- •1 Сурет- Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының өндірістік құрылымы
- •2 Сурет - Негізгі қорларға әсер ететін себепшарттар
- •3 Сурет- Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының
- •13 Дәріс. Еңбек бойынша жоспар
- •1 Сурет- Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының өндірістік құрылымы
- •2 Сурет - Негізгі қорларға әсер ететін себепшарттар
- •3 Сурет- Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының
- •2.6 Электрлі көлік кәсіпорындарындағы еңбекті қалыптастыру
13 Дәріс. Еңбек бойынша жоспар
Электрмен қамтамасыздандыру шаруасындағы еңбекті жоспарлау эксплуатациялық қызметкерлердің жұмыс істеу шарттарынан шығатын ерекшеліктерге иемденеді. Оларға құралдар мен құрылғылардың кез келген климаттық жағдайлар мен тәулік уақытындағы техникалық қызмет етуі мен ағымды жөндеулерінің, өндірісі поездардың қозғалысы кезіндегі қызметкерлердің үзіліссіз жоғары кернеуде жұмыс істеуі жатады.
Еңбек бойынша жоспарда жоспарланған кезеңге еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмысшылар санын, орта айлық еңбек ақысын, жұмыстардың жеке категориялары бойынша және электрмен қамтамасыздандыру дистанциясы бойынша еңбекақы қорын жоспарлайды. Еңбек бойынша жоспарды құрастыру үшін, электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының жұмыскөлемі мен техникалық жабдықталуы, еңбек шығындарының және оны төлеудің нормалары, штаттық күнтәртіптер, һндіріс тиімділігін арттыру мен техникалық даму жоспары, нұсқаулар мен анықтама материалдар алғашқы берілгендер болып қызмет етеді.
Еңбек өнімділігінің өсуі бойынша тапсырма және еңбек ақысының жалпы қоры (күрделі жөндеуді есепке алмағанда) жол бөлімшесімен бекітіледі. Еңбек бойынша жоспарда жұмысшылар контингентін және күрделі жөндеу бойынша еңбек ақы қорын жеке қалыптастырады.
Электрмен қамтамасыздандыру дистанцияларындағы еңбек өнімділігін жоспарлау, электрлендіру және энергетика құрылғыларының техникалық қызмет етуі мен ағымды жөндеуінің еңбеккөлемділігін төмендету жолдарымен анықталады. Бұл жолдар еңбектің жаңа әдістерін, жаңа техника мен технологияларды енгізу арқылы, өндірістік әдістерді механизациялау мен автоматтандыру арқылы, жұмысшылар квалификациясын арттыру арқылы, және де т.б. көптеген жолдармен өндірісте жүзеге асырылады. Түйіспелі торап аймағындағы, тартылым қосалқы станцияларындағы электрмен жабдықтау аймақтарындағы, жөндеу ревизиялы бөлімшелердегі жұмысшыларының еңбек өнімділігін, адам сағаттарымен өлшенетін аталған бөлімшелердегі құрылғылардың техникалық қызмет ету мен ағымды жөндеуінің көлемімен анықтайды.
Электрмен қамтамасздандыру дистанциясының жұмысшылар санын, эксплуатациялық және көмекші әрекеттері бойынша жеке-жеке жоспарлайды. Оны жұмыстар саның, жұмыстар категориясы бойынша, олардың қызметі бойынша, квалификация разрядтары бойынша анықтайды.
Түйіспелі тораптың техникалық қызмет етумен және ағымды жөндеумен айналысатын жұмысшылардың жоспарлы тізімдік саны келесі өрнекпен аңықталады:
мұндағы- қызмет етуші және жөнделетін құралдар мен құрылғылардың бірліктер саны
- құрал бірлігінің қызмет етуі және ағымды жөндеуінің нормативті еңбек көлемділігі (адам·сағ)
- бір жұмысшының жоспарланған кезеңдегі жұмыс уақытың тиімді қоры, сағ.
- демалыста және ауруханаларда,мемлекеттік және қоғамдық қызметтерді орындайтын жұмыстың орнына штаттарды қажеттілігін есепке алатын ауысым коэффициенті.
