Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gani.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.94 Кб
Скачать

3 Сурет- Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының

айналымды құралдар құрамы

Айналымды құралдар қатынастар аймағынан өндірістік аймаққа және кері бағытта ауыса отырып, үнемі қозғалыста болады. Алдымен олар өндіріске қаржылы түрде келіп түседі және өндірістік үрдістің үздіксіз өтуін қамтамасыз ететін, өндірістік қорларды тудыру үшін қолданылады. Одан кейін тауарлы түрде ауысады. Жүзеге асыру кезеңін өтіп болғаннан кейін айналымды құралдар өзінің алғашқы пішініне қаржылы түріне қайта оралады.

Эксплуатациялық әрекеттерді орындайтын көлік кәсіпорындары, өнімдерді тауар түрінде жасамайды, сондықтан өнеркәсіптік кәсіпорындармен салыстырғанда, олардың айналымды құралдарының құрамында шикізаттар, дайын өнімдер және аяқталмаған тасымалдау өндірістері жоқ болады.

Құралу бастамалары бойынша айналымды құралдар меншікті және қарызға алынатын болып бөлінеді. Меншікті құралдар ең алдымен пайда есебінен және басқа да есептеулердің есебінен құралатын уставтың қоры ретінде электрмен қамтамасыздандыру дистанциясында бекітіледі.

Қарызға алынатын қорлар электрмен қамтамасыздандыру дистанциясына қысқа мерзімді несие ретінде беріледі.

Құралу принциптері бойынша нормаланатын және нормаланбайтын айналымдық құралдарды ажыратуға болады.

Нормаланатын құралдарға өндірістік қорлар аяқталмаған өндіріс, төмен бағалы және тез тозатын заттар, пайдаланудағы арнайы киімдер және т.б. жатады.

Нормаланбайтын қорларға қаржылы құралдар дибиторлық қарыздардың түрлері және т.б. жатады.

Норма дегеніміз – бір жұмысшының, өнімнің бір-бірлігіне айналымды құралдардың қажеттілігін көрсетеді.

Норматив дегеніміз- электрмен қамту дистаанциясының үздіксіз жұмысы үшін минималды қажетті, нормаланатын айналымды құралдардың жоспарлы соммасының қаржылы түрі. Норматив дистанцияның өзімен, жоспарланған кезеңнің аяғында, қандай да бір материалды ресурстардың ортатәуліктік шығынын және күндер санын есепке ала отырып есептеледі. Нормативтің мөлшері жұмыс көлемдеріне, қамтамасыздандыру жағдайларына, жеткізушілердің алыстығына, материалды ресурстарды қолдану периодтылығына, және де есептеулер жүйесіне тәуелді болады. Материалдар мен артық бөлшектерге норматив электрмен қамту дистанциясы әрекетінің барлық түрлері бойынша, материалдар мен артық бөлшектердің жылдық жоспарлы шығыны және айналымды құралдардың қорлар күндеріндегі орныққан нормасы негізінде анықталады

мұндағы: — электрмен қамту дистанциясы әрекетінің барлық түрлері бойынша материалдар мен артық бөлшектердің жылдық жоспарлы шығыны, тенге

Т3 — қорлар нормасы немесе қорларды жаңарту кезеңі, күндер.

Төмен бағалы және пайдалану кезінде тез тозатын өнімдердің нормативі бір жұмысшыны және де жұмысшылардың жоспарлы контингентін осы өнімдермен қамтамасыз ету нормасына сәйкес есептеледі:

NмпмЧпл

мұндағы Рм — бір жұмысшыны төмен бағалы және пайдалану кезінде тез тозатын өнімдермен қамтамасыз ету нормасы

Чпл —жұмысшылардың жоспарлы контингенті.

1.5 Жұмыстарды ұйымдастырудың жүзеге асырушы әдістері

Электрлендіру мен энергетика құылғыларының қызмет етуі бойынша жұмыстар жылдық жоспарға сәйкес айларға бөлу арқылы орындалады. Бұл жоспарға құрылғылардың техникалық қызмет етуі, жөндеу мен профилактикалық сынауы бойынша жұмыстардың барлық түрлері кіреді. Жылдық жоспар түйіспелі тораптың, тартым қосалқы станциясы мен секцияландыру посттары құрылғыларының қызмет етулері бойынша ережелер мен нұсқауларды келтірілген нормативтер негізінде құрастырылады, және де электрмен қамтамасыздандыру дистанциясы бастығымен бекітіледі. Жылдық жоспарға сәйкес желілі бөлімшелердің басшылары, құрылғыларды күрделі жөндеу, күшейту және модернизациялау бойынша жұмыстарды, сонымен қатар тексеру кезінде табылған кемшіліктерді жою бойынша жұмыстарды есепке ала отырып, нақтыланған айлық жоспарларды құрастырады.

Эксплуатациялық қызмет ету бойынша жұмыс көлемдері меншіктегі құралдар мен жұмыстарды жүргізудің периодтылығына тәуелді болады. Түйіспелі торап құрылғыларының, тартылым қосалқы станциялары мен секцияландыру посттарының құрылғыларының техникалық қызмет етуі мен жөндеу реттіліщі және әдістері нақты ережелер мен нұсқауларға сәйкес, ал энергетика құрылғыларының жөндеу реттіліктері, барлық министрліктерге міндетті болатын, өндірісте қолданылатын біртипті ережелерге сәйкес анықталады.

Түйіспелі тораптың эксплуатациялық қызмет етуі техникалық қызмет ету, ағымды және күрделі жөндеулер бойынша жұмыстардан тұрады. Техникалық қызмет ету құрылғылардың жағдайына үнемі бақылауды қарастырады. Олар периодтық тексерулер мен өлшеулерді жүргізімен орындалады, нәтижелері келешекте, сол тексеруді жүргізетін жұмысшымен арнайы кітапқа бекітіледі. Одан кейін бұл кітапта кемшіліктерді жою бойынша күндер жазылады. Ағымды жөндеулер ережелер мен нұсқаулар талаптарына сәйкес келетін құрылғыларды сақтау үшін өткізіледі. Олар арнайы тағайындалған мерзімдерде, сонымен қатар қажетті жағдайларда, тексеру кезінде қалыпты жағдайдан ауытқуларды табу кезінде орындалады.

Тартым қосалқы станциялар мен секцияландыру посттарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін периодтық тексерулер, ағымды және күрделі жөндеулер, профилактикалық сынаулар, ал энергетика құрылғыларының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін тексерулер, ағымды және күрделі жөндеулер өткізіледі.

Түйіспелі тораптың эксплуатациялық қызмет етуі поездардың үздіксіз және нақты қозғалысы қамтамасыз етілетіндей ұйымдастырылу керек, Темір жол көлігі үшін бұл спецификалық талап, техникалық қызмет етудің жалпы тәсілдерінен айырмашылығы бар құрылғыларды қолдану қажеттілігін келтіреді. Осылайша, түйіспелі тораптың техникалық қызмет етуі мен ағымды жөндеуі бойынша жұмыстардың көп бөлігін, электрмонтерлар бригадалары поездар қозғалысын шектеусіз орындайды. Тек күрделі жұмыстарды орындау үшін түйіспелі тораптан, бойлы электрмен жабдықтау желісінен кернеуді түсіріп алады және бұл кезде поездар қозғалысының графигінде «үзілістер» тағайындалады.

