
Қарағанды қаласының медицина колледжі
Дәріс
Тақырыбы: Медициналық гельминтология. Медициналық арахноэнтомология.
Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»
Курс: 2
Уақыты: 90 мин.
Дәрістің құрылымы
ТАҚЫРЫБЫ: Медициналық гельминтология.
Медициналық арахноэнтомология.
МАҚСАТЫ:
Адамда паразитті тіршілік ететін жалпақ және жұмыр құрттардың морфологиясын, даму циклін, зақымдалу жолдарын, алдын алу шараларын білу, адам паразиттері ретінде және трансмиссивті аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушы, медициналық маңызы бар өрмекшілер, жәндіктер класы өкілдерінің морфологиясы, даму циклы және олармен күрес жолдарын білу.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
1. Мед. гельминтология. негіздері
2.
3. Мед. Протозоология бөлімі
4. Саркодалылар класы
5. Талшықтылар класы
6. Инфузориялылар классы
7. Споровиктер класы
ДӘРІС
Жалпақ құрттар типі-Plathelminthes
Бұл типке 7300-ге жуқ түрлер жатады. Олар теңіздерде,тұщы суларда,топырақта кездеседі;көпшілігі паразиттік тіршілік етуге көшкен. Бұл типтің өкілдерінің ерекшеліктеріне мыналар жатады: 1)бұлар 3 қабатты жануарлар болып табылады; 2)денесі тері-бұлшықет қапшығымен қапталған; 3)дене қуысы болмайды,яғни мүшелер арасы паренхимамен толтырылған; 4)денесі екі жақты симметриялы болып келеді; 5)денесі арқа-құрсақ бағытында жалпақталған;
6)бұларда ас қорыту,зәр шығару,жүйке және жыныс мүшелері дамып жетілген,қан айналым,тыныс мүшелері болмайды. Жалпақ құрттар типі 3 класқа бөлінеді: 1)кірпікшелі құрттар; 2)сорғыштар класы; 3)таспа құрттар класы.Адам паразиттері соңғы екі классқа кіреді,сондықтан да енді біз соларға тоқталамыз.
9.3.1. Сорғыштар класы-Trematodes
Бұл класқа 3000-ға жуық түрлер жатады,олардың бәрі де паразиттер болып саналады.
Бұлардың денесі жалпақ,жапырақ тәрізді болып,өлшемі 2-ден 800 мм дейін жетеді.Денесі тері-бұлшықет қапшығымен қапталған.Ол сыртқы қабаттан-тегумент және 3 қабаты біркелкі салалы бұлшықеттен құралған.
Сорғыштар класының ерекше белгісінің бірі-иесінің денесіне бекінуге және қоректік затты соруға арналған ерекше сорғыштардың болуы.Әдетте,2 сорғышы болады-ауыз сорғышы және құрсақ сорғышы.Ауыз сорғышы дененің алдыңғы жағында орналасады және ол ауыз тесігімен байланысқан,ал құрсақ сорғышы дененің құрсақ бетінде орналасып бекіну қызметін атқарады.
Ас қорыту жүйесі-ауыз тесігінен,бұлшықет жұтқыншақтан,өңештен және екіге тарамдалған ішектен тұрады.Ішектері тұйық аяқталады.Қорытылмаған ас қалдығы ауыз тесігі арқылы кері шығарылады.
