
«Тараз-125» білім беру орталығы
Фонетика
Фонетика-(грекше «фоно» дыбыс деген мағына)-тіл дыбыстарын зерттейді.
а,ә,б,в,г,ғ,д,е,е,ж,з,и,й,к,қ,л,м,н,ң,о,ө,п,
р,с,т,у,ұ,ү,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,ь,ы,і,ъ,э,ю,я.
Қазақ тіліне тән әріптер(9) ә,ө,ұ,ү,і,ң,ғ,қ,һ
Дыбыстар екіге бөлінеді:
дауысты, дауыссыз.
Дауысты дыбыстар12:
а,ә,е,э,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,у
Тіл қатысына қарай :
1)Жуан д.: а,о,ұ,ы ж/е бірде жуан
бірде жіңішке: у
Жіңішке д.:ә,е,э,ө,ү,і,и
2)Жақтың қатысына қарай:
Ашық д.:а,ә,е,э,о,ө
Қысаң д.:ы,і,и,ұ,ү,у
3)Еріннің қатасына қарай:
Езулік: а,ә,е,э,ы,і,и
Еріндік: о,ө,ұ,ү,у
Дауыссыз дыбыстар25:
б,в,г,ғ,д,ж,з,й,,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,
т,(у),ф,х,һ,ц,ч,ш,щ.
Үн мен салдырдың қатысына қарай:
1)қатаң:п,ф,с,ш,к,қ,т,ч,щ,ц,х.Тек салдыр.
2)ұяң: б,в,г,ғ,д,ж,з,һ Салдыр басым
3)Үнді :р,л,й,у,м,н,ң.Үн басым салдырдан.
Дауыссыз дыбыстардың дауыс қатысына қарай қатаң,ұяң,үнді болып жіктелуі дыбыс жүйесіндегі дыбыс
үндестігі(ассимиляция)д/а
Айтылуына қарай:
Шұғыл:б,п,д,т,ц,г,к,қ,ч
Ызың:в,ф,з,с,ж,ш,щ,г,х,һ
Жасалу орнына(дыбыстау мүшелерінің қатысына)қарай:
Ерін:б,п,м,у Тіс пен ерін : в,ф
Тіс: з,с,д,ж,л,ц
Тіл алды:ж,ш,щ,ч,н,р,л,й
Тіл ортасы:к,г Тіл арты: қ,ғ,ц,х
Көмей:һ
Дауыссыз дыбыстар емлесі
Қазақ төл сөздері б,в,г,ғ,д,щ дыбыстарына аяқталмайды, ң,й дыбыстарына басталмайды.
1)б,в,г,д қосымша қатаң дыбыстан жалғанады: клуб-клубқа
2)Сөздің түбірі (ь) бітіп,оған жалғанатын қосымша дауысты болса,ол түсіріліп, ал дауыссыз болса, (ь) сақталып жазылады.
4)ог,уг,рк,рг,ик,мк,нк,кс,кт,ск,лк,окт, ель,брь,кль,бль сөз бітсе қосымша жіңішке болады.
5)кт,нг,нд,нг,мп,мб,ск,кс,фт,рв бітіп, қосымша дауыссыз болса дәнекер ы н/е і жазылады
6)сс,лл,мм,тт н/е ст,сть,зд бітіп қосымша жалғанғанда қосардың біреуі н/е соңғы түсіп қалады.
Буын-сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны
1)Ашық буын – бір ғана дауысты дыбыстан тұрады н/е дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады.
2)Тұйық буын – дауыстыдан басталып, дауыссызға бітеді.
3)Бітеу буын – дауыссыздан басталып, дауыссызға бітеді.
Екпін-сөздің айтылған кездегі белгілі бір буынның ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы
Қазақ тілінде екпін соңғы буынға түседі
Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар: көмекші сөздерге (ғой,шейін,соң,арқылы,туралы)
жіктік жалғауларына
–ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе
–дай,-дей,-тай,-тей,-лай,-лей, -ша,-ше.
–шы,-ші.
Үндестік заңы(сингармонизм)-сөз ішіндегі дыбыстардың бір бірімен үндесіп,біркелкі болып қолданылуы
1)Буын үндестігі-түбір сөздің соңғы буыны жуан болса,оған жалғанатын қосымша да жуан,ал жіңішке болса, қосымша жіңішке болады.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
–мен,-бен,-пен
–қор,ғой –паз,кеш, –хана –ов,-ев,-ова,-ева,-ин,-ист,-изм - кер,-гер
–қой,бан,жан,тал–тай,-тал,-еке- –күнем
–нікі,(-дікі,-тікі)
Дыбысүндестігі(ассимиляция)-қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі
Екіге бөлінеді:
1)Ілгерінді ықпал-сөз ішінде н/е сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын а/з.Кездесетін орындары
1-сөзбен қосымша арасында қаш-са(қашша)
2-екі сөз арасында ақ балық(ақ палық)
3-кұрделі сөздер
а) біріккен сөз көзқарас(көзғарас)
ә )тіркескен сөз ала кел (ала гел)
б)қос сөз құрбы –құрдас(құрбы-ғұрдас)
1)(ш+с=шш) мыс;қаш-са (қашша)
2)(п+б=пп) мыс;Жүсіп-бек(Жүсіппек)
2)Кейінді ықпал- сөз ішінде н/е сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін а/з а)(ң+ғ,г=ңғ,ңг),(н+қ,к=ңқ,ңк)мыс:Жан-ғали(Жаңғали)
ә)(с+ ш =шш),(з+ с= сс),(з+ ш =шш)мыс:ас-шы(|ашшы)
б) (з+ ж= жж)мыс:Боз-жан(Божжан)
3)Тоғыспалы ықпал- Сөз тіркестерінің, біріккен сөз сыңарларының арасындағы көршілес дыбыстардың бір-біріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер етіп, екеуінің де басқа дыбысқа айналуын а/з
а)(с+ ж =шш)мыс Досжан(Дошшан)
ә)(н +\к,қ\= ңғ,ңг)
мыс:Есенкелді(Есеңгелді)
Орфография
Орфография(грекше «орфос»-дұрыс, «графо»-жазу)
Жазу 3 принципке сүйенеді:
1)Морфологиялық п.айтылу бойынша
емес, бастапқы түбір тұлғасы сақталып жазылады. Мыс:басшы(айтылуындай емес
башшы)
2)Дәстүрлі п. Сөздер әуелгі
тұлғасында емес, тілде қалыптасқан
тұлғасы сақталып
жазылады.Мыс:хат,хал,хабар
3)Фонетикалық п. Дыбыстық
заңдарға сүйеніліп, айтылуы ж/е
естілуі б/ша жазылуы. Мыс:
жаздыгүні, сексен, бүгін,жауып
қойды, белбеу
Орфоэпия
Орфоэпия(«орфос»-дұрыс,түзу «эпос»-сөйлеу)