- •1 Сурет- Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының өндірістік құрылымы
- •2 Сурет - Негізгі қорларға әсер ететін себепшарттар
- •3 Сурет- Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының
- •13 Дәріс. Еңбек бойынша жоспар
- •1 Сурет- Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының өндірістік құрылымы
- •2 Сурет - Негізгі қорларға әсер ететін себепшарттар
- •3 Сурет- Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының
- •2.6 Электрлі көлік кәсіпорындарындағы еңбекті қалыптастыру
2 Сурет - Негізгі қорларға әсер ететін себепшарттар
Негізгі қорларды күрделі жөндеуге амортизациялы шығындар. Күрделі жөндеуге орындаумен байланысты шығындарды тірі және затталған еңбекке тепе-тең ауыстыруды көрсетеді. Бұл шығынның негізгі мақсаты негізгі қорлардың маңызды агрегаттардың түйіндерін және детальдарын олардың толық тозуы және моральды ескеру сәтіне дейінгі ауыстыру жолымен жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Егер белгілі бір объектінің алғашқы бағасы К-ға тең болса, ал оның қызмет ету мерзімі t болса онда сол объектінің толық қалпына келтіруге әр жылдық есеп шығындар келесі өрнекпен аңықталады.
АВ = К / t
Әржылдық реновациялық есепшығындар нәтижесінде, объектінің қызмет ету мерзімінің аяғында, оның бағасы толығымен өндірістік өнімге немесе орындалған жұмысына ауыстырылады.
Сонымен қатар, негізгі қорлар, қатты тозған қалпында да, ликвидті деп аталатын белгілі бір бағасын сақтап қалады. Яғни, дайын өнімге алғашқы К және ликвидті Кл бағалары арасындағы айырмасы ауыстырылу керек. Сондықтан, реновацияға есепшығындарды келесі өрнекпен анықтаған дұрысырақ:
АВ = (К- Кл) / t
Есептеулер кезінде, алайда қызмет ету мерзімдерін емес, амортизациялы есепшығындар нормаларын қолданады, олар белгілі бір негізгі қорлар түрлерінің алғашқы бағасынан, пайыздық мөлшердегі әржылдық есепшығындарды көрсетеді.. Қалпына келтіруге есепшығындардың нормаларын, негізгі қорлардың физикалық қана емес, сонымен қатар моралдық тозуды да есепке алғандағы, қызмет ету мерзімге сәйкес есептейді. Сонымен, олар негізгі қорлардың физикалық тозуымен қатар, моралдық тозуын да және де олардың ликвидті бағаларын көрсетеді. Қызмет ету мерзімінің аяғында объектінің толық бағасы (100%) дайын өнімге ауыстырылу керек болғандықтан, толық қалпына келтіруге әржылдық есепшығындар нормасы келесі өрнекпен анықтала алады (ликвидті бағасын есепке алмағанда):
qB = 100 / t
Ликвидті бағалы негізгі қорлардың объектілері үшін:
Қызмет ету мерзімін, есепшығындар нормасы арқылы өрнектей отырып, келесі өрнекті қабылдаймаз:
АВ = КqB / 100
Негізгі қорлардың ауыстырылуы мен күрделі жөндеуіне әржылдық амортизациялы шығындар:
мұндағы q – негізгі қорлардың берілген түрінің ауыстырылуы мен күрделі жөндеуіне амортизациялы шығындар нормасының алғашқы бағасынан пайыздық мөлшері.
№ 4 Дәріс
Тақырыбы: Энергошаруашылық кәсіпорындарының айналымды құралдары
Дәріс жоспары:
Айналымды құралдар туралы жалпы мәліметтер.
Норма, норматив.
Айналым қорлары өндірістің ағымдық шығындарын қаржыландыру көзі болып табылады және олар айнлымды материалды активтен және айналымды қаржылық активтерден тұрады. Капитал айналымына қызмет көрсету барысында яғни айналым қаржылары іске асу ортасына тәуелді оларды айналым қорлары және қорлардың айналысы деп бөледі.
