
9.5. Буынаяктылар типі - Anthrpoda
Буынаяқтылар типінің көптеген өкілдері адам ауруларының қоздырғыштары,таратушылары,аралық иелерінде және табиғи резервуарлары болып табылады. Буынаяқтылар жоғарғы сатылы омыртқасыз жануарлар болып,оларға 1.0—1,5 млн –дай түрлер топтастырылады. Буынаяқтылардың денесі буылтықтарға бөлінген.Аяқтарының қызметі түрліше-олар тек қана қозғалу қызметін атқарып қоймай,сол сияқты сезу,ауыз аппараты,қорғаныс және шабуылдау қызметтерін де атқарады. Денесі хитин кабатымен қапталған. Хитин сыртқы қаңка, қорғаныс қызметтерін атқарады.Бұлшықеттері көлденең жолақты болып келіп күшті және әр түрлі қимыл-қозғалыстарды қамтамасыз етеді. Дене қуысы аралас немесе миксоцель күйінде.Эмбриогенез барысында бірінші болып алғашқы дене қуысы қалыптасады,сосын соңғы дене қуысы пайда болады,бірақ алғашқы дене қуысы толық жойылмай шамалы бөлігі болса да сақталынып қалады.Мұндай дене қуысын аралас дене қуысы деп атайды. Ас корыту жүйесі — алдыңғы, ортаңғы, артқы бөлімдерден тұрады. Алдыңғы бөлімінде хитинді тістері (ұнтақтаушы аппарат), ортаңғы бөлімде жұп өскінше - ас корыту безінің (бауыр) бастамасы болады. Ауыз аппараты 3 жұп түрі өзгерген аяқтарынан кұрылған. Қан айналуы ашық типті, 5 бұрышты қалта тәрізді жүректен және кысқа кан тамырларынан тұрады. Тыныс алу мүшелері —желбезек,жапыракша тәрізді өкпе және трахеядан (демтүтіқ) тұрады. Зәр шығару жүйесі — метанефридиялардан, мальпигий түтіктерінен немесе жасыл бездерден құрылған. Жүйке жүйесі жұтқыншак маңындағы сакинадан жене құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Буынаяқтылардың көпшілігі дара жыңысты. Буынаяктылар типі - шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер жене бунақденелілер (насекомдар) кластарына бөлінеді. Олардың ішінен өрмекшітәрізділердің және насекомдардың медициналық маңызы белгілі.
9.5.1. Өрмекшітәрізділер класы - Arachnidа
Өрмекшітәрізділердің кейбіреулерінің дене бөліктері бірігіп 2 бөлімге баскөкірек,құрсаққа -бөлінген,екіншілерінің барлық бөліктері өзара біріккен,бөлімдерге бөлінбеген,мысалы,кенелер.Бұлардың 6 жұп аяқтары,оның ішінде 4 жұп жүру аяқтары болады. Ас қорыту жүйесінің құрылысы түрліше,бірақ барлық өрмекшітәрізділердің қоректену ерекшелігі-сұйық,жартылай қорытылған асты сорып қоректенеді.Ол үшін жұтқыншақ мықты дамыған бұлшықеттерден құралған.Алдыңғы ішекке жұп сілекей бездері ашылады және ортаңғы ішекте жұп өскін-бауыр дамыған. Зәр шығару жүйесі түрөзгерген метанефридиялардан не мальпигий тамырларынан ,тынысалу жүйесі жапырақ тәрізді өкпеден не трахеядан тұрады. Жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы сақинадан және құрсақ жүйке тізбектерінен тұрады. Өрмекшітәрізділер өкілдерінен тек кенелер отрядының медициналық маңызы белгілі.
