
- •«Саясаттану» мамандығына арналған «элита теориялары» пәнінен силлабус
- •5. Пәннің сипаттамасы
- •5.3. Оқу пәнінің міндеттері:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер :
- •7. Білімді бақылау
- •8. Оқу пәнінің саясаты
- •Сөздік (глоссарий)
- •Глоссариймен жұмыс істеудің әдістемелік ұсыныстары
- •Дәріс конспектілері
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •2. Саяси элитаның басты қызметтері
- •3. Саяси элитаның құрылымы
- •4. Саяси элитаның құрамдас бөлігі ретіндегі саяси бюрократия
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •3. Элитаның әлеуметтік өкілділігі.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •1. Саяси режим ұғымы және элитаның қалыптасуына оның ықпалы
- •2. Диктатуралар және демократиялар
- •4. Тарихи және саяси феномен ретіндегі тоталитаризм.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •2. Қазақстанның саяси элитасының ішіндегі конфликтогенді әлеуеттің деңгейі
- •2.Оқу дәрістерімен жұмыс істеуге әдістемелік кеңес
- •Өзіндік оқуға белсенді түрде дайындалуға арналған тапсырмалар мен сұрақтар
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған (сөж) тапсырмаларды орындауға әдістемелік ұсыныстар.
- •Өзіндік жұмысты орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар.
- •Реферат дайындау жұмысына әдістемелік кеңес
- •Практикалық және семинар сабақтары, олардың мазмұны мен сағат бойынша көлемі.
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға дайындалуға әдістемелік ұсыныстар
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
Пайдаланылатын әдебиеттер
1 .Элиталардың түсіндірілуі мен анықтамалары
XX ғ. саяси ғылымында "элитаға" мыналар жатқызылады:
Ерекше интеллектуалды қабілеттері және ең жоғары жауапкершілігі бар адамдарды (Х.Ортега-и-Гассет);
шығармашылық емес көпшілікке қарма қарсы шығармашылық азшылық (АТойнби);
қоғамда неғұрлым көп ықпалы бар азшылық және/немесе онда неғұрлым маңызды қызметтерді атқаратын азшылық (С.Келлер);
• кез келген әлеуметтік – кәсіби, этникалық, локальді топтардың жетекшілері немесе ұлы өкілдері (ұшқыштар, шахматистер және тіпті ұрылардың "элитасы") (М.Боден);
• өз қызметтері саласында ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген адамдар (В.Парето);
• билікке бейімделген, саяси жағынан неғұрлым белсенділер (Г.Моска);
неғұрлым көп байлығы бар немесе неғұрлым көп абыройы барлар (Г. Лассуэлл);
қоғамның саяси, экономикалық және мәдени өмірінде жетекші орындарға ие адамдар (В.Геттсмэн) (6).
Дрейцель бойынша. Элита – іріктеу білім өнімділігі бойынша жүргізілетін топтағы, ұйымдағы немесе институттағы жоғары орынға ие адамдар.
Вайда бойынша. Элита – иерархияның жоағры сатысында тұрған, қажеттілік пен әрекет үлгілерін жасауға қабілетті адамдар тобы.
Султанов бойынша. Элита - өз мәртебесінің, сәйкес жағдайлардың, берілген социумдағы идеологияның, саяси дәстүрлердің, жалпы түсініктің арқасында берілген қоғамдағы көптеген өзге топтар мен институттарға шешуші ықпал ететін әлеуеті бар белгілі бір жолмен құрастырылған топ.
Саяси элита – тұлғалардың іштей дифференциалданған интеграцияланған тобы, оларда көшбасшылық қасиеттері бар және басқару қызметтерін орындауға дайындалған, қоғамдық институттарда жетекші орындарға ие және биліктің шешім қабылдауыан ықпал етеді.
2. Түрлі бағыт пен бейімдегі әлеуметтанушылар мен саясаттанушылардың көзқарастары алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бірақ егер осы түрлі анықтамаларды топтастыруға тырыссақ, онда аталмыш мәселеге деген басты екі көзқарас анықталады: құндылықты (меритократиялық) (меритократиялық) және құрылымды - функционалды (биліктік). Брініші көзқарастың жақтастары элитаның болуын бәрінен бұрын бір адамдардың екіншілерінің алдындағы «артықшылығымен» (бәрінен бұрын интеллектуалды, моральдік және т.б.); екінші көзқарастың жақтаушылары қоғам үшін басқару функцияларының ерекше маңыздылығымен және сол функцияларды атқаратын адамдардың ролінің ерекше маңыздылығымен түсіндіреді (мұның өзінде аталмыш функцияны қажет болған кезде азшылық атқарады). С .Келлер «басты екі перспектива элиталардың өткен зерттеулерін сипаттайды: моральдік және функционалдық. Алғашқысы белгілі бір индивидтердің моральдік артықшылығына, ал екіншісі - әлеуметтік страталардың функционалды роліне шоғаһырланады» деп пайымдайды. Алайда элитизмнің бұл екі басты түсіндірілуінің елеулі кемшіліктері бар. Біріншісі - құндылықты – билікті иемденушілердің ескі апологиясы мен мистицизмге, ал екнішісі – функционалды – тавтология мен қайтадан апологетикаға жеңіл аысуы мүмкін.
