Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ММУ ЖАУАПТАР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Mб
Скачать

24.Модельдеу құбылысының қосымша мүмкіндіктері.

Модельдеу (моделирование; simulation) – кез-келген құбылыстардың, процесстердің немесе объект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардың үлгісін құру (жасау) және талдау; бар немесе жаңадан құрастырылған объектілердің сипатын аныќтау немесе айқындау үшін олардың аналогтарында (моделінде) объектілердің әр түрлі табиғатын зерттеу әдісі.

Сипаты бойынша модельдеу материалдық және идеалдық болып бөлінеді. Материалдық модельдеу объектінің геометриялық, физикалық, динамикалық және қызметтік сипатын нақты дәл береді. Идеалдық модельдеуге объектінің ойдағы бейнесі жатады. Ойша модельдеу тіл көмегімен іске асырылады. Модельдеу кез-келген мақсатқа бағытталған қызметтің ажырамас бөлігі. Модельдеу танымның негізгі әдістерінің бірі.

Модельдеу тілі (simulation language) – зерттеліп жатқан объектіні үлгілеу үшін қажетті бастапқы ақпарат берілетін жобалау тілі.

Субъектінің практикалық қызметінің сферасы модельдеу объектісін басқару процесіндегі модельдің қатысына байланысты нақтылануы мүмкін. Бұл жағдайда модельдің келесі түрлері: тіркелуші, эталондық, болжамдық, оңтайланған, имитациялық деп бөлінеді.

Модельдеу құбылысының қосымша мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндік беретін модельдер кластарының басқалай да бөліну түрлерін таңдауға болады. Информатика курсында компьютер көмегімен құруға, зерттеуге болатын модельдер қарастырылады. Компьютер көмегімен мәтіндер, графикалар, кестелер, диаграммалар сияқты көптеген объектілерді құруға, зерттеуге болады.

25.Құрылымдық-функционалдық модель деп нені атайды?

Құрылымдық-функцияналдық модельдеу (талдау) — құбылыстар мен процестерді жүйелі құрылымдық тұтастық ретінде ғылыми-зерттеу әдісі. Құрылымдық-функцияналдық талдау әдісі 20 ғасырдың орта шенінде құрылымдық және функционалдық талдау әдістерін жүйелі қарастырып, біріктіру нәтижесінде пайда болған. Теориялық-методологиялық негізі жалпы ғылыми танымға тән әмбебап әдіс ретінде қаланғанымен, оның негізгі қолдану аясы мәдени-әлеуметтік құбылыстар мен процестер болып табылады. Құрылымдық-функцияналдық талдау әдісінде функция ұғымы негізгі орын алады. Құрылымдық-функцияналдық талдау мынадай жағдайларда жүргізіледі: а) белгілі бір мәселені оның жекелеген элементтері бойынша талдау, құрылымын анықтау және олардың өзара ықпалдасуы туралы болжамдарды тұжырымдау; ә) әрбір элементтің жалпылық және жекелік дәрежесін, әрекет сипатын, олардың өзіндік құрылымын ескере отырып, оған сапалық талдау жасау; б) әрбір элементтің сандық өзгеруі мен өзара әсер күшін салыстыру; в) алғашқы талдау негізінде элементтерді жинақтау.Құрылымдық-функцияналдық талдаудың басты идеясы — қоғамды біртұтас құрылымдық құбылыс деп зерттеп дәлелдеу

26.Жасанды және табиғи жүйелерге не жатады?

«Жасанды жүйелер» ұғымы тiрi организмдердi бiр, екi, үш белгiлер арқылы классификациялаудың қарапайым әдiстерiмен байланысты. Мысалы, нидерланд ботанигi К. Клюзиус өсiмдiктер классификациясын ұсынды, оның iшiнде мынадай топтарды қарастырды:

1. ағаштар, бұталар, жартылай бұталар;

2. баданалы өсiмдiктер;

3. хош иiстi өсiмдiктер;

4. иiссiз өсiмдiктер;

5. улы өсiмдiктер ;

6. қырықжапырақтар, астық тұқымдастар, шатыршагүлдiлер және т.б.

Жасанды жүйенiң басқа мысалын XVI ғасырда итальян ғалымы Андреа Чезальтино ұсынды. Ол классификацияның негiзiне дәндердiң, жемiстердiң және олардың қабықтарының құрылымын алды. Ол бiрқатар белгiлер бойынша араларында айқын айырмашылықтары бар қос жарнақты және дара жарнақты өсiмдiктердi де араластырған.

«Табиғи жүйелердiң» құрылуы өзiнiң дамуында бiрнеше кезеңнен өттi. Жан Батист Ламарктың ботаникалық еңбектерi систематика принциптерiне түпкiлiктi реформа жасауға үлкен қадам болды. Ол өзiнiң «Францияның флорасы» (1778) еңбегiнде өсiмдiктер дүниесiн 6 класқа және 94 туысқа бөлiп табиғи жүйеге жақындады. Э. Геккель табиғи жүйені үш дүниеге бөлдi – протисттер, жануарлар және өсiмдiктер.