9.3.2. Таспа құрттар класы — Cestoidea
Бұл кластың 1800-ге жуық түрлері белгілі. Олардың бәрі де паразиттер болып саналады. Бұлардың денесі арқа-кұрсақ бағытында жалпақтанып, таспа тәрізді болып келеді. Денесінің алдыңғы ұшында басы - сколекс, одан әрі мойыны және бунақталған денесі — стробиласы орналасқан. Стробила бунақтарын проглоттидалар деп атайды. Сколекс жұмыр немесе жалпақтау болып келеді. Онда ішек қабырғасына бекінуге арналған түрліше сорғыштар, қармақшалар кездеседі. Жаңа жас бунақтар (проглоттидалар) үнемі мойынында түзіліп отырады және оған дейін пайда болғандарын денесінің артына қарай ығыстырады.Сонымен, мойнынан денесінің артына қарай бунақтар (проглоттидалар) бірте-бірте ескіре береді.
Таспа құрттар денесінің сыртын тері-бұлшықет қашпығы каптап тұрады. Ол тегументтен — сыртқы қабаты және үш қабат бұлшықеттерден (сақиналы, ұзына бойына орналасқан және диагональ) құрылған. Зәр шығару жүйесі протонефридиялардан, нерв жүйесі бас бөлімінде орналасқан алдыңғы жүйке түйінінен (ганглия) және денесін бойлай созылған 2 бүйір жүйке бағаналарынан тұрады. Ac қорыту жүйесі дамымаған. Әрбір буылтықта жыныс мүшелері болады. Таспа құрттар гермофродиттер. Мойынға жақын орналасқан, жас буылтықтарда, жыныс мүшелері әлі қалыптаспаған; денесінің (стробиланың) ортасындағы буылтықтарда алғаш аталық жыныс мүшелері, содан кейін аналық жыныс мүшелері қалыптасады. Қос жыныс мүшелері кездесетін проглоттидаларды гермофродит буылтықтар деп атайды. Онда аналық безі, саруыз бездері, оотип, нашар дамыған жатыр, аталық бездер, шәует қүйылатын арна және циррус кездеседі. Бұл құрттар айқас ұрықтанады. Кейбір өкілдерінің денесінің артқы бөліміндегі буылтықтарында жатыр жұмыртқалармен толтырылып, өте жақсы дамиды да жыныс жүйесінің өзге мүшелерін ығыстырып, буылтықты түгел алып тұрады. Оларды жетілген буылтықтар деп атайды. Жетілген буылтықтар үзіліп нәжіспен бірге сыртқа шығарылады. Бұл құрттар айқас ұрықтанады. Ұрықтанған жүмыртқаның дамуы жатырда басталады. Жұмыртқа ішінде 6 қармақшалы ұрық — онкосфера дамиды. Онкосфераның әрі қарай дамуы үшін жұмыртқа аралық иесінің денесіне енуі қажет. Иесінің асқазанында жұмыртқадан онкосфера босанып шығып, қантамырлар арқылы бұлшықеттерге өтеді де келесі дернәсілдік сатысы — финнаға айналады. Финна — құрттың басы, мойны кері қайырылып орналасқан көпіршік, оның бірнеше түрлері белгілі: 1) цистицерк — сүйықтықпен толтырылған көпіршік; оның ішінде паразиттің теріс айналдырылған 1 сколексі, мойны болады; 2) ценур — бірнеше сколексі болатын көпіршік; 3) цистицеркоид — көпіршік екі бөлікке бөлінген; а) сколексі болатын кеңейген жері; б) құйрық тәрізді бөлімі. 4) эхинококк — бірнеше ұсақ көпіршіктерден құрылған аналық көпіршік. Әрбір көпіршіктерде жеке сколекстер болады; 5) процеркоид және плероцеркоид құрттәрізді финна. Оның алдыңғы жағында екі сорғыш саңылауы болады. Дернәсілдердің ересек формаға дамуы ақырғы иелерінің ішегінде жүреді. Бұл жерде асқорыту ферменттерінің әсерінен көпіршік еріп жойылып, сколекс кері айналып ішек қабырғасына бекінеді. Ал мойыннан буылтықтар бөлініп стробила жетіледі. Акырғы иелері зақымданған аралық иесін қорек ретінде пайдаланғанда өздеріне паразитті жұқтырады.
Бұл — тениоз ауруын қоздырушы паразит. Оның ересек формасы аш ішекте, ал финналары негізінен, бұлшықеттерде кездеседі. Сол сияқты, ол көзде, мида да кездеседі. Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Ересек формаларының ұзындығы 2-3 м. Басы (сколекс) өте кішкентай (2-3 мм), онда көптеген қармақшалар және 4 сорғыштары орналасқан. Гермофродит буылтықтары квадрат тәрізді болады. Аналық жыныс безі ортасына орналасып, 2 үлкен және бір кішкентай бөлімдерге бөлінген. Көптеген аталық бездері проглаттиданың бүйір бөлімінде орналасқан. Жетілген буылтықтарда жатыр 7-12 тармақтарға тармақталған (63-сурет).
Тіршілік циклі. Ақырғы иесі — адам, ал аралық иелері шошқа және адам. Ауру адам нәжісімен бірге жұмыртқаға толы жетілген буылтықтар сыртқа шығарылады. Жұмыртқаның әрі қарай дамуы үшін ол шошқа ішегіне өтуі қажет. Әдетте, шошқалар лас, қоқыс жерлерде жайылып нәжіспен бірге паразит жұмыртқаларын да жұтады. Қарында олардан 6 қармақшалы онкосфера түзіледі. Он-
косфера қармақшалары арқылы ішек қабырғасын тесіп өтіп кан тамырларға енеді де, қанмен бүкіл денеге таралады, әсіресе қаңқа бұлшықеттеріне. Бұл жерде олар цистицеркке (финнаға) айналады. Финналар бұлшықеттерде ұзақ уақыт сақталады. Финналар ақырғы иесінде — адам ішегінде ересек нысанға айналады. Шала піскен шошқа етін жегенде адамдар финналарды жұқтырады. Патогендік әсері. Механикалық зақымдау (иесінің қоректік затын пайдалану) және улы заттарымен улау. Тениоз кезінде асқорытудың бұзылуы, қаназдылық, жалпы әлсіздік байқалады. Тениоздың тағы бір қауіптілігі ол адамның акырғы және аралық иесі ретінде болуы, яғни адамда финналық сатысының дамуы (цистицеркоз). Тениоз ауруымен ауырған адамдар лоқсып құсқанда тоқ ішектегі жетілген буылтықтар асқазанға, өңешке және жұтқыншаққа өтуі мүмкін. Олардың кейбіреулерін адам кері жұтады. Асқазанда жұмыртқалардан онкосфера пайда болып, қантамырлар арқылы көз, ми, бұлшықет ұлпаларында цистицеркке (финнаға) айналуы мүмкін. Бұл кезде тениоз цистицеркоз ауруына ұласады. Цистицеркоз өте қауіпті ауру, әсіресе ми цистицеркозы, ол өлуге алып келеді, көз цистицеркозы адамдарды соқыр етеді. Цистицеркозды тек хирургиялық жолмен емдейді. Алдын алу шаралары: жеке шаралар — піспеген, шала піскен шошқа етін жемеу; қоғамдық шаралар — санитарлық-ветеринарлық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру.
Сиыр немесе қаруланбаган цепенъ — Taeniarhynchus saginatus
Бұл — тениоринхоз ауруын қоздырушы паразит. Ересек күйінде адамдардың аш ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Адамның ең ірі паразиттік құрты, оның ұзындығы 10—18 м жетеді. Сколексінде 4 сорғышы болады, ал қармақшалары болмайды, сондықтан оларды қаруланбаған цепень деп атайды (64-сурет). Стробиланың орта бөлігіндегі гермафродит буылтықтарында 1 мыңға жуық көпіршіктенген аталық бездер кездеседі, аналық безі екі бөлімге бөлінген. Жетілген буылтықтарында жатыр жұмыртқалармен толтырылып 17—35 бүйір өскіншелерін (тармақтарын) пайда етеді. Әрбір проглоттидадағы жұмыртқалар саны 175 мыңға жетеді. Бір жылда паразит 2500 проглоттида
бөліп шығарады. Нәжіспен сыртқа шығарылған жұмыртқаларда қалыптаскан онкосфералар болады және проглоттида ішінде олар ұзақ уақыт өзгеріссіз сақталады. Тіршілік циклі. Сиыр цепенінің түпкілікті иесі — адам, ал аралық иесі — ірі қарамал. Ірі қарамал шөп жегенде нәжістегі проглоттидаларды жұтады. Мал қарнында жұмыртқадан 6 қармақшалы онкосфера шығады да қан арқылы бүкіл денеге, соның ішіінде қаңқа бұлшықетіне таралады. Бұл жерде олар цистицерк типтес финнаға айналады. Адамдар шала пісірілген сиыр етін жегенде оны өздеріне жұқтырады. Патогендік әсері. Ауру тениозға ұқсас, бірақ адамда финналық сатысы дамымайды. Бұл паразитті анықтау нәжісті микроскоппен зерттеу арқылы жүргізіледі. Алдын алу шаралары: Жеке шаралар — піспеген сиыр етін жемеу, қоғамдық шаралар — тениозға ұқсас.
