
География
1. Жер шарындағы ең ірі табиғат кешені A) Материктер B) Географиялық қабық C) Мұхит асты жоталары D) Мұхиттар мен аралдар E) Таулар |
2. Қазақстанмен шектесетін елдердің саны A) 6 B) 7 C) 5 D) 4 E) 3 |
3. Қазақстан ... материгінде орналасқан: A) Гондвана B) Азия C) Еуразия D) Африка E) Аустралия |
4. Отын-энергетика саласы шикізаттары. A) Газ, мұнай. B) Фосфорит, никель. C) Апатит, мыс. D) Жаңғыш тақтатас, хромит. E) Көмір, темір. |
5. Көмірді экспорттаушы елдер A) Жапония, Аустралия B) Египет, Бангладеш C) Германия, Франция D) Италия, Дания E) Оңтүстік Африка Республикасы, Аустралия |
6. Янцзы мен Хуанхэ өзендері … орналасқан. A) Қытайда B) Үндістанда C) Вьетнамда D) Непалда E) Моңғолияда |
7. Бастапқы меридиан ... басталады. A) 0º B) 1º C) 2º D) 3º E) 4º |
8. Таулар дегеніміз ... A) Жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатты тілімденген биік бөліктері. B) Жер бетінін аз тілімденген, тегіс алқабы. C) Ішкі күштердің әсері. D) Жер қыртысындағы болып жатқан үрдістер. E) Жер бедері түрлерінің өзгеруі. |
9. Судың тропиктерге таяу аудандардағы тұздылығы A) 31 промилле B) 35 промилле C) 34 промилле D) 32 промилле E) 36 промилле |
10. Табиғат зоналарының атауы сәйкес: A) Жануарлар дүниесіне B) Адамның шаруашылық әрекетіне C) Өсімдік жамылғысына D) Биіктік белдеулерге E) Табиғат кешені |
11. Жаңа Зеландияда мүлдем жоқ A) Сүт қоректілер B) Жәндіктер C) Жануарлар D) Өсімдіктер E) Құстар |
12. БҰҰ-ның дүние жүзілік ескерткіштері қатарына енгізілді A) Қорқыт ата ескерткіші B) Саудакент қаласы C) Алаша хан күмбезі D) Отырар қаласы E) Ахмет Иассауи кесенесі |
13. Қазақстанның жер асты теңiзi бар аймағы: A) Қызылқұмда. B) Торғайда. C) Қарақұмда. D) Сарыарқада. E) Мойынқұмда. |
14. Солтүстік Қазақ жазығының негізгі өзені A) Сырдария B) Есіл C) Жайық D) Ертіс E) Тобыл |
15. Алтай тауының Күршім мен Азутау жоталарының арасында орналасқан қорық A) Алматы B) Ақсу-Жабағылы C) Қорғалжын D) Үстірт E) Марқакөл |
16. Қазақстанның астық екпейтін облысы. A) Павлодар B) Ақмола C) Маңғыстау D) Қостанай E) Солтүстік Қазақстан |
17. Республикалық басқару формасындағы елдер: A) АҚШ, Қазақстан, Бразилия. B) Жапония, Бутан, Австралия. C) Бельгия, Вьетнам, Индонезия. D) Чехия, Польша, Нидерланды. E) Ұлыбритания, Италия, Ватикан. |
18. Ресейдің Солтүстік-Батыс экономикалық ауданның ең ірі қаласы. A) Санкт-Петербург B) Курск C) Белгород D) Воронеж E) Мәскеу |
19. АҚШ-тың астанасы: A) Нью-Йорк. B) Вашингтон. C) Сан-Диего. D) Питсоург. E) Сан-Франциско. |
20. Солтүстік Мұзды мұхит табиғатын зерттеуге үлес қосқан саяхатшылар A) В.Беринг, В.Баренц, Ф.Нансен B) Ю.Шмидт, Ф.Белинсгаузен, М.Лазарев C) Г.Седов, Р.Скот, Р.Стенли D) Р.Пири, П.П.Семенов, А.Тасман E) Д.Папанин, Р.Амундсен, Д.Кук |
21. Топырақ эрозиясы A) Топырақтың мол болуы B) Топырақ құнарлығының кемуі C) Топырақтың механикалық құрамы D) Топырақты өңдеудің түрі E) Топырақты тыңайту |
22. Қазақстанның пайдалы қазбаларының экономикалық тұрғыдан басымдылығы A) Кенді емес түрлердің басымдығы B) Олардың тау бөктерінде болуы C) Барлық пайдалы қазбалар орталықта орналасқан D) Жер бетіне жақын және қолайлы кешенді түрде игерілуі E) Жазықты аймақтарға шоғырлануы |
23. Орталық Қазақстанның қара металлургияға маманданған саласының орталығы A) Балқаш-Ақтоғай B) Қарағанды-Теміртау C) Өскемен- Риддер D) Петропавл-Павлодар E) Жезқазған-Балқаш |
24. Еліміз ... дәрі дәрмек, медтехника, металлургиялық құбырлар, тамақ өнімдерін алып, мақта, мұнай өнімі, фосфор т.б. экспортқа шығарады. A) Венгриядан B) Испаниядан C) Германиядан D) Оманнан E) Түркиядан |
25. Латын Америка елдерінің мемлекеттік құрылымы: A) Абсолюттік монархия B) Республика C) Монархия D) Конфедерация E) Конституциялық монархия
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |