
- •«Жалпы медицина» факультеті 2 курс студенттерінің фармакология пәні бойынша қорытынды білімін бақылауға арналған тест тапсырмалары 2013 – 2014 оқу жылы
- •1. Парентеральды енгізу жолына жатады:
- •3. Дәрілік заттарды клиникалық сынау Халықаралық стандартқа сәйкес жүргізіледі:
- •4. Дәрілік заттардың асқазан-ішек жолынан сіңірілуінің негізгі механизмі:
- •5. Дәрілік заттарды клиникаға дейін зерттеу Халықаралық стандартқа сәйкес жүргізіледі:
- •1. Тиісті клиникалық зерттеу практикасы Ережесіне (Good Clinical Practice, gcp)
- •3. Көтерме сауда Ережесіне (Good Distribution Practice, gdp)
- •Идиосинкразия
- •Сублингвальды
- •5. Қан сарысуындағы дәрілік заттың бастапқы дозасымен салыстырғандағы мөлшері
- •Антагонизм
- •Сенсибилизация
- •120. Теңіз және әуе ауруында рефлекторлы түрде дамитын құсуды алдын алу үшін қолданылатын таблетка құрамына кіретін м-холиноблокатор:
- •121. Пирензепинді қолдануға негізгі көрсету:
- •159. Моноаминдердің кері нейроналды ұсталуын тежейді:
- •160. Наркотикалық емес анальгетиктердің анальгетикалық әсерінің механизмі:
- •161. Салицилаттар тобына жататын наркотикалық емес анальгетиктердің жанама әсерлері:
- •Тахифилаксия
- •Сенсибилизация
- •Күшейтілген әсер
- •227. Дұрыс тұжырым:
- •242. Викасолдың әсер ету механизмі:
- •246. Эргокальциферолды қолдануға көрсетулер:
159. Моноаминдердің кері нейроналды ұсталуын тежейді:
1. +Имизин
2. Аминазин
3. Фенобарбитал
4. Моклобемид
5. Диазепам
160. Наркотикалық емес анальгетиктердің анальгетикалық әсерінің механизмі:
ОЖЖ-нің опиоидты рецепторларына әсер етеді
+ ЦОГ тежейді, простагландиндердің синтезін тежейді
Ауру сезімі импульстерінің түзілуін және олардың жұлын мотонейрондары деңгейінде өтуін тежейді
Фосфолипазаны тежеу, простагландиндер мен лейкотриендердің өндірілуін азайтады
Гистаминдік рецепторларды белсендіреді
161. Салицилаттар тобына жататын наркотикалық емес анальгетиктердің жанама әсерлері:
+ Диспепсиялық құбылыстар, АІЖ ойық жаралары, геморрагиялар, құлақтағы шу, естудің нашарлауы
Диспепсиялық құбылыстар, АІЖ ойық жаралары, геморрагиялар, ісінулер, аллергия, лейкопения, агранулоцитоз
Ұзақ уақыт және үлкен дозада қолданғанда нефротоксикалық және гепатотоксикалық әсер көрсетеді
Тыныс алу орталығын тежейді, тыныштандырғыш әсер көрсетеді және обстипация шақырады
Тамырқозғалтқыш орталығын тежейді
162. Анальгетикалық белсендігі бар орталық әсерлі опиоидты емес препарат:
Пентазоцин
Омнопон
Трамадол
+ Амитриптиллин
Морфин
163. Анальгетикалық белсенділігі жоғары және қысқа уақыт әсер ететін наркотикалық анальгетик:
1. Морфин
2. Промедол
3. Пентазоцин
4. Омнопон
5. +Фентанил
164. Паркинсонизм кезінде қолданылатын леводопаның емдік әсері байланысты:
Дофаминдік рецепторлардың белсенуіне
Дофаминнің нейроналды қайта ұсталуының тежелуінің күшеюіне
+ Дофаминге айналу қасиеттеріне
ОЖЖ-дегі холинергиялық үрдістердің белсенуіне
