
- •2). Хирургия бойынша жағдайлық есеп .
- •3). Хирургия бойынша жағдайлық есеп.
- •4)Хирургия бойынша жағдайлық есеп.
- •5)Хирургия бойынша жағдайлық есеп .
- •6) Хирургия бойынша жағдайлық есеп
- •7)Хирургия бойынша жағдайлық есеп
- •8) . Хирургия бойынша жағдайлық есеп
- •9) Хирургия бойынша жағдайлық есеп
- •10) . Хирургия бойынша жағдайлық есеп
1)Хирургия бойынша жағдайлық есеп .
Науқас Н., 67 жаста тәулік бойына ішінің, әсіресе сол жақ жартысының үдемелі ауырсынуына, ішінің кебуіне, нәжіс пен газдың шықпауына, құсуына шағымданып келді. Анамнезінде- бір жылдан аса іштің қатуы, тәбеттің төмендеуі, әлсіреуі және осы уақытта 10кг салмақ тастаған. Соңғы уақытта ішінің сол жағындағы ауырсыну мазалаған. Объективті қарағанда: науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тәбеті төмендеген, терінің серпімділігі мен тіндердің тургоры төмендеген, тері қабаты бозғылт, пульс минутына 90, АҚҚ 110/70 сын.бағ. Тілі ылғалды. Іші біркелкі кепкен, перкуссия кезінде «тимпанит», пальпация кезінде сол жақ бүйірлік канал бойында ауырсыну.құрсақтық тітіркену симптомы жоқ, перистальтикалық шум естіледі. Рer rectum-ды қарағанда- тік ішек ампуласы бос, қан аналізінде эр.-3,1 . 1012/л; Hb - 102 г/л ; L -6,5
Диагноз: Дивертикул Меккелья? Или Язвенный колит
Жағдайлық есеп бойынша хирургиялық сұрақтар
1. Науқаста қандай клиникалық синдромдар бар? Аурудың жіктелуі.
2. Берілген жағдайдағы синдромның дамуына мүмкін болатын себебі?
3. Науқасты қосымша зерттеу жоспары?
4. Негізгі аурудың және оның асқынуының диагностикасында рентгенологиялық және эндоскопиялық әдістерді тағайындау маңыздылығы.
5. Науқаста консервативті шаралардың көлемі және оларды жүргізу мақсаты?
6.Консервативті емнің эффективтілігіне байланысты хирургтың әрекеті?
7. Операцияға көрсеткіш. Консервативті шаралардың эффективтілігіне, науқас жағдайы және операция кезінде табылған өзгерістерге байланысты операциялық араласу түрлері
8. Операциядан кейінгі кезеңді жүргізу ерекшеліктері?
2). Хирургия бойынша жағдайлық есеп .
Науқас М.,53 жаста шұғыл операция кезінде келесі өзгерістер анықталды. Ішастардың париетальды және висцеральды қызарған, ісінген, жіңішке ішектің ілмегі газбен және сұйық құрылыммен толған, фибринмен жабылған, құрсақ қуысының барлық бөлігінде 500,0 мл-ге жуық іріңді-фиброзды сұйықтық анықталды. Құрт тәрізді өсінді гангренозды өзгерген, ұшында диаметрі 0,5 см.көлемдегі перфорациялық тесік бар, жіңішке ішектің ілмектерінің арасында 3 ішекаралық 50,0 мг іріңді абцесс табылған.
Жағдайлық есеп бойынша хирургиялық сұрақтар
Сіздің итраоперационды диагнозыңыз?
Жауап: Перитонит, гангренозды, перфоративті аппендицит, ішектердің жабысуы.
Хирург қандай әректті таңдау қажет?
Аппендэктомия, ішек жабысуларын ажырату, іш қуысын тазалау.
Ішектің декомпрессиясына қандай шаралар жасау қажет?
Ішекке новокаинді блокада жасап, қызметі қалыпқа келгенше жылы салфеткамен орау
Операцияны қандай әдіспен аяқтау қажет?
Іш қуысына дренаж, тампон қалдыру
3). Хирургия бойынша жағдайлық есеп.
