
Еліктеу
Түрлері: еліктеуіш, бейнелеуіш
Еліктеуіш сөздер
Табиғаттағы заттардың қозғалуы, бір-бірімен соқтығысуынәтижесінде шығатын дыбыстар: қарш-қарш, гүрс ете түсті.(тарс, сарт- сұрт, тасыр-тұсыр, салдыр-гүлдір)
Бейнелеуіш сөздер
Табиғаттағы заттардың қозғалысын,күйін көру арқылы сипаттау: жалт қарады, жапыр-жұпыр етіп амандасты. (маң-маң,сылқ, жалт, күрт, мұрт, қисаң –қисаң)
Одағай-дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл-күйін білдіретін немесе жануарларға қаратылып айтылатын сөз.
Мағынасына қарай үшке бөлінеді.
көңіл –күй (алақай, әттең, шіркін)
жекіру, бұйыру ( тәйт, жә, тек)
шақыру( шөре-шөре, құрау –құрау, моһ-моһ)
ШЫЛАУЛАР:
Септеулік;
Атау – туралы, сияқты
үшін,сайын.
Барыс-дейін,қарай, тарта, жуық.
Шығыс-кейін,соң, әрі, гөрі, бері.
Көмектес- бірге,қабат, қатар.
Демеулік ;
Сұрау-ма,ме,ба,бе, ше па,пе
Күшейткіш;
-ау –ақ-ай да де та те.
Белгісіздік; -ау–мыс –міс кейде
Болымсыздық;
түгіл, тұрсын, тұрмақ.
Шектік; ғана тек кейде –ақ
Нақтылау:
-ды –ді –ты –ті –ғой, -қой
Жалғаулық:
Ыңғайлас-қ; және,әрі,да, ,де,мен, бен
Қарсыл-ы:бірақ,дегенмен,алайда,сонда да, сөйтсе де, сөйткенмен.
Себеп-сал:өйткені,себебі, сондықтан, сол үшін, неге десеңіз
Талғаулы:не,немесе,я, яки, болмаса, әлде
Кезектес:кейде,бірде,біресе, кейде
Шартты:егер,егер де
Синтаксис
Сөздердің байланысу түрлері
Қиысу-бастауыш пен баяндауыштың жіктік жалғау арқылы жекеше я көпше түрде байланысуы
Матасу-ілік септік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы
Менгеру-басыңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардағы сөздің атау мен іліктен басқа септік
жалғауларының біреуі жалға-ну не шылаулар арқылы байла нысы.
Қабысу-Сөздердің қатаң орын тәртібі нәтижесінде қатар тұ-ру арқылы байланысы
Жанасу-басынқы сыңары мен бағыныңқы сыңарының орын таңдамай,жақын да,қашық та тұруы арқылы байланысуы
Сөздердің байланысу тәсілдері:
қосымша(жалғаулар)
шылау (септеулік, жалғаулық)
орын тәртібі
интонация(дауыс ырғағы)
Қатынастар
Анықтауыштық қатынас – матасу, қабысу
Толықтауыштық қатынас – меңгеру,жанасу
Пысықтауыштық қатынас- меңгеру, қабысу, жанасу
Сөйлем- біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы. Айтылу мақсатына қарай 4 түрі бар:
хабарлы сөйлем
сұраулы сөйлем
бұйрықты сөйлем
лепті сөйлем
Жай сөйлем құрамы мен құрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді:
Жалаң сөйлем деп- тұрлаусыз мүше- лері жоқ, тек бастауыш пен баяндау-ыштан құралған сөйлемді айтамыз.
Жайылма сөйлем деп- тұрлаулы мү- шелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлемді айтамыз.
Жақты сөйлем деп- бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болатын жай сөйлем түрін айтамыз.
Жақсыз сөйлем деп бастауышы мүлде жоқ ж/е баяндауышы арқылы бастауышын табуға болмайтын, баян- дауыштың өзі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрін айтады.
Толымды сөйлем – сөйлемде ойға қатысты айтылуға тиісті мүшелері түгел жай сөйлемнің түрін айтамыз
Толымсыз сөйлем – айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрін айтады.
Атаулы сөйлем деп ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың, құбы- лыстың, мезгілдің, мерекенің, мекен- нің аты аталып көрсетілгендей жай сөйлемнің ерекше түрін айтамыз.
Жақсыз сөйлемдердің жасалу жолдары:
қалау рай арқылы
барыс септігіндегі тұйық етңстіктің бол, жара, тура, кел деген көмекші етістіктермен тіркесу арқылы
атау және барыс септіктеріндегі тұйық етістіктің керек, жөн, мүмкін деген бейтарап сөздермен тіркесу арқылы
–ып, -іп, -п, тұлғалы көсемшенің болымсыз түрдегі бол етістігімен тіркесу арқылы
құрамында бастауышы бар тұрақты тіркестер арқылы
ілік септігіндегі тұйық етістіктің керегі жоқ, қажеті жоқ, қажеті не деген бейтарап сөздермен тіркесу арқылы
Тұрлаулы мүшелер:
Бастауыш- сөйлемде атау септігінде тұрып, іс оқиғаның иесін білдіреді.
Баяндауыш – бастауыштың жай күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұрады.
Толықтауыш - сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып,бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүшені айтады. Сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? кім(не)туралы? кім(не) жөнінде? кім(не)жайында?
Толықтауыш мағынасына қарай
Тура толықтауыш- табыс септік тұлғасындағы толықтауыш
Жанама толықтауыш- барыс, жатыс, шығыс,көмектес септіктері тілғасындағы және туралы, жөнінде, жайында шылауларымен тіркесіп келген сөздер тұлғасындағы толықтауыш
Анықтауыш -сөйлемде зат есім-нен болған не заттық мағынада қолданылған мүшені сын –сапалық ,сан – мөлшерлік ,мен-шіктілік – қатынастық жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мү-шені айтады.Сұрақтары: қандай? қай? Кімнің? Ненің? Қайдағы? Қашанғы? Қанша? Неше? Нешінші? Қайткен? Не еткен?
Пысықтауыш – сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл – мекенін, себеп – мақсатын білді-ретін тұрлаусыз мүшені айтады. Сұрақтары: Қалай? Қашан? Қайтіп? Қайда? Қайдан? Неліктен? Не себепті? Кім үшін? Не үшін? Не істеуге? Не мақсатпен? Не арқылы? Кім арқылы? Неше рет?
Сөйлемнің біріңғай мүшелері – бір сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет атқарып, бір ғана мүше-мен байла екі я одан да көп мүшелерді айтады.
Айқындауыш – сөйлемде кейде бір сөзді я сөздер тізбегін басқа бір сөз я сөздер тізбегі айқындап, дәлдеп, түсіндіріп тұрады.
Үйірлі мүше – сөйлемде күрделі мүше тәрізді бір сөзге қатысты болып, бір сұраққа жауап бере-тін, бірақ өз ішінде сөйлемдік қасиеті бар сөздердің синтаксистік тобын айтады.
Оқшау сөздер – сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байла-нысқа түспей, тек айтылатын ой-ға қатысы бар сөздер кездеседі.Олар: қаратпа сөз, қыстырма сөз ж/е одағай сөз.
Қаратпа сөз сөйл тыңдаушысының назарын өзіне аудару үшін қолданылады, сондықтан ол адамға байланысты немесе көркедік үшін адам мәніндегі жанды – жансыз ұғым атаулары да болып келеді.
Қыстырма сөздер – сөйл-ің айтылған пікірге әр түрлі көзқа- расын білдіреді: қуанышты, өкінішті, сенімді, өтінішті,мақұл- дауды, ой иесін көрсетіп, сөй- лемнің мағыналығын, бейнелілі-гін арттырады.
Одағай сөз – айтушының көңіл күйін, сан түрлі сезімін, эмоциясын білдіру үшін қолданылады.
Салалас құрмалас сөйлем деп-құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауышы тиянақты тұлғада келіп,
өзара бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі.
Ыңғайлас салалас деп-құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ой өз ара мезгілдес, ағыттас, ыңғайлас мәнде,қарым-қатынаста айтылған салалас түрі.
Жалғаулық шылау /және,да,де,әрі/ арқылы да,жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып та байланысады.
Қарсылықты салалас-құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой екіншісіндегі ойға қарсы мәнді білдіретін салалас түрі.Жалғаулықты
лаулар/бірақ,сонда да,дегенмен,алайда
әйтсе де, сөйтсе де, сөйткенмен/ арқылы да,жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып та байланысады.
Себеп-салдар салалас-құр
жай сөй-дің бірі екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білд сал-ң түрі.Шылаулар /сондықтан сол себепті, себебі, өйткені/.
Талғаулы салалас-құр жайс-ң біреуіндегі ғана іс-әрекет,қимылдың жүзеге асатбол-жам жасауды білд салалас түрі.Шылаулар/ не, немесе, болмаса,не болмаса, я болмаса, я, яки, әйтпесе, әлде/
Кезектес салалас – құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ойдың кезекте- сіп келуін көрсететін салаластың түрі . Шылаулар/ кейде, бірде, біресе/
Түсіндірмелі- соңғы сөйлемі алдыңғы сөйлемнің мағынасын түсіндіріп тұрады\жалғаулығы жоқ\
Көп құрамды салалас – сала- ластың құрамына енген жай сөй- лемдердің мағыналық қарым-қатынасы әр түрлі, байланысу жолы әрі жалғаулықтар арқылы, әрі жалғаулықсыз, іргелес болып келетін салаластың түрі.
Сабақтас құрмалас деп – құрамындағы жай сөйлемнің бі-реуінің көбіне алғашқысының баяндауышытиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байла-нысқан құрмаластың түрі.
Шартты бағыныңқылы сабақтас – бағыныңқы сөйлем басқа сөйлемдегі ойдың болу шартын білдіретін сабақтастың түрін айтады.Сұрақтары: Қайтсе? Не етсе?Қайткенде? Не еткенде?Қайтпей? Не етпей? Қайтпейінше? Не етпейінше?
Шартты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолы
–са, -се, + жіктік жалғауы
–май, -мей, -пай, -пей, -бай, -бей
–майынша, -мейінше, -пайыншаа, -пейіше, -байынша, -бейінше
–ғанда, -генде, -қанда, -кенде
Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас – бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтастың түрі.Сұрақтары: Қалай? Қайтіп? Не етіп?
Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолы.
–а, -е, -й, -ып, -іп, -п
(ма, м Мезгіл бағыныңқылы сабақтас е, ба, бе, пе па) + с+ (-тан, -тен)
(-ған, -ген, -қан, -кен, ) + күйі, қалпы, бойы
(-ған, -ген, -қан, -кен, ) + (дай дей) +болып
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас – бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мезгілін білдіретін құрмаластың бір түрі. Сұрақтары: Қашан? Қашаннан бері? Қашанға шейін? Қай кезде?
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолы
1-ғанда,-генде,-қанда,-кенде
2(-ғанға,-генге,-қанға,-кенге) +дейін,шейін
3 (-ған,-ген,-қан,-кен) +сайын
4 (-ған,-ген,-қан,-кен)+кезде,сәтте,уаққытта
5(-ған,-ген,-қан,-кен) +-ша,ше
6(-ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе)+с+бұрын
7-ысымен,-ісімен,-сымен,-сімен
8-арда,-ерде,-рда
9-ғалы,гелі,қалы,келі
10(-ғаннан,-геннен,-қаннан,-кеннен) +бері
11-са,-се+жіктік жалғдуы
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас – басыңқы сөйлем біл-діретін ой бағыныңқыда айтыл-ған ойға н/е бағыныңқыдағы ой басыңқыдағы ойға қарсы қойыла айтылатын сабақтастың түрі. Сұрақтары: Қайтсе де? Не істесе де? Қайткенмен? Не еткенмен? Қайтпесе?
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары
1-са да,-се де
2-ғанмен,-генмен,-қанмен,-кенмен
3(-а,-е,-й) +тұра
4ғанына,-геніне,-қанына,-кеніне) +қарамай(қарамастан)
5(-ғаны,-гені,-қаны,-кені) +болмаса
6-ғанша,-генше,-қанша,-кенше
Себеп бағыныңқы сабақтас—бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемде айтылған ойдың себе-бін білдіретін сабақтастың бір түрі.Сұрақтары: Неліктен? Не себепті? Неге? Неден?
Себеп бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары
1 -ғандықтан,-гендіктен,-қандықтан,-кендіктен
2 (-ғаны,-гені,-қаны,-кені) +й
3 - ып,-іп,-п
4 үш шақтағы етістік+деп
5 (-ған,-ген,-қан,-кен) +соң
Мақсат бағыныңқылы сабақтас – бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мақсатын білдіретін сабақтас-тың бір түрі. Сұрақтары: Не мақсатпен? Не етпек болып? Не үшін? Неге? Мақсат бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары
1(-мақ,-мек,-пақ,-,-бақ,-) +-шы,-ші +бо
2-у +үшін
3(шартты,қалау,бұйрық райлар) +деп
4(-қы,-кі) +тәуелдік жалғауы +келіп
Аралас құрмалас сөйлем – құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өзара салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрі
Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем-құрамында кемінде 3 жай сөйлем болатын ж\е олардың баяндауыштары тиянақты болатын салалас
Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас - құрамында екі я одан да көп бағыныңқылы сөй-лем бар сабақтасты айтады.
Сатылы көп бағыныңқылы сабақтас – бағыныңқы сөйлем-дер басыңқымен тікелей байланыспай, өзара бір-біріне бағынып барып құрмаласқан сабақтасты айтамыз.
Бастауыш пен баяндауыш-
тың арасындағы сызықша
1.Бастауыш атау тұлғалы зат
есімнен не заттанған басқа сөз таптарынан болса,баяндауыш та зат есімнен болып,жіктік
тұлғаның III жағында тұрса,не заттанған басқа сөз таптарынан болса,бастауыштан кейін сызықша қойылады.
2 Бастауыш сілтеу есімдігінен не жіктеу есімдігінің III жағы-
нан болып,баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін
сызықша қойылады.
3 Бастауыш заттанған сын есімнен ,сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есім болса,бастауыштан кейін сызықша қойылады
4 Бастауыш пен баянд-тың бірі /кейде екеуі де/ тұйық етіс-тіктен болып, екіншісі зат есім болса, араларына сызықша қойылады.
5 Бастауыш та,баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады
6 Бастауыш та баяндауыш та бір сөздің қайталануынан болса,бастауыштан кейін сызықша қойылады
7 Сан есімнен бол бастау-ышты күр сан есімнен болған мү-ден ажырату үшін ж/е бастауыш өзінен кей-інгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің басқа бір мүшесімен шатасып кетпеу ушін, одан кейін сызықша қойылады.
8 Мақал-мәтелдерде, афоризм-дерде, өлеңдерде сөйлемнің баяндауышы түсіріліп, ық-шамдалып айтылады.Мұндай сөйл-р түсінікті болу үшін баст-н кейін сыз қойылады.
9 Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз (дегенім, дегенің, деген)деген сөздер тұрса, одан кейін сызықша қойылады.
Төл сөз деп-бір-ң сөзін бұл-жытпай, өзгеріссіз өз сөзінің ішінде бер айт.
Төлеу сөз деп-сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана сақтап беруін айтамыз.
Автор сөзі деп-төл сөзді де,тө леу сөзді де жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзі
Диалог деп-екі не одан да көп адамдардың тікелей бір-бірі-мен сөйлескен сөзі.
Төл сөз бен автор сөздің орын
тәртібі
1. «Төл сөз»,-автор сөзі
2. Автор сөзі : «төл сөз»
3. Автор сөзі : «төл сөз»,-
автор сөзі.
4. «Төл сөз»,-автор сөзі,-«төл сөз».
5. «Төл сөз,-автор сөзі,-төл сөз».
6. Автор сөзі : -төл сөз,-
автор сөзі-төл сөз,-автор
сөзі.
Төл сөзді төлеу сөзге айналдыратын жолдары;
1Төл сөздің баяндауышы өткен шақты н\е нақ осы шақты білдіретін етістік формасында айтылса,төлеу сөзге айналғанда,ол есімшенің -қан,-ған,-кен,-ген жүрнақтарының табыс септігінде тәуелденуі арқылы беріледі
2Егер төл сөз етістіктің келер шақ н\е ауыспалы осы шақ формасында айтылса,төлеу сөзге айналғанда,есімшенің –атын,етін,-йтын,-йтін жұрнақтарының табыс септігіндетәуелденуі арқылы беріледі
3Егер төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық рай формасында айтылса,төлеу сөзде ол тұйық етістіктің табыс септігінде тәуелденуі арқылы беріледі
4 Баяндауышы есім сөзден я есім сөздің араласуынан,я болмаса атау тұлғалы тұйық етістіктен болса, төлеу сөзге айналғанда ,олар екенін көмекші етістігімен тіркесіп беріледі
5Төл сөздегі де етістігі төлеу сөзде айт,сұра,ойла,талап ет,бұйыр,ескерт деген сияқты айту,ойлау мәнді етістіктердің біріне ауысады
6Төл сөзд сұраулы сөйлем болып,оның құрамында сұраулық шылау (ма,ме)болса, ол төлеу сөзде болымды-болымсыз түрде не антоним болып қосарланып айтылады
7 Төл сөз лепті сөйлем болып,оның құрамында одағай болса,төлеу сөзге сөзге айналдырғанда, одағайдың мағынасы ғана айтылады