Кенелер отряды — Acari
Кенелердің мөлшері өте кішкенетай- 0,1 мм-ден 10 мм-ге дейін. Денесі бөлімдерге бөлінбеген,хитин қабаты тері тәрізді созылған,ал кейбіреулерінде хитин қабатының учаскелері қатайып қалғанша айналған. Кенелердің 6 жұп аяқтары ,олардың екеуі ауыз аппаратына айналған,ал 4 жұбы жүру аяқтары. Тыныс алу мүшесі-трахея,зәр шығару мүшесі-мальпигий түтіктері. Кенелер дара жынысты насекомдар. Тіршілік циклі. Өрмекшітәрізділер толық түрленіп дамиды жұмыртқа,дернәсіл,нимфа және имаго.Дернәсілдерінің 3 жұп жүру аяқтары және бүкіл денесімен тыныс алады.Олар түлеп нимфаға айналады. Нимфаның 4 жұп жүру аяқтары,тыныс алу мүшесі-трахеялар болады,бірақ жыныс мүшелері әлі қалыптаспаған.Нимфа түлеп имагоға айналады. Кенелер таратушылар паразиттер және табиғи резервуарлар болуы мүмкін.
Иксод кенелер тұқымдасы- Ixodldae
Ірі,мөлшері 4-5 мм болатын кенелер (70-сурет). Тойынған ұрғашы кенелердің мөлшері 10 мм ден артық болады. Еркек дараларда денесінің үстіңгі бетін толық жауып тұратын қалқанша кездеседі, ал ұрғашы дараларда және дернәсілдерде қалқанша тек денесінің алдынғы бөлігінде ғана болады, ал қалған бөліктері жұқа, созылмалы хитин кабығымен қапталған.Мұнын маңызы өте зор, себебі ұрғашы даралар көп мөлшерде, массасынан 200-400 есе артық мөлшерде,қан сорып ісінеді.
Иксод қенелері тіршілігіне қолайсыз жерлерді— ормандарды мекендейді. Ол жерлерге ұзақ, уакыт қоректендіруші жануарлар енбеуі мүмкін, сондықтан олар аштыққа шыдауға бейімделген.Сонымен қатар,мекен ортасына қоректендіруші жануарлардың еніп келгенін сездіретін ерекше бейімделушіліктері болады: 1) ірі жануарлардың жүруі салдарынан топырақтың азды-көпті тербелісін сезетін өте нәзік сезімтал құрылымдары дамыған; 2) мекен ортасына енген жанурлардың тыныс алуы салдарынан орта температурасының болар-болмас өзгеруін сезетін терморецепторлары дамыған.Сонымен қатар мекен ортасы олардың дамуы үшін қолайсыз болғандықтан көп мөлшерде жұмыртқалайды. Тайга кенесі-Ixodes persulcatus- көктемгі-жазғы энцефалит ауруының тасымалдаушысы және табиғи резервуары Сібірде,Шығыс Қазақстанда кең тараған. Еркек дараларының мөлшері-2,5 мм,ұрғашылары 4 мм.Дернәсілдері кемірушілердің,кірпілердің,құстардың қанын сорады және топыраққа өтіп түлейді.Нимфалары ірі кемірушілердің,тиіндердің,қояндардың қанын сорады.Ересек формалары-ірі қара мал,бұғылар,маралдар қанын сорады. Ит кенесі- Ixodes ricinus-туляремия,шотландия энцефалитінің қоздырушысын тасымалдайды. Қылқан жапырақты,бұталы аймақтарды мекендейді.Мөлшері,даму циклі тайга кенесіне ұқсас.
