында 2012 жылы 18 млрд., ал тәуелсіздік алғалы бері жалпы елімізге 170 млрд. тікелей шетелдік инвестиция тартқанымызды айтып өтті.
Қазақстан экономикасы саясатының алғашқы даму кезеңдерінде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мұнай өнеркәсібіне және оның инфрақұрылымына ірі жобаларды жасауға негізделінді. Жоғарыдағы көрсетілген тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдерінің негізін мұнай газ саласы құрады. 2008 жылдың бірінші кварталында жалпы инвестициялық түсімдердің көлемінің 68 пайызы мұнай жобаларына бағытталған. Жалпы елімізде тікелей инвестициялар негізінен мұнай өндіру және өңдеу өндірісіне, түсті және қара металлургия кәсіпорындарына, газ өнеркәсібіне және байланыстарға құюлуда. Инвестицияның көлемі бойынша ірі инвестор АҚШ елі болып табылады. Соңғы кездері Қытай мен Ресей елдері де біздің елімізге өз инвестицияларын салуда. Яғни, мұндай жағдайда әлемдік қаржы нарығындағы болып жатқан жағдайларға қарамастан тікелей шетелдік инвестициялардың түсімдерінің тұрақтылығын көруге болады. Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Италия, және Швейцария елдерінен белсенді құйылуда.
Қазақстанда инвестицияларды тартудағы қиыншылықтар және оларды шешу жолдары. Әлемдік экономикадағы Қазақстанның интеграциялық қозғалысы жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен, 2001 жылы шетелдік инвесторлармен 16 келісім – шарт жасалып, 817 млн. Ақш доллары көлеміндегі капитал ел экономикасына араласты. Бұл – 2000 жылға қарағанда 7.6 есе , 1999 жылға қарағанда 1.4 есе көп. Шетел алпауыттарының Қазақстан бюджетінің жыртығын жамауға себін тигізуі ел экономикасына шетелдік инвестицияны тартудың халықаралық нормаларына сәйкестендіруге, яғни жетілген ұлттық заңнаманың жемісін көруге болатынына үміт ұялатады. Айталық, ел өнеркәсібінің өркен жаюына бағытталып жатқан шетелдік инвестицияның жалпы көрсеткіші капиталдың 31 пайызын құрап отыр.
Алайда, шетелдік инвестицияны тарту барысында да көп кедергілер бар көрінеді. Олар мыналар : Қазақстан нарығының іскерлік белсенділігінің төменділігі; реттеуші шаралар шалағайлығы; өтімді қаржы құралдарының азаюы, төлем күшінің, әлсіздік, дағдарыстың орын алуы; шынайы ақпараттың жеткіліксіз болуы.
Инвестициялық саясаттың ұтымды жүйесін қалыптастыру үшін мемлекет Даму бюджеті, Ұлттық мұнай – газ қоры, мемлекеттік несие ұйымы сияқты қаржылық институттар мен механизмдерге мән беруі шарт. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тартудың тиімді формаларының бірі – әлемдік нарықта қазақстандық кәсіпорындар мен салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде біріккен кәсіпорындарды құру. Бұл мәселені толығымен қарастыру үшін, қазақстандық инвестициялық ақуалын ғана талдап қоймай, сонымен қатар серіктестердің іс-қимылдарын да қарау керек. Біріккен кәсіпорын формасында тікелей шетел инвестициясын тарту формасын таңдау, яғни біріккен кәсіпорындар құру туралы нақты шешімді қабылдау кезінде бірнеше факторлардың әсер етуін есепке алу керек. Оларға: өндірістік-технологиялық потенциал көлемін, ресурстарды пайдалануға берілетін рұқсат, нарықтық тартымдылығына кәсіпорынның салыстырмалы позициясының бағасы, нарық сыйымдылығы, істің салыстырмалы пайдалылығы, нарыққа ену кезіндегі шектеулер, нарықтың көлемі, оның даму тенденциясының бағасы (бәсекелестердің саны ма, өзінің артықшылықтары, өткізуді ұйымдастыру) жатады.
Халықаралық экономикалық бірлестіктің дамуы үшін шетелден қосымша қаражат тартып, пайдаланудың тиімді формаларын таңдауымыз қажет. Қазақстан Республикасының территориясында шетелдік инвестицияның қызмет етуін заңмен қамтамасыз етуіміз керек.
Қазіргі кезде халықаралық инвестицияларды импорттау бір жағынан, республикадағы экономиканы жандандырудың ең тиімді әрі жедел жолдарының бірі, екінші жағынан, біздің мемлекетіміздің мүддесіне жиі қысым жасайтын инвесторларды тартуда белгілі бір бақылау мен шектеулерді талап ететіні өте айқын. Инвестициялық саясатта тиімді нұсқаны таңдап алу – ең көкейкесті мәселе.
