
- •2). Хирургия бойынша жағдайлық есеп .
- •3). Хирургия бойынша жағдайлық есеп.
- •4)Хирургия бойынша жағдайлық есеп.
- •5)Хирургия бойынша жағдайлық есеп .
- •6) Хирургия бойынша жағдайлық есеп
- •7)Хирургия бойынша жағдайлық есеп
- •8) . Хирургия бойынша жағдайлық есеп
- •9) Хирургия бойынша жағдайлық есеп
- •10) . Хирургия бойынша жағдайлық есеп
6) Хирургия бойынша жағдайлық есеп
Науқас Г. 53 жаста. Клиникалың хирургиялық бөліміне оң жақ қабырға астында толғақ тәрізді ауырсынуға, көп реттік құсуға, 38,7 С дейінтемпературасының жоғарлау шағымдарымен госпитализация жасалынды. Қарау кезінде тері жамылғысы қалыпты, склерасы сарғайған. Тілі құрғақтау. Іші пальпация кезінде ауырсынады және оң жоқ қабырға асты тығыздалған. Іштің тітіркену синдромы оң. 48 сағат ішінде науқасқа консервативті терапия (антибиотиктер, спазмолитиктер, бауырдың жұмыр байламының блокадасы, локальды гипотермия)жүргізді. Консервативті терапия нәтижесіз. . Қандағы лейкоцитоз 17,6х109/л. дейін өсті
Жағдайлық есеп бойынша хирургиялық сұрақтар
1. Сіздің диагнозыңыз? Өт-тас ауруы, жедел холецистит, механикалық сарғаю
2. Қосымша зерттеу әдістері? УЗИ ГДЗ, іш қуысының шолу рентгенорафиясы, ФГДС
3.Ажыратпалы диагноз жүргізіңіз?
Асқазан ойық жарасымен, жедел пакреатитпен
4. Берілген патологиядағы жиі асқыныстар?
Өт қабынуы тесілуі, перитонит
Емдеу тактикасы?
Хирургиялық-оперативті
7)Хирургия бойынша жағдайлық есеп
Науқас 60 жаста хирургиялық бөлімге оң жақ мықын аймағында ауырсыну болғаннан кейін 6 сағаттан соң госпитализация жасады. Науқас жағдайы қанағаттанарлық. Температура-37,2 °С. Қалтырау жоқ. Пальпация кезінде- оң жақ мықын аймағында тығыз, көлемі 7 – 8 см шекарасы анық емес түйін бар жерде ауырсыну. Щеткин- Блюмберг симптомы әлсіз оң. Ровзинг, Ситковский симптомдары оң. Науқастың сөзі бойынша соңғы 6 айда іштің қатуы болған. Лейкоцитоз – 10,2х109/л.
Жағдайлық есеп бойынша хирургиялық сұрақтар
1.Сіздің болжамды диагнозыңыз? Жедел инфильтративті аппендицит
2. Қандай ауруларды жоққа шығару керек? Жедел гинекологиялық ауруларды жоққа шығару қажет
3. Емдік тактика қандай? Консервативті ем және динамикалық бақылау
4. Қандай қосымша зерттеу әдістері жүргізілу мүмкін? Іш қуысының шолу рентгенографиясы, УДЗ
5. Операциялық араласуға көрсеткіш барма? Уақытша көрсеткіш жоқ
8) . Хирургия бойынша жағдайлық есеп
Науқас 25 жаста хирургиялық бөлімге төмендегі шағымдармен түсті: іштегіәсіресе оң жақ бөлігіндегі ауырсыну, бастың айналуынан болатын әлсіздік. Өзін 10 сағаттан бері ауру санайды. Объективті қарағанда тері жамылғылары бозғылт, іші әлсіз және ісінген, пальпация кезінде жұмсақ ауырсынусыз. Оң жақ мықын мықын аймағында Щеткин- Блюмберг симптомы оң. Пульс 130, Темперетура 37,10 С. Лейкоцит 10,1х109/л.–
Жағдайлық есеп бойынша хирургиялық сұрақтар
1. Бірінші кезекте қандай аурулармен ажыратпалы диагноз жүргізу керек? Жедел гинекологиялық аурулармен ажыратпалы диагноз жүргізу керек
2. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеулер қажет? Іш қуысының шолу рентгенографиясы, УДЗ
3.Қандай клиникалық симптомдар күмәнді жағдайды туғызады? Щеткин- Блюмберг симптомы, Пульс 130, Темперетура 37,10 С. Лейкоцит 10,1х109/л.–
4.Диагнозды нақтылау үшін әйелдің анамнезінде қандай жағдайлардың маңызы бар? Гинекологиялық анамнезінің маңызы зор
5. Сіздің емдеу тактикаңыз?
Хирургиялық-оперативті
9) Хирургия бойынша жағдайлық есеп
Науқас 40 жаста, 7 күн алдын жедел флегмонозды аппендицит бойынша аппендэктомия жасалған, Операциядан кейінгі жақын уақытта асқыныстар болмаған. Операциядан соң 6 тәуліктен кейін температураның жоғарлауы 39°С-қа дейін , қалтырау, іштің төменгі жағыгдағы аурсыну, тенезм, зәр шығарудың жиілеуі.
Диагноз: Дуглас кеңістігінің абсцессі
Жағдайлық есеп бойынша хирургиялық сұрақтар
1. Берілген симптоматиканың пайда болуын қалай түсіндіресіз?
2. Диагнозды нақтылау үшін не істеу керек?
3. Сіздің емдеу тактикаңыз?
4. Операция әдісі?
5. Жансыздандыру түрі?