- •1.Модель деп нені айтамыз?
- •2. Модельдеу құбылыстармен процесстер.
- •3.Модельдеу жүйесі нені айтамыз?
- •4.Модельдер не ушін қажет?
- •5.Математикалық модель деп нені айтамыз?
- •6.Бейнелеушы модель деп нені айтамыз?
- •13.Модельдеу ғылымы принциптерін атаңыз.
- •14.Редукционизм принципін талдаңыз.
- •15.Рационалдық принципін талдаңыз.
- •16.Модель қуруды неден бастау қажет?
- •17.Объектінің ерекшеленген қасиеттері мен белгілерінің бейнелеу формасы қалай таңдалады?
- •18.Формалдау - модельдеу объектісінің накты қасиеттері мен белгілерін талдаңыз?
- •19.Акпараттық модельдерді бейнелеу формасының сөздік сипаттама сын бейнелеңдер?
- •19.Акпараттық модельдерді бейнелеу формасының сөздік сипаттамасын бейнелеңдер?
- •20.Жүйелер дегеніміз не?
- •21.Жүйе үлгілерін бейнелеңіз?
- •22.Жүйенің динамикалық үлгілерін бейнелеңіз?
- •24.Модельдеу құбылысының қосымша мүмкіндіктері.
- •25.Құрылымдық-функционалдық модель деп нені атайды?
- •26.Жасанды және табиғи жүйелерге не жатады?
- •27.Компьютерлік модельдеудің мақсаты?
- •28.Семантикалық моделдің мақсаты?
- •29. Динамикалық модельдің мақсаты?
- •30.Санның мәнді цифры деген не?
- •31.Санның абсолюттік қателігі мен оның дұрыс цифрларының арасындағы байланыс?
- •32.N мәнді цифрға дейін санды қалай дөңгелектеуге болады?
- •33.Санның салыстырмалы қателігі мен оның дұрыс цифрларының арасындағы байланыс?
- •34.Тең әсер приципі деген не?
- •35.Қосудың нәтижесінде қанша мәнді цифр қалдыру керек? Алуда? Көбейтуде? Бөлуде?
- •36.Дәрежеге шығарудың нәтижесінде қанша мәнді цифр қалдыру керек?
- •37.Қандай алгоритм орнықты деп аталады?
- •38.Түбірлерді айыру дегеніміз не және бұл түбірлерді іздеу этапы не үшін қажет?
- •40.Кесіндіні қақ бөлу әдісімен [a,b] кесіндісінде түбірді ε дәлдікпен табу үшін қанша итерация n керектігін есепте.
- •41.Хорда әдісінің геометриялық интерпретациясын беріңіз.
- •42.Ньютон әдісінің геометриялық интерпретациясын беріңіз
- •43.Хорда әдісінің геометриялық интерпретациясын беріңіз.
- •45.Комбинация әдісінің геометриялық интерпретациясын беріңіз.
- •46.Итерациялық әдістің жинақтылығының жеткілікті шарты.
- •47.Ньютон әдісінің жинақтылығының жеткілікті шарты.
- •48.Ньютонның модификациялық әдісінің Ньютон әдісінен айырмашылығы неде?
- •50. Сызықтық алгебраның негізгі бөлімдерін атаңыз.
- •52. Сатж шешудің тіке әдістерін атаңыз.
- •53. Сатж шешудің итерациялық әдістерін атаңыз.
- •56.Гаусс әдісінің негізгі идеясы неде?
- •59.Жәй итерация әдісінің жинақтылығының жеткілікті шарты.
- •61.Зейдель процессінің жинақтылығының жеткілікті шарты
- •85.Лагранждың интерполяциялық көпмүшелігі қалай тұрғызылады?
- •86.Лагранждың, Ньютонның интерполяциялық көпмүшеліктерінің арасындағы байланыс?
- •88.Лагранждың интерполяциялық көпмүшелігінің қателіктерін бағалау.
- •89.Нүктелік квадраттық аппроксимациялаудың идеясы неде?
- •90.Сплайн дегеніміз не? Қандай сплайндарды білесіз?
21.Жүйе үлгілерін бейнелеңіз?
Атқарушы бөлімдер немесе ішкі жүйелер әдетте басқару жүйесінің атқару үлгісі ретінде сипатталынады. Атқарымдықүлгі арқылы кеңістік пен уақыт бойынша объектінің ішкі қызметтері мен есептері бейнеленеді. Осы үлгі мен оған қойылатын талаптар арқылы басқару объектісінің құрылымы қалыптасады. Дегенмен, бір объект үлгіні тұрғызу мүмкін емес. Сол себепті, басқару жүйесінің жалпы үлгісі келесі белгілер бойынша бөлінеді:
- үлгінің динамикалық қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету үшін басқару деңгейлеріне байланысты;
- үлгінің сызықты емес қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету үшін өндірістік сипатқа байланысты. Басқару деңгейлеріне байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үлгілер негізінен былай бөлінеді:
- басқару объектісінің дамуын болжау;
- басқару объектісінің келешекке арнап жоспарлау;
- басқару объектісінің құрылымын ұйымдастыру;
- басқару объектісінің қызметін ағымдық жоспарлау;
- басқару объектісінің қызметін жедел реттеу;
- басқару объектісінің қызметін есептеу, бақылау және талдау.