Жұмысшылардың қатысушы және тізімдік саның ажыратуға болады.
Қатысушы жұмысшылар саны жоспарлы тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ететін жұмысқа әрдайым келуге тиісті жұмысшылар саны. Қатысушы жұмысшылар саны жұмыстардың нормативті еңбек көлемділігіне тәуелді болады. Оны уақыт нормалары бойынша және қызмет ету нормалары бойынша аңықтайды.
Жұмысшылардың тізімдік саны кәсіпорында тізімде бар барлық жұмысшылардың, яғни, осы кезде өзінің өндірістік қызметтерін атқарып жүріп қызметкерлер саның және де әр түрлі себептер бойынша жұмысқа қатыспағандар саны (отпуск, ауру бойынша).
Алмастырушы контингент әкімшілік- басқаратын қызметшілер, инженер- техникалық қызметкерлер, қызмет ететін және кіші қызмет етуші қызметшілер бойынша жоcпарламайды.
Жұмысшылардың жоспарлы санының есебі үшін бір жұмысшының жұмыс уақыттарының жылдық қорын білу қажет. Күнтізбелік, номиналдық (жұмысшы күндерінің саны бойынша) және тиімді (пайдалы) уақыт қорларын ажыратуға болады. Тиімді қорды, номиналды қордан ауырып қалу, демалыста болу, мемлекеттік және қоғамдық қызметтерді атқару нәтижесіндегі қолданылмаған жұмыс уақыттарын алып тастау арқылы анықтайды.
Алмастыру коэфициенті барлық жұмысқа шықпағандардың жалпы ұзақтықтарын (tотс, күндер ), бір жұмысшының жұмыс уақытының Tн номинал қорына бөлумен анықталады:
Кз=( tотс / Tн )100
Кезекті демалыс берілген кәсіпорында 11 ай үздіксіз жұмыс істеген үшін жылына бір рет 15 жұмысшы күндерден кем емес ұзақтықпен әрбір жұмысшыға және қызметшіге беріледі
18 жастан кіші қызметшілерге және жұмысшыларға, бір күнтізбелік айға тең жыл сайынғы ұзартылған демалыс белгіленеді.
Кезекті демалыстан басқа, жұмысшыларға және кызметшілерге, жұмыста зиянды еңбек шарттарымен шұғылданатындарға, сонымен қатар жергілікті жұмысшыларға, Шеткі Солтүстік аудандарына тегістелгендердің, және басқа оқиғалардың қатарына, өкілетті органдармен қарастырылғандай, 6- 12 жұмыс күндері аралығында, ал Шеткі Солтүстік аудандарының жұмысшыларына – 18 жұмысшы күндер аралығында қосымша демалыс беріледі.
Өндірістің үздіксіз жұмыс істейтін жұмысшыларға және қызметшілерге, ЖООлардағы білім алушыларға, техникумдерде және мектептердегі жұмысшы жастарға, сынақ және емтихандарды тапсырсырар алдында күнтізбелік күндерден 10 мен 40 күн аралығында қосымша демалыс беріледі
Ауырған себебімен жұмыста болмау күндерінің санын, мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерінің орындалуын және т.б жоспарланған кезеңдегі жұмыс уақытының шығындарының төмендеу мүмкіншілігі есебімен берілген есеп беру негізінде жоспарлайды.
Кезекші қызметшіде тартылым және трансформаторлық қосалқы стансаларда, түйіспелі торап аймақтарында, секциялау күзет орнында, электрстансалар, үзіліссіз тәулік бойы кезекшілік графигі бойынша, n күзет орны санымен, m кезек санымен және Чсм кезекшілік атқаратын жұмыскерлер санымен есептелінеді:
Чсп = nm Чсм кз,
Автотелебасқару құрылғыларымен электрмен қамтамасыздандыруды аппаратурамен басқару және оның жұмысын басқаруды диспедчерлік пункттан бір ғана адам жүзеге асырады. Жөндеу- тексеру жұмыстарының және ақауларды жөндеудің орындалуы үшін кезекшілікті үйге ұйымдастырады.
