Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая КР сырткы экономика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
229.38 Кб
Скачать
  1. Қазақстандағы сыртқы экономикалық байланыстары

2.1 Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы.

Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәсекелесте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүниежүзінің көпеген елдермен халқаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.

Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемелекеттің, оның жеке және заңды тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылырымен және халқаралық қаржы-кредит институттармен сауда, кредит, инвистициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысумен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл – валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, елдің экономикалық агенттерінің «басқа дүниемен» (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі бойынша) қатынастары. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық құралы ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпалдасудың (интеграциялауды) жүзеге асыру үшін пайдаланады. Халқаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржы механизімі Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттік қаржы саясатын іске асырудың құалы болып табылады.

Іс әрекет етудің айрықша нысаны ретіндегі сыртқы экономикалық кызметінің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да калыптасатын ресурстарда нақты түрде көрінеді. Бөлгіштік қатынастардың міндетті субъектілері шетел мемлекеті, халықаралық ұйым, фирма және басқалары арқылы шетелдік әріптестер болып табылады. Қаржы қатынастары ұлттық экономикалардың екарасынан шығып кетеді және халықаралық ықпалдастық процестің дамуы мен тереңдей түсуіне жәрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады.

Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді:

- Қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлі бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті ресурстарын жұмылдыру;

- Халықаралық ықпалдастық процесстерді реттеу;

- Халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бөл қатынастардың тікелей қатысушыларын ынталандыру.

Дамудың кәзіргі кезенінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады:

- Сыртқы сауда;

- Шетелдік инвестициялау; бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңды тұлғаладың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу, конценссиялар – елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру үшін меемлекет меңшігіндегі табиғи ресстрстарды, әр түрлі объектілерді пайдалануға мүлік құқықтарын алу, меңшіеті жалдау;

- Елдің халықаралық қаржы кредит ұйымдарына қатысуы; сыртқы экономикалық қызметтің бүл нысанымен шетелдік кредиттермен қарыздарды беру байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұыймдарға жарналар төленеді;

- Ғылым, техника, мәдениет, туризм саласындағы ынтымақтасық;

- Шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді ұстау жөніндегі есеп-қисаптарды жүргізу.

Дамыған елдердің экономикасында сыртқы экономикалық қызметтің маңызды құрамды бөлігін шет елдерде өнеркәсіп, азаматтық, көлік және басқа объектілер слау құрайды; алайда, қыөзметтің бұл түрі республикада іс жүзінде қаржылық және метериалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігінен жоқтың қасы.

Бір мезгілде экономиканың «көленелі» секторы капиталды шетелдік активтерге жұмсалым нысанында сыртқы инвестицияларды жүзеге асырады: шетке «капиталдын кемуі» болып табылатың шетелдік банктердегі депозиттер бағалы қағаздарға инвестициялау, жылжымайтын дүние-мүлікті сатып алы және т.б.

Арнаулы экономикалық аймақтарды – айрықша құқықтық және экономикалық режімі бар арнайлы блінген аумақтарды қалыптастыру ерекше қызет болып табылады, олар аймақты жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін шетелдік капиталды, прогрессивті шетледік техналогиялар мен басқару тәжірибесін тарту мақсатымен құрылады.

Аталған сыртқы экономикалық байланысатрды дамыту респуликанның шетелдермен валюта-қаржы, есеп-қисап және кредит қатынастарынның негізіне қойылған. Мемлекет тарапынан экономикалық үдерістерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда - өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму үдерісіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржылық тұтқалар арқылы араласуын бейнелейді.

Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика ара қатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, өңірлік және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржылық ресурстарды шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану үдерісі ретінде сипатталады. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің дамуын керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:

1) Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының әрекетін есепке алу. Қаржылық реттеу үдерісі қаржылық саясаттың субъективті түрде белгіленген бағыты және оны шаруашылықтық практикаға асыру механизмі бойынша өтетіндіктен, экономикалық заңдар мен оларға сәйкес келетін экономикалық категорияларда бейнелеп көрсетілген шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделері неғұрлым толығырақ ескерілсе, бұл саясат пен механизмнің шаралары соғұрлым шынайы әрі практика талаптарына жауап беретін болады. Ал олай болмаған күнде нақтылы экономикалық өмірде қаржылық механизмнің нысандары мен әдістерін күшпен алу реакциясы пайда бола бастайды.

