Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
farm_100_ball.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
534.53 Кб
Скачать

227. Дұрыс тұжырым:

1. Глюкокортикоидтарды дереу және баяу дамитын аса жоғарғы сезімталдық реакцияларында қолданады+

2. Дереу дамитын аса жоғарғы сезімталдық реакциясында циклоспорин қолданады

3. Трансплантанттың кері итеру реакциясының алдын алу үшін метилурацил қолданады

4. Дереу дамитын аса жоғарғы сезімталдық реакциясында азатиоприн қолданады

5. Анафилаксиялық шок кезінде Т-активин қолданады

228. Препаратты анықтау: иммуностимулятор, цитокиндер тобына жатады, вирустарға қарсы әсері бар, антипролиферативті әсерге ие, вирустық инфекцияда және кейбір қатерлі ісік ауруларында қолданады, Т-лимфоциттердің жетілуін белсендіреді, иммундық тапшылық кезінде қолданылады:

1. Левамизол

2. Т-активин

3. Преднизолон

4. + Интерферон

5. Циклоспорин

229. Емтихан алдында өсімдіктердің гүлдеуіне байланысты студентте айқын аллергиялық риниттің және конъюнктивиттің белгілері пайда болды. Қолданылатын препаратты көрсету:

1. Димедрол

2. Кетотифен

3. + Диазолин

4. Дексаметазон

5. Преднизолон

230. Антигистаминді препараттардың II ұрпағына жатады:

1. +Лоратадин

2. Димедрол

3. Диазолин

4. Фексофенадин

5. Дипразин

231. Димедрол:

1. Мес жасушаларынан аллергиялық медиаторлардың бөлінуін тежейді

2. Лимфоциттердің пролиферациясын тежейді

3. +Гистаминдік Н1-рецепторларды тежейді

4. Гистаминдік Н2-рецепторларды тежейді

5. ОЖЖ-н белсендіреді

232. Бос гистаминнің сезімтал тіндік рецепторлармен байланысуын тежейтін заттар:

1. Глюкокортикоидтар

2. Миотропты спазмолитиктер

3. +Гистаминге қарсы заттар

4. М-холиномиметиктер

5. Бета-адреноблокаторлар

233. Дереу дамитын аса жоғары сезімталдықта тіндердің зақымдануын азайтатын заттар:

1. +Қабынуға қарсы стероидты заттар

2. Цитостатиктер

3. Циклоспорин

4. М-холиномиметиктер

5. Бета-адреноблокаторлар

234. Препаратты анықтау. Қабынуға қарсы стероидты зат, жүйелі әсер көрсетпейді, бронх демікпесінде және вазомоторлы ринитте ингаляция түрінде қолданылады:

1. гидрокортизон

2. преднизолон

3. дексаметазон

4. +беклометазон дипропионаты

5. триамцинолон

235. Аллергияға және қышынуға қарсы белсенділігі бар қабынуға қарсы стероидты құрылымды зат:

1. Триамцинолон

2. +Флуметазон пивалаты

3. Беклометазон дипропионаты

4. Индометацин

5. Диклофенак- натрий

236. Препаратты анықтау. Қабынуға қарсы белсенділігі гидрокортизоннан 3-4 есе жоғары, натрий иондарын ағзада аз ұстайды:

1. гидрокортизон

2. +преднизолон

3. дексаметазон

4. беклометазон дипропионаты

5. триамцинолон

237. Препаратты анықтау. Қан сарысуын алмастырушы, шокқа қарсы препарат. Жартылай гидролизденген декстранның 0,9% натрий хлоридінің изотонды ерітіндісіндегі орташа молекулалық фракциясынан тұрады. Әртүрлі себептен дамыған шокта (операциялық, жарақаттық, постгеморрагиялық), күйікте, көп мөлшерде қан жоғалтқанда қолданылады.

1. +Полиглюкин

2. «Дисоль»

3. Глюкоза

4. Реополиглюкин

5. Натрий хлоридінің изотонды ерітіндісі

238. Препаратты анықтау. Дезинтоксикациялаушы және регидратациялаушы әсер көрсетеді. Организмдегі әртүрлі патологиялық жағдайда натрий тапшылығын жояды. Ерітінді қан сарысуына изотонды болғандықтан, жалпы қан арнасынан тез шығып кетеді, айналымдағы қан көлемін уақытша ғана арттырады (көп мөлшерде қан жоғалтқанда және шок жағдайында тиімділігі аз). Көктамырға енгізілетін дәрілік заттарды сұйылту үшін де қолданылады.

1. «Лактасол»

2. «Дисоль»

3. Желатиноль

4. Реоглюман

5.+ Натрий хлоридінің изотонды ерітіндісі

239. Препаратты анықтау. Полифункциональды әсер көрсететін қан сарысуын алмастырушы препарат. Препарат қанның тұтқырлығын азайтады, ұсақ капиллярда қан ағымын қалпына келтіреді, қанның формалық элементтерінің агрегациясына қарсы әсер көрсетеді, дезинтоксикациялық, диуретикалық және гемодинамикалық әсерлері бар. Препараттың құрамына кіретін декстранның әрбір граммы 20-25 мл сұйықтықтың тіннен қан ағымына түсуіне ықпал жасайды.

1. +Реоглюман

2. «Ацесоль»

3. Глюкоза

4. Реополиглюкин

5. Рингер-Локк ерітіндісі

240. Препаратты анықтау. Натрия хлориді және натрий ацетатынан тұратын тұзды ерітінді. Гиповолемияны азайтып, гемодинамикалық әсер көрсетеді, қанның қоюлануына және метаболиттік ацидоздың дамуына кедергі жасайды, капиллярлық қан ағымын жақсартады, диурезді күшейтеді, дезинтоксикациялық әсері бар.

1. + Дисоль

2. Санасол ертітіндісі

3. Ацесоль

4. Глюкоза

5. Реоглюман

241. Препаратты анықтау. Қанттарға жатады, организмге тез сіңетін және құнды қоректік материал, тінде жанғанда ағзаның қызметіне қажетті энергияның біршама мөлшері түзіледі, қан сарысуын алмастырушы және шокқа қарсы сұйықтықтардың компоненті болып табылады. Гипогликемиияда, гипертониялық дегидратацияда, бос судың тапшылығынан дамитын сусыздануда және басқа дәрілік заттарды дайындау үшін қажет негіз ретінде қолданылады.

1. +Глюкоза

2. Полиглюкин

3. Реоглюман

4. натрий хлоридінің изотонды ерітіндісі

5. Желатиноль

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]