Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая КР сырткы экономика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
229.38 Кб
Скачать

2.2 Сыртқы экономикалық байланысты реттеудің нысандары мен әдістері

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекетті креттеу әртүрлі нысандармен әдістерді қамтиды. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:

а) сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;

ә) салық алу;

б) инвестициялау;

в) сыртқы қарыз алу;

г) сыртқы берешек;

ғ) экспотты қаражаттандыру.

Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ жанама әдістерді қамтиды.

Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар, квоталар жатады. Экспорт пен импртты лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстармен тауар қорларынның шектеулігі жағдайында ішкі рынокты толтырып, тұраұтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сонадай-ақ сыртқы экономикалық қызметке (сыртқы саудаға, валюталық оперцияларға және басқаларға) мемелекеттік моноолия қойылуы мүмкін. Сыртқы қарыздың ең маңызды көрсеткіші - cыртқы қарыздың Жалпы Ұлттық Өнімге  қатынасы. Қазақстан үшін бұл көрсеткіш 67,3 % көрсетуде.

Бұл көрсеткіш халықаралық нормадан  7,3 % артық және бұл орта мерзімде сыртқы қарыз бойынша төлемқабілеттіліктің қауіпті деңгейде екендігін көрсетеді. Осы тәуекелділіктің деңгейін есептеу үшін басқа да көрсеткіштерге назар аударуымыз керек. Сыртқы қарыздың тауарлар және факторлық қызмет экспортының  қатынасы бұл көрсеткіш бойынша 139,5 %, басқа сөзбен айтсақ Қазақстанның сыртқы қарызды төлеуқабілеттілігінің жоғары деңгейде екендігін көрсетеді.

Ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін тағы бір көрсеткіш қысқа мерзімдік сыртқы қарыз көлемі. Бұл көрсетіш қалыпты жағдайда яғни 5,3 %.

Тағы бір маңызды көрсеткіш бұл елдің халықаралық резервтерінің өтеу мерзімі бойынша қысқа мерзімді сыртқы қарызға қатынасы 115,6. Бұл дегеніміз қысқа мерзімде төлемқаблеттіліктің жоғары екенін көрсетеді. Экономикалық анализге назар аударсақ,  сыртқы қарызға қызмет көрсету ұлттық экономикаға қауіп төндірмейтіндігін көрсетеді. Елдің жиынтық сыртқы қарызының едәуір бөлігі мемлекет кепілдендірмеген, жекеменшік сектордың борышы, соның ішінде фирмааралық берешек алып отыр.

Борыштың бұл бөлігі несиелік капиталдың сыртқы рыноктарында экономикалық субъектілердің кредиттік өзара қатынастарының кеңеюімен байланысты. Фирамааралық берешек Қазақстанда жұмыс істеп тұрған еншілес кәсіпорындарға шетелдік бас компаниялар мен фирмалар тарапынан берілген кредиттер бойынша өзара қатынастарды білдіреді.

Қазақстан сияқты дамушы ел сырттан алған қарыз шарттары экономикалық қалпына сай және ұзақ мерзімде экономикалық тепе- теңдікті бұзатын жағдайларға әкелмеуін қадағалау керек. Сырттан алынған қарыз алдыңғы қарызды жабуға емес экономикалық өсуді қамтамасыз ететін жобаларға салынуын қадағалау керек.

Өнеркәсіп. 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыс кәсіпорындарымен қолданыстағы бағаларда 482,3 млрд. теңгенің өнімдері өндірілді (2011 жылғы қаңтар-желтоқсан – 563,2 млрд. теңге). Нақты көлем индексі 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 101,7 % құрады.

Көлемнің өсімі өңдеу өнеркәсібінде 12,4 % қамтамасыз етілді. Өндірістің төмендеуі электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 9,4 %, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда – 4,9 %, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 1,5 % байқалды.

