
- •1. Қаржылық есеп
- •1.1. Бухгалтерия мен шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру құрылымы
- •1.2. Қаражаттар есебі және есептесу (есеп беретін тұлғалармен)
- •1.3. Негізгі құрал-жабдықтар мен материалды емес активтер есебі
- •1.4. Материалдық қорларды есептеу және жеткізушілермен есептесу есебі
- •1.5. Еңбек пен оның төлем есебі
- •1.6. Шығындар есебі
- •1.7. Дайын өнім есебі, оны жөнелту
- •1.8. Қаржы нәтижесі мен меншікті капиталдың есебін жүргізу
- •1.9. Қаржылық есеп
- •1.10. Есеп саясаты. Салықтық есеп саясаты
- •2. Ұйым эклномикасы
- •2.1. Кәсіпорын және кәсіпкерлік.
- •2.2. Кәсіпкерлік қызметін жоспарлау және болжау.
- •2.3. Кәсіпорынның негізгі қорлары.
- •2.4. Кәсіпорынның айналым қорлары.
- •2.5. Кәсіпорынның еңбек ресурстары. Еңбек ақы төлеу.
- •2.6. Өндірістік шығындар және өнімнің өзіндік құны.
- •2.7. Өнімге деген бағаның қалыптасуы.
- •2.8. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі.
- •3. Экономикалық талдау және қаржылық есебін талдау.
- •3.1. Қаржылық есептілік және оны талдау
- •3.2. Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын талдау
- •3.4. Шаруашылық субъектісі қызметінің іскерлік белсенділігін және тиімділігін талдау
- •3.5. Шаруашылық субъектісі мен кәсіпкерлік тәуекелдіктің потенциалды (әлуетті) банкроттылығын талдау
- •III. Қорытынды
- •IV. Пайдаланған әдебиеттер:
- •II.Оқулықтар және оқу әдістемелік нұсқасы:
1.2. Қаражаттар есебі және есептесу (есеп беретін тұлғалармен)
Шаруашылық субъектілері материалдарды жеткізушілермен, өнім алушылармен байланыста болып және олармен алыс-беріс қатынастарда болады. Алыс-беріс қатынастар алушылардың белгіленген уақытта алынған материалдық құндылықтардың, орындалған жұмыстардың құнын төлеу міндеттемелеріне, сондай-ақ жеткізушілердің алушылардан төлемақыны талап ету құқығына негізделеді.
Алыс-беріс қатынастары мемлекеттік бюджет, әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы қоры және т.б. органдарымен де пайда болады.
Көбінесе ұйымдар арасында есеп айырысу банк жүйесінің жәрдемімен қолма-қол ақшасыз арқылы жүргізіледі.
Есеп айырысу және валюталық шоттарын ашу үшін келесі құжаттар керек:
1) шот ашу туралы өтініш;
2)қол қою үлгілері мен мөр таңбасы бар құжат;
3)Салық есебінде тіркелгенін растайтын құжат түпнұсқасы; 4)Мемлекеттік тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткенін растайтын құжат көшірмесі; 5)Жарғының негізінде заңды тұлға қызметін растайтын құжаттың нотариалды бекітілген көшірмесі.
Кәсіпорынның есеп айырысу шотына өткізілген өнім үшін ақшалар, аванстық төлемдер, банктің несиелері, дебиторлық қарыздар, кассадағы қолма-қол ақшалар және т.б. келіп түседі.
Есеп айырысу шотынан қолма-қол ақшасыз есептер жүргізіледі, еңбекақы төлеу, іссапар, шаруашылық және өкілдік шығыстарына қолма-қол ақша беріледі. Қолма-қол ақша мәлімдемеге сәйкес босатылады.
Банктің ағымдағы шотында операциялар жүргізу үшін негіз ретінде бастапқы құжаттар төлем тапсырмалары, чектер, қолма-қол ақшаны өткізу үшін хабарландырулар болып табылады.
Кассир алдын-ала (шамамен 1-2 күн бұрын) банкіге қажетті сомаға тапсырыс береді, ал одан соң оны чек бойынша алады. Чектер күнін өзгертпей, жазылған күнді есепке алмай 10 күн ішінде жарамды болып саналады. Чектің түбіртегі есеп регистрінде кассалық операцияларды жазу үшін ақтаушы құжат болып табылады.
Кассаға есеп айырысу шотынан алынған қолма-қол ақша қатаң мақсатты бағыттар, ақшалар алынған мақсаттар ақша чегінің теріс бетінде көрсетіліп қойылған бойынша жұмсалу керек. Ақшаның жұмсалмаған бөлігі кассаға қалдырылады. Алушылар тарапынан қолма-қол ақшамен төленген өнімнің өткізілуінен түскен ақшалар да есеп айырысу шотына өткізіледі.
Есеп айырысу шотына ақша салу шығыс кассалық ордермен жасалады.
Банкте ақша өткізетін кассир қолма-қол ақша салу бойынша хабарландыруларды толтырады. «Хабарландыру» бланкісін банктің операторынан алу мүмкін. Ол 3 бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлік банкіде қалады, ортадағы бөлік (квитанция) кассирге беріледі. Хабарландырудың төменгі бөлігі (ордер) де кассирге қайтарылады, бірақ тек тиісті операцияның банкпен өткізілгенінен соң және банктің көшірмесімен бірге тігіледі.
Үш бөліктің әр бірінде қойылатындар: күні, кімнен ақша қабылдағанн, алушы мен оның банкі, салымның тағайындалуы. Бірінші мен екінші бөліктердің жоғарыдағы оң бұрышында кәсіпорынның есеп айырысу шоты мен сомасы сандармен жазылады. Сол соманың өзі төмендегі тәртіпте сөзбен жызылады: жазуды ол үшін арналған орынның басына тиістіре бас әріппен бастау керек. Орынның қалған жерлерін көлденең сызықпен сызып қою керек.
