
- •«Жалпы медицина» факультеті 2 курс студенттерінің фармакология пәні бойынша қорытынды білімін бақылауға арналған тест тапсырмалары 2013 – 2014 оқу жылы
- •1. Парентеральды енгізу жолына жатады:
- •3. Дәрілік заттарды клиникалық сынау Халықаралық стандартқа сәйкес жүргізіледі:
- •4. Дәрілік заттардың асқазан-ішек жолынан сіңірілуінің негізгі механизмі:
- •5. Дәрілік заттарды клиникаға дейін зерттеу Халықаралық стандартқа сәйкес жүргізіледі:
- •1. Тиісті клиникалық зерттеу практикасы Ережесіне (Good Clinical Practice, gcp)
- •3. Көтерме сауда Ережесіне (Good Distribution Practice, gdp)
- •Идиосинкразия
- •Сублингвальды
- •5. Қан сарысуындағы дәрілік заттың бастапқы дозасымен салыстырғандағы мөлшері
- •Антагонизм
- •Сенсибилизация
- •120. Теңіз және әуе ауруында рефлекторлы түрде дамитын құсуды алдын алу үшін қолданылатын таблетка құрамына кіретін м-холиноблокатор:
- •121. Пирензепинді қолдануға негізгі көрсету:
- •159. Моноаминдердің кері нейроналды ұсталуын тежейді:
- •160. Наркотикалық емес анальгетиктердің анальгетикалық әсерінің механизмі:
- •161. Салицилаттар тобына жататын наркотикалық емес анальгетиктердің жанама әсерлері:
- •Тахифилаксия
- •Сенсибилизация
- •Күшейтілген әсер
- •227. Дұрыс тұжырым:
- •242. Викасолдың әсер ету механизмі:
- •246. Эргокальциферолды қолдануға көрсетулер:
120. Теңіз және әуе ауруында рефлекторлы түрде дамитын құсуды алдын алу үшін қолданылатын таблетка құрамына кіретін м-холиноблокатор:
Атропин
Ипратропия бромид
Платифиллин
Метацин
+ Скополамин
121. Пирензепинді қолдануға негізгі көрсету:
бронхоспазмды жою үшін
+ асқазанның және 12 елі ішектің ойық жарасы, гиперацидті гастрит, бауыр, ішек шаншуларын емдеу үшін
наркоздық заттарды қолданғаннан кейінгі жүректің рефлекторлы тоқтауының алдын алу үшін
брадикардияны жою үшін
бүйрек және бауыр шаншуларында
122. Заттардың тобын анықтау: глаукомада, полиомиелиттен кейінгі неврологиялық бұзылыстарда, миастенияда, ішек және қуық атониясында деполяризацияға қарсы миорелаксанттардың антагонисі ретінде қолданылады:
М-холиномиметиктер
М-холиноблокаторлар
Н-холиноблокаторлр
Адреномиметикитер
+ Холинэстеразаға қарсы заттар
123. Заттардың тобын анықтау: қарашықты тарылтады, аккомодация спазмын шақырады, көзішілік қысымды төмендетеді, бронхтың, ішектің тегіс салалы бұлшық еттерінің тонусын жоғарылатады, бездердің секрециясын күшейтеді, ганглийлердегі және жүйке-бұлшық еттік синапстардағы қозудың берілуіне әсер етпейді. Глаукома кезінде қолданылады. Бұл заттармен уланғанда атропинді тағайындайды:
1. +М-холиномиметиктер
2. М-холиноблокаторлар
3. Ганглиоблокаторлар
4. Н-холиномиметиктер
5. Холинэстеразаға қарсы заттар
124. Затты анықтау: ОЖЖ-сін тежейді, қарашықты кеңейтеді, аккомодацияның салдануын шақырады, тегіс салалы бұлшықеттердің тонусын төмендетеді, бездердің секрециясын төмендетеді, теңіз және әуе ауруларының алдын алу үшін қолданылады:
+Скополамин
Атропин
Прозерин
Ацеклидин
Платифиллин
125. Дитилиннің аса ұзақ әсерін жою үшін қолданылады:
Армин
Прозерин
+Жаңа дайындалған цитратты қан
Физостигмин салицилаты
Галантамин
126. Затты анықтау: көлденең-жолақ бұлшық еттерді босаңсыту үшін қолданылады. Жүйке-бұлшықеттік берілуді тежейді, жылдам апноэ шақырады, әсер ұзақтығы 20-40 мин. Жанама әсерлері: артериялық қысымның төмендеуі, бронхоспазм. Антагонисті – холинэстеразаға қарсы заттар:
Мелликтин
Ацетилхолин
Дитилин
Бензогексоний
+ Тубокурарин
127. Препаратты анықтау: пресинапстық варикозды кеңеюге әсер етіп, медиатордың (норадреналиннің) босап шығуына ықпал етеді, адренорецепторларға тікелей әлсіз ынталандырғыш әсер етеді. Негізгі фармакологиялық әсерлері адреналинге ұқсас.