Сорғыштар иесі ішегінің жасушаларымен,сілемей және қан плазмасымен қоректенеді. Зәр шығару жүйесі— протонефридиялардан тұрады. Олар көптеген жұлдызша тәрізді (терминалды) жасушалардан басталады. Жұлдызша тәpiздi жасушалардың кірпікшелі арнашықтары болады, ал олар көпжасушалы зәр шығару арнасына келіп кұйылады. Зәр шығару арнасы зәр шығару тeciri аркылы сыртқа ашылады. Жүйке жүйесі — жұткыншақ маңындағы нерв сақинасынан және одан таралған 3 жұп жүйке бағаналарынан - арқа, бүйір және кұрсақ жүйке бағаналарынан тұрады. Жүйке бағаналары бip-бipiмен көлденең жіпшелер аркылы байланысқан, сондықтан да олар тор тәрізді болып келеді. Жыныс жүйесі. Сорғыштардың бәpi дерлік гермофродиттер болып саналады. Аталық жыныс жүйесі — жұп аталық бездерден, 2 шәует жолынан, шәует кұйылатын арнадан және жыныс мүшесі— циррустан турады. Аналық жыныс жүйесі-тақ аналық безден,жұмыртқа жолынан және сарыуыз безінен тұрады.Олар кең оотипке келіп құйылады.Оотипте жұмыртқа жасушасы ұрықтанады және сарыуыз безінен, Мелис денешігнен келіп жететін қоректік заттарды пайдаланып әрі қарай дамиды.Жұмыртқалар оотиптен жатырға өтеді де жыныс тесігі арқылы сыртқа шығарылады.Жатыр,сол сияқты,қынап қызметін де атқарады,яғни ол арқылы оотипке аталық жыныс жасушалары келіп жетеді.Сорғыштар айқас ұрықтанады. Тіршілік циклі-күрделі,иесін алмастыру және бірнеше дернәслдік сатысының алмасуы арқылы жүреді. Сорғыштардың ақырғы,негізгі иелері-адамдар және омыртқалылар,аралық иесі болып міндетті түрде моллюскілер саналады.Кейбір сорғыштардың екінші аралық иелері де болады-ол балықтар не омыртқасыз жануарлар.Тіршілік циклінің ерекшелігі-дернәсілдік сатыларының партеногенез жолымен көбейеді. Сорғыштар тудыратын ауруларды трематоздар деп атайды.
Бауыр соргышы — Fasciola hepatica
Фасциолез ауруын коздырушы — паразит. Ол адамдардьң өт жолдарында, өт қабында кейде ұйқы безінде не басқа мүшелерінде кездесуі мүмкін (60 сурет).
60-сурem. Трематодалар. а) бауыр сорғышы, б) зәр шығару жүйесі 1-протонефридия арнашыктары, 2-орталық зәр шығару арнасы.
Ересек формасын марита деп атайды. Ол үлкен құрт, яғни ұзындығы 3-5 см болып келеді. Өзге сорғыштардан айырмашылығы мөлшерінің үлкен болып келуі және жыныс мүшелерінің күрделілігі. Көптеп тарамдалған жатыр құрсақ сорғышынан кейін орналасады; сосын аналық без, ал денесінің бүйірлерінде саруыз бездері орналасқан. Денесінің ортасында аталық безі кездеседі. Тіршілік циклі.Бұлардың ақырғы иесі — ірі, ұсақ қарамал, жылқылар, шошқалар, қояндар, кейде адамдар. Аралық иесі болып ұлу саналады. Бауыр сорғышының жүмыртқасы дамуы үшін суға келіп түсуі қажет (61-сурет). Одан дернәсіл шығады - оны мирацидий деп атайды. Оның жүйке түйіндері, жарық сезгіш мүшесі, зәр шығару мүшелері және денесінің артында ұрық жасушалары болады. Денесінің алдыңғы жағында аралық иесіне енгенде оның тірі ұлпаларын ерітетін фермент бөліп шығаратын ерекше без болады. Мирацидий денесі кірпікшелермен қапталған, сондықтан ол суда еркін жүзіп белсенді түрде аралық иесінің денесіне өтеді. Әрі қарай паразит келесі дернәсілдік сатысы - спороцистаға айналады. Спороциста қалыпсыз қалта тәрізді болып келеді және оның ешбір мүшесі (нерв, зәр шығару) болмайды. Ол тек көбеюге
