
- •1. Қаржылық есеп
- •1.1. Бухгалтерия мен шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру құрылымы
- •1.2. Қаражаттар есебі және есептесу (есеп беретін тұлғалармен)
- •1.3. Негізгі құрал-жабдықтар мен материалды емес активтер есебі
- •1.4. Материалдық қорларды есептеу және жеткізушілермен есептесу есебі
- •1.5. Еңбек пен оның төлем есебі
- •1.6. Шығындар есебі
- •1.7. Дайын өнім есебі, оны жөнелту
- •1.8. Қаржы нәтижесі мен меншікті капиталдың есебін жүргізу
- •1.9. Қаржылық есеп
- •1.10. Есеп саясаты. Салықтық есеп саясаты
- •2. Ұйым эклномикасы
- •2.1. Кәсіпорын және кәсіпкерлік.
- •2.2. Кәсіпкерлік қызметін жоспарлау және болжау.
- •2.3. Кәсіпорынның негізгі қорлары.
- •2.4. Кәсіпорынның айналым қорлары.
- •2.5. Кәсіпорынның еңбек ресурстары. Еңбек ақы төлеу.
- •2.6. Өндірістік шығындар және өнімнің өзіндік құны.
- •2.7. Өнімге деген бағаның қалыптасуы.
- •2.8. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі.
- •3. Экономикалық талдау және қаржылық есебін талдау.
- •3.1. Қаржылық есептілік және оны талдау
- •3.2. Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын талдау
- •3.4. Шаруашылық субъектісі қызметінің іскерлік белсенділігін және тиімділігін талдау
- •3.5. Шаруашылық субъектісі мен кәсіпкерлік тәуекелдіктің потенциалды (әлуетті) банкроттылығын талдау
- •III. Қорытынды
- •IV. Пайдаланған әдебиеттер:
- •II.Оқулықтар және оқу әдістемелік нұсқасы:
1.6. Шығындар есебі
Шығын – 1. белгілі бір мақсатта пайдаланылған ресурстардың ақшалай баламмен көрсетілген шамасы; бірлестіктердің кәсіпорындардың, ұйымдардың өнімді өндіруге (жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге), айналысқа жіберуге және өткізуге ақшалай нысанда жұмсаған шығыстарының жиынтығы.
Экономикалық мазмұнына қарай былайша топтастырылады:
٠ материалдық шығын (қайтарылма қалдықтар шегеріп тасталады)
٠ еңбекақыға жұмсалатын шығын
٠ әлеуметтік мұқтаждарға аударым
٠ тозымпұл (амортизация)
Өндірілген өнімнің босалқы қорлары өзіндік құн бойынша бағаланады. Бұл орайда өнімнің өзіндік құнына кіретін шығын мен есепті кезеңнің шығыны айқындалады. Өнімнің өзіндік құнына негізгі материалдарға жұмсалған шығын, еңбекақы төлеуге жұмсалған шығын және өндірістік үстеме шығын енгізіледі. Негізгі материалдар – нақты өнім түрін өндіруге тікелей жұмсалған материалдар.
Еңбек шығыны еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығыннан құралады, ол нақты өнімге жатқызылуы мүмкін.
Өндірістік шығын – өнім өндіруге тікелей жұмсалған шығын, жұмсалған уақытына қарамастан есепті кезеңдегі өнімнің құ-нына енгізіледі.
Бейөндірістік шығын – әкімшілікті ұстауға, өнімді өткізуге жұмсалатын шығын, есепті кезеңнің шығысына жатады және жұмсалған есепті айында көрсетіледі.
Өндірістік үстеме шығынға тозымпұлдық аударым; жалға төленетін төлем жатады, бұл ресурстар өнімді сатудан кейінгі шығын қатарына көшіріледі.
Өнімнің толық өзіндік құны – тікелей шығын (өнімді өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге) байланысты жұмсалған шығыстар: шикізат‚ материалдар‚ өндірістік қызметкерлер құрамының жалақысы‚ т.б. мен оның үлесіне жатқызылатын жанама шығынының (өнімнің барлық номенклатурасын өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтер көрсетуге байланысты жұмсалған және пайыздық арасалмақта бөлу арқылы өзіндік құнға енгізілетін шығыстар, ғыстар, жалпы цехтық шығыстар‚ жабдықты күтіп ұстауға және пайдалануға ұсталған шығыстар‚ т.б.) қосындысы.
Тұрақты шығын – өндірістің көлеміне тәуелді емес жанама шығыстар (әкімшілік және басқару шығыстары‚ т.б.); ауыспалы шығын – шамасы өндірістің көлеміне тәуелді тікелей шығын Өзіндік құнға тек тікелей шығын мен ауыспалы үстеме шығын ғана енгізіледі‚ қалған шығын жалпы табысқа көшіріледі және өнімнің өзіндік құнына енгізілмейді;
2. өнімді өндіруге жұмсалатын ағымдағы шығындар (өзіндік құн, бұған қоса негізгі капиталдың тозымпұлы), өндіріске не оның айналысына ұсталған шығын (сауда, көлік шығындары мен басқа да шығындарды қоса), айналысқа ұсталған шығын. Экономика ғылымында шығынды жеке меншіктік шығынға (өндірушінің немесе тұтынушының белгілі бір игілікке немесе әрекет, қызметке жұмсаған шығыны) және қоғамдық шығынға (жалпы қоғамға жатқызылатын) бөлу қабылданған. Экономикалық қызметті талдау кезінде нақты шығынмен қатар жүктелме шығын (өндіріс, ресурс факторларын неғұрлым тиімді пайдалану мүмкіндігінен айрылып қалу) да ескерілуге тиіс. Шығын әдетте толық шығын, жиынтық (қосындылы) шығын (мысалы, бір тоқсандағы, бір жылғы), жеке-дара шығын (қаралып отырған өнімнің бір өлшеміне шағып есептегендегі) түрлеріне бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы өндірістің көлеміне байланысты емес тұрақты шығынға (үймереттер мен жабдықтарды ұстауға жұмсалатын шығыс, басшы қызметкерлерге айлық ақы, сақтандыру жарналары көрсетілетін коммуналдық қызметтер, жалға төленетін төлемдер, т.б.) және өнімнің немесе сатудың көлеміне орай өзгеріп отыратын ауыспалы шығынға (материалдар мен шикізаттарды сатып алуға, кесімді ақыға істейтін жұмыскерлердің, қызметкерлердің жалақысы, сату алдындағы және сатудан кейінгі көрсетілетін қызметтер, кеден бажын төлеу, т.б.) ажыратылады. Тұрақты шығын, тіпті өнім шығарылмаса да төленіп тұрады. Әрбір қосымша өнім өлшемін өндіруге жұмсалатын қосымша шығынды шекті шығын деп атайды.
Шығын көрсеткіштерінің халықараралық тұрғыда танылып, таңбаланған кейбір стандарттық көрсеткіштері қабылданған, олар:
٠ МС (margіnal cost) – шекті шығын;
٠ АС (average cost) – орташа шығын;
٠ FS (fіxed cost) – тұрақты шығын;
٠ VC (varіable cost) – ауыспалы шығын;
Тиісінше:
٠ AVC – орташа ауыспалы шығын
٠ SMC (short-run margіnal cost) – қысқа мерзімді ауыспалы шығын
٠ SAC – қысқа мерзімді орташа шығын
٠ LAC (long-run average cost) – ұзақ мерзімді шығын
٠ LMC – ұзақ мерзімді шекті шығын.
Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады. Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады.
«AlemTrade» ЖШС-ның табыстары мен шығыстары 2014 жылдың 5 мамырында жария етілді. ALEMTRADE-
тың шығындары 2014 жылдың 31 наурызына 50000000 теңгені құрады.