Кіші қызмет етуші қызметкерлердің ақысын ірілендірілген нормаларымен немесе жұмыс орындарының саны бойынша анықтайды.
Жұмыс күшіне қажеттілікті жоспарлау кезінде еңбек ұйымдарының прогресшіл түрлерін, мамандардың дұрыс орналасуын және жұмысшылардың жоғарылауымен сәйкестікте, жұмыс стажымен, сонымен қатар квалификацияланған кадрлардың дайындығын қажетті түрде қарап шығу керек.
Еңбекақы қорын жеке категориялы жұмысшылардың саны мен орта айлық еңбек ақысына қарай жоспарлайды.
Негізгі еңбек ақыға орындалған жұмыстар немесе еңбек сіңірілген уақыттардың келісімді бағалармен және тарифтік ставкамен немесе еңбек ақы мөлшеріне, мерекелік күндердегі жұмысқа және түнгі уақытта, бригада басшылығы үшін және мамандардың бірлесуі, жұмыстан тыс тағайындалған сағаттарға ақы төлеуін, орнатылған мөлшерлі және сапалы көрсеткіштердің төлемі кіреді. (см. главу 15).
Арнайы сыйақы беру қорынан және материалдық қолдау қорынан сыйақыларды (рационализация, ойлап табушылық, материалдық ресурстарды экономдау үшін және т.б.) еңбекақы қорына қоспайды, бірақ жұмыскердің орта айлық еңбекақысын төлеген кезінде санайды.
Өндірістік қызметкердің (явочного) негізгі еңбек ақысының төлеуінің жылдық қоры келесі формуламен анықтала алады:
Фосн = Зср явi мi *Ч* 12,
мұндағы Зсрмi- белгілі бір өндірістік топтың немесе мамандықтың жұмысшысының ортаайлық еңбек ақысы, тенге;
Чявi, — белгілі бір өндірістік топтың немесе мамандықтың жұмысшыларының тіркелген саны;
12 — бір жылдағы айлар саны.
Өндіріс қызметкерінің қосымша еңбек ақысы (яғни жетекші қызметшіні санамағанда, ИТР және қызметшілерді) кезекті және қосымша демалыстар жұмыстан шығаруға байланысты пайдаланылмаған демалысқа өтемді, мемлекеттік және қоғамдық міндеттердің орындалу уақыты, әскери жинаулардың өту уақыттарының және басқада жұмысқа шықпауларды, қарастырылған заңмен төлеу үшін жоспарлайды.
Осы жұмысқа шықпауларды орта айлық еңбекақы есебі бойынша төлейді.
Өндіріс қызметкерінің еңбек ақы төлеуінің жоспарлық (тізімдік) қоры өзін негізгі және қосымша еңбек ақы төлеу қорының сомасымен ұсынылады және келесі формулла бойынша анықталады
Фпл(сп) =Фоснi*Кдопi
мұндағы Фоcнi — белгілі бір өндірістік топтың немесе мамандықтың жұмысшыларының негізгі еңбек ақысының жылдық қоры, теңге;
Кдопi — белгілі бір өндірістік топтың немесе мамандықтың жұмысшыларының қосымша еңбек ақысын есепке алатын коэфициент %.
Қосымша еңбекақы төлеу қоры әрқашан үлестік орын баса тұру коэффициентінен азырақ болды, ауруына байланысты келмей қалушыларға келіп-кетушілерді, ауруына байланысты шықпау сияқты себептер заңға сәйкес әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.
Басқару аппаратының еңбек ақы төлеу қоры, ИТР және қызметшілерді электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының штатаның кестесі негізінде
1 Өндірісті басқаруды, электрмен жабдықтау
құрылғыларын пайдалану мен жөндеуді ұйымдастыру
1.1 Өндірісті басқарудың принциптері мен құрылымы
Өндірісті басқарудың негізгі принципіне: басқару ғылымдығы, саясаттық және шаруашылықтық жетекшілік бірлігі, жоспарлылық, салалы және территориялы басқарудың сәйкестілігі, демократиялық орталықтандыру, өндірісті басқаруға массалардың қатысуы, кадрларды дұрыс таңдау, уйлестіру және дұрыс тәрбиелеу, шешімдерді орындауды бақылау мен тексеру, басқару тиімділігі, еңбекке материалды ынталандыру шаралары жатады.
Басқару ғылымдылығы - осы басқару объективті әрекет ететін экономикалық зандылықтарды өндірісті басқарудың спецификалық заңдылықтарын басқару жүйесіндегі қарым-қатыныстар механизімін өндіріс пен басқару саласындағы еңбекті ғылыми ұйымдастыру мәселелерін меңгеруге негізделгендігін білдіреді. Ғылыми көзқарас басқарудың барлық тармақтарының құқықтары мен міндеттерін олардың арасындағы өзара байланысты нақты анықтай беруге, нақты шешімдерді қабыдауға мүмкіндік береді.
Саясаттық және шаруашылықтық жетекшілік бірлігі – экономика дамуының көптеген объективті факторларын, ғылыми-техникалық прогресті, кіші және сыртқы саясатты, әр жақты есепке алу мен тандауды есекеретін кез келген шаруашылықтық талаптарды шешуге келтірілген саясаттық көзқараспен түсіндіріледі. Өндірісті басқару мемлекеттік жоспар негізінде орындалады.
Шаруашылықты жоспарлы жүргізу принципі – жұмыс орындаларынан бастап тұтас халық шаруашылығына дейінгі басқару деңгейлерінің барлығын алып отырады.
Территориялы салалы басқару принципі – к.к. кәсіпорын қандайда бір территорияда орналасқанына қарамастан арнайы министірліктермен ведомствалар және де оларға бағынатын мүшелер арқылы басқарылатынымен түсіндіріледі. Сонымен қатар административті облыстар мен аймақ территориясындағы барлық кәсіпорындар жергілікті партиялы мүшелер мен халық депутаттар кеңесі бағынады. Территориялы және салалы басқару бірлігі және сәйкестігі осыдан шыққан.
Өндірісті басқарудағы демократиялық орталықтандыру еңбек қорлардын басқаруға белсенді қатысумен орталықтандырылған мемлекеттік жетекшілілігін, сәйкестілілігінқарастырады. Осы принципке басқарудағы ауыз-біршілікте кіреді. Ауыз біршіліак принципі қандайда бір өндірістік бөлімшенің жетекшілігі бір ғана жұмысшыға тапсырылатынымен түсіндіріледі. Ол жұмысшының барлық мәселелерді шешуге құқығы болады және де оларға өзі толық жауап береді.
Басқарудың манызды принципі кадрларды дұрыс таңдау Осы принципке сәйкес жұмысшылар өздерінің саяси іскерлік және моральдік қасиеттеріне байланысты мамандықтарға тағайындалады.
Өндіріс жетекшілері үлкен кәсіби білімдері бар жаңарған басқару әдістерін менгерген жоғары мәдени деңгейге иемденген адамдар бола алады. Жетекшінің тағы да бір қажетті қасиеті қоғамдық ұйымдарды жоспарланған тапсырмаларды, әлеуметтік міндеттерді орындауға ұйымдастыруға білуі.
Басқарудың негізгі принциптердің бірі оның ұнемділі тиімділігі болып табылады. Қоғам үшін ол өндірістік үрдіске және оны басқару үшін қанша еңбек материалдық және қаржы ресурстарын кетіретін маңызды.
Шаруашылықты үнемді жүргізу өндіріспен басқаруға ең аз деген шығындар кетіру арқылы қойылған талаптарды қысқа мерзімде шешумен түсіндіріледі. Басқару тиімділігі басқарушы еңбек нәтижелері жетекші жұмысшылардың барлық өндірістік бөлімшелердің ең жоғары көрсеткіштеріне жетуді қамтамасыз ету арқылы көрінеді.
