
- •1. Қаржылық есеп
- •1.1. Бухгалтерия мен шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру құрылымы
- •1.2. Қаражаттар есебі және есептесу (есеп беретін тұлғалармен)
- •1.3. Негізгі құрал-жабдықтар мен материалды емес активтер есебі
- •1.4. Материалдық қорларды есептеу және жеткізушілермен есептесу есебі
- •1.5. Еңбек пен оның төлем есебі
- •1.6. Шығындар есебі
- •1.7. Дайын өнім есебі, оны жөнелту
- •1.8. Қаржы нәтижесі мен меншікті капиталдың есебін жүргізу
- •1.9. Қаржылық есеп
- •1.10. Есеп саясаты. Салықтық есеп саясаты
- •2. Ұйым эклномикасы
- •2.1. Кәсіпорын және кәсіпкерлік.
- •2.2. Кәсіпкерлік қызметін жоспарлау және болжау.
- •2.3. Кәсіпорынның негізгі қорлары.
- •2.4. Кәсіпорынның айналым қорлары.
- •2.5. Кәсіпорынның еңбек ресурстары. Еңбек ақы төлеу.
- •2.6. Өндірістік шығындар және өнімнің өзіндік құны.
- •2.7. Өнімге деген бағаның қалыптасуы.
- •2.8. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі.
- •3. Экономикалық талдау және қаржылық есебін талдау.
- •3.1. Қаржылық есептілік және оны талдау
- •3.2. Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын талдау
- •3.4. Шаруашылық субъектісі қызметінің іскерлік белсенділігін және тиімділігін талдау
- •3.5. Шаруашылық субъектісі мен кәсіпкерлік тәуекелдіктің потенциалды (әлуетті) банкроттылығын талдау
- •III. Қорытынды
- •IV. Пайдаланған әдебиеттер:
- •II.Оқулықтар және оқу әдістемелік нұсқасы:
1.3. Негізгі құрал-жабдықтар мен материалды емес активтер есебі
Өндіріс процесі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады,олар:
1) еңбек заттары (шикізат,материалдар,сатып алынатын жартылай фабрикаттар);
2) еңбек құралдары (станок, машиналар) болып бөлінеді.
Негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер (жер участкелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер және жермен тығыз байланысты, қозғалысы олардың мақсатына зиян келтірмеу мүмкін емес басқа объектілер), көлік құралдары, жабдықтар, аулау аспаптары, өндірістік және шаруашылық құрал‑саймандар,үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар мен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары, жануарлар әлеменің экспонаттары, автомобиль жолдары және т.б.).
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндетті:
1. Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құраклдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру.
2. Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.
3. Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
4. Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды және жаңғыртуды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру.
5. Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау.
6. Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру.
Негізгі құралдардың ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсаттарға жету үшін, маңызды шарт болып табылады. Өндірістік процесіне қатыс сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді: өндірістік – бұл өндірістік процестік тікелей қатысатын немесе өндірістік негізін құрайтын негізгі құралдар. Өндірістік емес – бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар.
Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді:
меншікті – бұл субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар; жалданған – жалдау шарты бойынша, онда белгіленген мерзімге басқа субъектілерден алынған негізгі құралдар.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:
қолданыстағы – бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған (тоқтатылған) – консервацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар; қорда тұрған – қолданып жүрген негізгі құралдардың жөндклуі, жойылуы,апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін қор құрайтын негізгі құралдар.
Заттық құрамы бойынша негізгі құралдар былайша бөлінеді:
٠ инвентарлық‑бұл заттай нысанға ие және айырбастау мен заттай санауға болатын объектілер( үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар);
٠ инвентарлық емес – бұл жер, орман және су дақылдарына (ғимараттан басқа) арналған.
Субьектінің шаруашылық іс-әрекетінде белгілеу бойынша пайдалану мақсатымен алынған негізгі құралдар құрамына көрсетіледі. Алып сату мақсатымен алынған негізгі құралдар – ТМҚ құрамында, ал субьектінің өзі пайдалану үшін емес, ұзақ уақытқа қаржы салу мақсатымен алынатын НҚ қаржылық инвестиция ретінде көрсетіледі. НҚ-ы есептеу үшін 2400 НҚ бөлімшесінің синтетикалық шоты қолданылады.
НҚ қабылдау, тапсыру актісімен (№НҚ-1ф) рәсімделеді. Субьектілер пайдалы қызмет ету мерзімін өз бетінше белгілейді.
НҚ қабылдау, тапсыру (ауыстыру) актісі негізінде бухгалтерияда, мүліктік карточка ашылып НҚ-ң талдамалы есебі жүргізіледі. НҚ-ң әрбір обьектісіне мүліктік номер беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік номер беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік сериялық жүйе бойынша жасалады. Толтырылған мүліктік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір данада жүргізілетін «НҚ-ы есептеу, мүлік түгендеу карточкаларының тізімдемелерінде» (№НҚ-6) тірекеледі. Істен шыққан НҚ бойынша категорияларды архив картотекасы бөліміне қояды.