Аргос кенелері тұқымдасы - Argasidae
Аргас кенелері жабық табиғи немесе жасанды мекендерді мекендейді,мысалы, үңгірлерді, жануарлардың індерін,апандарды жене балшықтан салынған үйлерді, қора-қопсыларды т.с.с.Бұлардың тіршілік жағдайлары иксод кенелерге қарағанда бірша-
ма қолайлы болып келеді,сондықтан да олар көптеп өлмейді. Бұл кенелер мекен жайына енген жануарлармен ғана қанағаттанады, сондықтан олардың кожайындарынын саны өте көп (жорғалаушылардан бастап адамдарға дейін). Коректендірушілердің аз уакытқа болса да мекенге енгенін пайдаланып тез коректенеді де, 3—30 мин. арасында тойынады. Бұл кенелер аз мөлшерде коректенеді және мекен-жайлары дамуы үшін колайлырақ болғандыктан, санаулы ғана (100) жұмыртқа жұмыртқалайды, бірак аз өмірінде бірнеше рет жұмыртқалайды (69-сурет). Бұлардын мекен-жайына ұзак уакыт ешбір жануар енбеуі мүмкін, сондықтан да кенелер көпжылдап ашығады, олардың дамуы 20-28 жылға созылады. Бұлардың дамуында жұмыртқа, личинка сатыларынан кейін бірнеше нимфалық сатылары ауысып, содан кейін ересек формаға (имаго) өтеді. Бұл тұкымдастын өкілінін бірі - ауыл (поселке) кенесі.
Ауыл кенесі — Ornithodorus papіllipes
Қайталама кене сүзегінің таратушысы және табиғи резервуары болып табылады. Олар негізінен Орта Азия елдерінде таралған, үңгірлерді, сүткоректілер мен кұстардың індерін және ұяларын, балшықтан салынған үйлердің, қораларды едендегі тесіктерін мекендейді. Морфофизиологялық ерешеліктері. Бұл кененің түсі -күңгірт сұр болып келеді- Ұрғашыларының денесінің ұзындығы 8,2 мм, еркек даралары - 5,8 мм. Көздері болмайды. Бұлар кемірушілер, жарқанаттар, торғайлар және иттер, ірі карамал, жылқы, мысык т.б. үй жануарларының денесінде қорректенеді. Ересек кенелер ұзак уакыт -13 жылға дейін, коректенбей аш күйінде сақтала береді. Алдын алу шаралары. Жеке шаралар: кенелердің денеге жабысуынан сақтану және кенелер мекендейтін биотоптарга кірмеу; кенелердің денеге жабысуын болдырмайтын химиялық заттарды пайдалану. Қоғамдық шаралар: кенелерді және кемірушілерді жою; балшықтан салынған ескі құрылысты бұзу,олардың орнына еуропа типтес үйлерді салу т.с.с. Қышыма кенесі – Sarcoptes scabiei - акариформды кенелер тұқымдасының өкілі, адамдардың қышыма (қотыр) ауруын қоздырушы паразит. Денесі домалақ, мөлшері 0,3-0,4 х 0,2-0,3 мм. Денесінде көптеген кыска тікенектер және ұзын кылтанақтар кездеседі.
Аяқтары өте қысқа,көздері дамымаған.Бүкіл денесі арқылы тыныс алады,4-5 апта өмір сүреді.Ұрғашы дараларының терінің мүйізді қабатын тесіп бірнеше мм жететін тар індер қазады,оған тері бетінде тіршілік ететін еркек даралары еніп ұрғашыларын ұрықтандырады.Содан кейін ұрғашы даралары 50-ге жуық жұмыртқалар жұмыртқалайды.Даму циклі жұмыртқа,нимфа және имаго сатыларынан тұрады.
Бұл кенелер терінің кез келген учаскелерін зақымдауы мүмкін,бірақ көбінесе терінің нәзік учаскелерінде кездеседі.
Кенелер теріні өте күшті қышытады,әсіресе түнде.Адамдар қышыған жерлерін қасығанда сол жерде микробтар түсіп қабыну ,іріңдеу байқалуы мүмкін.
Алдын алу шаралары:тазалықты сақтау,ауру адамдарды емдеу.
