
- •1. Қаржылық есеп
- •1.1. Бухгалтерия мен шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру құрылымы
- •1.2. Қаражаттар есебі және есептесу (есеп беретін тұлғалармен)
- •1.3. Негізгі құрал-жабдықтар мен материалды емес активтер есебі
- •1.4. Материалдық қорларды есептеу және жеткізушілермен есептесу есебі
- •1.5. Еңбек пен оның төлем есебі
- •1.6. Шығындар есебі
- •1.7. Дайын өнім есебі, оны жөнелту
- •1.8. Қаржы нәтижесі мен меншікті капиталдың есебін жүргізу
- •1.9. Қаржылық есеп
- •1.10. Есеп саясаты. Салықтық есеп саясаты
- •2. Ұйым эклномикасы
- •2.1. Кәсіпорын және кәсіпкерлік.
- •2.2. Кәсіпкерлік қызметін жоспарлау және болжау.
- •2.3. Кәсіпорынның негізгі қорлары.
- •2.4. Кәсіпорынның айналым қорлары.
- •2.5. Кәсіпорынның еңбек ресурстары. Еңбек ақы төлеу.
- •2.6. Өндірістік шығындар және өнімнің өзіндік құны.
- •2.7. Өнімге деген бағаның қалыптасуы.
- •2.8. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі.
- •3. Экономикалық талдау және қаржылық есебін талдау.
- •3.1. Қаржылық есептілік және оны талдау
- •3.2. Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын талдау
- •3.4. Шаруашылық субъектісі қызметінің іскерлік белсенділігін және тиімділігін талдау
- •3.5. Шаруашылық субъектісі мен кәсіпкерлік тәуекелдіктің потенциалды (әлуетті) банкроттылығын талдау
- •III. Қорытынды
- •IV. Пайдаланған әдебиеттер:
- •II.Оқулықтар және оқу әдістемелік нұсқасы:
1.4. Материалдық қорларды есептеу және жеткізушілермен есептесу есебі
Материалдар қозғалысы есебін жүргізу үшін көптеген бастапқы кұжаттар колданылады. Мұндағы құжаттар материалдар есебін жүргізу жөніндегі негізгі ережелер, сондай-ақ ақпараттарды компьютерлік жүйемен өңдеу талаптарына жауап берерліктей сапада болуы керек.
Нарықтык қатынастар жағдайына сай бизнеске қатысушы жақтар, өздеріне тән алыс-беріс операцияларын сенімді жүргізу үшін, ең әуелі ресми түрде рәсімделген келісім-шартқа отыратындығына байланысты, материалдар алушы ұйымдар мен материалдар қоюшы ұйымдар арасында тікелей келісім-шарт жасалынғаны жөн. Келісім-шарт қоюшылармен алушылар арасындағы өзара жауапкершілікті сақтау мен екі жақты міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге арналады. Келісім-шарт құжатына материалдардың аталуы, саны, бағасы, қоюдың мерзімі, есеп айырысудың тәртібі, тасымалдаудың жолдары, келісімде қаралған шарттардың бұзылғандығына койылған шаралар, қабылдап алудың тәртібі т.с.с. жазылады.
Тауарлы материалды қорлардың барлық түрлерінің есебі 1300 «Материалдар» бөлімшесінің негізгі, активтік, инвентарлық шоттарында жүргізіледі.
ALEMTRADE негізгі материалдары ет болып табылады. өндірісте еттен дайындалған шұжықтар, тұзды-ысталған өнімдер және консервілер. Шұжықтың пісірілген, шала ысталған және пісірілген, шикілей немесе пісірілген түрде ысталған және кептірілген, шикілей кептірілген түрлері болады. Тұздалған-ысталған өнімдерге пісіріліп тұздалған (пісірілген сан еттер мен орамалар), ысталған- тұздалған (сан еттер, орамалар, төс және т.б), ысталған (сан еттер, тос, мойын еттері), пісірілген өнімдер жатады. Ет консервілеріне қалбырларға салынып, бекітілген, ыстықпен зарарсыздандырған дайын өнімдер жатады. Мұндай өнімдер таза еттен немесе етке басқа құрауыштар қосылып дайындалады. Ет консервілерін қоғамдық тамақтандыру орындарында 0-8° С температура аралығында 30 тәулік сақтауға болады. Қоймаларда консервілер түріне байланысты 1—3 жылға дейін сақталады.
1.5. Еңбек пен оның төлем есебі
Енбекақы – қызметкердің орындаған жұмыс көлемі мен белгіленген еңбек шарты және лауазым нұсқауына байланысты еңбек төлемі.
«ORDABAS » , орталығында еңбекақы есебінің жүргізілуі мынадай:
٠ Еңбекақыдан ұсталатын міндетті ұсталымдар: ЖТС 10%, МЗЖ 10%
٠ Өзге ұсталымдар: профсоюз – 1% т.б.
٠ Кәсіпорында еңбекақының 2 негізгі нысаны бар: мерзімді және кесімді.
Мерзімді еңбекақы – атқарған жұмыс уақытына байланысты төленеді. Мысалы: бас есепшіге наурыз айында 260 000 тг жалақы есептелінді. Зейнетақы қоры 10% (260 000 * 10%=26000) 260 000 – 26000=234 000тг. ЖТС=260 000-26000-18660=215 340*10%=21534тг. 260 000-26000МЗЖ-21534ЖТС=212 466тг (қолына алатын еңбекақысы).
Кесімді еңбекақы - өндірілген өнім санына байланысты төленеді. Мысалы: өндірілген өнім саны 750 дана, бір өнім бағасы – 350тг. Есептелген еңбекақы – 750*350=262 500тг. Содан кейін қолына алатын жалақысы есептеледі. Кесімді еңбекақы кәсіпорында бірнеше жүйеге бөлінген.
«ORDABAS » , орталығында еңбекақы түрлеріне байланысты есептелген жалақыларды мысалға келтірсек:
Жұмыс уақытының есеп табелі (Қосымша №19) – жұмыс уақытын пайдалану есебін жүргізу үшін толтырылатын бастапқы құжат. Табель әр айдың бірінен басталады, ай соңында жабылады. Еңбекақыны есептеу үшін табельді бухгалтерияға өткізеді. Қосымша №20, 21.
Құрылымдық бөлімше |
Қызметкердің аты-жөні |
Қызметі |
Табельдік нөмірі |
Оклады |
Басқарма |
Қайырғали Ш.Н |
Бас бухгалтер |
00654 |
220000 |
alemtrade |
Мукашева А.С. |
Сall centr басшысы |
00125 |
110000 |
Мысалы, кәсіпорында жұмыс істейтін енбеккерлердің мерзімді жалақысын есептейік. Бухгалтериядағы бас бухгалтер Қайырғали Ш.Н.-ға штат кестесі бойынша есептелген жалақы 220000тг. Енді қолына алатын жалақыны есептейік.
МЗЖ=(220000*10%)=22000тг.
ЖТС=(220000-22000-19966ЕТЖ)*10%=17803,4тг.
Жалақы=220000-22000МЗЖ-17803,4ЖТС=180066тг.
Осы операцияларды бухгалтерлік жазбада көрсетсек:
№ |
Операциялар мазмұны |
Дебет |
Кредит |
Сомасы (теңге) |
1 |
Жалақы есептелінді |
7210 |
3350 |
220000 |
2 |
Жалақыдан ұсталған МЗЖ |
3350 |
3220 |
22000 |
3 |
Жалақыдан ұсталған ЖТС |
3350 |
3120 |
17803,4 |
4 |
Бухгалтерге кассадан еңбекақы берілді |
3350 |
1010 |
180 196,6 |
5 |
Зейнетақы аударымдары бойынша төлем жасалды |
3220 |
1030 |
17000 |
6 |
ЖТС бюджетке аударылды |
3120 |
1030 |
17934 |
Сондай-ақ, демалыс ақысын есептейік, ол қазаннан 24 күнге кезекті еңбек демалысына жіберілді. Штаттық кесте бойынша жалақасы 170000тг, алдыңғы кезеңде толық жұмыс атқарған. Осы сома бойынша қызметкердің жалақысын есептесек: ең алдымен орташа күндік жалақыны анықтасақ: 12 ай жалақысын барлық атқарған жұмыс күніне бөлу арқылы: 2040000/248=8225,8тг. Еңбек демалысындағы жұмыс күндерінің саны – 18, 18*8225,8=148064,4тг. Қазан айында жұмысқа келгеннен 5 күн жұмыс істеген. 170000/23=7391,3тг (бір күндік орташа ақы). 7391,3*5=36956,5тг. Еңбек демалысы 148064,4+36956,5=185020,9тг. Енді міндетті ұсталымдарды есептесек: 185020,9*10%=18502.09тг. ЖТС=(185020,9-18502,09МЗЖ-18660ЕТЖ)*10%=14785,881тг. Демалыс ақысы 185020,9-18502,09 14785,881=151732,929тг.