Поездардың интенсивті қозғалысты бөлімшелерде, поездаралық интервалдар өте төмен болады, бұл жұмыстардың үздіксіздігін қысқартады, жұмыс сапасының төмендеуіне, электрмонтерлардың еңбек ету жағдайының төмендеуіне келтіреді. Бұл кезде жұмыс орындарын шектеу мен поездарды өткізу бойынша өндірістік емес шығындар, түйіспелі тораптың эксплуатациялық қызмет етуіне жалпы еңбек шығындарының шамамен 40 пайызын құрайды. Сонымен, түйіспелі тораптың қызмет етуі кезіндегі маңызды талап, жұмыс уақытының өндірістік емес өндірістік емес шығындарын төмендету, еңбек өнімділігін арттыру болып табылады. Бұл талаптың тиімді шешімдерінің бірі- алдыңғы қатарлы еңбек әдістерін өңдеу мен кеңінен қолдану болып табылады.

Түйіспелі тораптың пайдалануы кезінде, қызмет етудің келесі әдістері кеңінен таралған: жұмыс орындарын біржақты шектеу, түсірілген тоққабылдағышты электрқозғалмалы құраманы өткізумен, уақытша тоқсызданған және жерлендірілген бөлімшелердегі жұмыстар, түйіспелі тораптан кернеуді түсірусіз секционды ажыратқыштар мен разрядтауыштарды ревизиялау.

Екіжолды бөлімшелердегі жұмыс орындарын біржақты шектеу, түйіспелі тораптағы жұмыс өндірісі кезіндегі поездар қозғаласының қауіпсіздігін қамтамасмыз ету бойынша Нұсқауларда келтірілген талаптарды сақтау кезінде шешіледі, және де бригададағы электромонтерлар санын төмендетуге мүмкіндік береді.

Түсірілген тоққабылдағышты электрқозғалмалы құраманы өткізумен, уақытша тоқсызданған және жерлендірілген бөлімшелердегі жұмыстар, жұмыс уақытының өндірістік емес шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Дегенмен алынбалы оқшауланғанған мұнараның жұмыстарын орындау кезінде, бұл әдіс, поездардың қозғалыс интервалы он бес минуттан жоғары болған кезде ғана нәтиже береді.

Электрмен қамтамасыздандыру құрылғыларының қызмет етуі кезіндегі еңбекті ұйымдастырудың жүзеге асырушы әдістеріне, ең алдымен, түйіспелі тораптың үлкен және кіші периодтық жөндеулер әдісі бойынша қызмет етуін жатқызуға болады. Бұл әдіс күрделі мен ағымды жөндеулер жұмыстарының өзара алмастырылуына негізделген. Жөндеудің мерзімдері мен көлемдері түйіспелі тораптың негізгі элементтерінің қызмет ету мерзімі бойынша анықталады.

Электрлендіру мен энергетика құрылғылары қызмет етуінің кешенді әдісі кеңінен таралған. Бұл әдістің маңызы, техникалық қызмет ету, ағымды және күрделі жөндеулер бойынша барлық жұмыстар, орындалу периодтылығына тәуелді кешендерге (топтарға) бөлінетіндігінде.

Қарастырылған әдістерді қолдану, еңбекті ұйымдастыру мен жоспарлауды жақсартудың нәтижесінде, еңбек өнімділігін арттыруға, құрылғыларды жөндеу үшін ажыратулар санын төмендетуге мүмкіншілік береді.

Орындалған жұмыстарды техникалық бақылауы, электрмен қамтамасыздандыру құрылғыларының сенімді әрекетін арттыру, жөндеу құрамы мен сапасын арттыру мақсатымен орындалады. Бұндай бақылау, ең алдымен резерві жоқ түйіспелі торапта қажет болады.

Түйіспелі тораптың нақтыжағдайын анықтау үшін, онаың құрамының бекітілген техникалық нормаларға сәйкестігін, және қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру үшін баллдық бағалау қолданылады.

Түйіспелі тораптың, оның аймақтары бойынша жағдайы, штрафтық баллдар соммасын тексерілген киллометрлер санына бөлу арқылы анықталатын, басты жолдардағы бір киллометрге орташа баллдар бойынша бағаланады. Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясы шекарасында, түйіспелі тораптың жағдайы, барлық түйіспелі торап дистанциясымен тексерілген жалпы баллдар соммасын, сол баллдардың санына бөлу арқылы анықталатын, орташа баллмен сипатталады. Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясында бір ғана қанағатты емес бағалы түйіспелі торап жағдайының бар болуы, дистанцияны жақсылар қатарына жатқызбайды. 1 км-ге баллдар саны 25-тен жоғары болмаса, түйіспелі торап жағдайы өтежақсы, баллдар саны 25-тен жоғары 50-ге дейін болса- жақсы, 50-ден жоғары 100-ге дейін болса- қанағатты, 100-ден жоғары болса- қанағатты емес болып есептеледі.

1.6 Энергошаруашылығындағы күлделі жөндеуді ұйымдастыру

Теміржолды пайдалану кезіндегі электрмен қамтамасыздандыру құрылғыларының күрделі жөндеуі жоғары көлемді күрделі үрдіс, оны жүргізу үшін жақсылап ойланған жоспарланған дайындық қажет. Сонымен қатар жөндеулерді жүргізетін қызметкерлердің квалификациялық дәрежесі маңызды орын алады.

Күрделі жөндеудің көлемін күнтүзбелік жылдың басына дейін алдын ала аңықтайды. Коммиссиялы түрде жұмыс түрлері және олардың көлемін жоспарлайды. Осы берілгендерге сәйкес қажетті материалдар, құралдар және де жұмыстарды орындау үшін қажетті құрылғылардың тізімін аңықтай отырып, күрделі жөндеуге сметалар қарастырылады.

Техникалық жағдайы бойынша объектінің күрделі жөндеу мерзімі бірнеше жылға ұзартылатын болса, бұндай жағдайда таңдаулы жөндеу жүргізіледі. Дегенмен, бұл жағдайда берілген темір жол желісінің даму келешегін есепке алады.

Күрделі жөндеу үрдісінде тозып кеткен детальдарды ауыстыру және құрылғы жарамдықтан шыққан кездегі құрылғыны толығымен ауыстыру орындалады. Күрделі жөндеудің мақсаты құрылғылардың алғашқы техникалық сипаттамсын қалпына келтіру, оларды техникалық нормалармен талаптарға сәйкес етіп келтіру.

Сонымен қатар құрылғылардың сенімділігі мен жүктемелік қабілетін арттыру үшін олардың модернизациясын есепке алу тиіс.

Күрделі жөндеулерге сонымен қатар жол шаруашылығының реконструкциясымен байланысты түйіспелі тораптың қайта монтаждалуы бойынша жұмыстар кіреді.

Электрмен қамтамасыздандыру күрделі жөндеуі жұмыс істеуге қалдырылған құралдар теміржолдың эксплуатациялық әрекетінің қалыпты жұмысын поездардың үздіксіз және қауыпсыз қозғалысын қамтамасыз ететіндей жүргізіледі. Осыған байланысты күрделі жөндеудің ұйымдастырылуына құрылғылар мен құралдардың сенімді жұмысына қажетті талаптар қойылады. Осы талаптарды орындауға бағытталған техникалық шаралар, күрделі жөндеу жұмыстарының өндіріс жоспарлары мен сметаларда алдын ала қарастырылады.

Күрделі жөндеудің басталуына дейін келесі дайындық жұмыстар жүргізіледі.

  1. Жөндеуші бригадаларды ұйымдастырады және оларға мұсқаулар беріледі.

  2. Материалдар мен құралдарды дайындайды.

  3. Машиналар мен механизмдерді қолдану реті орнықтырылады, материалдар мен құралдардың жұмыс орнына жеткізу мерзімін есепке ала отырып, жұмыс өндірісі графигін өндейді.

  4. Жол бөлімшесі мен және жол басқармасымен қажетті жағдайларда «окно» (үзілістерді) беру және олардың ұзақтығының мәселесін шешіп қояды.

  5. Жөндеуші бригадаларды жұмыс орнына дейін және кері бағытта көріктендіру тәсілі мен ретін шешіп кетеді.

  6. Жұмыстарға қажетті инструменттердің қажеттіліктердің көтеруші көтеруші құралдардың сонымен қатар, жұмыс орындарында қажетті қорғау құралдарының бар болуын тексереді.

Жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларды тудыруға, кернеуді түсіруге, поездарды өткізуге кетіретін уақыт шығындары жұмыс уақыты болып есептеледі.

Электрмен қамтамасыздандыру құрылғыларының күрделі жөндеуі бойынша жұмыстар, электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының желілі бөлімшелерінің эксплуатациялық штатымен немесе электромонтаждық поездың мамандандырылған бригадаларымен орындала алады.

Түйіспелі торапты күрделі жөндеу кезінде (мысалы тіректер мен қатаң көлденеңдерді, түйіспелі және арқалауыш арқансымды ауыстыру) кернеуді түсіру және поездар өтетін жолдарды жауып тастау талап етіледі. Қозғалыс үрдісін тек қысқа мерзімге ғана тоқтатуға болатындықтан, жөндеу жұмыстарының әрқайсысы үшін технологиялық үрдістің өндірісі мен көлемінің нақты мүмкіншіліктерін, сонымен қатар жұмысшылар санының нақты қажеттілігін есепке алатын жоғары деңгейде өңделген технологиялық үрдіс қажет. Бұл кезде сонымен қатар, түйіспелі тораптан кернеуді түсірусіз жіне поездаар қозғалысын шектеусіз, жұмыстардың максималды мүмкіншілігі бар көлемін орындауды алдын ала қарастыру маңызды орын алады. «Үзілістерді» рұқсат ету кезінде, оған күрделі дайындық қажет, өйткені жұмыстарды шала ұйымдастыру жолдардың ашылуының кешігуіне және поездар қозғалысы графигінің бұзылуына келіп соғады.

Құрылғылардың күрделі жөндеуін оның ішінде ең алдымен түйіспелі тораптың күрделі жөндеуін қойылған мерзімде орындау қажет. Оның аз уақытында орындалмауы құрылғылардың зақымдалуына және осының нәтижесінде поездар қозғалысының графигінің бұзылуына алып келеді.

Жөндеу жұмыстарының сапасы мен тиімділігін артыру үшін, осы жұмыстарды өткізудің жаңарған әдістерін пайдалану маңызды орын алады. Осылыйша, мысалы, түйіспелі тораптың уақытша тоқсыздандырылған және жерлендірілген бөлімшелеріндегі жөндеу жұмыстары, арқалауыш арқансымдар мен түйіспелі сымдарды ауыстыру үрдісін «үзілістер» ұзақтығын шектеусіз орындалуына мүмкіншілік пайда болады.

Электрмен қамтамасыздандыру дистанцияларының көпшілігінде, жұмыстардың қысқа технологиялық «үзілістер» әдісі пайдаланылады, яғни қажетті жұмыстар, поездар қозғалысы графигінде көрсетілген, 10—40 мин аралықта орындалады. Бұл жағдайда, жұмыстардың өңделу технологиясы, кернеуді түсірумен орындалатын шаралардың минималды санын, және де кернеуді түсірусіз, поездар қозғалысын тоқтатусыз дайындық пен аяқтау шаралардың тізімін алдын ала қарастыру керек.

Түйіспелі тораптағы ірі, әрі еңбеккөлемді жұмыстарды бәрнеше айсақтардың күшімен орындаған жөн. Бұл жағдай жол жұмыстары үшін берілітін үлкен «үзілістерді» толығырақ пайдалануға, техниканы едәуір тиімдірек қолдануға, жұмыстарды көбірек орындауға мүмкіншілік береді.Кернеуді түсіруді талап ететін маңызды көлемді жұмыстар кезінде, станцияларда түйіспелі торапты қосымша секцияландыру қажет.

Жөндеу жұмыстарының индустриалды әдістерін кеңінен тарату, осы жұмыстардың өндіріс уақытының қысқаруына, олардың сапасыныың жақсаруына, электрмен қамтамасыздандыру құрылғыларының сенімділігінің жоғарылауына алып келеді.

Электрмен қамтамасыздандыру құрылғыларының күрделі жөнделуі кезінде, механизация құралдарын кеңінен пайдаланған жөн. Олар жоғары көлемді жұмыстардың орындалуын жеңілдетеді, еңбек ету жағдайларды жақсартады. Осылайша, мысалы, түйіспелі торапты жөндеу кезінде, тіректер мен анкерлерді орнату үшін, тиеу— түсіру жұмыстарын орындау үшін, жүккөтеруші механизмді АГВ және АДМ автомотристері пайдаланылады, жөндеуші бригадаларды жұмыс орнына дейін және кері бағытта жеткізу үшін жоғары өтімді автоұшқындар пайдаланылады.

Энергетика құрылғыларын жөндеу кезінде, қазандықтарды қазу және оларға тіректерді орнату үшін, бурильно-крановые қондырғылар, кабельдер астарына траншеяларды қазу үшін, траншеяқазғыштар, жоғарыдағы жұмыыстарды орындау үшін, телескопиялық мұнаралар пайдаланылады.

1.7 Электрмен қамтамасыздандыру шаруашылығындағы ойлап табушылық пен рационалдылық

Ойлап табу деп, ерекше қасиетке ие, халық шаруашылығының, саяси-мәдениеттік құрылыстың кез келген саласындағы талаптың техникалық шешімі қабылданады. Ойлап табудың авторы, өзінің қалауы бойынша, оның авторлығын, немесе авторлық пен ойлап табуға ерекше құқығын талап ете алады. Бірінші жағдайда ойлап табушылыққа белгілі бір реттілікпен төленетін авторлық куәлік беріледі, ойлап тапқанды пайдалану құқығы мемлекетке беріледі.Екінші жағдайда ойлап тапқан затқа патент беріледі. Патент берілген ойлап табушылықты, патент иесінің рұқсатысыз ешкім пайдалана алмайды.

Патент 15 жыл мерзімге беріледі. Патенттің жарамдығы, патент иесінің уақытымен төлемдерді төлемеген жағдайда келісімнен бұрын жойылады. Әрекеттегі патент автордың ходотайствосы бойынша Мемлекет алдында авторлық куәлікке ауыстырыла алады.

Рационализаторлық ұсыныс деп, осы ұсыныс берілген кәсіпорын, ұйым немесе мекеме үшін жаңа әрі пайдалы болып табылатын, бұйым конструкциясының, өндіріс технологиясы мен қолданылатын техника өзгерістерін немесе материал құрамының өзгерісі қарастыратын техникалық шешім есептеледі. Бұйымнаң сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін төмендететін, еңбек жағдайлары мен өнім сапасын нашарлататын ұсыныс, рационализаторлық болып есептелмейді. Егер жаңалық, ойлап табушылық немесе рационализаторлық ұсыныс екі немесе одан да көп адам санымен орындалса, онда олардың барлығы өзара авторластар болып есептеледі және тең құқықтармен қолданады.