Норадреналин гидротартраты
Бензогексоний
Адреналин гидрохлориді
+Эфедрин гидрохлориді
Октадин
128. Заттың тобын анықтау: жүйке-бұлшықеттік берілуді тежейді. Эфир осы заттардың әсерлерін күшейтеді, прозерин – әлсіретеді:
Ганглиоблокаторлар
М-холиноблокаторлар
Деполяризациялаушы миорелаксанттар
М-холиномиметиктер
+Деполяризацияға қарсы миорелаксанттар
129. Салдану, парез және миастенияда қолданылады:
+ Прозерин, Галантамин
Ацетилхолин, Карбахолин
Бензогексоний, Пентамин
Ацеклидин, Пилокарпин
Атропин, Ипратропий бромиді
130. Ішек және қуық атониясын емдеу және алдын алу үшін қолданылады:
Ацеклидин, Пилокарпин
+Прозерин, Галантамин
Бензогексоний, Пирилен
Атропин сульфаты, Платифиллин
Карбахолин, Ацетилхолин
131. Үшіншілік аминдерге жататын М-холиноблокаторлар:
+ Атропин, Скополамин
Метацин, Бензогексоний
Атропин, Пентамин
Цититон, Лобелин
Атропин сульфаты, Пилокарпин
132. Холинэстераза реактиваторлары:
Ипратропий бромиді, атропин
+ Изонитрозин, дипироксим
Пирензепин, платифиллин
Метацин, скополамин
Атропин, бензогексоний
133. Дипироксимді төмендегі заттармен уланған кезде қолданады:
Спирттермен
Ауыр металл тұздарымен
+Холинэстеразаға қарсы фосфорорганикалық қосылыстармен
Наркотикалық анальгетиктермен
Ұйықтатқыш заттар – барбитурат қышқылының туындысымен
134. Ипратропиум бромидін қолдануға көрсету:
+ Бронхоспазмның алдын алу үшін аэрозолды баллондармен ингаляция түрінде
Наркоз кезіндегі жүректің рефлекторлы тоқтауының алдын алу үшін
Көктамырға енгізу үшін ерітінді түрінде
Сілекей бездерінің секрециясын төмендету үшін тамшы ретінде
Асқазанның ойық жарасында
135. Дәрілік заттардың тобын анықтау: көз қарашығын кеңейтеді, көзішілік қысымды жоғарылатады, аккомодацияның салдануын шақырады, бронх және ас қорыту бездерінің секрециясын төмендетеді, ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшықеттерінің тонусын төмендетеді, тахикардия шақырады. Көз түбін тексергенде, бауыр, бүйрек, ішектің шаншуларында, бронх демікпесінің ұстамасында, асқазан мен 12-елі ішектің ойық жарасында қолданылады:
М-холиномиметиктер
+М-холиноблокаторлар
Холинэстеразаға қарсы заттар
Ганглиоблокаторлар
Адреномиметиктер
136. Препаратты анықтау. Ұйқының құрылымына әсері аз. Бензодиазепиндік рецепторлардың агонисті, химиялық құрылыс бойынша бензодиазепин туындысы емес.