Қорытынды
Сыртқы экономикалық қызмет деп сыртқы экономикалық байланыстың белгілі бір аспектісі, кәсіпорындар мен ұйымдардың дербес өндірістік-коммерциялық қызметінің саласы түсініледі. Дербестік шетелдік әріптесті, экспорттық-импорттық мәміле үшін тауар номенклатурасын таңдаудан, баға белгілеуден, сыртқы экономикалық қызметтің түрлерін анықтаудан көрінеді. Сыртқы экономикалық қатынастардың түрлеріне сыртқы сауда, халықаралық инвестициялық ынтымақтастық, халықаралық өндірістік кооперация, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық, валюталық-қаржылық және несиелік операциялар жатады.
Сыртқы экономикалық қызметтің әрбірі белгілі бір түрде іске асырылады. Сыртқы сауданың түрлері:
- экспорт;
- импорт;
- тауарлар мен қызметтің кері экспорты мен кері импорты. Сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар атқарады:
- ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді;
- ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді;
- халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады және соның негізінде ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді. Бұл функциялар ҚР-ң сыртқы экономикалық қызметіне де тән. Сонымен бірге олардың Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар, бір жағынан, ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның реформалануымен, нарықтық қатынастардың дамуымен, екінші жағынан- Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялау үдерісінің тереңдеуімен анықталады. Оған тек қана шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік тауарларды импорттау негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес, сонымен қатар халықаралық өндірістік, ғылыми-техникалық, инвестициялық ынтымақтастыққа кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметке кең түрде қатысуы тән. Сыртқы экономикалық қызмет елдің экономикасының дамуына мына жолдар арқылы әсер етеді:
1. экспорттан валюталық түсім алу жолымен;
2. инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жолымен шетел инвестициясын тартуға жағдай жасайды;
3. осы заманғы техника мен технологияны импорттау жолымен өндірістің техникалық базасын жақсартуға жағдай жасайды;
4. ұзақ мерзімді өндірістік ынтымақтастық және шетелдік әріптестермен бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен сол өніммен әлемдік нарыққа шығу үшін тұрақты бірлескен қызмет жасау жолымен. Бұндай импортты мемлекет тарапынан қолдау күшейіп келеді. Қазақстан Республикасының "Шетелдік инвестициялар туралы" 27.12.94ж. №226 Заңы өзгертулерімен және толықтыруларымен, "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" 28.02.97ж. №75-1 өзгертулерімен және толықтыруларымен 02.08.99ж. №466-1 және Қазақстан Республикасының Жарлығымен 06.03.2000ж. №349 инвесторларды құрал-жабдықтарды импорттағанда толық және ішінара кедендік баждан босату қарастырылған. Сыртқы экономикалық қызмет елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етеді және маңызды құрылымды қалыптастырушы, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуға әсер етуші фактор ролін атқарады. Сыртқы экономикалық қызмет субъектісі- ол шетел инвесторы. Шетел инвесторы- ол:
- шетел заңды тұлғалары;
- шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шекарадан тыс жерлерде тұрғылықты мекен-жайы бар, сол елдерде шаруашылық қызметті жүргізу үшін тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары;
- шетел мемлекеттері;
- халықаралық ұйымдар;
- заңды тұлғаларға қатысты шешім қабылдауын анықтайтын ҚР заңды тұлғалары.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстанның экономикасы үшін сыртқы байланыстарының дамытуын калыптастыруын, теориялық және әдістемелік жағынан зерттедім және оны басқарып ғылыми негізделген ұсыныстар бойынша калыптастырдым.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Шеденов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория». Алматы, 2002 ж.
2 «Қазақстан Республикасының заңы: \Бюджет жүйесі\». Алматы, 1997 ж.
3 Ғ. Сапарғалиев Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері «Атамұра», 1998ж.
4 Баққұлов С.Д. Құқық негіздері Алматы, 2003 ж. 5 Дулатбеков Н. Амандықова С. Тұрлаев А. Мемлекет және құқық негіздері, Алматы, 2001ж.
5 Макроэкономика” авторлары: Н.Қ Мамыров, М.Ә Тілеужанова
6 “Қаржы” авторы: Ілиясов
7 “Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері” авторлары:
Ж.О Ихданов, Ә.О Орманбеков
8 “Экономикс авторлары” авторлары: К.Р Макконелл, С.Л Брю
9 “Жалпы экономикалық теория” авторлары: Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е.Н
10 “Экономикалық теория”авторлары: С.С Мәуленов, С.Қ Бекмолдин,
Е.Қ Құдайбергенов
11 “Макроэкономика” авторлары: Н.Қ Мамыров, М.Ә Тілеужанова
12 “Қаржы” авторы: Ілиясов
13 “Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері” авторлары:
Ж.О Ихданов, Ә.О Орманбеков
14 “Экономикс авторлары” авторлары: К.Р Макконелл, С.Л Брю
15 “Жалпы экономикалық теория” авторлары: Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е.Н
16 “Экономикалық теория”авторлары: С.С Мәуленов, С.Қ Бекмолдин, Е.Қ Құдайбергенов