Ойлап табушылық объектілері: жаңа құрылға, әдіс, зат, сонымен қатар бұрын қолданылған құрылғыларды, әдістерді, заттарды жаңа тағайыны бойынша пайдалану болып табылады.

Ойлап табушылықтың жаңалығы және маңызды айырмашылығы келесі түрлерде көріне алады:

құрылғыда- жаңа түйіндер мен детальдардың бар болуымен, бөлшектердің жаңадан өзара орналасуымен, мөлшерлердің өзара сәйкестігімен, жаңа материалды пайдаланумен;

әдісте- өндіріс циклына енгізілетін жаңа технологиялық шара қолдануымен, шараларды қолдану реттілігінің өзгеруімен, технологиялық режимнің өзгеруімен;

затта- ингредиенттердің жаңа санды түрдегі өзара сәйкестігімен, жаңа ингредиентті енгізумен.

Ойлап табушылықтың сипаттамасында, берілген ойлап табушылықпен жетілдірілетін мақсаты мазмұндалады, оның детальды сипаттамасы келтіріледі, ерекше қасиеттері аталып өтеді, сонымен қатар, технико-экономикалық тиімділік, тхника аймағы жөнінде мәліметтер келтіріледі. Бұл сипаттама ойлап табу формуласымен аяқталады.

Ойлап табушылықтың формуласы- ойлап табудың техникалық маңыздылығын өрнектейтін қысқа сөзді сипаттама. Оның шектеуіш және ерекшеленетін бөлімдері болады. Бірінші бөлімінде белгілі сипаттары көрсетіледі, екіншісінде жаңа сипаттамалары аталып өтеді.

Рационализаторлық ұсыныс жаңашылық пен пайдалылықтан құралу керек. Кәсіпорынға берілген ұсыныс бұрын қолданылмаған болса, әкімшіліктің бұйрағымен қарастырылмаған болса, жоғары сатыдағы ұыймдармен ұсынылмаған болса, бұл жағдайларда ұсыныс жаңа болып есептеледі. Ұсынысты қолдану экономикалық, техникалық немесе басқа да тиіиділік әкелетін болса, онда ол пайдалы болып есептеледі.

Райионализаторлық ұсыныс, оның маңызын сипаттау арқылы және қажетті жағдайларда сызбалар, сұлбалар немесе эскиздерді келтіру арқылы, жазбаша түрдегі өтінішпен беріледі. Рационализаторлық ұсынысты қарастырғаннан кейін, ол қолданысқа беріледі немесе тыйым салынады, яғни қолданысқа рұқсат етілмейді. Берілген ұсыныс рационализаторлық болып шешілген жағдайда, және оны пайдалануға рұқсат етілген жағдайда, бұл ұсыныстың авторына куәлік беріледі.

Ойлап тапқыштар мен рационализаторлар өздерінің шығармашылықтарын және рационализаторлық ұсыныстарын жұмыс орнында да, басқа кәсіпорындарда да пайдалана алады. Бұл уақытта олар өздерінің орташа еңбек ақысын сақтай отырып, негізгі жұмысынан босатылады, немесе олармен жұмыстан тыс уақытта жұмыс істеуге келісім шарт құрастырылады. Ұсыныстарды өзге кәсіпорындарға енгізу кезінде оның жолы мен тұрмыс шығындары толығымен төленеді.

13 Экономикалық және әлеуметтік даму жоспарын қарастыру реті

Теміржол көлігі желілік, салалық кәсіпорындарының жұмыс сипаты және көлемі жолаушылардың және жүк тасымалдау жоспарымен анықталады.

Тасымалдау және техникалық құралдарды жоспарлауға сәйкес жұмыс күші таңдалынып, әрбір өндіріс бөлімдеріне жұмсалатын ақшалай немесе материалдық шығындар көлемі ескеріледі.

Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының әлеуметтік, экономикалық даму жоспары дегеніміз – квартал бойынша бөлінген жоспардағы жыл дистанциясындағы өндірістік әлеуметтік қызметтің кешендік бағдарламасы. Ол техникалық қызмет ету және электрмен қамтамасыздандыру құрылғыларын жөндеу жұмыстарын және ілгерілеу технологиясын енгізумен қатар еңбек үдерісін механикаландырады және автоматтандырады, сонымен бірге құрылғылардың қызмет ету әдіс тәсілдері мен экономикалық көрсеткіштерді жетілдіруге қатысты тапсырмаларды қалыптастырады.

Экономикалық және әлеуметтік дамудың жылдық жоспары жоспарлы тапсырмалардың және бесжылдық жоспар негізінде, жол бөлімшелері бекіткен шектеулі көрсеткіштер бойынша жасалады.

Мұндай көрсеткіштердің сипаты төмендегідей: тозықтық бөліп шығарудың салдарынан болатын жөндеу жұмыстарының жоспары (күрделі жөндеудің жоспары); түйіспелі жүйенің балдағы жағдайы; еңбек өнімділігінің өсуі бойынша тапсырма; негізгі қызмет бойынша еңбекақы төлеудің жалпы қоры; эксплуатациялық шығындар, оның ішінде лимит (шекті деңгей) заттық шығындар, құрылғылардың айналым мөлшері; қол еңбегін қысқарту бойынша тапсырма, жоспарлы мөлшерлер және материалдық қолдаудың білім алу қорының мөлшері және пәтер- үйлік құрылыстың әлеуметтік- мәдени шаралардың қоры; жәрдемдесуші- көмекші қызметтерден пайда бағдарламалары.

Жаңа техниканы енгізуде және капиталды жұмсауға жеке дара жоспарлар ұйымдастырылады, яғни электрмен қамтамасыздандыру дистанциясына жұмсалатын жұмыс күші көлемі бағасы дайын болу мерзімі толығымен қарастырылуы тиіс.Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының экономикалық және әлеуметтік даму жоспары екі қызмет бойынша жасалады: эксплуатациялық (тартылым қосалқы станцияларының электр энергиясын жүзеге асыру және өңдеу) өндірістік электр энергиясын өндіру, электрлі қосалқы стансаларының қайта өңдеуі электр энергия жұмсау тапсырушыға қызмет көрсету. Эксплуатация бойынша жоспар келесі бөлімдерден тұрады:

Жұмыс көлемінің көрсеткіштері (өндірістік бағдарлама) және техникалық- өндірістік көрсеткіштерін және нормалары; еңбек жоспары; эксплуатациялық шығын жоспары. Жәрдемші- көмекші қызметтер бойынша жоспар бөлімдері болып табылатындар: өнімдерді жүзеге асыру және өндірістік бағдарламаның орындалуы бойынша (натуралды және ақшалы айтылуда); профилактикалық, бақылау және жөндеу жұмыстарының жоспары бойынша; басында келіскен келісім- шартқа электр энергиясын тұтынушыларының қызмет ету жоспары; еңбек бойынша жоспар; өндіріс шығындарының сметасы. Сонымен қатар, бүтіндей дистанция бойынша электрмен қамтамасыздандыру ұйымдық- техникалық шаралардың және өндірістің нәтижелілігін жоғарылату жоспары, жаңа техника енгізу және құрылыс- монтаж жұмысының жоспары, шаруашылықпен орындалатындардың және ішкі тәртіптік тәсілмен; күрделі жөндеу жоспары; заттай- техникалық қамтамасыз ету жоспары; қаражаттық жоспар; экономикалық ынталандыру қоры бойынша жоспар; ұжымдардың әлеуметтік даму жоспарын өңдейді. Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының экономикалық және әлеуметтік даму жоспарын өңдеу алдыңғы жоспарланушымен, жылдың II кварталынан (мамыр- маусым) бастап, және осы жылдың қазан- қарашасында аяқтайды. Алғашында дистанцияның техникалық жабдықталғанын анықтайды және жоспарланушы жылға жұмыстардың көлемін анықтайды. Содан соң сәйкестікте жоспардың бекітілген көрсеткіштерімен және жұмыс істейтін нормалармен және нормативтермен жұмысшылардың жұмыс түрлері бойынша және бүтіндей электрмен қамтамасыздандыру дистанциясымен, айналым құралдардарындағы қажеттілік, эксплуатациялық шығындардың жалпы сомасын есептелінеді. Өңделген жоспар үйлесімді болуы тиіс, яғни жоспарланған көлемдегі жұмыстардың аз шығындармен орындалуы. Сондықтан қатарға электрмен қамтамасыздандырудың құрылымының жұмыстарының сенімділігін жоғарылатумен жоспар еңбек өнімділігінің өсу шегінің есебіне сияқты шығындардың төмендеуін қарастыру керек болса, солай материалдарды, қор бөлімдерді, отынды, электр энергиясын орынды қолдану керек. Жоспарды электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының бастығы бекітеді. Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының жұмысының негізгі көлемді көрсеткіші эксплуатациялық кызмет бойынша электр энергиясының мөлшері, тартылым және төмендету қосалқы станцияларындағы қайта өңдеуге жататын, электрмен қамтамасыздандыру құрылысын ағымдаағы жөндеу және техникалық қызмет ету бойынша жұмыс бағдарламасы, сонымен қатар күрделі жөндеумен, тозықтықтарды шығарып тастау есебінде жүзеге асуы болып табылады. Электр энергиясын қайта өңдеудің жалпы көлемі пойыздардағы тартылымға оның шығындарынан салынады, диспедчерлік орталықтандырудың және автоблоктау құрылғыларының қоректенуі, өзіне меншікті тұтынушыларды электрмен қамтамасыздандыру.

Поездар тартылымына арналған электр энергиялардың көлемін электровоздық жолдар бөлімшелерімен тапсырмалар негізінде жоспарлайды және тасымалдау мөлшерінің мотор- вагондық депосы және электр энергиялардың шығынын бөлінген жоспарлы нормалардың өлшеуішіне:

мұндағы рlбр – жолаушылар және жүк таситын қозғалысындағы тасымалдау мөлшері, млн. т-км брутто; аэ – қозғалыс түрі бойынша 10 мың. т-км брутто өлшеуішке электр энергиясы шығынының нормасы.

Меншікті қажеттіліктегі электр энергиясының шығыны өзіне тартылым стансасымен оның шығынын, түйіспелі тораптың аймағымен және электрмен қамтамасыздандырудың дистанциясының басқада бөлімшелерімен (жарықтандыруға, электрлік және калориферлік жағу, аккумуляторлы батареяның зарядталуын және қосалқы зарядталуын, электр қозғалтқыштың жүйесінің салқындау жұмысын және желдетуді, жылу алмастырушыны және т.б) қосып алады.

Оны электр қабылдағыштардың қуатымен (оны қолданудың есебімен) және жұмыс уақытымен анықтайды. Дәл осылай темір жолдың эксплуатациялық қажеттілігіндегі электр энергияның шығынын (жылжымалы құрамды жөндеу, тұрақты құрылғылардың, жарықтандыру және т.б) диспедчерлік орталықтандыруды және автоблоктаудың құрылғыларының қоректенуін сәйкестендіре жоспарлайды. Электр энергияларды* қайта өңдеу көлемін демалыстағы шеттегі тұтынушыларға арнайы есептермен анықтайды.

Электрмен қамтамасыздандыру құрылғыларын жөндеу бағдарламасы техникалық құралдарға байланысты (тартылым қосалқы стансалардың сандары, түйіспелі тораптың cозылған ұзындығының шақырымын, жоғарғы және төменгі кернеулі сыртқы электрлі тораптарды және т.б), олардың күрделілігі және жағдайы, сонымен қатар жөндеу жиілігі басшылыққа алынады. Өнеркәсіптік өндірістер бағдарламасында электрмен қамтамасыз ету дистанциясы қондырады: меншікті электр стансалармен электр энергияларды өндіру көлемін, қосалқы стансалармен электр энергияны қайта өңдеу, темір жолдағы кәсіпорындардың эксплуатациялық мұқтаждықтарындағы және оның шеттегі тұтынушыларға демалысын; электрмен қамтамасыздандыру құрылысын ағымдағы жөндеу және техникалық кызмет ету бойынша жұмысының көлемін.

Техникалық- өндірістік көрсеткіштер түйіспелі торап мазмұнының сапасын және электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының басқа да техникалық құралдарын ағымдағы жөндеуге (тартылым қосалқы стансалар, электрлік берілістер сызықтары және т.б) сипаттайды. Түйіспелі тораптың мазмұн сапасы электрмен қамтамасыздандыру дистанциясы сыртында орта балмен есептелінеді. Мұнда барлық аймаққа қатысты жалпы соманың орташа балы ескерілген, сол себепті жоғары көрсеткішті көрсетпейді. МПС энергетикалық шаруашылығы және бекітілген электрлендіруді басты басқарумен, жүйе бойынша 200 бағаланған баллмен, егер де оны тексеру кезінде ең болмағанда нормадан үш ауытқуы анықталған болса, онда түйіспелі сымның жағдайы (алынған орта баллдан тәуелсіз) қанағаттандырарлықсыз болып саналады. Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясы шамасының барысында тіпті түйіспелі тораптың бір аймағында қанағаттандырарлықсыз бағалаумен түйіспелі торап жағдайы оған өте жақсы немесе жақсы деп саналмайды.

Экономикалық және әлеуметтік дамудың басқада сапа көрсеткіштеріне тоқтала кететін болсақ олар:жоспарда ұстаушылары, электрмен қамтамасыздандыру құрылғының жұмысының сенімділігінің деңгейі, электр стансалар және тартылым қосалқы станса агрегаттың жүктеу коэфициенті, электр энергияның шығындарының пайызы және т.б болып табылады.

1.9 Еңбек бойынша жоспар

Электрмен қамтамасыздандыру шаруасындағы еңбекті жоспарлау эксплуатациялық қызметкерлердің жұмыс істеу шарттарынан шығатын ерекшеліктерге иемденеді. Оларға құралдар мен құрылғылардың кез келген климаттық жағдайлар мен тәулік уақытындағы техникалық қызмет етуі мен ағымды жөндеулерінің, өндірісі поездардың қозғалысы кезіндегі қызметкерлердің үзіліссіз жоғары кернеуде жұмыс істеуі жатады.

Еңбек бойынша жоспарда жоспарланған кезеңге еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмысшылар санын, орта айлық еңбек ақысын, жұмыстардың жеке категориялары бойынша және электрмен қамтамасыздандыру дистанциясы бойынша еңбекақы қорын жоспарлайды. Еңбек бойынша жоспарды құрастыру үшін, электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының жұмыскөлемі мен техникалық жабдықталуы, еқбек шығындарының және оны төлеудің нормалары, штаттық күнтәртіптер, һндіріс тиімділігін арттыру мен техникалық даму жоспары, нұсқаулар мен анықтама материалдар алғашқы берілгендер болып қызмет етеді.