ОЖЖ-дегі холинергиялық үрдістердің тежелуіне
165. Науқас К. М. асқазан аймағындағы ауру сезіміне, құлақтағы шуылға, көрудің бұзылуына, диспепсиялық құбылыстарға, терінің зақымдануына, геморрагияға шағым жасады. Науқастың айтуы бойынша көрсетілген құбылыстар, ревматоидтық артритпен зардап шегуіне байланысты наркотикалық емес анальгетиктерді ұзақ қабылдаудан кейін пайда болған. Науқас қандай препарат қабылдаған:
1. + Ацетилсалицил қышқылын
2. Парацетамолды
3. Анальгинді
4. Бутадионды
5. Кеторолакты
166. Нашақорда морфинді қабылдауды күрт тоқтатқанда байқалды: көз жасының ағуы, мұрыннан сұйықтықтың ағуы, терлегіштік, есінеу, қолдың дірілдеуі, лоқсу, қалтырау, құсу, мазасыздық, қорқыныш, агрессивтілік, қорқынышты түстер көру. Бұл құбылыс аталады:
+ Абстиненция
Обстипация
Тахифилаксия
Сенсибилизация
Күшейтілген әсер
167. Морфин ұқсас әсер көрсетеді:
катехоламиндерге
+эндорфиндерге
простагландиндерге
никотинге
гистаминге
168. Препаратты анықтау: қабынуға қарсы әсері айқын, антиагреганттық, ауру сезімін басатын және дене қызуын түсіретін әсерлері бар, артриттер, невралгиялар, бастың ауруы, ревматизм кездерінде қолданылады. Жанама әсерлері – гастриттің асқынуы, ойық жаралар, асқазаннан қан кету, аллергиялық реакциялар, естудің бұзылуы:
Парацетамол
Промедол
Омнопон
Фентанил
+Ацетилсалицил қышқылы
169. Затты анықтау: дофаминнің ізашары болып табылады. Препаратты қолданған кезде ОЖЖ-де дофаминнің деңгейі жоғарылайды. Паркинсонизмді емдеу үшін қолданылады:
+Леводопа
Циклодол
Мидантан
Бромокриптин
Депренил
170. Препаратты анықтау: ОЖЖ-де простагландиндердің синтезін төмендетеді, ауру сезімін басады және дене қызуын түсіреді, қабынуға қарсы әсері мүлдем жоқ. Бас ауруы, бұлшықет және буын аурулары, невралгия, қызба кезінде қызуды төмендету үшін қолданады:
+Парацетамол
Бутадион
Пентазоцин
Анальгин
Карбамазепин
171. Ұйқыға ену үрдісі бұзылған кезде қолданылатын препарат:
Кетамин
+Триазолам
Тиопентал- натрий
Карбамазепин
Дифенин
172. Беткейлік ұйқы кезінде қолданылатын зат:
Триазолам
+Фенобарбитал
Дифенин
Карбамазепин
Этосуксимид
173. Қолданған кезде "жылдам" ұйқы фазасының тапшылығына жиі алып келетін ұйықтатқыш зат:
+Фенобарбитал
Нитразепам
Диазепам
Натрий оксибутираты
Феназепам
174. Адреналинмен фармакологиялық сәйкессіз наркоздық зат:
Наркозға арналған эфир
+Фторотан
Азоттың шала тотығы
Пропанидид
Натрий оксибутираты
175. Ламотриджин:
ОЖЖ-де глутаматергиялық үрдістерді ынталандырады
+Натрий каналдарын тежейді, глутаматтың бөліуін азайтады
Эпилептогенді импульстердің таралуына ықпал етеді
ОЖЖ-де холинергиялық үрдістерді тежейді
Мидағы дофаминергиялық үрдістерді күшейтеді
176. Препаратты анықтау: ұйқы құрылымына аз әсер етеді. Бензодиазепиндік рецепторлардың агонисті, бірақ химиялық құрылысы бойынша бензодиазепин емес туынды болып табылады:
нитразепам
фенобарбитал