Ергежейлі цепень — Hymenolepis nana
Гименолепидоз ауруыш қоздырушы паразит. Ол адамдардың аш ішігінде кездеседі. Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Бұл цепеннің ұзындығы 1-5 см. стробиласында 200-ге жуық буылтықтар болады (65-сурет). Алмұрт пішінді сколексінде 4 сорғышы және қармақшалары орналасқан.
Тіршілік циклі. Ергежейлі цепеннің ақырғы және аралык иелері болып адамдар саналады. Адам ішегінен жетілген жұмыртқалар сыртқа шығарылады. Егер оны жұтатын болсақ, ас қорыту сөлінің әсерімен одан онкосфера шығып ішек бүрлеріне бекінеді. Бұл жерде одан цистицеркоид типтес финналар дамиды. Бірнеше күннен кейін зақымдалған ішек бүрлері жойылып цистицеркоңдтар ішек қуысына өтеді. Ішекте асқорыту сөлінің әсерінен цепеннің басы кері қайырылып ішек қабырғасына бекінеді, 14—15 күннен кейін ол көбейе бастайды. Патогендік әсері. Бұл цепень негізінен жас бөбектерде жиі кездеседі, 7-14 жастағы балалар және ересек адамдар сиректеу ауырады. Патогендік әсері ішектің бүрлі қабығын зақымдау және улы өнімдері арқылы азғаны улау болып табылады.Гименолепидозда бас ауруы, асқазан ауруы, ішек, нерв қызметінің бүзылуы байқалады, балалар тез шаршайды, жалпы әлсіздік байқалады. Балалар мазасызданып бейжай болады. Алдын алу шаралары. Жеке гигиена нормаларын қатал сақтау, балаларды жеке тазалықты сақтауға машықтандыру, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, балабақшаларда тазалық сақтау, ойыншықтарды стерилдеу т.с.с. Бұл паразит тек лас қол арқылы жұғады.
Эхинококк - Echinococcus granulosus
Эхинококкоз ауруын қоздырушы паразит.Дернәсілдік сатысы адамның бауырында, өкпеде, миында, ұзын сүйектерінде кездеседі.
Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Денесінің ұзындығы 2—6 мм, 3—4 буылтықтан тұрады. Оның ең соңғысы — ең үлкен, жетілген, ал оның алдындағысы гермофродит буылтық болып табылады. Жатырда 5000-ға дейін жұмыртқалар болады. Сколексінде 4 сорғышы және екі қатар орналасқан қармақшалары кездеседі. Тіршілік циклі. Иелері ит, қасқыр, шибөрілер, ал аралық иелері адам, ірі және ұсақ қарамал, шошқа, түйе, қояндар т.б. сүтқоректілер. Ақырғы иесінің нәжісімен жұмыртқалар сыртқа шығарылады (66-сурет). Сонымен қатар, жетілген буылтықтары иттердің аналь тесігінен шығып жүндеріне жұмыртқаларды қалдырады, ал олар шабындықтарды (өсімдіктерді) ластайды. Шабындықта жайылған, аунаған малдар (сиыр, қой) құрт жұмыртқаларын жүндерінде жабыстырады. Адамдар үй малдарын бағып күткенде колдары арқылы жүмыртқаларды жұтады, жұқтырады. Аралық иесінің ас қорыту жолында эхинококк жұмыртқасынан онкосфера шығады, ол қан тамырлар арқылы бауырға, өкпеге, миға таралады да эхинококк типтес финнаға айналады. Ол өте үлкен болады, адамдарда жас баланың басындай, тіпті кейбір жануарларда 64 кг дейін жетеді. Оның құрылысы да күрделі. Көпіршік 2 қабатпен қапталған: сыртқы қабаты (хитинді), ішкі қабаты (ұрықты), іші сұйықтықпен толтырылған. Ұрықтық қабаттан көптеген ұсақ көпіршіктер түзіледі, олардың іштерінде кері айналған сколекстер болады. Аналық көпіршік ішінде 2 ұрпақ көпіршіктері кездеседі. Патогендік әсері. Эхинококк адам ағзасына айтарлықтай әсер етеді, себебі оның финнасы ұлпаларды зақымдап мүшелердің кызмет етуін қиындатады және улайды.
