Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Esep_beru_-_Kazkommertsbank_AO (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.75 Кб
Скачать

1.7. Дайын өнім есебі, оны жөнелту

Дайын өнім - негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары – міндетті түрде актімен рәсімделеді.

Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлық (мүліктік) шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.

Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасымен есептеу жолымен шығарылып, оның есептік бағасы нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.

Дайын өнімдер шикізаттардың негізгі өндіріске барып түсуінен туындайтын сатуға немесе басқа цехқа жөнелтуге арналған қысқа мерзімді активтер.

Мысал келтірсек:

Мазмұны

Дт

Кт

Сомасы

Қоймаға шикізаттар кірістірілді

1310

3310

150000 тг

ҚҚС есептелінді

1420

3310

15000 тг

Берушілерге ҚМ ДБ жабылды

3310

1030

165000 тг

Шикізаттар негізгі өндіріске жіберілді

8110

1310

65000 тг

Дайын өнім қоймаға кірістірілді

1320

8110

75000 тг

Дайын өнімді тауарға кірістірді

1330

1320

100000 тг

Тауар сатуға есептелінді

1210

1330

100000 тг

ҚҚС есептелінді

1210

3130

10000 тг

Банктік шотқа ақша қаражаттары келіп түсті

1030

1210

110000 тг

Не «AlemTrade» жауапкершілік шектеулі серіктестікы не оның еншілес ұйымы «ORDABAS » орталығы өнім өндірмейтін, қызмет көрсететін кәсіпорындар болғандықтан оларда дайын өнім операциясы жүргізілмейді.

1.8. Қаржы нәтижесі мен меншікті капиталдың есебін жүргізу

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның экономикалық даму негізі пайда, кәсіпорын жұмысының тиімділігінің маңызды көрсеткіші, оның қызмет етуінің көзі. Пайданың өсуі кәсіпорынның кеңейтілген өндірісін жүзеге асыру және құрылтайшылар мен құрылтайшылар әлеуметтік және материалдық қамсыздандырылуы үшін қаржылық негіз құрады.

Пайда есебінен бюджет есебінен банк, басқа ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады.

Қазіргі жағдайларда, кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін сипаттайтын көрсеткіш-баланстық пайда және зиян.

Баланстық пайда өнімді, кәсіпорын мүмкін (негізгі құралдар, материалдық активтер, материалдық айналым құралдары және басқа да активтер) өткізуден болатын қаржылық нәтижелер, сондай-ақ өткізуден тыс түсетін табыстар ретінде қалыптасады, және операциялар бойынша шығындар сомасына азайтылған өнім, мүлікті өткізуден түскен түсумен орындалған жұмыстар (қызметтер) мен тауарлы материалдық ресурстардың өзіндік құны арасындағы айырмашылықты көрсетеді.

Ұйым пайдасының негізгі массасы тұрғындарға және басқада тұтынушыларға қызмет көрсетуден және орындалған жұмыстардан түскен пайданы көрсетеді. Ол қосылған құн салығынсыз жұмыстардың (көрсетілген қызметтер) – келісім шарттық бағасымен оларды өндіруге кеткен шығындар арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

Мүлікті – негізгі қорларды, материалдық емес активтерді, өндірістік запастарды өткізудегі түскен пайда қосылған құнға салықсыз (және заңымен қарастырылған басқа шегерімдерсіз) бағасы мен негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, құны аз және тез тозатын заттардың қалдық құны, материалдарды құны арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

Баланстық пайданы есептеу процесінде сондай-ақ кәсіпорынның өткізуден тыс операцияларын табыстары мен шығыстары ескеріледі.

Әрбір кәсіпорын өзінің өндірістік шаруашылық қызметі нәтижесінде өзінің жұмысы үшін түсім деп аталатын ақшалай эквивалиент алады. Түсім қаржылық ,көрсеткіш ретінде өндірістік циклдің аяқталуын, кәсіпорынның өндіріске авансталған ақшалай нысандағы қаражаттарының қайтарылуын сипаттайды.

Ұйым түсімі өзіне төмендегілерден түсетін ақша қаражаттарын кірістіреді:

  • өнімді өндіруден

  • басқа кәсіпорынның қызмет көрсетуінен

  • тұрғындарға қызмет көрсетуден

  • қосымша өндіріс өнімін сатудан

  • негізгі қорлар, материалдық емес активтер және басқа да мүлік жағына сатуданөткізуден тыс операциялар бойынша шығындар сомасына азайтылған осы операциядан түсетін табыстар.

Кәсіпорынның меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайтуға мақсатына және кәсіпорын саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Сонымен, қазіргі кәсіпорындардың меншікті капиталы мынадай баптарды құрайды:

  • жарғылық капитал;

  • резервтік капитал;

  • қосымша капиталдар;

  • кәсіпорын операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);

Кәсіпорынның меншікті капиталы- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын,коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

Ал айналымдағы активтер шаруашылық субъектінің атқаратын қызметінен пайда табу үшін пайдаланылады. Олардың қатарына ақшалай қаржылар, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлы – материалдық қорлар, дебиторлық алашақтар және басқадай активтер жатады.

«AlemTrade» ЖШС-ның меншікті капиталы 330,7 млрд теңгені құрайды. Активтері 2 635,1 млрд теңге. Таза табыс 23,3 млрд теңге (ақпарат 2013 жылы жаңартылған). Бұл Қазақстандағы ең жоғарғы көрсеткіш. Және әлем корпорацияның қатарында да алдыңғы орындарды иеленеді.

«ORDABAS » , орталығының меншікті капиталы 21 млн теңге, активтерінің сомасы 25 млн теңге, таза табысы 5 млн теңгені құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]