- •1 Сурет- Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының өндірістік құрылымы
- •2 Сурет - Негізгі қорларға әсер ететін себепшарттар
- •3 Сурет- Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының
- •13 Дәріс. Еңбек бойынша жоспар
- •1 Сурет- Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының өндірістік құрылымы
- •2 Сурет - Негізгі қорларға әсер ететін себепшарттар
- •3 Сурет- Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының
- •2.6 Электрлі көлік кәсіпорындарындағы еңбекті қалыптастыру
2 Сурет - Негізгі қорларға әсер ететін себепшарттар
Негізгі қорларды күрделі жөндеуге амортизациялы шығындар. Күрделі жөндеуге орындаумен байланысты шығындарды тірі және затталған еңбекке тепе-тең ауыстыруды көрсетеді. Бұл шығынның негізгі мақсаты негізгі қорлардың маңызды агрегаттардың түйіндерін және детальдарын олардың толық тозуы және моральды ескеру сәтіне дейінгі ауыстыру жолымен жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Егер белгілі бір объектінің алғашқы бағасы К-ға тең болса, ал оның қызмет ету мерзімі t болса онда сол объектінің толық қалпына келтіруге әр жылдық есеп шығындар келесі өрнекпен аңықталады.
АВ = К / t
Әржылдық реновациялық есепшығындар нәтижесінде, объектінің қызмет ету мерзімінің аяғында, оның бағасы толығымен өндірістік өнімге немесе орындалған жұмысына ауыстырылады.
Сонымен қатар, негізгі қорлар, қатты тозған қалпында да, ликвидті деп аталатын белгілі бір бағасын сақтап қалады. Яғни, дайын өнімге алғашқы К және ликвидті Кл бағалары арасындағы айырмасы ауыстырылу керек. Сондықтан, реновацияға есепшығындарды келесі өрнекпен анықтаған дұрысырақ:
АВ = (К- Кл) / t
Есептеулер кезінде, алайда қызмет ету мерзімдерін емес, амортизациялы есепшығындар нормаларын қолданады, олар белгілі бір негізгі қорлар түрлерінің алғашқы бағасынан, пайыздық мөлшердегі әржылдық есепшығындарды көрсетеді.. Қалпына келтіруге есепшығындардың нормаларын, негізгі қорлардың физикалық қана емес, сонымен қатар моралдық тозуды да есепке алғандағы, қызмет ету мерзімге сәйкес есептейді. Сонымен, олар негізгі қорлардың физикалық тозуымен қатар, моралдық тозуын да және де олардың ликвидті бағаларын көрсетеді. Қызмет ету мерзімінің аяғында объектінің толық бағасы (100%) дайын өнімге ауыстырылу керек болғандықтан, толық қалпына келтіруге әржылдық есепшығындар нормасы келесі өрнекпен анықтала алады (ликвидті бағасын есепке алмағанда):
qB = 100 / t
Ликвидті бағалы негізгі қорлардың объектілері үшін:
Қызмет ету мерзімін, есепшығындар нормасы арқылы өрнектей отырып, келесі өрнекті қабылдаймаз:
АВ = КqB / 100
Негізгі қорлардың ауыстырылуы мен күрделі жөндеуіне әржылдық амортизациялы шығындар:
мұндағы q – негізгі қорлардың берілген түрінің ауыстырылуы мен күрделі жөндеуіне амортизациялы шығындар нормасының алғашқы бағасынан пайыздық мөлшері.
1.4 Энергошаруашылық кәсіпорындарының айналымды құралдары
Негізгі қорлармен салыстырғанда айналымды құралдар өндірістік үрдістің тек бір ғана циклына қатысады. Бұл кезде олар өздерінің натуралды заттық пішінін жоғалта отырып өзінің бағасын толығымен дайын өнімге ауыстырады.
Айналымды құралдар өндіріс аймағында еңбектің қажетті қорлары (айналымды өндірістік қорлар): ішкі зат, материалдар, жартылай фабрикаттар, жанар май, тез тозатын және төмен бағалы заттар, арнайы киімдер және т.б., сонымен қатар қатынастар аймағында (қатынастық қорлар) , кәсіпорынның есептік шотында және оның кассасында дайын өнімдер, аяқталмаған есептеулер мен қаржы құралдары түрінде бола алады.
Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының айналымды құралдар құрамы төмендегі сұлбада көрсетілген