2) Қоғамның барлық мүшелерінің түпкі мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады; ойда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.

3) Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы. Басқарманың автократиялық нысаны шешімдердің валютаризмін, оларды қоғамның қабылдамауын және олардан айыруын, бұрмалама орындалуын, мемлекеттік құрылымдар жұмыстарының төмен тиімділігін: игіліктің сырт көрінісі кезінде қоғам тоқырауға ұшырайды, әлеуметтік-экономикалық мешеулікті және азғындауды тудырады.

4) Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық, жүйенің болуы. Сөздің кең мағынасында заңнамалық жүйе әсері оның заңнамада келісілген таза заңды жауапкершілік шегінен шығып кететін нормалар, соның ішінде шешімді атқару үшін билік құрылымдарының жауапкершіліктері үшін қоғамда «өнегелі климатты» қалыптастыруға мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни басқару саласы, құзырлылық және басқарудың бүкіл иерархиялық құрылымындағы тәртіп ұйғарылады. Бұл қағиданы 3 тармақтағы тұжырымдалған алғышарттың әрекетінсіз жүзеге асыру мүмкін емес.

Аталған алғышарттардың 3, 4 тармақтары жалпы азаматтық қоғамның, яғни қоғамның барлық мүшелеріне арналған тіршілік әрекеті үшін тен мүмкіндіктер жасайтын, олардың мүдделері мен әлеуетін ескеретін, бірдей құқықтық қорғалуы мен жауапкершілігін қамтамасыз ететін өркениетті қоғамдық құрылыстың болуын көрсетеді.

Нәтижелікке, яғни мемлекеттік қаржылық реттеудің нақтылы қорытындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай шарттарға мыналар жатады:

а) технологиялық қайта бөлістер бойынша өндірістердің мүмкін болатын үлкен жинақталымын біртіндеп дамыта отырып, экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;

ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық үдерістер мен құрылымдарды монополиясыздандыру;

б) рыноктық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы ескертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін жасау негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту:

в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де, халықаралық кооперация мен енбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер, аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік құқықтарының және т.б.) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.

Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттігінің сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.

Сонымен бірге қаржылық тұтқалардың көмегімен мынадай негізгі мәселелер шешіледі:

- материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржылық ресурстардың жалпы деңгейін реттеу;

- өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;

- кәсіпорындардың, ұиымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу, олардың құқықтық және келісімшарттық тәртібін қамтамасыз ету;

- кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;

- кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің ішкі өндірістік ара қатынасын реттеу;

- ел, өңір, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық және инновациялық үдерістерді реттеп отыру.

Сыртқы сауда экспрот пен импортты камтиды. Өңдірістің қазіргі қалыптасып отырған құрылымын байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі әзірше шикізаттқа, түсті металдарға, материалдарға, отынға, астыққа және шала фабрикаттарға тиіп отыр.

Сонымен бірге қазіргі кезде өндірістің қалыптасқан құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі минералдық өнімдерге 63% тиеді, оның үстіне мұнай мен газ кондесатынның үлес салмағы 60% құрайды. Біраз орында металлгургия өнекәсібінің өнімі, химия өнеркәсәбінің өнімі, азық-түлік тауарлары мен оларды өндіруге арналған шикізат алады. Аргоөнеркәсіп кешенінің негізгі баптары мақта талшығы, астық және былғары шикізатты болып қалуда.

Қаржы практикасында экспорттың бюджеттік тиімділігі – валюталық түсім-ақша мен шығындардың (өім өндіруге жұмсалынған шығындардың, ішкі бағалардағы оның құны және қосымша шығыстар – көлік, жүкті ауыстырып тиеу, порттарда, станциалды сақтау шығындырының) ара салмағы ұғымы қолданылады.