Оны тек хирургиялық жолмен емдеуге болады.Қазақстанда эхинококкоз ауруына байланысты жылына бірнеше жүздеген операциялар жасалынады. Лабораториялық анықтау. Эхинококкоз финнасы адамның ішкі мүшелерінде болатыдықтан оны тікелей анықтау мүмкін емес, сондықтан косымша көлденең иммуналогиялық әдістер,ренгенскопия,томография,сканерлеу қолданылады. Алдын алу шаралары: Жеке тазалықты сактау, коғамдык шаралар - иесіз, канғып жүрген иттерді жою; сойылған ірі ұсак қара малдың еттерін сараптамадан өткізу т.с.с.
Альвеококк – Alveococcus multіlocularis
Альвеококкоз ауруын қоздырушы паразит. Адам денсінде таралуы эхинококкозға ұксас, бірақ алғаш бауырды закымдайды. Географиялық таралуы. Эхинококкоздан ерекшелігі – ошақты болып келеді.Батыс Сібір,Якутия,Орта Азия,Башқыртстан т.б елдерде кездеседі. Морфофизиологиялық ерекшеліктері: Ересек сатысы эхинококка ұқсас,айырмашылығы басында қармақшалар саны аздау,жатырының дөңгелек болуы,жыныс тесігінің жыныс мүшесінің артқы жағында емес алдыңғы жағында орналасуы. Финналық сатысы ерекшелеу-финнасы көптеген ұсақ көпіршіктерден құрылған және сұйықтығы болмайды,үнемі бүршіктеніп өсіп отырады да метастаз пайда етеді.
Тіршілік циклі. Ақырғы иелері-түлкі,қасқыр,ит,аралық иелері кемірушілер және адам.Жалпы алғанда тіршілік циклі эхинококқа ұқсас.Адамдар түлкі,ит т.б. терілерінде болатын жұмыртқаларды жұтып зақымданады. Патогендік әсері. Альвеококкоз эхинококкозға қарағанда сиректеу кездеседі,бірақ ол рак ауруы сияқты жайылып мүшелерді,әсіресе бауырды зақымдайды.Альвеококк көпіршігі мөлшерінің диаметрі 15 см жетеді. Алдын алу шаралары. Эхинококкозға ұқсас.
Жұмыр құрттар типі-Nemathelminthes
Денесі буылтықтанбаған,көлденең кесіндісі жұмыр болып келетін құрттар.Тері-бұлшықет қапшығының ішінде алғашқы дене қуысы болады.Асқорыту түтігінде артқы бөлім дамып аналь тесігімен аяқталады.Зәр шығару жүйесі-протонефридий типтес не тері бездері күйінде; көпшілігі дара жынысты.Нерв жүйесі нерв түйіндерінен және олардан таралған нерв тізбектерінен тұрады.Қанайналу,тыныс алу мүшелері болмайды. Бұл тип 5 класқа бөлінеді,бірақ олардың ішінде медициналық маңызы бар өкілдері-адам паразиттері,нағыз жұмыр құрттар класында кездеседі.