Еңбек өнімділігінің өсуі бойынша тапсырма және еңбек ақысының жалпы қоры (күрделі жөндеуді есепке алмағанда) жол бөлімшесімен бекітіледі. Еңбек бойынша жоспарда жұмысшылар контингентін және күрделі жөндеу бойынша еңбек ақы қорын жеке қалыптастырады.

Электрмен қамтамасыздандыру дистанцияларындағы еңбек өнімділігін жоспарлау, электрлендіру және энергетика құрылғыларының техникалық қызмет етуі мен ағымды жөндеуінің еңбеккөлемділігін төмендету жолдарымен анықталады. Бұл жолдар еңбектің жаңа әдістерін, жаңа техника мен технологияларды енгізу арқылы, өндірістік әдістерді механизациялау мен автоматтандыру арқылы, жұмысшылар квалификациясын арттыру арқылы, және де т.б. көптеген жолдармен өндірісте жүзеге асырылады. Түйіспелі торап аймағындағы, тартылым қосалқы станцияларындағы электрмен жабдықтау аймақтарындағы, жөндеу ревизиялы бөлімшелердегі жұмысшыларының еңбек өнімділігін, адам сағаттарымен өлшенетін аталған бөлімшелердегі құрылғылардың техникалық қызмет ету мен ағымды жөндеуінің көлемімен анықтайды.

Электрмен қамтамасздандыру дистанциясының жұмысшылар санын, эксплуатациялық және көмекші әрекеттері бойынша жеке-жеке жоспарлайды. Оны жұмыстар саның, жұмыстар категориясы бойынша, олардың қызметі бойынша, квалификация разрядтары бойынша анықтайды.

Түйіспелі тораптың техникалық қызмет етумен және ағымды жөндеумен айналысатын жұмысшылардың жоспарлы тізімдік саны келесі өрнекпен аңықталады:

мұндағы- қызмет етуші және жөнделетін құралдар мен құрылғылардың бірліктер саны

- құрал бірлігінің қызмет етуі және ағымды жөндеуінің нормативті еңбек көлемділігі (адам·сағ)

- бір жұмысшының жоспарланған кезеңдегі жұмыс уақытың тиімді қоры, сағ.

- демалыста және ауруханаларда,мемлекеттік және қоғамдық қызметтерді орындайтын жұмыстың орнына штаттарды қажеттілігін есепке алатын ауысым коэффициенті.

Жұмысшылардың қатысушы және тізімдік саның ажыратуға болады.

Қатысушы жұмысшылар саны жоспарлы тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ететін жұмысқа әрдайым келуге тиісті жұмысшылар саны. Қатысушы жұмысшылар саны жұмыстардың нормативті еңбек көлемділігіне тәуелді болады. Оны уақыт нормалары бойынша және қызмет ету нормалары бойынша аңықтайды.

Жұмысшылардың тізімдік саны кәсіпорында тізімде бар барлық жұмысшылардың, яғни, осы кезде өзінің өндірістік қызметтерін атқарып жүріп қызметкерлер саның және де әр түрлі себептер бойынша жұмысқа қатыспағандар саны (отпуск, ауру бойынша).

Алмастырушы контингент әкімшілік- басқаратын қызметшілер, инженер- техникалық қызметкерлер, қызмет ететін және кіші қызмет етуші қызметшілер бойынша жоcпарламайды.

Жұмысшылардың жоспарлы санының есебі үшін бір жұмысшының жұмыс уақыттарының жылдық қорын білу қажет. Күнтізбелік, номиналдық (жұмысшы күндерінің саны бойынша) және тиімді (пайдалы) уақыт қорларын ажыратуға болады. Тиімді қорды, номиналды қордан ауырып қалу, демалыста болу, мемлекеттік және қоғамдық қызметтерді атқару нәтижесіндегі қолданылмаған жұмыс уақыттарын алып тастау арқылы анықтайды.

Алмастыру коэфициенті барлық жұмысқа шықпағандардың жалпы ұзақтықтарын (tотс, күндер ), бір жұмысшының жұмыс уақытының Tн номинал қорына бөлумен анықталады:

Кз=( tотс / Tн )100

Кезекті демалыс берілген кәсіпорында 11 ай үздіксіз жұмыс істеген үшін жылына бір рет 15 жұмысшы күндерден кем емес ұзақтықпен әрбір жұмысшыға және қызметшіге беріледі

18 жастан кіші қызметшілерге және жұмысшыларға, бір күнтізбелік айға тең жыл сайынғы ұзартылған демалыс белгіленеді.

Кезекті демалыстан басқа, жұмысшыларға және кызметшілерге, жұмыста зиянды еңбек шарттарымен шұғылданатындарға, сонымен қатар жергілікті жұмысшыларға, Шеткі Солтүстік аудандарына тегістелгендердің, және басқа оқиғалардың қатарына, өкілетті органдармен қарастырылғандай, 6- 12 жұмыс күндері аралығында, ал Шеткі Солтүстік аудандарының жұмысшыларына – 18 жұмысшы күндер аралығында қосымша демалыс беріледі.

Өндірістің үздіксіз жұмыс істейтін жұмысшыларға және қызметшілерге, ЖООлардағы білім алушыларға, техникумдерде және мектептердегі жұмысшы жастарға, сынақ және емтихандарды тапсырсырар алдында күнтізбелік күндерден 10 мен 40 күн аралығында қосымша демалыс беріледі

Ауырған себебімен жұмыста болмау күндерінің санын, мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерінің орындалуын және т.б жоспарланған кезеңдегі жұмыс уақытының шығындарының төмендеу мүмкіншілігі есебімен берілген есеп беру негізінде жоспарлайды.

Кезекші қызметшіде тартылым және трансформаторлық қосалқы стансаларда, түйіспелі торап аймақтарында, секциялау күзет орнында, электрстансалар, үзіліссіз тәулік бойы кезекшілік графигі бойынша, n күзет орны санымен, m кезек санымен және Чсм кезекшілік атқаратын жұмыскерлер санымен есептелінеді:

Чсп = nm Чсм кз,

Автотелебасқару құрылғыларымен электрмен қамтамасыздандыруды аппаратурамен басқару және оның жұмысын басқаруды диспедчерлік пункттан бір ғана адам жүзеге асырады. Жөндеу- тексеру жұмыстарының және ақауларды жөндеудің орындалуы үшін кезекшілікті үйге ұйымдастырады.

Кіші қызмет етуші қызметкерлердің ақысын ірілендірілген нормаларымен немесе жұмыс орындарының саны бойынша анықтайды.

Жұмыс күшіне қажеттілікті жоспарлау кезінде еңбек ұйымдарының прогресшіл түрлерін, мамандардың дұрыс орналасуын және жұмысшылардың жоғарылауымен сәйкестікте, жұмыс стажымен, сонымен қатар квалификацияланған кадрлардың дайындығын қажетті түрде қарап шығу керек.

Еңбекақы қорын жеке категориялы жұмысшылардың саны мен орта айлық еңбек ақысына қарай жоспарлайды.