1. +зопиклон
2. нитразепам
3. фенобарбитал
4. натрий оксибутираты
5. аминазин
137. Барбитураттар тобына жататын ұйықтатқыш заттармен шақырылатын ұйқы құрылымының бұзылуы байланысты:
Баяу ұйқы фазасының қысқаруына
Жылдам ұйқы фазасының ұзаруына
+Жылдам ұйқы фазасының қысқаруына
Ұйқы құрылымын өзгертпейді
Баяу ұйқы фазасының ұзаруына
138. Морфиннің фармакологиялық әсерлері:
+Анальгетикалық, жөтелге қарсы, эйфория, брадикардия, миоз
Анальгетикалық, дене қызуын түсіретін, қабынуға қарсы
Анальгетикалық, психостимуляторлық, спазмолитикалық
Антипсихотикалық, гипотермиялық, құсуға қарсы
Анксиолитикалық, миорелаксациялық, спазмолитикалық
139. Морфинді қолданғанда болатын обстипацияның пайда болу механизмі:
М-холинорецепторлардың тежелуінен
Н-холинорецепторлардың тежелуінен
Ішек қуысында осмостық қысымның жоғарылауынан
+Ішек сфинктерлері тонусының жоғарылауы, ішек перисталтикасының төмендеуінен
Холинэстераза ферментінің тежелуінен
140. Наркотикалық анальгетиктермен уланғанда қолданылатын препарат:
+Налоксон
Атропин
Лидокаин
Унитиол
Пентазоцин
141. Эйфория, бейімделу, дәріге тәуелділік шақыратын, ал күрт тоқтатқанда – абстиненция шақыратын дәрілік зат:
Пилокарпин гидрохлориді
+Морфин гидрохлориді
Парацетамол
Ацетилсалицил қышқылы
Кеторолак
142. Препаратты анықтау: Синтетикалық наркотикалық анальгетик, пиперидин туындысы, анальгетикалық белсенділігі морфиннен 2-3 есе төмен, әсер ету ұзақтығы 3-4 сағ, тыныс алу орталығын аз тежейді, бірақ спазмолитикалық белсенділігі морфиннен төмен. Миометрияның жиырылғыш белсенділігін біршама күшейтеді, АІЖ-нан жақсы сіңеді:
Буторфанол
Фентанил
Налоксон
+Промедол
Омнопон
143. Препаратты анықтау. Синтетикалық наркотикалық анальгетик, пиперидин туындысы. Аналгетикалық белсенділігі морфиннен 100 есе жоғары, қысқа уақыт әсер етеді (20-30 мин), тыныс алуды айқын тежейді, көктамырға енгізгенде тыныс алудың қысқа уақытқа тоқтауы (ересектерде 2 минутқа дейін) мүмкін. Нейролептанальгезия үшін қолданылады:
+Фентанил
Ацетилсалицил қышқылы
Парацетамол
Буторфанол
Промедол
144. Препаратты анықтау. Аурухананың қабылдау бөлімшесіне кома жағдайында науқас түсті. Объективті: терісі бозарған, салқын. Тыныстың Чейн-Стокс типті баяулауы, брадикардия, миоз, шеміршек рефлекстерінің жоғарылауы, дене температурасының төмендеуі анықталды. Жедел уланудың келтірілген белгілері келесі топ препараттарымен уланғанда байқалады:
Наркотикалық емес анальгетиктер
Паркинсонизмге қарсы заттар
М-холиноблокаторлар
Симпатомимиметиктер
+Наркотикалық анальгетиктер
145. Препаратты анықтау: эпилепсияның үлкен ұстамасының алдын алу үшін қолданылады. Аритмияға қарсы әсері бар, әсіресе жүрек гликозидтерімен улану салдарынан дамыған қарыншалық аритмия кезінде тиімді. Жанама әсерлері: қызыл иек шырышты қабатының өсуі:
Карбамазепин
+Дифенин
Фенобарбитал
Лидокаин
Клоназепам
146. Тынысты әлсіз тежейтін тырысуға қарсы заттар:
Магний сульфаты, лидокаин
+Диазепам, натрий оксибутираты
Тиопентал натрий, азоттың шала тотығы
Фенобарбитал, циклодол
Леводопа, мидантан
147. Эпилепсияның кіші ұстамасының алдын алу үшін қолданылатын препараттар:
+Клоназепам, Натрий вальпроаты
