
- •Мазмұны
- •Нұсқа 1 (асқазанның ож) Станцияда студенттер үшін қысқаша мәлімет
- •Станцияда студент үшін тапсырма
- •Экзаменатор үшін мәліметтер
- •Стандартталған науқасқа арналған инструкция
- •Станцияның бағалау парағы
- •Нұсқа 2 (оеі ож пилоростеноз) Станцияда студенттер үшін қысқаша мәлімет
- •Станцияда студент үшін тапсырма
- •Экзаменатор үшін мәліметтер
- •Стандартталған науқасқа арналған инструкция
- •Станцияның бағалау парағы
- •Нұсқа 3 (Соз. Холецистит) Станцияда студенттер үшін қысқаша мәлімет
- •Станцияда студент үшін тапсырма
- •Экзаменатор үшін мәліметтер
- •Стандартталған науқасқа арналған инструкция
- •Станцияның бағалау парағы
- •Станцияда студенттер үшін қысқаша мәлімет
- •Станцияда студент үшін тапсырма
- •Экзаменатор үшін мәліметтер
- •Стандартталған науқасқа арналған инструкция
- •Станцияның бағалау парағы
- •Нұсқа 5 (асқазанның жедел ойық жарасы) Станцияда студенттер үшін қысқаша мәлімет
- •Экзаменатор үшін мәліметтер
- •Станцияның бағалау парағы
Нұсқа 3 (Соз. Холецистит) Станцияда студенттер үшін қысқаша мәлімет
Клиникалық жағдаймен танысыңыз және берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Науқас Искакова М.Т., 60 жаста, оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, жалпы әлсіздікке, аққабықтың сарғыштығына, ашушаңдылыққа, метеоризмге шағымданып түсті.
Станцияда студент үшін тапсырма
Науқас Искакова М.Т., 60 жаста, оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, жалпы әлсіздікке, аққабықтың сарғыштығына, ашушаңдылыққа, метеоризмге шағымданып түсті.
Тапсырма:
1. Шағымдар туралы сурақтар жүргізіңіз, ауру тарихын жинаңыз - науқастың жағдайын анықтаңыз. (ІАП)
2. Берілген суреттердің ішінен сәулелік зерттеудің нәтижесін табыңыз.(ВД)
3. Суреттен берілген патологияға сай келетін негізгі сәулелік симптомдарды атаңыз және көрсетіңіз (тікелей белгілерін) (ВД).
……….
……….
……….
……….
4. Өт қабы түбінің скелетотопиясын атаңыз
…….
5. Өт қабының синтопиясын атаңыз
……
…….
……..
……..
Экзаменатор үшін мәліметтер
1.Өтініш, студентті бақылаңыз және бағалаңыз (ІАП)
Анамнез жинау және коммуникативті дағдылар;
Сөйлемей көрсету назар белгілерін қолдану
науқас шағымдарын детализациялау;
ауру тарихын жинау.
2. Берілген суреттердің ішінен холециститте қолданылатын зерттеу әдісін (УЗИ) таңдады (сурет №3 -эхограмма).
3. Холециститке тән негізгі сәулелідыбыстық белгілерді атады және оларды эхограммада көрсетті;
- өт қабы қабырғасының қалыңдауы және инфильтрациясы
- өт қабы қуысының кеңеюі
- өттің біртектес еместігі
- конкременттер.
4.Өт қабының скелетотопиясын көрсетті және атады (Анатомия 2)
Алдыңғы құрсақ қабырғасында IХ—X оң жақ қабырға шеміршегінің қосылу деңгейінде орналасады
5.Өт қабының синтопиясын көрсетті және атады
Жоғарыдан - бауыр
Оң жағынан – тоқ ішектің оң жақ бауырлық иілімі және он екі елі ішектің алғашқы бөлігі
Сол жағынан – асқазанның пилорикалық бөлігі
Келесі студент келгенше бағалау парағын толтырып қойыңыз.
Ескертулер: өтініш, студен жауап беріп жатқанда комментария мен қосымша сурақтар қоймаңыздар.
Стандартталған науқасқа арналған инструкция
Искакова М.Т.
Сіз 60 жастасыз.
Ауырсыну оң жақ қабырға астында және құрсақ үстілік аймақта орналасқан.
Ауырсыну мінезі басып-жаншып ауырады.
Ауырсыну интенсивтілігі орташа, ұстама тәрізді (приступообразные)
Ауырсыну арқаға және оң жақ жауырынға, мойынның оң жақ бөлігіне беріледі.
Ауырсыну тұрақты емес, көбінесе майлы, ащы тағамнан, стресстен кейін пайда болады.
Тәбеті сақталған.
Мезгіл-мезгіл ауызға ащы дәм келетін, қыжыл болады.
Сіз өзіңізді 10 жылдан бері аурумын деп санайсыз.
Емдәмді бұзудан кейін нашарлау пайда болды.
Қабыну мезгілінде жүрек айну, ащы дәммен басылмайтын тұсық
Мезгіл-мезгіл өттің препараттарын қабылдайсыз
Жағдайының нашарлауы емдәмді бұзғанда және физикалық күш түсіргенде байқалады.
Гатроэнтерологта қараласыз. Дәрігердің ұсыныстарын кейде сақтамайсыз.