+зопиклон
дифенин
клоназепам
177. ОЖЖ-де NMDA-глутаматтық рецепторларды тежейтін паркинсонизмге қарсы зат:
1. Леводопа
2. Диазепам
3. +Мидантан
4. Аминазин
5. Фенобарбитал
178. Препаратты анықтау: Эпилепсияға қарсы, ұйықтатқыш, орталық миорелаксациялық және анксиолитикалық қасиеттері бар; мидағы ГАМҚ-ергиялық үрдістерді белсендіреді, эпилепсиялық статусты жою үшін қолданылады:
Дифенин
Этосуксимид
+Диазепам
Ламотриджин
Натрий вальпроаты
179. Леводопа және карбидопаны бір уақытта қолданғанда:
+ Левадопаның шеткі тіндерге жанама әсерлері азаяды
Леводопаның паркинсонға қарсы әсері төмендейді
Леводопаның ОЖЖ-не жанама әсерлері азаяды
Леводопаның паркинсонға қарсы әсері азаяды
Леводопаның ОЖЖ-не жанама әсерлері күшейеді
180. Дәрілік паркинсонизмді түзету үшін қолданылатын препарат:
Мидантан
Леводопа
+Циклодол
Селегилин
Бромокриптин
181. Затты анықтау. Айқын қозу сатысынан соң терең наркоз шақырады. Наркотикалық әсер кеңдігі жеткілікті. Тыныс жолдарының шырышты қабатын тітіркендіреді.
1. Фторотан
2. Азоттың шала тотығы
3. Тиопентал-натрий
4. +Наркозға арналған эфир
5. Натрий оксибутираты
182. Көктамырлық наркоздың кемшіліктері:
1. +наркозды басқару қиын
2. науқас наркозға тез енеді
3. наркозды басқару жеңіл
4. тек қана стационарлық жағдайларда қолданылмайды
5. жұптастыру мүмкіндігі
183. Препаратты анықтау: эпилепсияға қарсы, ұйықтатқыш және тыныштандырғыш әсерлері бар, мидағы ГАМҚ - ергиялық үрдістерді белсендіреді; бауырдың микросомалды ферменттерінің айқын белсенуін шақырады:
Ламотриджин
Дифенин
Карбамазепин
+Фенобарбитал
Натрий вальпроаты
184. Препаратты анықтау: акушерлік практикада босану кезіндегі ауру сезімін жою үшін, ұйқыға ену үрдісі бұзылған кезде ұйықтатқыш зат ретінде, сонымен қатар мидың гипоксиялық ісінуінің алдын алу және емдеу үшін қолданады. Науқасты палатада ұйқыға енгізу керек болған жағдайда кіріспе наркоз үшін қолданылады. Көктамырға, ішке тағайындайды:
Фторотан
Наркозға арналған эфир
+Натрий оксибутираты
Кетамин
Азоттың шала тотығы
185. Затты анықтау: постсинапстық дофаминдік D2-рецепторларды ынталандырады. Химиялық құрылысы бойынша қастауыш алкалоиды эргокриптиннің (лизергин қышқылы) жартылай синтетикалық туындысы. Пролактиннің және өсу гормонының өндірілуін тежейді. Паркинсонизмді емдеу үшін қолданылады:
1. Мидантан
2. Леводопа
3. Циклодол
4. Селегилин
5. +Бромокриптин
186. Эпилепсиялық статус кезінде қолданылатын препараттар:
Этосуксимид, Топирамат
Натрий вальпроаты, Фенобарбитал
+ Фенобарбитал, Диазепам
Ламотриджин, Тиагабин
Этосуксимид, Карбамазепин
187. Карбидопаның әсер ету механизмі:
ОЖЖ-де МАО – А (моноаминооксидазаны) тежейді
Ағзада жалған карбидопамин медиаторына айналады
+Шеткі тіндердегі дофа-декарбоксилазаны тежейді
МАО – В (моноаминооксидазаны)
КОМТ- ы тежейді (катехол-о- метилтрансферазаны)
188. Карбамазепиннің әсер ету механизмі:
+Натрий каналдарын тежейді
Кальций каналдарын тежейді, ГАМҚ-ергиялық әсерлерді төмендетеді
Нейрондарда дофаминге айналады
Холинорецепторларды тежейді
Дофаминдік рецепторларды белсендіреді
189. Затты анықтау: гидантоин туындысы, эпилепсияға қарсы және антиаритмиялық, анальгетикалық әсерлер көрсетеді:
Мидантан
Леводопа
Карбамазепин
Натрий вальпроаты
+Дифенин
190. Тетурамның әсер ету механизмі:
1. ацетилхолинэстеразаны тежейді
2. бауырдың цитохромды жүйесін тежейді
3. асқазанда этил спиртін бейтараптайды
4. этил спиртінің ағзада тез арада қорытылып кетуіне ықпал жасайды
5. +ацетальдегид деңгейінде этил спиртінің тотығуын тежейді
191. ГАМК–ергиялық жүйені белсендендіретін эпилепсияға қарсы препараттар:
Дифенин, Топирамат
Этосуксимид, Натрий вальпроаты
+ Фенобарбитал, Клоназепам
Тиагабин, Ламотриджин
Карбамазепин, Диазепам
192. Миоклонус – эпилепсияның алдын алуда қолданылады:
1. Фенобарбитал+
2. Тиагабин
3. Топирамат
4. Диазепам
5. Ламотриджин
193. Қозу сатысы айқын, наркозға арналған зат:
1. Азоттың шала тотығы
2. Наркозға арналған эфир+
3. Фторотан
4. Кетамин
5. Натрий оксибутираты
194. Препаратты анықтау. Психозға қарсы айқын және біршама төмен тыныштандырғыш әсерлері бар. Құсуға қарсы әсері аминазиннен асып түседі, гипотензивті, адреноблокаторлық және миорелексациялаушы әсерлері аминазиннен төмен:
Аминазин
Трифтазин+
Клоназепам
Амитриптилин
Ламотриджин
195. Препаратты анықтау. Алкалоид, метилксантин туындысы, шәй жапырақтарында, кофе, какао, кола жаңғағында кездеседі. Аденозиндік рецепторларды және фосфодиэстеразаны тежейді:
1. аминазин
2. диазепам
3. амитриптилин
4. кофеин+
5. бемегрид
196. Дәрілік заттардың тобын анықтау. Қорқыныш, үрей және ішкі эмоционалдық кернелу сезімдерін жояды. Наркоздық заттардың, наркотикалық анальгетиктердің және алкогольдің ОЖЖ-не тежегіш әсерлерін күшейтеді:
1. Антидепрессанттар
2. Наркотикалық анальгетиктер
3. Транквилизаторлар+
4. Нейролептиктер
5. Психостимуляторлар
197. Дәрілік заттардың тобын анықтау. Психоздың симптомдарын жояды (сандырақ, елестер, психомоторлы қозу). Психозға қарсы әсер ету механизмі мезолимбиялық жүйедегі дофаминдік D2-рецепторлардың тежелуіне байланысты:
1. Антидепрессанттар
2. Нейролептиктер +
3. Наркотикалық анальгетиктер
4. Транквилизаторлар
5. Психостимуляторлар
198. Жедел психомоторлы қозуды жою үшін қолданылатын препарат:
1. Валериана тұнбасы
2. Аминазин+
3. Фторотан
4. Амитриптилин
5. Кофеин
199. Фторотандық наркоз кезінде қолданылатын прессорлық зат:
1. Адреналин
2. Норадреналин
3. Эфедрин
4. Мезатон+
5. Нафтизин
200. Көктамырға енгізуге арналған “өте қысқа” наркоз үшін қолданылатын препарат:
1. Пропанидид+
2. Тиопентал-натрий
3. Кетамин
4. Натрий оксибутираты
5. Фторотан
201. Мидың және жүрек тіндерінің гипоксияға тұрақтылығын жоғарылататын наркозға арналған зат:
1. Тиопентал - натрий
2. Пропанидид
3. Кетамин