НҚ обьектілері субьектінің ухгалтерлік балансынан мыналардың нәтижесінде есептен шығарылады:
1. Физикалық немесе сапалық тозу
2. Шаруащылық қызметінде пайдаланылмайтын обьектілерді өткізуде
3. Басқа субьектілерге НҚ-ы жарғы капиталына салым түрінде беру.
4. Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз беру
5. Обьектілерде ұзақ мерзімді ( қаржыландырылған) жалға беру
6. Кем шығу, табиғи апаты және басқа обьектілер.
НҚ обьектілерін өтеусіз беру туралы келісім шарт шаруашылық жүргізуші субьектіге қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданады.
НҚ-ң жарамсыздығы, оларды қалпына келтіріп, жөндеудің мүмкін еместігін және тиімсіздігін анықтау үшін, сондай-ақ есептен шығаруға қажетті құжаттаманы рәсімдеу үшін субьект басшысының бұйрығы бойынша тұрақты жұмыс істейтін косммисиялар құрады.
Комиссия обьектіні қарайды, есептен шығарудың нақты себептерін белгілейлі, мерзімінен бұрын істен шығаруға кінәлі адамдарды табады, пайдалану мүмкіндігін анықтайды және жарамды материалдық құндылықтарды бағалайды. Есептен шығаруды «НҚ-ы есептен шығару актісі (№НҚ-3ф)» және автотранспорттық құралдарды есептен шығару актісімен ( №НҚ-4 ф) 2 данамен рәсімделеді.
«AlemTrade» ЖШС-ның жалпы негізгі құралдарының сомасы екі жүз миллион теңгені құрайды.
ORDABAS орталығының негізгі құралдарының жалпы сомасы үш миллион теңгені құрайды. Оған компьютерлер, телефондар, жиһаздар және басқа да құрал-жабдықтар жатады.
№ |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Дт |
Кт |
1 |
Негізгі құралдарды нақты бағасымен ҚҚС сомасынсыз төмендегінің есебінен сатып алу |
2410 |
1251 |
2 |
Сатып алынған негізгі құралдар бойынша ҚҚС есептелінді |
1420 |
1251 |
3 |
Негізгі қорларды сатып алу мен заңдастыру шығындары олардың бастапқы құнына жатқызылды |
2410 |
3310 |
4 |
Жеке және заңды тұлғалардан өтеусіз алынған негізгі құралдар |
2410 |
6220 |
5 |
Түгендеу кезінде анықталған есепке кірмеген негізгі қорларды |
2410 |
6280 |
6 |
Қайта бағалаудың нәтижесінде негізгі құралдардың баланстық құнының өсуі. |
2410 |
5420 |
7 |
Қайта бағалаудың нәтижесінде негізгі құралдардың баланстық құнының өсуіне байланысты есептелген амортизацияға түзету енгізу. |
5420 |
2420 |
8 |
НҚ қайта бағалауға арналған резерв сомасынан тыс |
7420 |
2430 |
9 |
Кез келген себептер бойынша НҚ есептен шығару |
7410 |
2410 |
10 |
Қаржылық жалдауға берілген негізгі қорларды кейін қайтару. |
2410 |
2160 |
Материалдық емес активтер (М.Е.А), Бейматериалдық активтер –айналымнан тыс активтер тобы. Олардың материалдық – заттық мазмұны жоқ‚ бірақ құны болады‚ құжаттармен қуатталады‚ табыс әкеледі және табыс алуға алғышарттар жасайды‚ ұзақ мерзімді кезеңде (1 жылдан астам) пайдаланылады‚ иеліктен шығаруға жарамды болады. Материалдық емес активтерге мыналар жатқызылады:
٠ патенттерден‚ лицензиялардан‚ авторлық шарттардан туындайтын құқықтар;
٠ жерді‚ жылжымайтын мүлікті пайдалану құқықтары;
٠ ноу-хау;
٠ тауар белгілері‚ т.б.
Шетелде Материалдық емес активтерге фирманың беделі, оның жұмыс стилі‚ яғни кеңсенің дизайны‚ визиткалар‚ жаңа туындаған идеялар, фирмалық бланкілер‚ конвертконверттер‚ қызметкерлердің фирмалық киім – кешегі‚ т.б. жатқызылады. Меншікті өндіріс қызметінің өнімі болып табылатын материалдық емес актив тауар ретінде есептеледі. Материалдық емес активтерді құрған кезде барлық жұмыстар зерттеулер мен әзірлемелер сатыларынан құралады.
Материалдық емес активті сатып алғаннан кейін оның келесі шығындары оның баланстық құнын көбейтеді, сонда келесі шарттар орындалуы тиіс:
Бұл шығындар активке алдағы кезеңде экономикалық пайда әкелуі мүмкіндігі бастапқы анықталған нормалардан көп болуы мүмкін;
Бұл шығындар бағалануы және активтерге апарылуы мүмкін.
Материалдық емес активтің ликвидациялық құны нөлге тең болады, егер:
Пайдалы қызмет мерзімінің соңында оны иемдену туралы келісімнің болмауы;
Берілген материалдық емес активке активті нарықтың болмауы.
«AlemTrade» ЖШС-ның материалдық емес активтерінің сомасы шамамен 10 миллионға тең. Ал ORDABAS -тікі 80 000 теңгені құрайды.