Негізгі еңбек ақыға орындалған жұмыстар немесе еңбек сіңірілген уақыттардың келісімді бағалармен және та­рифтік ставкамен немесе еңбек ақы мөлшеріне, мерекелік күндердегі жұмысқа және түнгі уақытта, бригада басшылығы үшін және мамандардың бірлесуі, жұмыстан тыс тағайындалған сағаттарға ақы төлеуін, орнатылған мөлшерлі және сапалы көрсеткіштердің төлемі кіреді. (см. главу 15).

Арнайы сыйақы беру қорынан және материалдық қолдау қорынан сыйақыларды (рационализация, ойлап табушылық, материалдық ресурстарды экономдау үшін және т.б.) еңбекақы қорына қоспайды, бірақ жұмыскердің орта айлық еңбекақысын төлеген кезінде санайды.

Өндірістік қызметкердің (явочного) негізгі еңбек ақысының төлеуінің жылдық қоры келесі формуламен анықтала алады:

Фосн = Зср явi мi *Ч* 12,

мұндағы Зсрмi- белгілі бір өндірістік топтың немесе мамандықтың жұмысшысының ортаайлық еңбек ақысы, тенге;

Чявi, — белгілі бір өндірістік топтың немесе мамандықтың жұмысшыларының тіркелген саны;

12 — бір жылдағы айлар саны.

Өндіріс қызметкерінің қосымша еңбек ақысы (яғни жетекші қызметшіні санамағанда, ИТР және қызметшілерді) кезекті және қосымша демалыстар жұмыстан шығаруға байланысты пайдаланылмаған демалысқа өтемді, мемлекеттік және қоғамдық міндеттердің орындалу уақыты, әскери жинаулардың өту уақыттарының және басқада жұмысқа шықпауларды, қарастырылған заңмен төлеу үшін жоспарлайды.

Осы жұмысқа шықпауларды орта айлық еңбекақы есебі бойынша төлейді.

Өндіріс қызметкерінің еңбек ақы төлеуінің жоспарлық (тізімдік) қоры өзін негізгі және қосымша еңбек ақы төлеу қорының сомасымен ұсынылады және келесі формулла бойынша анықталады

Фпл(сп) =Фоснi*Кдопi

мұндағы Фоcнi — белгілі бір өндірістік топтың немесе мамандықтың жұмысшыларының негізгі еңбек ақысының жылдық қоры, теңге;

Кдопi белгілі бір өндірістік топтың немесе мамандықтың жұмысшыларының қосымша еңбек ақысын есепке алатын коэфициент %.

Қосымша еңбекақы төлеу қоры әрқашан үлестік орын баса тұру коэффициентінен азырақ болды, ауруына байланысты келмей қалушыларға келіп-кетушілерді, ауруына байланысты шықпау сияқты себептер заңға сәйкес әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.

Басқару аппаратының еңбек ақы төлеу қоры, ИТР және қызметшілерді электрмен қамтамасыздандыру дистан­циясының штатаның кестесі негізінде

2.5 Қаржылы жоспар

Қаржылы жоспарда және басқаша айтқанда кірістер мен шығыстардың балансында жоспарланған кезеңдегі қаржылы ресурстардың бар болуын сәйкестендіреді. Бұндай сәйкестік өндірістік бағдарламада және басқа да экономикалық және әлеуметтік жоспар бөлімшелерінде қарастырылатын ғимараттар қаржылы ресурстармен қаншалықты қамтамасыз етілгені қарастырылады. Қаржылы жоспардың маңызды көрсеткіштерің бірі пайда болып табылады. Ол кәсіпорын әрекетінің қаржылы нәтижесін сипаттайды.

Пайда кірістер мен шығыстар арасындағы айырмасын аңықтайды. Электрмен қамтамасыздандыру жоспарында жүк тасымалдау бойынша пайданы есепке алмайды ойткені оның шығындарын жоспарлы соммалар молшерінде жол бөлімшесі қалыптастырады.

Басқаша айтқанда жүк тасымалдау бойынша қаржыландыру соммасы эксплуатациялық шығындардың жоспарлы шамасына тең. Сонымен қаржылы жоспардағы пайданы көмекші әрекеттер бойынша есептейді. Бұл әрекеттердің түріне келесілер жатады:

  • өз электр стансалармен өнделетін электр энергиясын шығару және үйлестіру

  • өндірістік және құрылымдық сипатты негізгі қорлардың күрделі жөндеуі

  • туйіспелі тораптың және тартым қосалқы стансалардың детальдарын дайындау

  • тұрғын коммуналды шаруашылықты ұйымдастыру және т.б. әрекеттер кіреді.

Өнеркәсіптік өндірістің пайдасы, яғни, өз электр стансасымен өнделетін электтр энергиясын шығару мен үйлестіру, үйлестірілген электр энергиясы мен орнықтырылған тарифке көбейтіндісінемен аңықталады (1кВ-сағ). Өнеркәсіптік шаруашылықтың пайдасы, яғни желілік кәсіпорындарға, жол ұйымдарына және көлікті емес ұйымдарға қызмет ету, жұмысын орындау, осы жұмыстардың көлеміне тәуелді болады.

Кәсіпорынның жоспарлы пайдасы, экономикалық ынталандыру қорларының құрамына, тұрғын коммуналды шаруашылықтың шығындарын қалыптастыруға және т.б. осындай шығындарды қалыптастыруға бағытталады. Қажетті жағдайларда, осы жоспарларда пайданың бір бөлігін айналымды құралдарды толықтыруға бағыттау қарастырылады.

Қаржылы жоспарда нормаланатын айналымда құралдардың және олардың құралу көздерінің нормативтері жөнінде мәліметтер берілген. Бұндай нормативтер нормаланатын материалды заттардың минималды қорлардың бағасын көрсетеді.

Күрделі жөндеуді қаржылау, оның сипаты мен орындалу тәсіліне тәуелді болады. Негізгі қорлар объектілерін жөндеу, олардың тиімді эксплуатациясының қажетті шарты болып табылады. Жөндеу үрдісі барысында, негізгі қорлардың тұтынушы қасиеттері толығымен немесе толық емес қалыптасады. Жөндеу жұмыстарының көлемі негізгі қорлардың бар болуына, оларды жөндеу периодтылығына тәуелді болады.

Тұрақты пассивтерді жеке дерек көздерімен теңестіреді. Оларға несилік өзгешелігі бар (мысалы: еңбекақы бойынша қарызы және әлеуметтік сақтандыруға бөлінген) немесе қатаң мақсатты тағайындаулары бар (мысалы: күрделі жөндеуге кеткен амортизациялық фонд құралы, экономикалық жағдай жасау фондтарының уақытша бос құралдары) тағы басқа кәсіпорынның қарауында болатын құралдар жатады.Қалыптасқан айналмалы қаржыны нормативті төлеуге қабылдаған тұрақты пассив соммасын, олардың қалыптасуының жоспарлы дереккөзі деп санайды.

Теміржол көлігі мекемелерінде тұрақты пассивтер бірден бір маңызды деректер құрылымы қалыптасқан айналым құралы болып табылады.

Транспорттық өнімдерді тарату ерекшеліктері айналым құралдарының ерекшелігінің себебінен айналады, содай-ақ айналым құралдарың нормалық қалыптасуы сол дерек есебінен қалыптасады.Өндірістік мекемелер кірісі өнімнің таратылуының ерекшілігі темір жол көлігінің есебіне түспеуінде, салалық линиялар мекемелері және бөлімшелер көлік және коммуникация Министрлігінде орталықтандырылған.Теміржол көлік тасымалдау мекемесі шығынның есебі, алынған кіріс есебінен қалыптасады. Басқа мақсатпен мекеменің есепшотына түскен еңбек сіңірген жылдарына сыйақы төлеу, материалдық көтермелеу, еңбекақы төлеу қоры есебінен пайдалануға болмайды.

