Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
28_09_20013_ELITOLOGIYa.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
628.22 Кб
Скачать

Пайдаланылатын әдебиеттер

1. Саяси элита — бұл қоғамның құрамдас аз бөлігі, ол іштей дифференциалданған, бір текті емес, бірақ қатысты түрде интеграцияланған тұлғалар тобы (немесе топтар жиынтығы), олар аз не көп деңгейде көшбасшы қасиеттеріне ие және басқару қызметтерін атқаруға дайындалған, қоғамдық институттардағы жетекші орындарға ие және (немесе) қоғамдағы билікке қатысты шешімдердің қабылдануына тікелей ықпалдары бар. Бұл қатысты түрде артықшылықтары бар, саяси өктемдік етуші, қандай да болсын бір деңгейде бұқараға бағынышты демократиялық қоғамдағы халықтың мүддесін алға тартуға үміткер, тиісті біліктілігі мен саяси белсенділігі бар кез келген азаматтарды өз құрамына кіргізу үшін ашық топ. Оның өмір сүруі келесі негізгі факторлардың әрекетіне байланысты:

1) адамдардың психологиялық және әлеуметтік теңсіздігі, олардың түрлі қабілеттеріне, саясатқа қатысу мүмкіндіктері мен қалауларына;

2) еңбектің тиімділігінің шарты ретінде басқару еңбегімен кәсіби түрде айналысуды талап ететін еңбектің бөліну заңы;

3) басқару еңбегінің жоғары қоғамдық мағынасы мен оның сәйкес ынталандырылуы;

4) әлеуметтік артықшылықтарды алу үшін басқарушылық қызметті пайдаланудың кең мүмкіндіктері (себебі саяси-басқарушылық еңбек құндылықтардың бөлінуімен тікелей байланысты);

5) саяси жетекшілерді барлық жағынан іс жүзінде бақылаудың мүмкін еместігі;

6) басты мүдделері, әдетте, саясаттан тыс жататын халықтың кең бұқарасының саяси пассивті болуы.

2. Саяси элитаның басты қызметтері

Саяси элита қоғамдық өмірдегі алып тұрған орнына толығымен сәйкес бірқатар маңызды мәселелер мен қызметтерді атқарады.

Бәрінен бұрын оның әлеуметтік мәселелеріне оның мемлекет пен қоғамды басқарудағы орталық ролін ашып беретін шешімдерді қабылдауы мен бақылауы. Негізгі қызметтерінің қатарына сонымен қатар халықтың түрлі бөліктерінің топтық мүдделерін қалыптастыру мен ұсыну (таныстыру) жатады. Элитаның халықты үкімет саласындағы қайта бөлу үдерістерінің белсенді қатысушыларына айналдыруға қабілетті түрлі саяси құндылықтарды өндіру қажеттілігін де атап көрсету керек. Саяси элита түрлі идеологияны, аңыздарды немесе әлеуметтік жобаларды қалыптастыра отырып, азаматтарды ұтқырландыруға, тиісті қоғамдық мәселелерді шешу үшін олардың қуатын өз бақылауына алуға тырысады. Тәжірибеге қарасақ, элиталар өздерінің осы рухани өктемдігінің құралдарын белсенді жандандырмайынша, басқару идеялары догмаға айналады, ал саяси билік стагнацияны бастан кеше бастайды.

Саяси элитаның өзінің басты қызметтерін тиімді жүзеге асырудың басты шартына оның нақты қоғамдағы басқару мен биліктің бүкіл мүмкін әдістеріне ие болуы жатады. Бұл орайда оның күштеу шараларын жедел түрде пайдалану, ауысып жатқан жағдайға орай күш ресурстарын қолдануға көше білу қабілеті зор маңызға ие.

Саяси элита жағдайының сөзсіз мықтылығының көрсеткішіне оның қоғамдық пікірді манипуляциялай алу қабілеті де жатады, ол биліктің талап етілетін заңды деңгейін қамтамасыз етіп, оған қоғамдық пікір жағынан жақтау мен қолдауды туғызатын идеологиялық және өзге де рухани құралдардың пайдаланылуы.

Сонымен бірге тәжірибе биліктегі элиталы топтардың нығаюына кедергі келтіруші бірқатар факторларды да көрсетті. Мысалы, билік және басқару институттарының жұмысындағы ақпараттық ашықтылықтың өсуі, қоғамның лауазымды тұлғалардың билікті түрлі теріс пайдалануларын сынауы саяси элиталардың беделін айтарлықтай түсіреді. Мұндай шектегіштерге контрэлиталардың белсенуімен, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ мақсатқа бағытталған қызметімен үздіксіз байланысты түрде қоғамның билік басындағыларды бақылау қабілетінің өсіп келе жатқандығын да жатқызуға болады. Элиташілік бәсекелестіктің өсуіне жетелейтін элиталар дифференциациясы да мемлекетті басқарудағы волюнтаризм де, мемлекетті (партияны) басқару аппаратын кәсібилендіру сияқты мүмкіндігін төмендетеді.

Өз қызметтерінің арқасында саяси элита қоғамның дамуын бағыттайтын жетекші звено болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]