Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИЯ_1_1КАЗ (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
994.3 Кб
Скачать

2.1.3. Коаксиальды кабельді байланыстың конструктивтік элементтері

Коаксиальды кабельдің ең негізгі элементі болып ішікі орталығында изолирленген сым орналасқан, коаксиальды жұп – икемді металды трубка саналады.

Трубканы ішкі сым десе де болады, ал орталық сым – ішкі болып есептеледі. Коаксиальды кабельдер сымның ішкі диаметріне d сыртқы диаметріне D және олардың қатынастарына d/D байланысты бөлінеді. Ең көп таралған коаксиальды жұптардың келесі негізгі түрлері: кішкентайлары 1,2/4,6; орташалары 2,6/9,4; үлкендері 5/18 (алымында ішкі сымның диаметрі көрсетілген, ал бөлімінде сыртқы сымның ішкі диаметрі көрсетілген, мм).

Сыртқы сым бойлық тігісті алюминийлі лентадан немесе мыстан жасалынуы мүмкін. Орташа және кішкентай типті кабельдерден ең көп қолданысқа ие болған гофр және найзағай түріндегі бойлық тігісті мыстан жасалған сыртқы сым.

Орта түрдегі 2,6/9,4 кабельдер көбінде магистральды желілерде қолданылады, ал кішкентай түріндегі 1,2/4,6 кабельдер азгабаритті деп аталынады және көбінде ішкізоналық желі тораптарында қолданылады. Үлкен типтегі кабельдер 5/18 суасты кабель желілерінде қолданылады.

Коаксиальды жұптарда изоляцияның келесі негізгі түрлері қолданылады:

  • шайбалы, 20…30 мм сайын орналасқан, 2,2 мм қалыңдықта полиэтиленді шайбадан тұрады (сур. 2.8);

Сур. 2.8. Коаксиальды жұптың шайбалы изоляциясы

  • балонно-кордельді немесе балонды, симметриялы кабель желісінің аналогтық изоляциясы ( сур 2.3, д,е).

Өзінің негізгі белгілерінен басқа, коаксиальды жұптардың изоляциясы қатаң концентрацияны фиксирлейді, онымен қоса сымдардың күрделілігі, бұл коаксиальды конструкцияның негізгі талабы болып табылады.

2.1.4. Электрлік байланыс кабельдерінің таңбалануы және түрлері

Кабель таңбалануында әріптер және цифрлар көмегімен таңбаланған негізгі классификацияланған белгілер мен кабельдің конструктивті ерекшеліктері, шартты белгілі жүйе бойынша түсіндіріледі.

Алғашқы бір немесе екі әріп кабель белгісін анықтайды. Мысалы, қалалық телефондық кабельдерде Т әрпімен белгіленеді, магистралтды симметриялық және азгабаритті коаксиальды кабельдер МК әріптерімен, магистральды коаксиальды КМ әріптерімен белгіленеді.

Кейінгі бір немесе екі әріп конструкцияның ерекшеліктерін немесе кабель изоляциясының материалын білдіреді. Мысалы, жұлдызды шиыршық ТЖ кабельі З әрпімен білінеді, кордельді-полиятроильды изоляция (стирофлексті) С әрпімен, полиэтиленді изоляция П әрпімен, құбырлы-полиэтиленді-Т әрпімен белгіленеді. Симметриялық кабельде қағаз изоляция және коаксиальды кабельде шайбалы изоляциялар таңбалануда әріпті белгіленбейді.

Соңғы бір немесе екі әріп кабель таңбасында қорғаныш қабатының түрін білдіреді. Мысалы, жалаңаш қорғасындалған кабель Г әрпімен белгіленеді, алюминді қабықша А әрпімен, ал болат қабықша С немесе Ст әріптерімен белгіленеді. Б әрпі сырты кендірлі қорғаныш жапқышты екі болат лентадан тұратын кабель брондануын білдіреді. К әрпі сыртқы жапқышты, дөңгелете мырышталған сымды брондалғанын көрсетеді; БГ-жалаңаш брондалған, сонымен қатар сыртқы қорғаныш қабықшасыз кабель екенін білдіреді.

Егер брондалған тірекшеде тоттануға қарсы изолирленген жапқыш бар болған жағдайда белгіленуіне мынадай әріптер қосылады: л – поливинилхронды немесе басқа пластмассалы ленталар қабаты; 2л – екі лента қабаты, олардың араларына битум және кремделген қағаз төселген; п – полиэтиленді шланг; в – поливинилхлоридті шланг. Егер осындай әріптер табылып жатса онда Шп – полиэтиленді шлангты көрсетеді немесе Шв – поливинилхлоридті шлангты білдіреді. Кабель таңбасының соңында желі сандары көрсетіледі немесе коаксиальды жұп және желі диаметрі болады. Мысалы, төрттөрттікті 1,2 мм диаметрлі желілі кабель келесі мәндерге ие: 4х4х1,2 бесжүзжұпты қалалық кабель 0,4 мм диаметрлі желімен цифрлық мәнді береді 500х2х0,4.

Сондықтан өндірісте шығарылып жатқан әртүрлі типтегі кабельдердегі бірдей әріптер таңбалануда әртүрлі мағына береді. Мысалы, З әрпі төменжиілікті кабельдерде жұлдызды шиыршықты білдіреді, сонымен қатар зоналық байланыс кабельдерінде, С- байланыс «связь», «стирофлекс», «болат» және т.б. сондықтанда әртүрлі жағдайларда әріптердің белгілерінің маңыздылығымен кабельді ГОСТ немесе техникалық талаптр бойынша анықтауға болады.

Электрбайланыс тораптарында пайдалану симметриялық байланыс кабелінің негізгі типтерін тапты (олардың бөліктері 2.9.суретте көрсетілген):