
- •1.Электрбайланыстың бағытталған жүйелерін дамытудың негізгі кезеңі
- •1. Электрбайланыстың бағыттаушы жүйелерінің түрлері және олардың басты ерекшеліктері.
- •Лекция №1. Қазіргі уақыттағы электрлік байланыс
- •3. Нсэ дегі көпканалды жіберудің системасы
- •1.5 Кабельді желі арқылы қалааралық жоғарғыжиілікті байланысты құру принципі
- •6. Электрбайланыстың бағыттаушы жүйелеріне негізгі талаптар
- •Лекция №2. Бағыттаушы байланыс жүйесінің конструкциясы мен сипаттамасы
- •2.1 Электрлік байланыс кабелі
- •2.1.1. Электрлік байланыс кабелінің классификациясы
- •2.1.2. Симметриялы байланыс кабельінің конструктивті элементтері
- •2.1.3. Коаксиальды кабельді байланыстың конструктивтік элементтері
- •2.1.4. Электрлік байланыс кабельдерінің таңбалануы және түрлері
- •2.9. Сур. Симметриялық байланыс кабельдерінің түрлері
- •2.1.5 Цифрлық абонентті желілер үшін электрлік кабельдер
Лекция №1 Қазіргі заманғы электрлік байланыс
Кіріспе
Қазақстанның магистральды бірінші байланыс желілірінің қазіргі уақыттағы дамысы кабельді, радиорелелік және ғарыштық байланыс жүйелерін қолдануға негізделіп отыр. Атмосфералық әсерлерден және әртүрлі кедергілерден жоғары қорғалған байланыс каналды кабельді байланыс желілері, республиканың ең негізгі байланыс желілері болып саналады; кабельді желімен барлық ақпараттың 75% таратылады.
Қазіргі уақытта әртүрлі белгіленген орындарға жеткілікті мықты байланыс түйіндерін жеткізуге мүмкіндік беретін ең көп тараған байланыс құралы коаксиальды кабельдер болып табылады.
Коаксиальды кабельдерде аналогтық сияқты цифрлық жеткізу жүйелері де жұмыс істейді. Дегенмен, металлды кабелдерде елеулі кемшіліктері бар: жиілікті өткізуде шектелген жолақ; найзағайдан зақымдалудан жоғарғы ықтималдық; құралдың антитоттануының жоғарғы мәні; өңді металлдарды көп пайдалануда ( кабелді өндірушілік 50% ке дейін мысты пайдаланады және жалпы ресурстың 25% ке дейін қорғасынын қолданады); екі ортадағы күшейту пунктерінің сандарының өте көп болуы - бұл жүйенің сенімділігін төмендетуге және оның бағасының көтерілуіне алып келеді.
Жіберілетін ақпараттың көлемі кенет көтірілген жағдайда ғарыштық байланыс және радиорелелік байланыстары сияқты кең таралған байланыс жолдарымен салыстырғанда талшықты-оптикалық кабельді байланысты қолдану нәтижесінде, өткізудегі кең жолақтылығы едәуір жоғары болып, толық қол жетімділікке мүмкіндік береді. Оптикалық кабельді қолдану өзарабайланған байланыс желісінің барлық аудандарында экономикалық эффективті және мақсатқа сай болады. Бұл тек жіберу жүйесінде техникалық-экономикалық көрсеткішті едәуір жоғарлатып қана қоймай, сонымен қатар цифрлық желіге кезең-кезеңімен өткізуге мүмкіндік беріп интегральды қызмет көрсетуді (ISDN желісі) қамтамасыз етеді. Әсіресе қазіргі кездегі бүкіл әлемде өңді металдың тапшылығы кезінде, әсіресе мыстың, ВОЛС- ты дәл қазір енгізу өте көкейкесті мәселеге айналып отыр.
1.Электрбайланыстың бағытталған жүйелерін дамытудың негізгі кезеңі
Бағытталған жүйе - симметриялы, коаксиалды кабельдер, талшықты-оптикалық кабель және т.б. сонымен олардағы сигналдар таралуы бір абоненттен (станциялар, құрылғы жйне т.б) басқа абонентке жеткізілуі тек арнайы берілген тізбекпен және байланыс жүйесінің трактысы арқылы іске асады.
Бағыттаушы жүйелер берілген бағытқа электромагнитті сигналдарды лайықты сапасымен және сенімділікімен жеткізу үшін белгіленген.
ЕСТ - бірыңғай автоматтандырылған байланыс жүйесі (жалпымемлекеттік елдің байланыс торабы). Ол магистральды, зоналық және қалалықбайланыс тораптарын біріктіреді. ЕСТ-ның құрама бөлімдері болып: жалпымемлекеттік автоматтандырылған коммутирленген телефондық торап (ЖАКТТ); елдің телеграфты торабы (ТЕ); жалпымемлекеттік мәліметтер жіберу торабы (ЖММЖТ); факсимальды байланыс торабы (ФБТ), телевизиялық хабар тарату торабы (ТХТТ) Электрбайланыстырушылар бағыттайтын жүйелер (ЭБЖ) электрлік телеграфтың пайда болуымен бір уақытта туындады. Бірінші электрбайланыстың бағыттайтын жүйелері (байланыс жүйесі) кабельді болды. Кабельдер конструкциялары жетілдірілмегендіктен жерасты кабельді байланыс жүйелері көп кешікпей ауамен орнын алмастырды.