4. Натрий оксибутираты+
5. Азоттың шала тотығы
202. Наркоздық әсер кеңдігі - бұл:
препараттың наркоз шақыратын концентрациясы мен сопақша мидағы өмір үшін маңызды орталықтардың тежелуіне әкелетін минимальды токсикалық доза арасындағы диапазон+
препараттың аса сезімтал бұлшықеттердің салдануына әкелетін дозамен тыныстың толық тоқтауына әкелетін доза арасындағы диапазон
Хирургиялық наркоздың терең сатысын шақыратын доза
Наркоздың қозу сатысынсыз тез басталуы
Импульстердің нейрон аралық берілуінің бұзылып, тежегіш әсердің дамуына әкелетін әсер
203. Морфиннің шеткі әсерлеріне жатады:
1. ішек перистальтикасының күшеюі
2. тәждік тамырлардың кеңеюі
3. бронхтардың тарылуы, сфинктерлердің тонусының жоғарылауы+
4. артериялық қысымның жоғарылауы
5. тахикардия
204. Психостимуляторлар ОЖЖ-не жалпы әсер еткенде дамиды:
ретикулярлы формацияның тежелуі
фосфодиэстеразаның белсенділігінің артуы
3. холинэстразаның тежелуі
4. ми қыртысының қозуы+
5. транквилизатордың әсеріне антагонизм
205. Препаратты анықтау. Фенотиазин туындысы, психозға қарсы, седативті, миорелаксациялаушы құсуға қарсы және гипотермиялық әсерлері бар. Психозда, жасанды гибернация үшін, құсу орталығының қозуынан болатын құсуды тоқтату үшін қолданылады.
1. аминазин+
2. дроперидол
3.кофеин натрий бензоаты
4. фенобарбитал
5. нитразепам
206. Дәрілік затты анықтау: фитопрепарат, біршама тыныштандырғыш, спазмолитикалық әсерлері бар, ұйықтатқыш заттардың әсерін күшейтеді. Шамадан тыс жүйкелік қозуда, ұйқысыздықта, жүрек-қантамырының ауруларында, неврозда, асқазан-ішек жолының спазмында қолданылады.
1. валериана тұнбасы+
2. нитразепам
3. диазепам
4. имизин
5. фенбарбитал
207. Препаратты анықтау: қабынуға қарсы белсенділігі гидрокортизоннан шамамен 5 есе артық. Резорбтивті әсер көрсетеді. Натрий, хлор, калий иондарының және судың ағзадан шығарылуына ешқандай әсер етпейді. Жанама әсерлері: бұлшықеттердің атрофиясы, тәбеттің жоғалуы, депрессивті жағдай:
Преднизолон
Гидрокортизон
Беклометазон дипропионаты
Триамцинолон+
Флуметазон пивалаты
208. Дереу және баяу дамитын аллергиялық реакцияларда қолданылатын препараттар:
Гистаминге қарсы препараттар
Серотонинге қарсы препараттар
Брадикининге қарсы препараттар
Цитостатиктер
Глюкокортикоидтар+
209. Препаратты анықтау: иммунодепрессанттарға жатады, хинолин туындысы, қабынуға қарсы әсері бар, коллагенозды, безгекті, амебиазды емдеу үшін қолданады:
Хингамин+
Циклоспорин
Азатиоприн
Кризанол
Пеницилламин
210. Препаратты анықтау: тимус препаратына жатады, Т-лимфоциттердің санын және қызметін қалыпқа келтіреді, тежелген Т-киллердің қызметін қалыпқа келтіреді, иммундық тапшылық жағдайда қолданылады:
Т-активин+
левамизол
интерферон
преднизолон
хингамин
211. Қабынуға қарсы стероидты емес препарат – ЦОГ-2 таңдамалы тежегіші:
1. диклофенак натрий
2. индометацин
3. рофекоксиб+
4. бутадион
5. преднизолон