3. Элиталардың Маккиавелистік концепциялары
элиталардың болу себебі - теңсіздік. Кез келген қоғамның элиталы сипаты бар;
элитаның ерекше қасиеттері бар: ерік, тәрбие, мем. басқаруға қабілет, білім;
элита іштей біріккен қоғамдық құрылыс ретінде бой көрсетеді;
элитаның заңдылығы. Халықтың көп бөлігі таниды;
элитаның ішкі құрылысының тұрақтылығы;
билік үшін күрес барысында элиталардың ауысу қажеттілігі.
Кемшіліктері:
Бұқара белсенділігін, олардың саяси қызметке қабілетін бағаламау;
саяси көшбасшылардың ролін асыра бағалау;
либералды құндылықтарды бағаламау;
қоғамдық теңсіздікті ұятсыз түрде түсіндіру.
4. Элитологияны дамытудың қазіргі заманғы бағыттары
Элиталардың саяси билікті жүзеге асыру кезіндегі шынайы ролін көрсетуге зерттеушілердің ұмтылуы элитизм басымдықтарын демократия басымдықтарымен біріктірген бірқатар концепциялардың пайда болуына әкеп соқтырды.
Элиталар плюрализмінің концепциясы кеңінен тарап, танымал болды. Оның бастауларына ағылшын саясаттанушысы А.Бентли мен австралиялық әлеуметтанушы мен экономист Й. Шумпетердің идеялары айналды. А.Бентли билік үшін күрес пен оны жүзеге асыру кезінде өзара әректтесетін түрлі мүдделі топтар туралы ережені негіздеді. И. Шумпетер демократияны халық билігі ретінде емес, халықты қолдау үшін күресте жекелеген индивидтер мен топтар арасындағы еркін бәсекелестікті болдыратын режим деп қарастырды. Жақтастары Р.Даль, С.Келлер, Д.Рисмен сияқты қазіргі заманғы саясаттанушылар болып табылатын плюралистік концепция көзқарасынан алғанда бірегей жұмылған топ ретіндегі элита мүлде жоқ. Түрлі қызмет салаларымен және аймақтық құрылымдармен байланысты көптеген элиталы топтарн бар. Әр мұндай элиталы топ өзінің негізгі – «аналық» тобына сүйенеді – кәсіби, демографиялық, аймақтық және т.б. және саясат саласындағы оның мүдделерін қорғайды. «Аналық» топтар сайлау, референдум, қоғамдық пікір механизмін пайдалана отырып, өз элитасының қызметін бақылауға қабілетті. «Аналық» топтар жағынан элиталарды бақылаудың мықты болуына элиталар арасындағы бәсекелестік жатады, ал ол қоғамның өзінің экономикалық және әлеуметтік плюрализмінің салы болып табылады. Плюралистік концепция өкілдерінің көзқарасынан алғанда, бұқара мен элита арасынад «қытай қабырғасы» жоқ, мұнымен қоса, олардың арасындағы шекара шартты және бұлыңғыр сипатта.
Элитаның қазіргі заманғы концепцияларының арасынан «құндылықты» деп аталатын концепциялар да атап көрсетіледі. Ол кезде элита құрамына қоғам үшін неғұрлым құнды қасиеттері барлар да жатқызылады. Элита мен бұқараға бөлу қарапайым үдеріс болып көрінеді, ол іріктіеу механизмі мен элита құрамына рекрутингілеуді жетілдіру арқылы ұйымдастырылуы тиіс. Қоғамның элиталылығы демократияның басымдықтарына қарсы келмейді, себебі мүмкіндіктер теңдігі сияқты теңдік туралы түсініктерге сәйкес келеді.
Әртүрлі тариха дәуірлерде сол кезеңде қоғам үшін неғұрлым құнды қасиеттерге ие болған элиталардың түрлі типтері қолданыста болды. Мысалы, аристократиялық элита ортада өсіріліп, қайта қалпына келтірілген ар, намыс, кең сауаттылық, мәдениет сияқты қасиеттермен ерекшеленді. Технократиялық элитаға дәл жаратылыстану және техника ғылымдарының болуы, рационалдылық, шешім қабылдай және әрекет ете білу тән, алайда жоғарыда атап көрсетілгеннің бәрі қоғам мен тұлғааралық қатынастарға деген қарапайым көзқарастармен үйлеседі.