Айналым қоры өндірістің құралдарын ақшалай көрнісін көрсетеді, яғни оларды бір өндірістік циклде қолданады, өзінің құнын толықтайдайындалған өнімге ауыстырады және үздіксіз табиғи күйде шығарылуын талап етеді.
Айналым қорлары экономикалық біртекті топтарға бөлінеді:
- өндірстерде шикізат түрінде болып табылатын өндірістік қорлар, негізгі және көмекші материалдар, сатып алған жартылай дүмбілдер, ыдыстар, отын, арнайы киім және аяқ киім қорлары, құрлыс құрылымдары және бөлшектері, агрегат және машина бөліктері, жөндеу тұрмыстарын жүзеге асыру үшін арналған құрал жабдықтар және жылжымалы құралдар және т.б.
- бір жылдан аз уақыт қызмет ететін өндірістік қорлар (АТҚ-арзан, тез тозатын құралдар).
- аяқталмаған өндіріс және өз өндірісінің жартылай дүмбілдері, яғни кейіннен олар басқа цехтерде өңделеді.
- алдағы кезендегі шығындар, яғни берілген есеп кезеңінде жүзеге асады, бірақ алдағы уақыттағы есептік кезеңге жатады.
Әрбір кәсіпорын шаруашылық қызметін тек қана өндірісте ғана жүзеге асыра қоймай, сонымен қатар айналым ортасында, яғни өз өнімін іске асырады, жұмысын, қызметін және басқа кәсіпорындардың тауарларын сатып алады. Бұл айналым қорларына қажеттілік тудырады, яғни тек қана айналым ортасында пайдаланылады.
Айналым қорларына жатады:
іске асыруға дайын өнім;
келесі сатылымға алынған тауарлар;
кәсіпорын тиеген және жолда тұрған тауарлар, бірақ әлі төленбеген;
есептік, валюталық есептегі кассадағы ақшалай құралдар;
өнімнің дебитор - тұтынушысы, жұмыс және қызмет, бюджеттері менперсоналдармен есептесу құралдары;
облигацияларға және құнды қағаздарға, мемлекеттік және жергілікті қарыздардаң пайыздық облигациялары, банктегі депозитті есептеріне салынған қысқа мерзімді қаржылық салымдар.
Пайда болу көзіне байланысты айналым құралдары өзіндік және қарызға алынған болып бөлінеді. Өзіндік айналым құралдары жалпы қордың айналым айналым бөлігі ретінде қалыптастыру кезінде кәсіпорын иелерімен қалыптастырылады. Өзіндік айналым құралдары кәсіпорындарда жетіспеген жағдайда резервті қорлар, банктен несие және басқада қарыз берушілерден ақша құралдарын алуы мүмкін.
Айналым құралдарының ішкі маңызды қайнар көзі тұрақты пассив болып табылады, оларға: жұысшыларға еңбек ақысын төлеу үшін алынған несинлік қарыздар, зейнетақы қорына, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорына, бюджетке жинақтар және төлемдер және бюджеттен тыс қорлар бойынша қарыздар.
Негізгі қорлармен салыстырғанда айналымды құралдар өндірістік үрдістің тек бір ғана циклына қатысады. Бұл кезде олар өздерінің натуралды заттық пішінін жоғалта отырып өзінің бағасын толығымен дайын өнімге ауыстырады.
Айналымды құралдар өндіріс аймағында еңбектің қажетті қорлары (айналымды өндірістік қорлар): ішкі зат, материалдар, жартылай фабрикаттар, жанар май, тез тозатын және төмен бағалы заттар, арнайы киімдер және т.б., сонымен қатар қатынастар аймағында (қатынастық қорлар) , кәсіпорынның есептік шотында және оның кассасында дайын өнімдер, аяқталмаған есептеулер мен қаржы құралдары түрінде бола алады.
Электрмен қамтамасыздандыру дистанциясының айналымды құралдар құрамы төмендегі сұлбада көрсетілген