Үшкірқұрт (аққұрт) – Enterobius vermicularis
Энтеробиоз ауруын тудыратын, кең таралған және жиі кездесетіні - адам паразиті. Үшкірқұрт адамның аш ішегінің төменгі,тоқ ішектің алдыңғы бөлімінде кездеседі. Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Ұрғашылары 10-12 мм,еркек даралары 2-5 мм болып келетін ақ түсті құрт. Ауыз тесігін кутикула ісіндісі-везикула қоршап тұрады,ол ішек қабырғасына бекіну үшін қажет.Жұтқыншақтың артқы жағында да шар тәрізді ісінді-бульбус болады,ол да бекіну қызметін атқарады.Үшкір құрт ішекте қорытылған аспен қоректенеді. Тіршілік циклі. Ішек ішінде ұрықтанады; ұрықтанғаннан кейін еркек даралары өліп қалады.Ұрғашы дараларының жұмыртқаға толырылған жатыры өте ұлғайып,бульбусты қысады да құрттың ішек қабырғасынан босануына мүмкіншілік туғызады.олар ас ғынымен,ішектің жиырылуы салдарынан тік ішекке келіп жетеді.Түнде анустан сыртқа шығып анус айналасындағы тері бетіне,шапқа жұмыртқалайды.Содан кейін құрт өліп қалады. Жұмыртқалардың әрі қарай дамуы үшін 34-36 º жылылық,70-90 % ылғал қажет.Анус айналасында, шапта жоғарыдағыдай жағдайлар болғандықтан 4-6 сағат ішінде жұмыртқалар дамып инвазиялық сатыға жетеді.Инвазиялық жұмыртқа адам ішегіне түсіп ересек формаға айналады.Ересек даралар ішекте 30 тәулікке дейін өмір сүреді. Энтеробиозды толық емдеу өте қиын,себебі бұл аурумен көбінесе жас балалар ауырады және ауру адамдар үшкірқұрт жұмыртқаларын өздеріне-өздері жұқтырады.Ұрғашы даралары жұмыртқа жұмыртқалағанда теріні қышытады,ал балалар қышыған жерлерін қасығанда жұмыртқалар не төсекке төгіледі,не тырнақ астына кіріп дамиды да инвазиялық сатыға жетеді.Лас қолымен тамақ жеген адам оларды ішке жұтады. Патогендік әсері. Қышу,тәбеттің болмауы,іш өту,мазасызданып ұйқының бұзылуы. Лабораториялық анықтау. Шап терісінң жұғындысы микроскоп арқылы зерттеу. Алдын алу шаралары. Жеке тазалықты сақтау.
Адамның аскаридоз ауруының қоздырғышы. Морфофизиологиялық ерекшелігі. Ұрғашы даралары 20-40 см,еркек 15-25 см жететін ірі құрт. Ауыз тесігі 3 кутикалы еріндерімен қоршалған. Жұмыртқалары ірі,домалақ не сопақшалау болып келеді. Аш ішекте паразиттік тіршілік етеді.Энтеробиозға қарағанда сирек кездеседі. Тіршілік циклі. Тек қана адам ағзасында паразиттік тіршілік ететіні-геогельминт.Ұрықтанған ұрғашы даралары аш ішекте тәулігіне 240000 жұмыртқа жұмыртқалайды. Жұмыртқалардың әрі қарай дамуы үшін сыртқа шығуы қажет,себебі олар оттек,ылғал және 20-25 жылылық болған жағдайда дамиды. 21-24 тәулікте жұмыртқада қозғалғыш дернәсіл пайда болып инвазиялық сатыға жетеді.Көкөніс,жеміс жидектерді жумай жегенде инвазиялық жұмыртқалар ішекке өтеді.Онда жұмыртқа қабығы еріп дернәсіл босанып шығады.Дернәсіл ішек қабырғасын етсіп,қан тамырларға өтеді де қанмен бауырға,жүректің оң жақ бөліміне,өкпе артериясы арқылы өкпеге,өкпе қылтамырларына өтіп ауысады.Осы кезде дернәсіл қылтамыр қабырғасын тесіп өкпе көпіршіктеріне,бронхиолдарға,ауатамырға,кеңірдекке,жұтқыншаққа өтеді.Осы жерден дернәсіл сілекеймен бірге екінші рет жұтылып ішекке келіп жетеді де,ересек формаға айналады.Дернәсілдің көшіп қонуы 2 аптаға,ал ересек формаға айналуы 70-75 тәулікке созылады. Ересек даралардың тіршілігі 10-12 айға созылады. Патогендік әсері. Дернәсілдік сатысы өкпе,бауыр ұлпаларын бұзады және ағзаның аллергиялық реакцияларын туғызады. Ересек формалары ағзаны улы заттармен улайды,ішекті тығындап,механикалық әсер етеді. Лабораториялық анықтау. Жұмыртқаларын табу үшін нәжісті микроскоп арқылы зерттейді. Алдын алу шаралары. Жеке тазалықты сақтау,жеміс-жидектерді,көкөністерді жуып жеу. Қоғамдық шаралар-санитарлық ағарту жұмыстарын ұжымдастыру,ортаны ластанудан сақтау.