Бунакденелілер (насекомдар) класы—Іnsecta
Насекомдар ең жоғарғы сатылы омырткасыз жануарлар болып табылады. Сонымен катар, насекомдар ең үлкен класс, яғни оларға 1 млн астам түрлер кіреді. Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Насекомдардын денесі 3 бөлімге бөлінген - бас, көкірек, кұрсақ. Көкірек бөлімі 3 буылтықтан тұрады, әрбір буылтығында 1 жұп жүру аяқтары болады. Демек, насекомдардың 3 жұп жүру аяқтары болады. Құрсақ бөлімі 6—12 буылтыққа бөлінген. Басы көкірек бөлімімен козғалмалы байланыскан. Онда жұп мұртшалары; ауыз аппараты және 2 карапайым не күрделі көздері орналасқан. Ауыз аппараты жұп аяқтарынан пайда болған. Ол үстіңгі және астыңғы жақтардан,төменгі және үстіңгі еріндерден тұрады.Ауыз аппаратына,сол сияқты,ауыз қуысының төменгі бетінің хитинді өскіншесі-тіл немесе гипофаринкста жатады. Қоректену ерекшеліктеріне қарай-кеміруші,шағушы,жалаушы,сорушы ауыз аппараттарын ажыратыды. Насекомдардың көпшілігінің көкірек бөлімінің екінші және үшінші буылтықтарында жұп қанаттары кездеседі.Кейбір насекомдардың қанаттары болмауы мүмкін.Қанатсыз насекомдар алғашқы қанатсыздар және соңғы қанатсыздар болып бөлінеді.Соңғылары паразиттік тіршілік етуге бейімделу салдарынан қанатттарын жойған. Насекомдар денесінің сыртын хитинді қабаты қаптап тұрады,оның астында бір қабат гиподермалы эпителий орналасқан.Терісінде түрліше бездер кездеседі.Бұлшықеттері көлденең жолақты болып келеді. Асқорыту жүйесі алдыңғы,ортаңғы және артқы ішектерге жіктелген.Алдыңғы ішек ауыз қуысынан басталып жұтқыншақ және өңешке бөлінген.Өңештің артқы бөлігі кеңейіп жемсау және шайнайтын қарын пайда етеді.Алдыңғы ішекке 3 жұп сілекей бездері де кіреді.Олардың секреттері асқорыту қызметіне қатысады: асты ылғалдап тұрады және әр түрлі ферменттер бөледі.бал арасының сілекей бездерінің бір жұбының секреті жемсауда гүл шырындарымен араласып қосылып бал пайда етеді.Ортаңғы ішекте ешқандай бездер болмайды,дегенмен осы жерде ас қорытылып сіңіріледі.Артқы ішек аналь тесігімен аяқталады. Тыныс алу мүшесі болып трахеялар саналады.Ол дененің барлық мүшесіне,ұлпасына тарамдалып таралған түтіктер жүйесінен тұрады.Трахеялар сыртқа стигмалар арқылы ашылады. Зәр шығару мүшесі болып Мальпигиев түтіктері саналады.Ол ортаңғы және артқы ішектер аралығында ішекке келіп құятын көптеген түтікшелерден тұрады. Қанайналым мүшелері-жүрек және аорта-денесінің арқа бетінде орналасқан.Қанайналым жүйесі ашық және нашар дамыған.Ол арқылы ағылатын сұйықтықты гемолимфа деп атайды.Онда ақ қан түйіршіктері болады.Кейбір насекомдардың гемолимфасы улы болып келеді. Жүйке жүйесі жақсы дамыған.Ол жұтқыншақ маңындағы түйіндерден және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Ми 3 бөлімге бөлінген: алдыңғы,ортаңғы және артқы.Жұтқыншақ үстіндегі түйіннің құрылысы өте күрделі,онда ерекше қызмет атқаратын – ассоциативтік орталық болып табылатын саңырақұлақ тәрізді дене кездеседі. Сезу мүшелері де жаксы дамыған — оның ішінде иіс сезу, көру, дәм сезу және есту мүшелері. Насекомдар — дара жынысты жануарлар.