Өндірісті басқаруда еңбекке материалды және моральды ынталандыру маңызды орын алады, яғни еңбектің соңғы нәтижелеріне оның өнемділігінің арттыруына жұмысшылар мен ұйымның қызығушылығы маңызды орын алады. Бұл принцип жеке жұмысшының, ұйымның және қоғамның басқаруда материалды және моральді сыйақы берушараларын қолдану арқылы жетілдіретін қызығушылықтар бірлігі болып табылады.
Қарастырылған басқару принциптері темір жолдарды электрмен қамтамасыздандыру шаруашылығын және электрмен қамтамасыздандыру дистанциясымен басқаруда толық қолданылады.
Басқарудың ұйымдастырушы құрылымы деп басқарушы мүшелер және тармақтардың құрылымы, кәсіпорын ішінде еңбекті болу түрлері және басқарушы шешімдерді жүзеге асыруды, басқарудың әртүрлі бөлімшелері арасындағы бағынушылықтар реті, олардың арасына құқықтар мен міндеттерді үйлестіру және де олардың тура және кері байланыспен өзара қарым-қатынасын түсінуге болады. Өндіріс үрдісін басқару желілі функционалды және желілі функционалды құрылымды бола алады.
Желілі құрылым едеуір қарапайым болып келеді. Бұл құрылымда басқарудың барлық функциялары өндірістік ұйымның жетекшілігіне бекітіледі. Бұл жетекшінің жұмыс нәтижелеріне толық жауап беру кезінде ауызбіршілік принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Дегенмен желілі құрылым жетекшіге жоғарғы талаптар қояды. Ол жетекші өндірістің барлық салаларыңбілетін әржақты маман иесі болуы керек. Сондықтан, бұл құрылым өндірістікбөлімшелерде бригадаларда және кішігірім кәсіпорындарда қолданылады.
Функционалды құрылым басқару функцияларын үйлестіруге негізделген өндістің жетекшілігімен түсіндіріледі. Бұл жағдайда ұйымның жетекшісі әрекет етудің белгілі бір аймағында басты маңызды функцияларды жүзеге асыра отырып оперативті жұмыс кезінде мамандырылады. Бұл жүйенің кемшілігі жетекші жауапкершілігін төмендететін, өндірістің дамуын төмендететін каналдардың көп санының бар болуында.
Желілі функционалды құрылым кезінде функционалды бөлімшелердің, секторлардың, топтармен жеке мамандардың құқықтары шектеледі. Жұмыстың сонғы нәтижелеріне жауап беретін жетекшінің функционалды тармақтарының желілі жетекші арқылы және оның бұйрығы бойынша басқару үрдісіне қатысады. Бұндай басқару құрылымы көпсаласы темір жол көлігі шаруашылығы үшін сипатты болады.
1.2 Электрлендіру шаруашылығының өндірістік құрылымы
Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясы электрмен қамтамасыздандыру шаруашылығының негізгі өндірістік бөлімшесі болып табылады. Дистанцияларды ұйымдастыру, оларды үлкейту, темір жолды басқаруды білдіретін Министрлікпен орындалады.
Орындалатың жұмыстың көлемі мен күрделілігіне байланысты электрмен қамтамасыздандыру дистанциялары 4 топқа бөлінеді (1 сурет). Өлшеуіш құрал ретінде тартымды қосалқы стансалардың электр энергиялардың шығындаудың жылдық көлемі (мил. кВт – сағат өлшемімен) қабылданады.
Жұмыс сипаты бойынша электрмен қамтамасыздандыру дистанциялары 2 түрге бөлінеді:
1. энергетикалық шаруашылық дистанциясы (электрлендірілмеген желілерде)
2. біріккен дистанциялар (электрлендірілген дистанцияларда).
Біріккен электрмен қамтамасыздандыру дистанцияның құрылымы 1-суретте көрсетілген.
Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясы
Энергодиспетчерлік топ
Жөндеу-ревизиялық бөлімше және мех.шеб.
Электрлендіру шаруашылығы
Энергетикалық шаруашылық
ЭЧЭ
ЭЧЭ
ЭЧЭ
Эл.қам-ру аймағы
Эл.қам-ру аймағы
~
~
~
ЭЧК
ЭЧК
ЭЧК
