Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ММУ ЖАУАПТАР.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Mб
Скачать

14.Редукционизм принципін талдаңыз.

Редукционизм принципі – күрделіні қарапайымдандыру мүмкіндігі

15.Рационалдық принципін талдаңыз.

Рационалдық принципі - әлемнің нақты объектілерін логиканың, математиканың көмегімен тануға болады.

16.Модель қуруды неден бастау қажет?

ЭЕМ қайда қолданылса да, ол біздің өмірімізге берік енді. Машиналардың жаңа түрлерін құрастыру, қазіргі технологиялық процестер арқылы тиімді түрлерін іздеуде, с.с. экономикалық есептерді шешу барысында және әртүрлі деңгейдегі өндірістік басқаруды жоспарлау барысындағы есептерді шешу кезінде ЭЕМ кең қолданылады. ЭЕМ қолданылмай ракетатехникалық, авиақұрылыстар, кеме жасау, сонымен қатар бөгеттер, көпірлер, т.б. ірі объектілерді жобалау мүмкін емес.

ЭЕМ қолдану үшін қолданбалы есептерді шешу барысында алдымен қолданбалы есеп формальды математикалық тілге аударылуы тиіс, яғни нақты объект, процесс немесе жүйелерге арналған математикалық модельдері құрылуы қажет.

17.Объектінің ерекшеленген қасиеттері мен белгілерінің бейнелеу формасы қалай таңдалады?

Модельдеу мақсатының түрліше болуына байланысты барлық жағдайлар үшін белгілерді, қасиеттерді, қатынастарды ерекшелейтін бірдей белгіленген тәсіл қазір жоқ.Нақты белгілердің дұрыс және толық ерекшеленуі құрылған модельдеудің берілген мақсатына сәйкестенеді, яғни оның модельдеу мақсатына адекватылығына тәуелді болады. Модельдің адекваттылығы модельдеу объектісінде нақты ерекшеленген белгілердің қандай да бір формада бейнеленуіне тәуелді болады. Адекваттылық – модельдеудің негізгі түсініктерінің бірі.Модельдеу объектісінің ерекшеленген белгілерін ұсыну формаларын таңдау – модельдеу практикасының келесі сатысы болып табылады. Модельдерді ұсынуда формалаудың: сөздік сипаттама, сызба, кесте, формула, схема, алгоритм, компьютерлік бағдарлама сияқты түрлерінің қолданылуы мүмкін. Объектінің ерекшеленген қасиеттері мен белгілерінің бейнелеу формасы таңдалған соң, таңдалған формадағы ерекшеленген қасиеттерге байланысты формалдау жұмысына кірісу қажет.

18.Формалдау - модельдеу объектісінің накты қасиеттері мен белгілерін талдаңыз?

Формалдау процессі, мысалы математикалық модель бұйымның жиналу сызбасын құруда өзіндік ерекшеліктері мен сатыларына иелік етеді.Формалдау – модельдеу объектісінің нақты қасиеттері мен белгілерін таңдалған формаға келтіру.

19.Акпараттық модельдерді бейнелеу формасының сөздік сипаттама сын бейнелеңдер?

Формалдау сатысының нәтижесі ақпараттық модель болады.Модельдеу процесін аяқтау туралы айтпас бұрын құрылған модельдің модельдеу мақсатына және объектіге адекваттылығын тексеру қажет. Құрылған модельде мақсатқа сәйкес қайшылықтар кездессе, сызбаны түзету, бағдарламаға өзгерістер енгізу, қолданылатын формулаларды нақтылау әрекеттерін орындап, модельдің дәлдігін қайта тексеру қажет.Алынған модельдің модельдеу объектісінің бейнелену адекваттылығына талдау жасап, модельдеу мақсатына жету – модельдеудің соңғы сатысы. Ақпараттық модельдерді бейнелеу формасының сөздік сипаттама, кесте, сурет, алгоритм, сызба түрінде болуы мүмкін.