Фенобарбитал, Карбамазепин
Ламотриджин, Топирамат
Дифенин, Тиагабин
Карбамазепин, Клоназепам
148. Заттардың тобын анықтау: ауру сезімін басатын, ыстықты түсіретін, қабынуға қарсы, ревматизмге қарсы қасиеттері бар. Невралгиялық, буындық және бұлшықеттік ауруларда қолданылады. Жарақатқа байланысты болатын ауру сезімі кезінде тиімділігі болмайды:
Наркотикалық анальгетиктер
Анальгетикалық белсенділігі бар орталыққа әсер ететін опиоидты емес препараттар
Эпилепсияға қарсы заттар
+Наркотикалық емес анальгетиктер
Ұйықтатқыш заттар
149. Затты анықтау: ұйықтатқыш әсері, сонымен қатар эпилепсияға қарсы белсенділігі бар. Бауырдың микросомалды ферменттерінің белсенділігін арттырады. Ұзақ уақыт қабылдаудың салдарынан кумуляция дамуы мүмкін:
+Фенобарбитал
Дифенин
Карбамазепин
Натрий вальпроаты
Натрий оксибутираты
150. Наркотикалық анальгетиктер:
+Фентанил, морфин, промедол
Кеторолак, анальгин, парацетамол
Парацетамол, анальгин, дифенин
Промедол, анальгин, парацетамол
Ацетилсалицил қышқылы, пентазоцин, анальгин
151. Паркинсонизмді емдеудің негізгі бағыттарының бірі:
+Дофаминергиялық әсерді белсендіретін заттарды қолдану
Холинергиялық әсерді белсендіретін заттарды қолдану
Адренергиялық әсерді тежейтін заттарды қолдану
Серотонинергиялық әсерді белсендіретін заттарды қолдану
Гистаминергиялық әсерді белсендіретін заттарды қолдану
152. Нейролептанальгезияны жүргізу үшін қолданылатын препараттардың кешені:
Диазепам фентанил
+Дроперидол + фентанил
Диазепам морфин гидрохлориді
Нитразепам фентанил
Нитразепам налоксон
153. Эпилепсияның үлкен ұстамасының алдын алу үшін қолданылатын заттар:
Фенобарбитал, этосуксимид, тиагабин, диазепам
+Фенобарбитал, карбамазепин, ламотриджин, топирамат
Фенобарбитал, этосуксимид, дифенин, клоназепам
Фенобарбитал, этосуксимид, карбамазепин, натрий вальпроаты
Триметин, леводопа, циклодол, аминазин
154. Парацетамолға тән әсерлер:
+Ауру сезімін басатын, дене қызуын түсіретін
Қабынуға қарсы, седативті
Ұйықтатқыш, гипертензивті
Гипотензивті, анестезиялаушы
Бронхолитикалық, қақырық түсіретін
155. Циклодолдың әсер ету механизмі:
Синапстық саңылауда дофамин концентрациясының жоғарылауы
Моноаминооксидаза В тежелуі
Дофаминге айналу
Дофаминдік рецепторлардың белсенуі
+Орталық М-,және Н-холиноблокаторлық әсер
156. Морфиннің анальгетикалық әсер ету механизмі:
Шеткі сезімтал рецепторлардың тежелуі
Шеткі тіндерде простагландиндер синтезінің тежелуі
+ Опиоидты рецепторлармен өзара әсерлесуі, оларды белсендіруі
Симпатикалық және парасимпатикалық жүйедегі ганглийлерді тежеуі
Бензодиазепиндік рецепторлармен өзара әсерлесуі
157. Наркотикалық анальгетиктердің жанама әсерлері:
Естудің бұзылыстары, ісінулер
АІЖ ойылуы, геморрагиялар
+Дәрілік тәуелділік, бейімделу
Бауырдың микросомалды ферменттерін белсендіру, метгемоглобин түзу
Функционалды кумуляция
158. Препаратты анықтау. Фенотиазин туындысы, психозға қарсы, седативті, миорелаксациялаушы құсуға қарсы және гипотермиялық әсерлері бар. Психозда, жасанды гибернация үшін, құсу орталығының қозуынан болатын құсуды тоқтату үшін қолданылады.
1. + аминазин
2. дроперидол
3.кофеин натрий бензоаты
4. фенобарбитал
5. нитразепам