Өндірістік мекемелердің айналым құралы үнемі қамтамасыз ету, амортизациялық мерзімнің өтілуіне орай еңбекақы төлеу, экономикалық жағдай жасайтын қорлардың болмағандығынан.

Көлік және коммуникация министірлігінің деректері деп теміржол болып саналады. Жолдар бөлімшелермен салалық линиялар мекемелерінің пайлық үлеске қатысу және оларды пайдаланып қызмет ететін қаржылық жүйелер арқылы жүргізіледі.Айналым құралының нормалық үрдісін ұйымдастыру, жоғарғы қаржыландыру деректері, қоғамдық ұсыну, жоспарлы құрылым мөлшерін сипаттау, теміржол көлігі мекемелерінің нормалық тұрақты пассивті экономикалық мазмұны арқылы тұрақтанады.

Егер тұрақты пассив белгілі норманы жабу үшін және сондай-ақ, жоспарда қарастырылған қайта тарату айналым құралын тұрақты пассив есебінен бір мезгілде қаржыландыру соммасы-нан қысқартылады. Кей мезгілде айналым құралының нормалық қажеттілігі құрылған нормадан артық болуы мүмкін емес, мысалы: сәйкес қажеттілікке байланысты құжаттардың маусымдық жинақталуы материалды техникалық жабдықтау немесе өнімді тарату арқылы іске асырылады.Олай болса аса жоғары нормалық қорлары ҚР мемлекеттік банктің несиелер есебінен нормалық айналым құралдары құрылады.

Несие негізінен оралықтандырылған жол бөлімшелерінің мақсаттарына ұсынылады, ал бағалы жанармай, май, жоғары жолдарды салу құралдары жол басқармасына қарайды.Салалық линиялар мекемелер жұмысы және оларды электрмен жабдықтау, жол бөлімшелерінің есебінен орталықтандырылған несие есебінен жүргізіледі.

Тасымалдауға арналған қаржылық шығын ағымдағы эксплуатациялық шығындар және экономикалық жағдай есебінен қарастырылады.Теміржол басқармасы аптасына екі рет аванс аударып (келесі кіріс есебінен) өз есепшотына және жол бөлімшелері есепшотына кірістің бір бөлігін түсіреді. Ал негізгі кіріс есебін министрлікке аптасына екі рет хабарлап отырады. МХЖ-ның белгілеген лимиті есебінен қаржы аударылады. Сол мезгілде жол бөлімшелері өздеріне қарасты линиялық салалы мекемелерді қаржыландырады.

Жоспарда қарастырылған кіріс қалдығы және өзге жарналар жоспарлаған бірыңғай жоспарлы күрделі жөндеу шығыны; амортизациялық шығын айналым құралы және өндірістің негізгі қорын төлеу; әрбір бөлімшелерге тиесілі жалпы айына жол басқармалары ұстаған шығындар есебінен жүргізіледі.

Өз кезегінде жол бөлімшелері айына бөлінген соммадан, яғни салалық линиялық мекемелердің шығындарына тиесілі сомманы алып тастайды; аванспен жіберілген сомма; жол бөлімшелері төлемі есебінен қоймалардағы материалды техникалық қамтамасыздандыру тауар материал құндылығын жол бөлімшелерінде орталықтандырылады және өзге де шығындар жол бөлімшелерінің төлемі есебінен алып тасталынады.

Темір жолдардың бөлімшелермен, ал бөлімшелердің салалық линиялық кәсіпорындармен соңғы есебі тоқсандық баланстар бойынша жүргізіледі.Темір жолдың жөндеу жұмыстары ағымды және күрделі жөндеулер болып екіге бөлінеді.Ағымдағы жөндеулер кәсіпорындарға негізгі қызметі үшін бөлінген қаржы есебінен жүзеге асырылады.

Күрделі жөндеу мерзімі аралығында негізгі қордан тоқтаусыз функцияларды қаржымен қамтамасыз ету белгіленеді.Күрделі жөндеу кезінде агрегатты толық бөлшектеу жұмысы жүргізіліп, тозған торап бөлшектері толығымен ауыстырылып және қайта қалпына келтіріледі Күрделі жөндеу шығынның қаржылық жоспары арнайы қаржылық деректерге сәйкес қамтамасыз етілуі қажет.Негізгі деректер күрделі жөндеуге арналған амортизациялық шығын болып табылады. Сондай-ақ әлеуметтік мәдени шаралар және тұрғын үйлерге арналған күрделі жөндеуге, клубтар мен пионер лагерлері және тағы басқа тұрғын жайға арналмаған мекемелердің арендалық төлеміне; амортизациялық шығындардың мемлекеттік банк несиесіне; күрделі жөндеудің құнын төмендетіп үнемдейтін шаруашылық тәсілімен орындауды көздейді. Қаржылық жоспарда қарастырылмаған басқа да деректерді қарастыруға болады.

Күрделі жөндеу қоры негізінен мердігерлік,ішкі мердігерлік және шаруашылық тәсілмен іске асырылады. Медігерлік тәсілмен күрделі жөндеуді арнайы өндірістік мекемелер және құрылыс ұйымдары жүргізеді. Ішкі мердігерлік тәсілмен күрделі жөндеуге арналған негізгі қор өз жолдарын басқа мекемелерге беру арқылы, ал шаруашылық тәсілмен шешу өзінің күші және қорлары арқылы іске асырылады.

Күрделі жөндеу өндірістік және құрылыстық мазмұнда болуы мүмкін. Күрделі жөндеудің өндірістік сипаттағы жоспарлы құны жөндеуді қажет ететін объектінің прейскуранттық бағасының бір түрімен сипатталады. Жөндеудің бір құнының калькуляциясының соңғысы болмаған жағдайда өңделеді.

Әрбір объектіге белгіленген тәртіппен бекітілген смета құрылымы негізінде құрылыстық сипаттағы күрделі жөндеудің құны анықталады.

Құрылыстың мазмұнындағы жоспарлы жөндеу құны шаруашылық және ішкі мердігерлік тәсілмен орындалуы смета негізінде жөндеудің құнын төмендету және үнемдеу арқылы іске асырылады.Құрылыстық сипаттағы күрделі жөндеу мердігерлік тәсілмен жоспарлы құнға сәйкес, жұмыстың сметалық құнын орындау арнайы және қосымша шығындарды жөндеуге және жоспарлы бекітілген үлестік жинақтау арқылы іске асады.

Күрделі жөндеудің негізгі қорын қаржыландыру КР мемлекеттік банкі арқылы іске асырылады, онда теміржол және оның бөлімшелеріне жеке және ерекше күрделі жөндеуге арнайы есепшоттар ашылады.Бұл есепшоттан айына екі рет жол басқармасы бөлімшелердің есепшотына, сондай-ақ мекемелер мен ұйымдарға тікелей жол басқармасына қарасты мекмелердің күрделі жөндеу қорына қаржы аударады.

Жол басқармаларының бөлімшелері есепшоты арқылы орындалатын күрделі жөндеу жұмыстарына негізгі қордан айына екі рет линиялық мекемелер есепшотына ақша аударылады. Соның ішінде электрмен жабдықтау дистанциялары күрделі жөндеуге шыққан шығынды жабу жұмыстары жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]