Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_ls.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
271.23 Кб
Скачать

1.Байланыс жолдарының классификацияларын түсіндіріңіз.

Байланыс жолы-электр сигналын берушіге жеткізілуін қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен табиғи немесе жасанды орта жиынтығы болып табылады. БЖ электрлік, дыбыстық(акустикалық) және оптикалық болуы мүмкін. Кең таралған электрлік байл/с жолының қатарына:сымдық/өткізгіштік(әуе немесе кабель) радио (радиорелелік,жергілікті және т.б.), оптикалық(кабельдік) және атмосфералық жолдар жатады. Әуе БЖ-ы изоляторлар арқылы ағаш немесе темір-бетон бағаналарға ілініп тартылған изоляцияланбаған металл немесе биметалл сымдардан тұрады. Кабельдік БЖ-ы жер көміледі, су асты арқылы тартылады, тіректерге де ілінеді, үй қабырғаларына бекітіліп те тартылады. Классификациясы:

БЖ: Радио және Сымды(бағыттаушы жүйелер);

Радио: Радио жолдар(РЖ әуе арқылы 0,3-30ГГЦ-тік жиілік ауқымда жасалынады), Радиорелелік жолдар(РРЖ-кабельді байланыс жолдарын алмастыру үшін пайдаланылады),Сымда жолдар(СЖ) ;

Сымды(бағыттаушы жүйелер): Әуе жолдар (ӘЖ), Темір жолдар(ТЖ),Кабельдік жолдар(КЖ): Симметриялық кабель(СК) және Коаксиялды кабель(КК)болып бөлінеді.

2.Байланыс жолдарының қолданылу аймақтары.

БЖ: Халықаралық, Жергілікті: АТЖ(СТС) және ҚТЖ(ГТС), Қалааралық: магистральді желі - қаланы (облыстардың, республикалардың, өлкелердің) аймақ орталықтарымен және аймақтарды бір-бірімен жалғайды немесе негізгі түйінді (желілік түйін СУ0) аймақ орталықтарымен (желілік түйіндер - СУ2,СУ10,СУ12) сондай-ақ аймақтарды бір-бірімен жалғайды; және аймақтық желі- бір-екі облыстар шегінде ұйымдастырады. Ол аймақішілік және жергілікті болып бөлінеді. аймақішілік желі- облыс орталығын аудандармен жалғайды; жергілікті желі- ауылдық байланыстан(аудан орталығын колхоздармен, жұмыс поселкалармен) және қалалық байланыстан тұрады.

3.Бағыттаушы жүйе дегеніміз не? Бағыттаушы жүйе топтары.

Бағыттаушы жүйе (БЖ) – бұл берілген бағытқа электромагнитті энергияларды тасымалдауға арналған құрылғы. Осындай арна тартушы қасиетті сымдар, диэлектрик және кез келген әртүрлі электрлік қасиеті бар орта шегінің бөліктері (металл – диэлектрик, диэлектрик –ауа) иеленіп отыр. Сондықтан БЖ ролін металдық желі, (кабель, толқынша), диэлектриктік өтімділігі ε > 1 бар материалдан жасалған диэлектрлік желі (диэлектрлік толқын, талшықты жарықша), сонымен қатар металдиэлектрикалық желі (толқын үстіндегі желі) атқара алады.

Бағытталған жүйе - симметриялы, коаксиалды кабельдер, талшықты-оптикалық кабель және т.б. сонымен олардағы сигналдар таралуы бір абоненттен (станциялар, құрылғы жйне т.б) басқа абонентке жеткізілуі тек арнайы берілген тізбекпен және байланыс жүйесінің трактысы арқылы іске асады. Бағыттаушы жүйелер берілген бағытқа электромагнитті сигналдарды лайықты сапасымен және сенімділікімен жеткізу үшін белгіленген. Электрбайланыстырушылар бағыттайтын жүйелер (ЭБЖ) электрлік телеграфтың пайда болуымен бір уақытта туындады. Бірінші электрбайланыстың бағыттайтын жүйелері (байланыс жүйесі) кабельді болды. Кабельдер конструкциялары жетілдірілмегендіктен жерасты кабельді байланыс жүйелері көп кешікпей ауамен орнын алмастырды.

Коаксал кабельдегі бір коаксиал тізбегімен 1920-дан 10800-ге дейін аналогты тел. байланысын 8,5-нан 60МГЦ -тік жиілік ауқымда және 1920 импульстік арналарды 140 МГЦ-тік жиілік ауқымда жасауға болады.

Оптикалы-талшықты кабельдің бір талшығымен ондаған, жүздеген мың телефон байланысын ГЦ-тік жиілік ауқымында жасауға болады.

Сыртқы толқынды байланыс жолдары әзірге тек тәжірибелі зертханаларда ғана қолданылады. Оның мүмкіндігі Гц-тік жиілік ауқымында ондаған мың телефон байланысын жасау.

Толқын жолды байланыс тек бір жерге орналасқан құрылғыларды жалғастыруға пайдаланылады.Оның мүмкіндігі Гц-тік ауқымда байланыс жасау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]