Олар шала түрленіп,толық түрленіп,не түрленбей дамиды. Шала түрленіп дамығанда жұмыртқадан ересек формаларына ұксас дернәсіл шығады. Олар түлеп ересек формаға-имагоға айналады. Толық түрленіп даму - жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ және ересек формасы -имаго сатылары арқылы жүреді. Дернәсілдер ересек формасынан морфологиялық кұрылысы, тіршілігі жағынан өзгеше болып келеді, ал қуыршақ сатысында олар коректенбейді. Дернәсіл мүшелері ересек насекомдардың мүшелерімен алмастырылады. Насекомдардың практикалық маңызы өте зор: олар гүлді өсімдіктердің айқас тозандануын қамтамасыз етеді, кейбіреулері топырақ түзу процесіне қатысады,кейбіреулері адамдарға пайдалы өнімдер өндіреді, мысалы бал арасы, жібек кұрты т.с.с. олар колға үйретілген. Кейбір жыртқыш насекомдар ауыл шаруашылық зиянкестерімен биологиялық күресу үшін пайдаланылады. Насекомдар арасында адам не жануарлар паразиттері немесе ауру қоздырушы паразиттерді таратушылары да көптеп кездеседі.Сол сияқты насекомдардын улы түрлері де белгілі.
Тарақандар отряды-Blattodea
Медициналық маңызы бар түрлеріне қара тарақан,шұбар тарақан жатады.Біріншісінің өлшемі 20-26 мм,екіншісінікі 8-11мм.Олар үйлерде,әсіресе ас бөлмелерде,қоқыстар арасында кездеседі.Ас қалдығымен,нәжіспен қоректенеді.
Тарақандар әр түрлі ауруларды,әсіресе-асқазан-ішек ауруларының іш сүзегі,туляремия,дифтерия т.с. қоздырушыларын таратады.
Алдын алу шаралары:Бөлмелерде тазалық сақтау,ас қалдықтарын дер кезінде жинап отыру,тарақандарды жою.
Биттер отряды-Anoplure
Биттер-ұсақ,қанатсыз насекомдар.Олардың көптеген түрлері белгілі.Иесінің денесінде паразиттік тіршілік етеді.Адамдарда бас биті,киім биті және қасаға биттері кездеседі (72 сурет)
Бас биті - Pediculus humanus capitis, адамдардын шашында кездеседі. Мөлшері 2-3 мм. Басы кішкентай, екі мұртшасы, екі жай көздері, тесіп сорушы ауыз аппараты болады. Көкірек бөлімінде 3 жұп аяқтары кездеседі, аяктарының ең соңғы буылтығының мықты дамыған тырнағы болады, ол алдыңғы буылтықтын өсіндісімен бірігіп, қысқышқа ұқсас қан соратын кұрылым пайда етеді. Осы құрылым арқылы биттер шаштарға да жабысып тұрады. Құрсағы көкірек бөліміне қараганда кендеу, 10 буылтықтан тұрады. Шала түрленіп дамиды. Жұмырткалары шаштарға жабысып тұрады (сіркелер). Жұмыртқадан ересек дараларға ұқсас дернәсіл түзіледі, олар түлеп имагоға айналады. Тіршілік ұзактығы - 38 күн. Бас биті — сүзек ауруының қоздырушысын таратады және эктопаразит ретінде педикулез ауруын дамытады. Алдын алу шаралары. Тазалықты сақтау - мезгіл-мезгіл моншаға түсу, киімдерді, бөлмелерді таза ұстау. Киім биті - Pediculus humanus. Іш киімдердің тігістерінде кездеседі, қан copy үшін теріге өтеді. Сыртқы пішіні бас битіне ұқсас, бірақ біршама үлкендеу - 4,7 мм, болып 48 күн өмір сүреді.