қабілетті. Спороцистада ұрық жасушаларынан партеногенез (яғни ұрықтанбай) жолымен жаңа дернәсілдік сатысы - редийлер дамып жетіледі. Спороцистадан редийлер шығады да иесінің жасушаларында паразиттік тіршілік етеді. Редийдің кейбір мүшелері дамыған, атап айтқанда: ауызы, жұтқыншақ, ас қорыту түтігі және жаңадан түзілетін ұрпақ дараларын сыртқа шығаратын тесікше. Редийдің ұрық жасушаларынан партеногенез жолымен келесі дернәсілдік ұрпақ - церкарий дамиды. Церкарий денесінде маритаға тән көптеген мүшелер кездеседі: сорғыштары, ішектер, нерв және зәр шығару мүшелері. Оның маритадан айырмашылығы — ұзын бүлшықетті құйрығының болуы. Ол суда қозғалу қызметін атқарады. Церкарий ұлу денесінен суға өтіп жүзіп жүреді. Шамалы уақыттан кейін бекініп, жабысып, қалың қабықпен қапталып адолескарийға айналады. Егер адолескарийді ақырғы иесі жұтса ол ас қорыту жолында ересек формаға - маритаға айналып бауырға өтеді. Сонымен, бауыр сорғышының аралық иесі үшін инвазиялық сатысы болып мирацидий, ал түпкілікті иесі үшін адолескарий саналады. Жануарлар шөп жегенде, су ішкенде, ал адамдар көкөніс арқылы адолескарийлерді жұқтыруы мүмкін. Патогендік әсері. Фасциола иесіне механикалық әсер етеді. Олардың тіршілігінде түзілетін улы заттар аллергиялық әсер етеді. Олар — эритроциттерді, лейкоциттерді және өт жолдарының эпителий жасушаларын жұтып қоректенеді. Сондықтан да бауырда цирроз байқалуы мүмкін. Мұны лабораториялық анықтау үшін нәжісті микроскоп арқылы зерттейді. Алдын алу шаралары.Қайнатылмаған суды ішпеу, көкөністерді жуып жеу және санитариялық ағарту жүмыстарын ұйымдастыру болып табылады.
Мысық немесе сібір сорғышы — Opisthorchis felineus
Бұл - описторхоз ауруын қоздырушы паразит. Ол адамдар мен үй жануарларының (кысық, ит) бауырында, өт қабында, ұйқы безінде кездеседі. Описторхоз негізінен Сібір өзендерінің жағалауындағы аудандарда кең таралған. Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Сібір сорғышының денесінің ұзындығы 4—13 мм. Денесінің ортасында тарамдалған жатыр, содан кейін дөңгелек аналық безі және денесінің артқы бөлімінде екі аталық безі орналасқан. Тіршілік циклі. Бүлардың ақырғы иелері болып адамдар және балықтармен қоректенетін жыртқыш сүтқоректілер саналады (62-сурет).
Ішінде мирацидийі бар жұмыртқа суға түседі, оны моллюска жұтса оның ішегінде жұмыртқадан мирацидий шығады. Бауыр жасушаларында мирацидий спороцистаға айналады. Спороцистада партеногенез жолымен редий, ал олардан церкариялар дамиды. Церкарий моллюскі денесінен суға өтеді де балық денесіне енеді. Балық денесінде ол теріасты жасушаға және бұлшықеттерге өтіп, қос қабықшамен қапталып метацеркарийға айналады. Егер ақырғы иелері піспеген балық етін жесе паразиттің метацаркарийін жұтады, ал ол ас қорыту жолында кабықшадан босанып өт жолына, бауырға енеді де ересек формаға — маритаға айналады. Сонымен, Сібір сорғышының дамуы 2 аралық иесін алмастыру арқылы жүреді. Оның біріншісі үшін инвазиялық сатысы — жұмыртқа, екіншісі (балық) үшін церкарий; ал ақырғы иесі үшін метацеркарий саналады.
Патогендік әсері. Описторхоз зілді ауру, ол кейде өлімге алып келеді. Паразиттердің көптеп жиналуы өттің ағуын болдырмайды, бауыр циррозына алып келеді. Ауруды анықтау нәжісті және дуоденум сөлін микроскоп арқылы зерттеумен шектеледі. Алдын алу шаралары — балықты жақсы пісіріп не қуырып жеу және санитарлық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.