Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
001-nuska.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
902.14 Кб
Скачать

Қазақ әдебиеті

1. Біржан салдың қай жерде туғанын табыңыз.

A) Кереку.

B) Талдықорған.

C) Ақмола.

D) Қостанай.

E) Көкшетау.

2. Ақтамбердінің «От басар орны отаудай» өлеңі не жайында екендігін айқындаңыз.

A) Әйелдердің теңсіздігі.

B) Жаулардың опасыздығы.

C) Жылқы малының қадір-қасиеті.

D) Өмірдің мәнсіздігі.

E) Ездердің сатқындығы.

3. «Қыс», «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңдерінің авторын белгілеңіз.

A) Абай Құнанбаев.

B) Ыбырай Алтынсарин.

C) Сұлтанмахмұт Торайғыров.

D) Мағауия Абайұлы.

E) Шоқан Уәлиханов.

4. ”Раушан-коммунист” хикаятының авторын анықтаңыз.

A) Міржақып Дулатов.

B) Сәкен Сейфуллин.

C) Бейімбет Майлин.

D) Ғабит Мүсірепов.

E) Ілияс Жансүгіров.

5. М.Әуезовтің «Абай жолы» романының оқиғасы қанша уақытты қамтығанын табыңыз.

A) Екі ғасырды.

B) Бір ғасырды.

C) Бір ғасырдан ұзақ.

D) Отыз жылдың оқиғасы.

E) Жарты ғасыр.

6. С. Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының басты кейіпкерін табыңыз.

A) Адақ.

B) Алтай.

C) Тұтқыш.

D) Ноян.

E) Баян.

7. ’’Диуани лұғат ат-түрік’’ еңбегі қай халықтың мұрасына жататынын анықтаңыз.

A) Өзбек халқының мұрасы.

B) Қазақ халқының мұрасы.

C) Түркі халықтарына ортақ мұра.

D) Қырғыз халқының мұрасы.

E) Қарақалпақ халқының мұрасы.

8. «Қасқа көл дауында» ел мүддесін көздеп сөйлеудің асқан үлгісін көрсеткен биді анықтаңыз.

A) Бұқар жырау.

B) Әйтеке би.

C) Аяз би.

D) Бөлтірік шешен.

E) Майқы би.

9. Сұлтанмахмұттың ақындық талабын құптап, батасын берген ұстазды белгілеңіз.

A) Мұқан.

B) Әбубәкір.

C) Әлі.

D) Тортай.

E) Әбдірахман.

10. «Қараторғай» деген есімнің Ақан серіге қандай қатысы барлығын табыңыз.

A) Жүйрік тазысы.

B) Қыран құсы.

C) Жүйрік тұлпары.

D) Туған жері.

E) Сүйген жары.

11. Ақын Әсет Найманбаевтың халық ауыз әдебиетіндегі салт өлеңдері тақырыбындағы өлеңдерін анықтаңыз.

A) «Маманға», «Күшік болысқа».

B) «Гауһар қыз», «Мақпал».

C) «Аужар», «Беташар».

D) «Үш жетім қыз», «Ағаш ат».

E) «Қызыр төреге», «Елшібай болысқа».

12. “Пәленің түрін көрген мен – сары маса

Халықты оянсын деп сөзбен шаққан”, – деген үзінді Ахметтің қай шығармасынан екендігін табыңыз.

A) “Жиған - терген”

B) “Маса”

C) “Қазақ салты”

D) “Малшы мен маса”

E) “Анама хат”

13. ’’Шықшы тауға, қарашы кең далаға,

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға,

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?’’ Өлеңнің авторы кім екенін анықтаңыз.

A) Қ.Аманжолов.

B) Ә.Тәжібаев.

C) С.Мәуленов.

D) М.Мақатаев.

E) И.Байзақов.

14. 1916 жылғы көтеріліске арнап Жамбыл қандай өлең жазғанын белгілеңіз.

A) ’’Алынбас қамал’’.

B) ’’Сұраншы батыр’’.

C) ’’Майданға хат’’.

D) ’’Өтеген батыр’’.

E) ’’Зілді бұйрық’’.

15. Ғ.Мүсіреповтің пьесасын белгілеңіз.

A) «Амангелді».

B) «Бесеудің хаты».

C) «Шекарада».

D) «Рабиға».

E) «Жалғыз ағаш орман емес».

16. Ассонанс дегеніміздің не екенін табыңыз.

A) Соңғы дыбыстардың ұйқасып келуі.

B) Дауысты, дауыссыздар араласып келеді.

C) Шумақтың басқы дыбыстары дауыссыздан басталады.

D) Шумақтың басқы дыбыстары бірдей дауыстыдан басталады.

E) Өлеңнің бірнеше бунақтан тұруы.

17. М.Мақатаев шығармасын табыңыз.

A) «Мен - қазақпын».

B) «Ана».

C) «Адамдық іс».

D) «Ақжайлау мен Сандықтас».

E) «Аққулар ұйықтағанда».

18. Жұбан Молдағалиевтің «Жыр туралы жыр» поэмасына арқау болған тақырыпты анықтаңыз.

A) Абай Құнанбаевтың жыр құдіреті туралы.

B) Мағжан Жұмабаевтың ақындық шеберлігі туралы.

C) Татар халқының ақыны Мұса Жәлелдің фашистер тұтқынындағы тағдыры.

D) Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы туралы.

E) Қазақ халқының айтыс өнері туралы.

19. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожаның сынып жетекшісін табыңыз.

A) Қадырова.

B) Садырова.

C) Майқанова.

D) Тұрсынбаева.

E) Ахметова.

20. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романында Жамалға құда түскен жігіттің атын табыңыз.

A) Сары Жұман.

B) Тапал Жұман.

C) Ұзын Жұман.

D) Таз Жұман.

E) Байжан.

21. С.Сейфуллин шығармаларының көбінде оқиға түнде басталып, таң ата аяқталуының себебін табыңыз.

A) Түн мен күнді қарама-қарсы алу тәсілі тудырған жаңа символ.

B) Күннен үміт күту байқалады.

C) Діншілдік ұғымнан қалыптасқан.

D) Жамандық пен жақсылықты көрсеткен.

E) Күннің адамға сыйлар шуағын көрсеткісі келгендіктен.

22. І.Жансүгіров ²Құлагер² поэмасында қанша жүйрік атқа жырмен сипаттама жасайтынын табыңыз.

A) Бәріне.

B) Елу.

C) Жүз елу.

D) Жиырма.

E) Жиырма бес.

23. М.Әуезов драматургия саласында барлығы қанша шығарма (драма, комедия, трагедия, киносценарий, опера либреттосын) жазғанын табыңыз.

A) Отыз екі.

B) Отыз үш.

C) Отыз бес.

D) Елу.

E) Алпыс.

24. «...Менің шығармашылығымның өзегі, арқауы, негізі жаңа заман, жаңа адам» деген ойдың иесін анықтаңыз.

A) С.Мұқанов.

B) Ғ.Мұстафин.

C) Ж.Жабаев.

D) М.Әуезов.

E) Ғ.Мүсірепов.

25. Балдағы алтын құрыш болат,

Ашылып шапсам дем тартар.

Үзіндіде көркемдегіш құралдың қай түрі кездесетінін табыңыз. (Қазтуған жырау)

A) Инверсия.

B) Эпитет.

C) Метафора.

D) Егіздеу.

E) Теңеу.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