Қылбасқұрт-Trichocephalus trichiurus
Адамдардың трихоцефалез ауруының қоздырғышы.Бүйенде,соқыр ішек өсіндісінде,тоқ ішектің бас жағында кездеседі.
Морфофизиологиялық ерекшелігі.Ұрғашы дараларының ұзындығы 5,5 см,еркек даралары 1,5-3 см болады.Денесінің алдыңғы жағы жіпше не қылға ұқсас өте жіңішке,ал артқы жағы жуан болып келеді.Денесінің алдыңғы жіңішке бөлігінде тек жұтқыншақ,ал қалған ас қорыту мүшелері артқы бөлімінде орналасқан.Қылбасқұрт денесінің алдыңғы,жіңішке бөлімімен иесінің ішек қабырғасына еніп қанмен қоректенеді.
Тіршілік циклі. Ұрықтанған ұрғашы даралары ішек қуысында жұмыртқаларын жұмыртқалайды,олар нәжіспен сыртқа шығарылады.Сыртқы ортады 26-28 жылылықта,4 апта ішінде жұмыртқалар инвазиялық сатыға жетеді.Лас қол,жуылмаған жеміс-жидек,көкөністер арқылы ішекке келіп түседі де,бүйенге жетіп ересек формаға айналады.Қылбасқұрттар адам ағзасында 5 жылға дейін тіршілік ете алады.
Патогендік әсері. Ішектердің шаншып ауруы,тәбеттің бұзылуы,іш өту,нерв жүйесінің бузылуы,бас айналу,талып қалу т.б құбылыстар байқалады.
Лабораториялық аныктау. Нәжісті зерттеп, жұмыртқаларын табу. Алдын алу шаралары. Жеке тазалықты сактау.
Трихинелла — Trichinella spiralis
Табиғи ошақтық- трихинеллез ауруын қоздырушы паразит. Ересек формасы иесінің аш ішегінде,дернәсілдері-бұлшықеттерде тіршілік етеді. Морфофизиологиялық ерекшелігі. Өте кішкентай, ұрғашы даралары 3—4—0,6 мм. Еркек даралары 1,5x2-0,004 мм болып келетін кұрт.Бұлар дернәсілдерден тірі туады. Тіршілік циклі. Адамдарда, үй жануарларында (шошка, ит) және жабайы жануарларда (жабайы шошқалар, атжалмандар, тышкандар, аю, түлкілер т.б.) паразиттік тіршілік ететін биогельминттер. Бір ағза негізгі және аралық иесі бола алады. Ересек формалары аш ішекте 4 аптаға дейін тіршілік етеді. Ұрықтанғаннан кейін еркек даралары өліп калады,ал ұрыктанған ұрғашы даралары денесінің алдынғы жағымен иесінің ішек кабырғасына еніп 2000-ға жуык тірі дернәсілдері шығарады. Олар қан не лимфа арқылы бүкіл денеге таралып қаңка бұлшыкеттерінде, әсіресе көкетте жинақталалы. Қабырғааралык, шайнау, сан бұлшыкеттерінде шамалы уакыттан кейін дернәсіл шиыршықталып ширатылады. 2-2,5 айдан кейін дернәсіл айналасындағы ұлпалар капсула пайда етеді, онын мөлшері 0,25x0,66 мм жетеді. Бір жылдан кейін капсула кабырғасы ізбестеніп, қатаяды. Дернәсілдің ересек формаға айналуы үшін ол басқа иесінің өтуі кажет. Екінші иесінін ішегінде капсула еріп ол босанып шығады да 2-3 күннен кейін ересек формаға айналады.
Патогендік әсері.Дернәсіл ағзаны улайды, сондықтан бет, қабақ ісіп дене температурсы 40° дейін көтеріледі, асказан,ішек кызметі бұзылады. Кейінірек бұлшықеттердің шаншып ауруы байқалады. Лабораториялык анықтау. Бұлшықеттерде дернәсілдерді табу (биопсия) және иммунологиялык реакциялар арқылы. Алдын алу шаралары. Коғамдык шаралар - мал сойылатын орындарда санитарлық-ветеринарлық нормаларды сактау, малдарды таза ұстау, атжалмандарды құрту.