Ауыл шаруашылығы. 2012 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ауыл шаруашылығы өнімінің (қызмет) жалпы шығарылымы 179,6 млрд. теңге (ағымдағы бағаларда) болды немесе 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанға 48,5 %, одан өсімдік шаруашылығы  өнімі – 86,1 млрд. теңге (36,7 %), мал шаруашылығы – 93,2 млрд. теңге (72,7 %). Мал мен құс ет өнімдерінің барлық түрлерін тірі салмақта өндіру 187,7 мың тоннаны құрады (2011 жылға – 78,1 %), сиыр сүті – 330,9 мың тонна (57,1%), тауық жұмыртқасы – 522,9 млн. дана (94,6 %).

Инвестициялар. Негізгі капиталға салынған инвестициялар бағалау есебімен 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда 161,4 млрд. теңгені немесе 2011 жылға 101,2 %-ды құрады.

Құрылыс мердігерлерінің келісім шарттары бойынша бағалау есебімен, орындалған жұмыс пен қызметтер көлемі 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда 79,5 млрд. теңгені немесе 2011 жылға 128,6 %-ды құрады.

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы көлемі 204,8 мың шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілді немесе 2011 жылға – 104,4 %.

Сауда. 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек сауда көлемі 126,6 млрд. теңгені құрады немесе 2011 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейіне – 114,2 %.

Көлік. 2012 жылғы қаңтар-желтоқсандағыавтомобиль көлігімен тасымалданған жүктің көлемі 275,6 млн. тоннаны құрады немесе 2011 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейіне – 102,8 %. 2012 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жүк айналымы 9236,8 млн. ткм құрады, бұл 2011 жылғы қаңтар-желтоқсаннан 11,9 %-ға артық.

Автожол көлігімен 1575,5 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2011 жылғы   қаңтар-желтоқсан деңгейіне – 109,7 %.

Бағалар. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2012 жылғы желтоқсанда 2011 жылғыжелтоқсанмен салыстырғанда 105 % құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 105,3 %, азық-түлік емес тауарларға – 103,5 %, ақылы қызметтер көрсетуге – 106,1 %.

Тұрмыс деңгейі. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 2012 жылғы желтоқсанда  15348 теңгені құрады, республика бойынша – 16698 теңге.

Облыс кәсіпорындарындағы бір қызметкердің  орташа айлық атаулы жалақысы 2012 жылғы қарашада 85987 теңгені құрады немесе 2011 жылғы сәйкес айға 108 %. Инфляцияға түзету есебімен нақты жалақы индексі атаулы кезеңде 103,3 % құрады.

Еңбек рыногы. Облыс кәсіпорындарындағы жалдамалы қызметкерлер саны 2012 жылғы қарашада 207,1 мың адам болды немесе 2011 жылғы қарашаға 101% құрады.

2013 жылғы 1 қаңтарғажұмыспен қамтудың уәкілетті органдарында экономикалық тұрғыдан белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі облыс бойынша 0,2 %, республика бойынша – 0,4 % құрады.

Қазіргі уақытта облыс кәсіпорындары сыртқы экономикалық байланыстарының географиясы 86 мемлекетті қамтиды. Бұл – ТМД, Еуропалық Одақ, Азия және әлемнің басқа да елдері.

Облыстың сыртқы сауда айналымы 2012 жылдың қаңтар - қазанында 3882,2 млн. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт – 2836,5 млн. АҚШ долларын, импорт – 1045,7 млн. АҚШ долларын құрады. Сауда айналымы 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,2 %-ға ұлғайды.

Облыстың өнімдері негізінен Қытайға, Ресей Федерациясына, Швейцарияға, Туркияға және әлемнің басқа елдеріне экспортталады.

Импорттық өнімдерді жеткізу әлемнің 72 елінен жүзеге асырылады, олардың ең ірілері: Ресей Федерациясы, Украина, Қытай, Германия және басқалары болып табылады.