
- •Мазмұны
- •Database Desktop көмегімен кесте құру
- •Кесте қасиетін анықтау.
- •Validity Checks- оң жақтағы бөлікте өрістердің мынандай характеристикаларын бере алады.
- •Referential Integrity- сілтеме деңгейіндегі бүтінділік
- •Delphi ортасындағы - мәліметтер базасы.
- •Мәліметер базасының қалпын ұйымдастыру.
- •Мәліметтер базасының технологиялық құрылымы.
- •Мәліметтер базасымен жұмыс жасайтын жоба құру.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Мазмұны
Есептің қойылымы...............................................................................3
КІРІСПЕ...............................................................................................4
Теориялық бөлім.............................................................................5
Мәліметтер базасын ұйымдастыру....................................................5
Database Desktop көмегімен кесте құру............................................5
Кесте қасиетін анықтау.......................................................................10
BDE Administrator……………………………………………………13
BDE Administrator-да мәліметтер қорының драйверлерін және жалған аттарын құру...........................................................................14
DELPHI ортасындағы мәліметтер базасы........................................................16
МБ қалпын ұйымдастыру....................................................................................16
МБ технологиялық құрылымы............................................................................17
МБ жұмыс жасайтын жоба құру........................................................................17
Қорытынды.......................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................26
Қосымша................................................................................................27
Есептің қойылымы.
Аэропорт анықтама бюросы. Программа келесі мәселелерді қарастыру керек:
1. Келесі реквизидтерге байланысты база құру керек: рейс, рейс номері, рейс класы, ұшақ моделі, ұшқыш;
2.Қажетті бағыттар бойынша ұшатын күндері, ұшу уақыты, ұшу ұзақтығын анықтау керек.
Кіріспе
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асырады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы - ақпараттар сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат:
Қайшылықсыз
Артықсыз
Тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ (мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді.
Локальді МББЖ барлық бөліктері қолданушы компьютердің деректер бзасында орналасады. Егер бір мәліметтер базасына бірнеше қолданушылар бір мезгілде қатынас жасаса, әрбір қолданушының компьютерінде өзінің локальді МББЖ-ның көшірмесі болуы керек.
Тораптық МББЖ-не файл-серверлік, клиент-серверлік, бөлінген МББЖ- лері жатады. Осы жүйенің негізгі атрибуты болып, торап саналады. Торап-бірнеше компьютерлерді байланыстырып , бір дерекпен бірнеше қолданушылардың корпоративті жұмысын қамтамасыз етеді.
Көпқолданбалы МББЖ ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді. Көпқолданбалы МББЖ-не: Oracle, Informix, SyBase, MicrosoftSQL Server, InterBase және т.б жатады.
DELPHI - ді кәдімгі МББЖ деп айтуға, оның өзінің кестелік форматының болмауы (деректерді сипаттау тілі) бөгет жасайды. Сондықтан ол басқа МББЖ кестелік форматын қолданады. Мысалы: dBase, Paradox, InterBase.
Бұны бірақ та жетіспеушілігі деп те айтуға болмайды, себебі аталған форматтар өздерін жақсы қолданушылық қабілетін көрсетті.
Сонда да DELPHI мүмкіндіктері арнайы МББЖ мүмкіншіліктерінен қалыспайды, кей-кезде олардан асып тұрады.
Теориялық бөлім
Мәліметтер базасын ұйымдастыру
Мәліметтер базасы кейбір қолданбалы ақпараттық жүйеде қолданатын деректерді қамтиды. Мәліметтердің ұйымдастыру түріне байланысты мәліметтер базасындағы деректердің негізгі модульдері келесі түрде болады:
Иерархиялық
Желілік
Реляциялық
Объекті-бағытталған
Иерархиялық модельде деректер ағаш тәріздес құрылым түрінде беріледі. Деректердің осындай ұйымы иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс жасағанда ыңғайлы, бірақ қиын логикалық байланыстармен жұмыс жасағанда иерархиялық модель әлсіз.
Желілік модельде деректер ерікті граф түрінде ұйымдастырылады. Желілік модельдің кемшілігі болып, құрылымының қаттылығы және оны ұйымдастырудың қиындығы болып табылады. Сонымен қатар, иерархиялық және желілік модельдердің кемшіліктерінің бірі болып , деректер құрылымының деректер базасын жобалау кезінде берілуі және деректерге қатынау барысында өзгертуге келмейді.
Объекті –бағытталған модельде мәліметтер базасының жобасы объект түрінде беріледі . объекті –бағытталған модель желілік және реляциялық модель ерекшеліктерін қамтып, күрделі мәліметтер базасын құруда пайдалынылады .