Науқас Е. 17жаста далада (на поле) бір күн бойы тамақ ішпей жұмыс істеді, ал кешке үйге келгенде көп тамақ ішті. Түнде ішінің, әсіресе кіндік аймағының қатты ауырсынуынан оянды. Бір жыл бұрын жедел аппендицит бойынша операция болған. Қабылдау бөлімінде жалпы қарау кезінде науқас мазасыз, стонет. АҚҚ 90/70 сын.бағ. Пульс 124 мин.. Тілі құрғақ, ішінің формасы дұрыс емес, пальпация кезінде жұмсақ, ішектің перистальтикасының күшеюі естіледі, «плеска» шуы анықталады. Ректальды зерттеулер ауырсынусыз.
Жағдайлық есеп бойынша хирургиялық сұрақтар
Сіздің болжамды диагнозыңыз
Ішек өтімсіздігі
Анамнестикалық мәліметтерді бағалаңыз
Анамнезінде: бірден көп мөлшерде қатты тағам қабылдау ішек өтімсіздігіне алып келуі мүмкін.
Қосымша зерттеу әдістері
Рентгенография, колоноскопия, УДЗ
Емдеу жоспары.
Хирургиялық - оперативті
Операция кезінде мүмкін болатын операциялық ену және жансыздандыру түрі: Орталық ортаңғы лапаратомия, жалпы жансыздандыру
4)Хирургия бойынша жағдайлық есеп.
Науқас 51 жаста . Эпигастральды аймағындағы ауырсыну сезіміне, тез тойымдылық , «шіріген жұмыртқа» тәрізді кекіруге,бірден салмақ тастау шағымдарымен түсті. Ауруханаға түскенге дейін 3 күн бұрын тамақтанғаннан кейін бірден құрамында тамақ қалдықтар бар құсу болған. 7 жылдан бері әр жыл сайын асқынатын асқазанның ойық жарасымен ауырады. Обьективті қарағанда жүдеген, терісі құрғақ, салбырыған, қатпарлар жиналады. Іш жұмсақ, «плеска шуы » ашқарынға кіндіктен төмен естіледі. АҚҚ 90/75 сын.бағ. Хвостек синдромы оң.
Диагноз: Аневрезма пищевода
Жағдайлық есеп бойынша хирургиялық сұрақтар
Қандай асқыныс туралы ойлауға болады?
Асқазананның рентгеноскопиясында не күтіледі?
Су- электролиттік баланстың жағдайын бағалаңыз: дегидратация
Гемотокритте өзгерістер, қалдық азоттарында, зәрдің салыстырмалы тығыздығында қандай өзгерістер күтіледі?
Емдеу тактикасы.
5)Хирургия бойынша жағдайлық есеп .
Шап аймағындағы ауырсынуға және жарықтың шығуына, нәжістің және газдың шықпауына шағымданған науқас бөлімшеге жеткізілді. 8 сағат бұрын эпигастрий аймағындағы жедел ауырсыну мен бірреттік құсудың пайда болуына байланысты жедел ауырды. 6 жыл бойы оң жақтық шап- ұмалық жарықпен ауырады. Ерте тағайындалған операциядан бас тартқан. 10 жыл бойы 12 елі ішектің ойық жарасымен ауырады. Асқыну соңғы бір айда болған. Амбулаторлы ем қабылдаған. Шығару парағындағы ЭГДС- те –ойық жараның тыртықтану сатысы. Науқастың жағдайы ауыр, тері жамылғысы бозғылт, пульс 124, АҚҚ 95/60 сын.бағ. Тілі ақ жабындымен жабылған, іші тыныс алуға қатыспайды, тығыз, барлық бөлімдерінде ауырсыну, Щетткин-Блюмберг симптомы оң. Ішектегі шулар әлсіреген. Оң жақ мықын аймағында жарықтық шығу бар, 8×7×6 см., тығыз, пальпация кезінде құрсақ қуысында жазылмайтындай бірден ауырсыну.
Жағдайлық есеп бойынша хирургиялық сұрақтар
Сіздің болжамды диагнозыңыз?
Қысылған оң жақ шап-ұма жарығы, ішек өтімсіздігі
Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеулер жүргізесіз?
Іш қуысының рентгенографиясы, УДЗ, колоноскопия
Науқасқа қандай ем тағайындайсыз?
Хирургиялық-оперативті
4) Сіз болжаған патологияға жоғарыдағы клиникалық көріністер сәйкес келеді ме? ия