Өндірістік сипатқа байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үргілер былай бөлінеді:
- ғылыми – зерттеу немесе тәжірибелік жұмыстарды басқару;
- объектінің өндірістік құрылымын қалыптастыруды басқару;
- негізгі өнімді өндіруді басқару;
- объектінің қосымша – қызмет көрсетуші өндірісін басқару;
- көлік үрдісін басқару;
- негізгі қорларды пайдалану үрдісі мен өндіріс қуатын басқару;
- математикалық – техникалық жабдықтауды басқару;
- еңбек қорларын басқару;
- өнім өткізуді басқару;
- объектідегі қаржы-қаражат жабдықтарын басқару;
- басқарушы жүйенің дамуы мен атқарылуын басқару.
22.Жүйенің динамикалық үлгілерін бейнелеңіз?
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады. Динамикалық модель- уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені, осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар. Үй салу кезінде оның іргетасының қабырғалары мен тіреулерінің үнемі түсіп тұратын күшке шыдамдылығын тексеру керек. Бұл-үйдің статистикалық моделі. Сондай-ақ дауылға, жер сілкінісіне т.б. уақыт факторына байланысты болатын өзгерістерді де ескеру қажет. Бұл мәселелерді динамикалық модельге сүйене отырып анықтауға болады. Жоғарыдағы мысалдардан байқағанымыздай бір объектіні статистиклық және динамикалық модельдерді пайдалана отырып, зерттеу мүмкіндігі бар.
23.Жүйе үлгілерінің көпшілігі.
Атқарушы бөлімдер немесе ішкі жүйелер әдетте басқару жүйесінің атқару үлгісі ретінде сипатталынады. Ақпарат жүйесінің жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер атқарымдық бөлімінің әрекет етуі үшін немесе басқару, шешу үшін қажет.
Жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер келесі түрде бөлінеді:
- ақпараттық жабдықтау;
- техтикалық жабдықтау;
- математикалық жабдықтау;
- бағдарламалық жабдықтау;
- ұйымдастырумен жабдықтау;
- ленгвистикалық жабдықтау;
- құқықтық жабдықтау;
- эргономикалық жабдықтау;
Жабдықтау бөліміндегі ішкі жүйелер әрқайсысы өз алдына бөлек тақырып болғандықтан, олар туралы тереңірек мағлұмат басқа пәндерде қарастырылады. Дегенмен, жабдықтаушы бөлімдегі ішкі жүйелердің қысқаша сипатын төмендегідей қарастыруға болады:
- ақпараттық жобалаудың негізгі міндеті – басқарылатын объектіні сипаттайтын динамикалық ақпаратты тұрғызып, ұдайы жаңартып отыру;
- техникалық жабдықтау – ақпарат жүйесінің атқарымдық және жабдықтаушы бөлімдеріндегі ішкі жүйелерін қамти отырып, оларды жұмыс істетумен қамтамасыз ететін барлық техникалық жабдықтар жиынтығын құрайды;
- математикалық жабдықтау деп – жүйедегі есептерді шешіп, ақпаратты өңдеуде қолданылатын математикалық әдістер мен үлгілер, тәсілдер қарастырылады;
- бағдарламалық жабдықтау – ақпарат жүйесін жобалау (тұрғызу) мен жұмыс істеуге арналған әдістер мен жабдықтардың, шаралардың жиынтығы;
- лингвистикалық жабдықтау – есептеу техникасы арқылы ақпаратты өңдеу тиімділігін көтеру мен адам және компьютер арасындағы қатынасты жеңілдету мақсатында мәтіндерді сығу және жою әдістерін, кәдімгі тілді қалыптастыру ережелері мен тілдік жабдықтардың бірігуін бейнелейді;
- құқықтық жабдықтау – ақпарат жүйесінің тұрғызылуы мен қызметін және ұйымдастырылуын реттейтін сұрақтар мен нормативтік актілерді, сондай-ақ жүйеге қатысты мамандардың құқықтары мен міндеттрінің және жауапкершіліктерінің бірігуін сипаттайды;
- эргономикалық жабдықтау – ақпарат жүйесіндегі адам қызметінің тиімділігін қолдап, көтермелейтін әдістермен жабдықтардың бірігуі.
