Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Esep_beru_-_Kazkommertsbank_AO (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.75 Кб
Скачать

2.4. Кәсіпорынның айналым қорлары.

Айналым қаражаты (қорлары)  — кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдарының өндіріс циклі барысында толық пайдаланылатын қаражатының бір бөлігі.

Оған ақшамен бағаланған материал, шикізат, отын, энергия т.б. қажетті заттар жатады. Ол сонымен қатар аяқталмаған өндірісті жалғастыру үшін, дайын өнім қорын жасау үшін де жұмсалады. Айналым қаражатының бір бөлігі өндіріс саласында, екінші бөлігі айналымға түседі. Күнделікті өндіріс жағдайында оның бір бөлігі материалдық заттар қорына айналса, тағы бір бөлігі банк есепшотында, кәсіпорын кассасында жинақталады. Құрылым барысына қарай айналым қаражаты кәсіпорынның меншікті қаржысы мен несие қаржысы (банктен уақытша қажетті өтеу үшін алған) болып бөлінеді. Айналым қаражаты кәсіпорынның пайдасы есебінен өсіп отырады. Өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының кез келген кезеңінде айналым қаражаты жетпей қалса онда өндірістің үздіксіз өнім шығаруы бұзылады. Қазақстанда 90-жылдары өнеркәсіп салаларына экономикалық шетелдік инвестициялардың мол тартылуы кәсіпорындардың айналым қаражаты тұрақтандыруға, игеруге жағдай жасады.

Өндірістік байланыс қорынының құрамында, негізгі қор және айналым қаражатты бар. Қаражаттардың айналым деп атауының себебі, табиғи-заттық формасының өзгеріп, оның өндірістік процінде айналымдылық жүруінен айтады. Бұл айналымдылық бір өндірістік цикл (жыл) бойынша жүреді, бұнда айналым қаражаттары толығымен жұмсалып өз бағасын жаңадан шығарылған өнімге ауыстырылады. Әр айналымыдылықта айналым қаражаттар бірнеше деңгейлер өтеді. Басында олар ақшалай түрінде болады (Д), содан кейін кәсіпорын шикі затты, құрылыс материалдарды, энергоресурстарды, қосымша бөліктерді және де басқа товар-материалдық құндылықтарды сатып алу үшін қолданылыды (Т). Олар өндірістік процеске кіредіп (П), соңында жаңа өнім немесе товар пайда болады (Т’) . Жаңа өнімді жүзеге асырғаннан кейін айналым қаражаты қайта ақшалай түрге келеді (Д’). Классикалық түрде айналым қаражаттың айналымдылық формуласы Д - Т…П - Т’ - Д’.

Байланыс саласында, өнім процесі уақат бойынша тұтыныну процеспен сәйкес келетіп, соңғы өнім заттық түрде болмайды. Айналымдылық формуласында дайындалған өнім (Т’) болмайды, сондықтан ол келесі формуламен бейнеленеді: Д – Т…П – Д’.

Байланыс қызметі затсыз болуы өзгешелігінен және оны өндіру кезінде шикі зат пен материалдарды қолданмағандықтан, жалпы өндірістік қорына қарағанда айналым қаражатының бағасы азырақ болады. Бірақ қызмет көрсету саласыда оның ролі азаймайды, өйткені айналым қаражаттар негізгі қорлардың шығындары мен еңбексіз мүмкін емес. Нарықтық экономика жағдайында айналым қаражаттың мағнасы артады, себебі компания активтерінің қозғалмалы бөлігігің қолдану деңгейі, олардың финанстық деңгейіне байланысты.

2013 жылдың 7 мамырында жария болған 2014 жылдың 31 наурызындағы жағдайы бойынша «AlemTrade» ЖШС-ның айналым қаржысы 300 миллиард теңгені құрайды.

2.5. Кәсіпорынның еңбек ресурстары. Еңбек ақы төлеу.

Экономикада өнімділікті жоғарлату басқару процесіне және өнімді немесе еңбекті өзгерту процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың жеке біреуі орын алса, онда өнімділік өседі.

  1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды;

  2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;

  3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ шығындардың өсу қарқыны өнімнің өсу қарқынынан төмен болады.

  4. Өнім көлемі өзгермейді, шыығндар төмендейді;

  5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ шығындардың төмендеу қарқыны жоғары болады.

Кейбір салаларда өндіріс шығындарының айырмашылықтары табиғи, жаратылыс жағдайлармен байланысты болады. Бұған мысал болатын – біздің елде осыдан бұрын «маусымдық» немесе аймақтық бағалардың болғаны.

Біріншісі, өндіріс шығындарын өсіреді. Осы жағдайға әкелетін факторларға:

  • Тұтынудың өсуі осы себепті өндірістің жекеленуін көздеу;

  • Шығарылымдардың ассортиментінің жиі-жиі өзгертіліп тұруы, алмастырудың қажеттігі;

  • НИОКР шығындарының өсуі, қызметкерлердің білім дәрежесін жоғарылату, жарнама шығындары.

Екіншісі, жаңа технологиялардың алдымен ресурстарды үнемдеуді көздейтінімен байланысты.

Қазіргі заманда ілгері дамыған елдерде көп өнімдер бойынша өндіріс дәрежесінің дамығаны соншама, тіпті оны одан әрі өсіру тиімді емес болып табылады. Бұл жағдайларда өндірісті сапа жағынан жетілдіру мақсатты болып табылады.

Осымен қатар, бүгінгі кәсіпорындардың шығындарының өзгерістері, автоматтанған өндірістер санының өсуімен де байланысты. Автоматтандыру тұрақты шығындардың және инвестициялардың өсуіне және өзгермелі шығындардың төмендеуіне әкеліп соғады. Өндіріс шығындары құрылымындағы осындай өзгерістер өндіріс қуаттарын толық пайдалануға ынталандырады.

Еңбек өнімділігі=Жиынтық қоғамдық өнім / Жұмыс атқаратындар саны.

Кәсіпорын деңгейінде:

Еңбек өнімділігі=Q (өнімнің саны)/ Т (уақыт)

Еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс уақытын үнемдейтін факторларға назар аударылады. 1) жұмыс уақытын ұтымды пайдалану;

  1. жұмыста кездесетін тиімсіз үзілістерді азайту.

Еңбек өнімділігін арттыру мақсатында кәсіпорындарда жұмыс күшінің бәсеке қабілеттілігін, сапасын жоғарылату қажеттілігі мына факторлармен анықталады:

    • өндірістік ресурс ретінде персонал құнының өсуі;

    • еңбекті тиімді қолдануды және ұйымдастыруды жаңа әдістерді талап ететін бәсекелестер тарапынын қысым;

    • өндірісті басқаруда және ұйымдастыруда жаңа әдістерді талап ететін технологиялық өзгерістер;

    • өз жұмысшыларының потенциалының өсіміне кәсіпорын басшыларының әлеуметтік жауапкершілігі;

    • автоматтандырылған жүйелердің енгізілуі және оларды басқаратын жұмысшылардың квалификациялық деңгейінің сәйкестілікті талап ету;

    • жұмысшылардың интеллектуалдық дайындығын арттырудың қажеттілігі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]