Киім биті - эктопаразит және кайталама сүзегінің таратушысы болып саналады.
Алдын алу шаралары. Бас битіне ұқсас. Қасаға биті - Phthirus pubis,қасағадағы жүндер арасында,қаста,кірпік арасында кездеседі. Мөлшері 1-1,5 мм,26 күн өмір сүреді.Эктопаразит,ауру қоздырғыштарын таратады.
Бүргелер отряды - Aphniptere
Адам бүргесі - Pulex irritanus, денесі бүйір жағынан кысылған,қанаттары дамымаған. Басында қысқа мұртшалары.,жұп күрделі көздері, тесуші-сорушы ауыз аппараты орналасқан. Аяктары, әсіресе соңғы жұп аяқтары, үлкен және жаксы дамыған. Кұрсақ бөлімі 10 буылтықтан тұрады. Кутикулада тікенектер, тісшелер, қылтанақтар кездеседі(73-сурет). Толық түрленіп дамиды. Едендердің жарықтарына,тесіктеріне,құрғақ қоқыстар арасына жұмыртқалайды.Жұмыртқадан ақ құрт тәрізді аяқсыз дернәсіл шығады. Ол шіріген органикалық заттармен қоректенеді. Шамалы уакыттан кейін дернәсіл піллә пайда етіп қуыршаққа айналады. Ересек даралары қан сорып қоректенеді. Бүргелердің әрбір түрі түрліше иелерде кездеседі: атжалманда-атжалмен бүргесі,иттерде-ит бүргесі,адамдарда-адам бүргесі. Бүргелер эктопаразит ретінде денені қышытады, оба ауруының коздырушыларын таратады. Алдын алу шаралары. Тазалықты сақтау, үйді, бөлмелерді ылғал шүберекпен сүртіп тазалап отыру.Бүргенін жұмыртқалайтын жерлерін жою, инсектицидтерді қолдану.
Қос қанаттылар отряды - Dipera
Бөлме шыбыны – Musca domesticа - Жер бегінде кең таралған.Қара түсті,ірі жәндік, Ауыз аппараты жалаушы - сорушы типті Шыбындар 100-150 жұмыртқа жұмыртқалайды, толық түрленіп дамиды, жыл бойына көбейеді (74-cyрет). Бөлме шыбыны – ішек инфекциясының – тырысқақ,қантышқақ,іш-сүзегі т.б. қоздырушыларының механикалық таратушылары болып табылады. Үй шыбыны – Moscina stabulans - барлык жерлерде кездеседі. Денесінің түсі қоңыр, аяқтары, қылтанақтары сары түсті .Адамның тамақтарымен, нөжістермен қоректенеді. Ішек ауруларының қоздырғыштарының механикалық таратушысы.
74-сурет.Бөлме шыбыны.а)жалпы түрі, б)жұмыртқалары, в)дернәсіл, г)қуыршақ
Вольфарт шыбыны – Wohlfahrtіa magnіfica – миаз ауруын қоздырушы паразит. Кавказда, Орта Азкяда кең таралған. Ақшыл сары түсті ірі шыбын.Жара бетіне өздерінің дернәсілдерін тастайды,ал олар жұмсақ ұлпаларға еніп паразиттік тіршілік етеді.Қуыршақтану алдында иесін тастап,топыраққа өтеді.Ересек формалары гүлдердің шырынымен қоректенеді.
Әдебиеттер:
Медицинская биология и генетика/ Под.редакцией Куандыкова Е.У., Алматы,2004
Әбилаев С.А. Молекулалық биология және генетика. Шымкент. 2008, 424 б.
Медицинская биология и генетика/ Кулешова Г.Т.2007.
Бақылау сұрақтары:
1. Мед. Паразитология ғылымының міндеті мен мақсаты қандай?
2. Қарапайымдылар типіне жататын паразиттер өкілі адамда қайда шоғырланады және қандай аурулар туғызады?