Осы операция бойынша шоттар байланысы:
№ |
Операциялар мазмұны |
Дебет |
Кредит |
Сомасы (теңге) |
1 |
Қызметкерге есептелген еңбек демалысы |
7210 |
3350 |
185020,9 |
2 |
Міндетті зейнетақы жарналары ұсталынды |
3350 |
3220 |
18502,09 |
3 |
Жалақыдан ЖТС ұсталынды |
3350 |
3120 |
14785,881 |
4 |
Менеджерге кассадан еңбек демалысы бойынша жалақы берілді |
3350 |
1010 |
151732,929 |
5 |
Салықтық міндеттемелер бойынша есеп айырысу |
3220, 3120 |
1030 |
14785,881 |
Маркетинг бөлімінің қызметкері Умарова А.И.-ң жалақысы өткен айда 150426тг.құраған. Ол алдыңғы кезеңде 5 ай толық жұмыс атқарған, енді қызметкердің жұмыстан шығу бойынша өтемақысын есептейік. 752130/99=7597,3тг (орташа күндік ақысы). 7597,3*10 (демалыс уақыты)=75973тг (өтемақы). Қызметкерге жалпы есептелген өтемақы 150426+75973=226399тг. Қызметкердің жұмыстан шығу өтемақысы кәсіпорында осылайша есептелген. Ұсталымдарды есептесек, бұл сомадан тек қана жеке табыс салығы ұсталады, зейнетақы жарналары ұсталмайды, себебі қызметкер жұмыс істеуін тоқтатқан. ЖТС=226399-18660(ЕТЖ)=207739*10%=20773,9тг. Қолына алған ақысы 226399-20773,9=205625,1тг.
Несие бөлімінің қызметкері Даиров Е.Я. енбекақысы 150000тг. Жалақысын есептейік: МЗЖ=150000*10%=15000тг. ЖТС=(150000-15000-19966)*10%=11503,4тг. Қызметкердің қолына алған жалақысы=150000-15000МЗЖ-11503,4ЖТС= 123 496,6 тг.
Осы операциялар бойынша шоттар корреспонденциясы:
№ |
Операциялар мазмұны |
Дебет |
Кредит |
Сомасы (теңге) |
1 |
Маркетинг қызметкеріне есептелген өтемақы сомасы |
7210 |
3350 |
226399 |
2 |
Жалақыдан ұсталған ЖТС |
3350 |
3120 |
20773,9 |
3 |
Қызметкерге кассадан берілген жалақы |
3350 |
1010 |
205625,1 |
4 |
Несие бөлімінің қызметкеріне есептелген жалақы |
7210 |
3350 |
150000 |
5 |
Жалақыдан ұсталған зейнетақы жарналары |
3350 |
3220 |
15000 |
6 |
Жалақыдан ұсталған ЖТС |
3350 |
3120 |
11503,4 |
7 |
Еңбеккердің қолына алған жалақысы |
3350 |
1010 |
123 496,6 |
8 |
ЖТС бюджетке аударылды |
3120 |
1030 |
43 731,8 |
9 |
Зейнетақы бойынша бюджетпен есеп айырысу |
3220 |
1030 |
15000 |