Үшінші бөлік сәл басқаша толтырылады. Ордерде алушы банктің коды мен кредит бойынша сомасын көрсету қажет (біздің есеп айырысу шотымызда бұл сома-дебет бойынша, ал банкіде-кредит бойынша өтеді).
Онда төлеуші мен оның банкісінің, алушы мен оның банкісінің реквизиттері, сомасы мен тағайындалуы көрсетіледі. Банктің қызметкері төлем тапсырмасын орындауға қабылдап алып оның соңғы данасына таңба қояды одан соң ол операцияны есепте бейнелеу үшін бухгалтерге қайтарып береді. Басылған, бірақ банкіге өткізілмеген төлем тапсырмасы 10 күн ішінде жарамды болып саналады.
Төменгі жақта төлемнің тағайындалуы көрсетіледі, басшы мен бас бухгалтердің қол таңбаларымен қоса кәсіпорынның мөрі қойылады.
Төлем тапсырмалары Төлем тапсырмаларын тіркеу кітабына тіркеледі. Төлем-талап тапсырмас - жеткізушінің жөнелтілген өнімге төлем-талап тапсырмасын рәсімдейді. Оны төлеушіге бағыттайды. Ол танысып, төлем жөнінде шешім қабылдайды. Шешім қабылдағаннан кейін төлеуші оған қол қояды, мөр басады және өзінің банкіне өткізтеді. Төлеушінің банкі ақшаны оның есеп айырысу шотынан есептен шығарады және оны жеткізушіеің шотына есептеу үшін соның банкіне аударады. Есептен шығарылған және есептелген соманың бухгалтерлік жазбалары есеп айырысу шотынан банк беретін көшірменің негізінде жүргізіледі. 1030 шотының айналым ведомосының негізінде журнал ордер-2 мен ведомость-2 толтырылады.
Қазақстанның халық шаруашылығында кассалық операцияларды жүргізудің уақытша тәртібіне сәйкес шар-қ субьектілер кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын банк мекемесімен келісім бойынша субьект бастығы белгіленген мөлшерде және мерзімге операциялық шар-қ және басқа щығындар үшін қолма-қол ақшаны есеп беруге кассадан береді.
Субьектінің шаруашылық мақсаттарына жұмсалатын ақшасы кассадан жауапты тұлғаларға ғана беріледі. Жауапты тұлғалардың тізімі басшының бұйрығымен бекітіледі. Олардың әрқайсымен толық материалдық жауапкершілік келісім шарты жасалады.
Есеп беруге берілген қолма-қол ақшаның жұмсалмаған бөлігі алынған мерзімі аяқталғаннан кейінгі үш күннен кешіктірместен кассаға қайтарылуы тиіс. Қызметкерді іссапарға жіберген кезде, іссапарының мақсаты, іссапараның баратын жері, іссапарының басталған және аяқталған күні. Бұйрықтың негізінде іссапарға жіберілетін қызметкер алдын-ала жасалған есеп бойынша аванстық соманы кассадан алады.
Қолма-қол ақшаларды берудің олардың іссапар шығыстары үшін пайдаланудың тәртібі қолданыстағы заңдармен реттеледі.
Іссапарға жіберілген қызметкерлердің:
1.Іссапар орнына дейінгі және одан кері қарай тұрақты жұмыс орнына дейінгіжол жүру шығындарын
2.Тұрғын – үйді жалдау шығындарын
3.Тәулік ақысын
4.Ұсынылған құжаттарға сәйкес өзге шығындарын шаруашылық субьектісі өтейді.
Қызметкер іссапардан оралғаннан кейін, үш күннің ішінде іссапарға байланысты жұмсалған сомалар бойынша аванстық есептеме өткізуге міндетті. Іссапар шығындарын растау үшін қажетті құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады: олардың ішінде жол шығындарының билеттері, қонақ үй төлем ақысының фискалды чектері, келіп кеткені жөнінде белгі қойылған іссапар куәлігі бар. Нормадан артық төленген іссапар шығындары да қызметкердің табысы болып есептеліп, ол сомаға да салық салынады. Іссапар шығындарының нормасы тұрақты түрде қайта қаралып, ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі, 2009 жылға арналған іссапар шығындарының нормалары төменгі деңгейде белгіленген.
٠ҚР-да 6 АЕК
٠Өзге елдер 8 АЕК- бұл тәуліктік шығындар.
Аванстық есептемеге қоса белгіленгентәртіппен іссапар күәлігі, жол жүру құжаттарының түбіршегі, үй-жайды жалдау туралы құжаттар бірге тапсырылады.
Есеп беретін адамдар мен есеп айырысудың жинақтамалы есебі 1250 «қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотында жүргізіледі. Бұл шот активтік, негізгі, есеп айырысу.
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Дт |
Кт |
Тип |
Кассадан іссапар бойынша қызметкерге 100000 (жүз мың) теңге көлемінде ақша берілді |
1250 |
1010 |
1 |
Қызметкердің 75000 (жетпіс бес мың) теңге сомасына сатып алған негізгі құралдары кіріске алынды. |
1310 |
1250 |
3 |
Қызмтекер 20000 (жиырма мың) теңге көлеміндегі жұмсалмаған ақшасын кассаға қайтарды |
1010 |
1250 |
1 |
Қызметкер жұмсалмаған ақшасы бойынша аванстық есеп өткізді |
7210 |
1250 |
1 |
Жеке тұлғаның еңбекақысынан жетіспеген 5000 (бес мың) теңге көлеміндегі ақшаның орнын толтыру мақсатында ақша ұсталынды. |
3350 |
1250 |
4 |