212. ОЖЖ-не тежегіш әсер көрсетпейтін, гистаминге қарсы әсері ұзақ препарат:
Димедрол
Кетотифен
Тавегил
Супрастин
Лоратадин+
213. Препаратты анықтау: иммунитетті айқын ынталандырады, макрофагтардың белсенділігін жоғарылатады, ішек құрттарына қарсы әсері бар, Т-лимфоциттер ізашарларының жетілуін белсендіреді:
Пирогенал
Натрий нуклеинаты
Интерферон
Левамизол+
Т-активин
214. Әлсіз минералокортикоидтық қасиеті бар жүйелі әсер көрсететін глюкокортикоидтар:
Гидрокортизон, флуметазон пивалаты
Триамцинолон, Дексаметазон+
Преднизолон, Диклофенак-натрий
Ацетилсалицил қышқылы, Бутадион
Беклометазон дипропионаты, Напроксен
215. Мелоксикамның ерекшелігі:
1. ЦОГ-2 тежейді+
2. метгемоглобиннің түзілуіне ықпал жасайды
3. наркотикалық анальгетик болып табылады
4. белок синтезін тежейді
5. қалыпты дене қызуын түсіреді
216. Ацетилсалицил қышқылы:
1. Жасуша мембранасы фосфолипазасын тежейді
2. дәріге тәуелділік шақырады
3. ЦОГ-1 және ЦОГ-2 тежейді, асқазан шырышты қабатын тітіркендіреді+
4. қабынуға қарсы стероидты зат
5. тек сілтілі ортада ғана әсер етеді
217. Преднизолонға тән әсерлер:
1. иммуностимулдеуші, гистаминге қарсы
2. гипотензивті, антиаритмиялық
3. қабынуға қарсы, иммунодепрессивті+
4. анаболикалық, гипертензивті
5. спазмолитикалық, ОЖЖ-сін тежейді
218. Қабынуға қарсы стероидты емес заттар өндірілуін бұзады:
1. дофаминнің
2. норадреналиннің
3. простагландиндердің+
4. ацетилхолиннің
5. плазминнің
219. Аллергиялық реакциялардың тек алдын алу үшін қолданылатын препарат:
1. Преднизолон
2. Димедрол
3. Кромалин натрий+
4. Гидрокортизон
5. Лоратадин
220. Тек қана жергілікті қолданылатын глюкокортикоид:
1. Гидрокортизон
2. Дексаметазон
3. Синафлан+
4. Триамцинолон
5. Преднизолон
221. Биологиялық белсенді заттардың (ББЗ) босап шығуын тежейтін препараттар:
1. Глюкокортикоидтар+
2. Бета-адреноблокаторлар
3. М-холиномиметиктер
4. Альфа-адреноблокаторлар
5. Иммуностимуляторлар
222. Препаратты анықтау: пептидті антибиотик, интерлейкин II түзілуін бұзады, иммуногенезді тежейді:
1. Преднизолон
2. Циклоспорин+
3. Кетотифен
4. Кромолин-натрий
5. Хингамин
223. Препаратты анықтау: құрамында фтор атомы бар преднизолон туындысы. Қабынуға қарсы белсенділігі гидрокортизоннан 30 есе артық, су-тұз алмасуына аз әсер етеді:
1. Гидрокортизон
2. Индометацин
3. Преднизолон
4. Дексаметазон+
5. Диклофенак натрий
224. Беклометазон дипропионаты:
1. гистаминге қарсы заттардың 1-ші ұрпағы
2. Қабынуға қарсы стероидты емес зат
3. Иммуностимулятор
4. Қабынуға қарсы стероидты зат+
5. гистаминге қарсы заттардың 2-ші ұрпағы
225. Қабынуға қарсы әсері бар алтын препараты:
1. Кризанол+
2. Бронхомунал
3. Хингамин
4. Пеницилламин
5. Метилурацил
226. Иммунодепрессивті әсері бар препараттар:
1. Левамизол, интерферон
2. Т-активин, циклоспорин
3. Азатоиоприн, метотрексат+
4. Кризанол, лизоцим
5. Метилурацил, бронхомунал