Құндылықты концепциялардың түрлерінің біріне «меритократия» концепциясы айналды. Ол XX ғасырдың 60-жылдарында танымал болды. «Меритократия» термині латынның meritos — ең жақсы және гректің cratos – билік сөзінен шығып, «ең жақсылардың билігі» деген сөзді білдіреді. Бірқатар зерттеушілер, соның ішінде Д.Бэлл, постиндустриалды, ақпарттық қоғамға көшуімен билік қоғамды құзырлы басқару үшін қажетті ілімдері мен білімдері бар интеллектуалдардың қолына шоғырланады деп пайымдады.
Элитаның қазіргі заманғы концепцияларының арасында билеуші элитаның өмір сүру идеясы мен «билеуші тап» туралы маркстік идея арасынан ұқсастық іздейтін сол радикалдылары да бар. Мұндай көзқарас мысалына өткен ғасырдың 50-жылдарында кеңінен танымал болған американ әлеуметтанушысы Р.Миллстың концепциясын жатқызуға болады. Миллс, классикалық макиавеллистік теорияның жақтаушысы сияқты билеуші элита артықшылығы бар және іштей жұмылған топтан тұрады деп ойлады. Бірақ ол бұқарадан жеке психологиялық қасиеттерімен емес, құрылымды-функционалдық белгілерімен ерекшеленеді. Миллс қоғамдық иерархияда неғұрлым маңызды шешімдердің қабылдануымен байланысты орындарда отырғандарды кіргізді. Элита функционалдық белгілері жағынан іштей саяси, экономикалық, әскери, шаруашылық және т.б. болып бөлінсе де мүдделер, рухани құндылықтар, әлеуметтік мәртебе, көптеген туысқандық және жеке байланыстардың арқасында ол өзінің бірлігін сақтап тұр. Элитаның ішінде көлденең және тіке ұтқырлық (мобильность) болуы мүмкін, бірақ бұқара өкілдеріне оған қол жеткізу шектелген. Элита көбіне тек өзінің негізінде туындап, бәрінен бұрын өзінің өктемдігін қамтамасыз етуге ұмтылады. Милс бойынша, демократия басымдықтары мен элиталық бір біріне қарама қайшы келеді және бұл қарама-қайшылық бұқараның саясатқа қатысуын кеңейту арқылы шешілуі мүмкін.
Саяси элитаның бүкіл осыған дейін болған және қазіргі концепциялары саяси үдерістің осы маңызды субъектісінің қызмет етуінің түрлі аспектілерін әрбірі өзінше ашады. Қазіргі заманғы саясаттану саяси элитаны қоғамдық институттарда жетекші орынға ие және маңызды басқару шешімдерін қабылдауға қатысты, интеграцияланған тұлғалар тобы ретінде таныстырады. Элита азшылық бола отырып, белгілі бір артықшылықтарға және қоғамға өктемдігін жүргізіп отыр. Демократия жағдайында элита қандай да болсын деңгейде бұқараға бағынады және сәйкес біліктілігі мен жеткілікті саяси белсенділігі барларды өз қатарына кіргізу үшін қатысты түрде ашық.
Элиталардың қазіргі заманғы теорияларының артықшылықтары мен кемшіліктерін талдай отырып, мына жағдайды атап өтуге болады:
Элиталардың құндылық теориялары
элита – неғұрлым маңызды қоғамдық топ;
элитаның өктем жағдайы қоғамдық прогреске себін тигізеді
элиталардың қалыптасу барысы – неғұрлым қабілеттілерді тарту әдісі
элитаның болуы қазіргі заманғы демократия басымдықтарына қарсы келмейді
элиталардың ауысуы құндылықты-эмоциялы сипатқа ие
Плюралистік
әрбір элита бақыланады
элита үнемі бір бірімен бақталас
элитаның күресі – қоғамдық қызметтің түрлі түрлеріндегі бәсекелестік
элита құрылымының ішкі тұрақсыздығы
Кемшіліктері
шындықты шектен тыс мінсіздендіру
саяси күрестің қаталдығын бағаламау
түрлі қоғамдық топтардың ықпалы өзара қатты ерекшеленеді
Либералды
қоғамның элиталық құрылымын сынайды
элита оның өкілінің қандай да болсын бір ерекше қасиеттерінің болуы себебінен пайда болмайды
қарапайым азаматтардың элита құрамына кіруіне болмашы ғана мүмкіндіктері бар
элитаның күрделі құрамы
Кемшіліктері
саяси элита қызметінің шектен тыс өткір сыналуы
Элиталы теорияның жоғарыда қарастырылған негізгі бағыттарының әрқайсысы шындықтың қандай да болсын бір жақтарын бейнелейді, белгілі тарихи дәуірлер мен елдерге бейімделеді.
5 - дәріс. Элита ұғымы мен мағынасы.
Дәрістің мақсаты: Элита ұғымы мен мағынасы талдау
Дәрістің жоспары:
Жалпы анықтама және элитаның болу себептері.
Элитаның қызметтері
Саяси элитаның құрылымы
Контрэлита мен оның қоғамдағы орны. Бюрократия және элита
Негізгі түсініктер: элита, контрэлита, бюрократия, селекторат, мәртебесіне, волюнтаризм, кәсібилендіру