Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_3554.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
616.45 Кб
Скачать

Database Desktop көмегімен кесте құру

Мәліметтер базасының кестелерін құру үшін Database Desktop (DBD) (Пуск|Программа|Borland Delphi 7| DataBase Desktop ) утилитін жіберу қажетті. Утилит жіберілуінен кейін жұмысшы жалған аты утилитін орнатамыз. Бұл жалған аты автоматты түрде жұмыс істейтін утилит. Егер жұмысшы атты орнапаса, онда BDB жұмыс істеген сайын жалған атты көрсетіп отыруы керек, бүл уақытты көп алады.

Database Desktop-ты жүктейік. File/New командасын таңдау арқылы біз келесі қосымша менюді көре аламыз:

QBE Query

Визуальды сұраныстарды құру және оларды файлға жазу

SQL File

SQL-де сұаныстар жасау және оларды файлға жазу

Table

Жаңа кесте құру

Table командасын таңдап аламыз. Төмендегі суретте көрсетілгендей сұхбат терезесі ашылады. Сырғымалы тізімнен МББЖ таңдап алуға болады. Қалыпты жағдайда Paradox 7-ні таңдап алып OK түймесін басамыз.

Төмендегі суретте көрсетілгендей кестенің құрылымын құрушы терезе ашылады:

DELPHI- дің өзіндік кестелік форматы жоқ, бірақ ол PARADOX кестелерімен жұмыс істей береді. Осы кестелердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

PARADOX кестесі деректер базасын құрғанда және онымен жұмыс істегенде ыңғайлы болып табылыда.

Оның негізгі артықшылықтарын атап өтейік:

  • Деректердің тұтастығын

  • Әртүрлі типті деректерді ұсынуға арналған өрістік типті

  • Енгізілген деректерді тексеруді

  • Кестенің парольдық қорғанысын

қамтамасыз етеді.

PARADOX7 кестесінің өрістік типінің тізімі

Тип

Белгіленуі

Мәннің мазмұны

Alpha

A

Символдар қатары.Ұзындығы 255 символ

Number

N

Нақты сандар

Money

$

Оң және теріс сандар.Number –ден берілу формасы мен ақша бірлігі символымен ерекшеленеді

Short

S

Қысқа бүтін сандар:-32 767 ден 327767 дейін

Long integer

I

Ұзын бүтін сандар: -2147483648 ден 2147483648 дейін

BCD

#

BCD форматтағы сандар.Екілік-ондық жүйедегі сан

Date

D

Датаны көрсететін мән

Time

T

Уақытты көрсететін мән

Timestamp

@

Датаны және уақытты сақтайтын мән

Memo

M

Ұзындығы шектелмеген мәтіндерге арналған өріс

Formatted

F

Форматталған мәтіндер сақтайтын өріс

Graphic

G

.bmp форматтағы файлдық суреттер

OLE

O

OLE технологиясын қамтитын деректер форматы

Logical

L

Логикалық мән

Auto increment

+

Автоинкрементті өріс

Binary

B

Байттар тізбегі. Ұзындығы шетелмеген

Bytes

Y

Байттық тізбек.Ұзындығы 255 символдан аспайды

Database Desktop программалық ортасында жұмыс істегенде Graphic, Binary, Memo және OLE өрістік типінің мәні көрсетілмейді.

PARADOX кестесінің кемшілігі болып, кестелік деректерді сақтайтын типтік файлдардың көптігі болып саналады. Бір каталогтан келесі каталогқа қандай да бір кестенің орнын ауыстырғанда немесе көшіргенде , осы кестені қамтитын барлық файлдарды көшіру немесе орнын ауыстыру керек.

Кейбір типтерге, мысалы Alpha типіне қосымша өлшемін беру керек.Ол символдардың саны. Ал кілттік өріс * символы арқылы беріледі.

Енді “Аэропорт анықтама бюросы” бойынша Database Desktop көмегімен кесте құрсақ.. Алдымен Database Desktop- ты жүктейміз.Содан соң File /New/Table командасын таңдау арқылы біз қалыпты жағдайдағы PARADOX 7-ні белгілеп алып OK түймесін басамыз. Шыққан терезеде “Аэропорт анықтама бюросының” негізгі және бағынышты кестесін құрамыз

Құрылған кесте реструктурлануы. Егер МБ бар кестелерге өзгерістер енгізу керек болса, File|Open|Table меню элементін таңдау керек, пайда болған диалогты терезеден кесте атын таңдап OK батырмасын басу керек. Сонда төмендегідей кесте мазмұны көрсетіледі.

Бұл құрылған кесте де реструктурланып тұр. Бұны да жоғарыда көрсетілген кестенің қасиетіндей орындасақ, төмендегі кесте пайда болады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]