1854- Алғашқы ауа байланыс каналы Петербургпен Варшава арасында болды. XIX ғасырдың 70-жылдарының басынды Петербургтен Владивостокка дейін ұзындығы 10 мың.км болатын әуелік телеграфиялық байланыс орнатылды. 1881 жылы Ресейде 89500 км әуе телеграфтық байланыс каналы және 1083 телеграфты станциялар жұмыс істеді.
1939 жылы - 8300 км ұзындықтағы Москва-Хабаровск жоғарыжиілікті телефондық әуе магистралы эксплуатацияға жіберілді. Бірінші кабельді байланыс каналының пайда болуы орыс ғалымы П.Л. Шиллингтің атымен тікелей байланысты. Және Шиллинг Петербургте теңіз жарылысын ұйымдастырып, оны қолдану арқылы олардан изолирленген өткізгіш жасауды мақсат етті.
1851 жылы - Москва мен Петербург арасында темір жол салу кезінде телеграфты кабельде біруақытта тартылады. 1852 жылы - бірінші рет суасты кабелі Солтүстік Двина арқылы тартылды.
1879 жылы - Каспий теңізі арқылы Баку мен Красноводск арасында тартылды. 1866 ж. - Франция мен АҚШ арасында телеграфиялық байланыстың кабельді трансатлантикалық магистральы құрылысын бастады.
1882-1884 жылдары - Москвада, Петрогралта, Ригада, Одессада бірінші рет қалалық телефондық желілер салынды. 1901 жылы - жерасты қалалық телефондық желілердің құрылысы басталды.
XX ғасырдың басында - телефондық қатынасты ең ұзақ қашықтыққа дейін істеуін жүзеге асыратын - бұл әуе-қағазды изоляция желісі және олардың орамаларының жұбы бар қалалық телефондық кабельдер, кабелдік байланыстардың конструкциясы пайда болды.
1900-1902 жылдары - индуктивтілікті катушка тізбегіне қосу тәсілімен кабель индуктивтілігін жасанды жоғарылату үшін (инженер Пупинаның ұсынысы) және ферромагнитті орауышы бар токөткізгіш желіні қолдау
(Крарупа ұсынысы) жолымен жіберу ұзақтығын жоғарлату үшін әрекет жасалынды. Бұндай жолдар сол уақытта телеграфты және телефонды байланыстың ұзақтығын бірнеше ретке дейін ұзартуға мүмкіндік берді.
1912-1913 жылдары - электрондық лампаларды өндіру меңгерілді.
1917 жылы - электрондық лампаға телефондық күшейткіш каналына тәжірибе жасалынып өңделіп шығарылды. ( В.И. Коваленковым). 1923 жылы - Харьков - Москва - Петроград бағытында күшейткішті телефондық байланыс іске қосылды.
30 - шы жылдары - көпканалды жеткізу системалары, жіберілетін жиіліктің спектрін кеңейту үшін каоксиальды кабелдер және өткізетін желілер мүмкіншіліктерінің артуы дамытылды. 1935 жылы - эскапона типтес жоғарысапалы жаңа диэлектриктердің, жоғарыжиілікті керамикалардың, полистиролалардың және т.б пайда болған уақытында олар көп көлемде дайындалды. Бұл кабельдер токтың бірнеше миллиондаған жиілік герцінде энергияларды жібереді және өте үлкен қашықтықта олардын телевизиондық программаны өндіруге мүмкіндік береді.
1936 жылы - бірінші коаксиалды желі ЖЖ телефонирлеуге 240 канал. 1956 жылы – көпканалды телефонды байланыс үшін Европа мен Америка арасында суасты коаксиальды магистраль тартылды.
1965 - 1967 жылдары – кеңжолақты ақпарат тарату үшін тәжірибелі толқынды желі пайда болды, сонымен қатар өте өшіп қалуы төмен криогенді жоғарыданөткізгіш кабельді желіліер пайда болды. 1970 жылы – толқын оптикалық диапазонының көрінетін және инфрақызыл сәулеленуін қолданатын, жарықшамы мен оптикалық кабельдер құрылды.
80-жылдардың басында нақты шартты жағдайда талшықты-оптикалық байланыс жүйесі жетілдіріле түсті және сыналынды. Бұндай жүйені қолданудағы басты негізгі сфера – телефонды желі, кабельді телевидение, ішкіобъективті байланыс, есептеу техникасы, технологиялық процесстерді басқару мен контроль системасы және т.б.