- •«Саясаттану» мамандығына арналған «элита теориялары» пәнінен силлабус
- •5. Пәннің сипаттамасы
- •5.3. Оқу пәнінің міндеттері:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер :
- •7. Білімді бақылау
- •8. Оқу пәнінің саясаты
- •Сөздік (глоссарий)
- •Глоссариймен жұмыс істеудің әдістемелік ұсыныстары
- •Дәріс конспектілері
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •2. Саяси элитаның басты қызметтері
- •3. Саяси элитаның құрылымы
- •4. Саяси элитаның құрамдас бөлігі ретіндегі саяси бюрократия
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •3. Элитаның әлеуметтік өкілділігі.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •1. Саяси режим ұғымы және элитаның қалыптасуына оның ықпалы
- •2. Диктатуралар және демократиялар
- •4. Тарихи және саяси феномен ретіндегі тоталитаризм.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •2. Қазақстанның саяси элитасының ішіндегі конфликтогенді әлеуеттің деңгейі
- •2.Оқу дәрістерімен жұмыс істеуге әдістемелік кеңес
- •Өзіндік оқуға белсенді түрде дайындалуға арналған тапсырмалар мен сұрақтар
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған (сөж) тапсырмаларды орындауға әдістемелік ұсыныстар.
- •Өзіндік жұмысты орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар.
- •Реферат дайындау жұмысына әдістемелік кеңес
- •Практикалық және семинар сабақтары, олардың мазмұны мен сағат бойынша көлемі.
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға дайындалуға әдістемелік ұсыныстар
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
Пайдаланылатын әдебиеттер
Қоғамда екі салмақтары әртүрлі топтың бар екендігін адамдар ертеден-ақ байқаған: қатысты түрде бейтарап және артықшылықтары бар билеп-төстеп, басқаратын азшылық пен билік пен басқарудың нысанына жататын көпшілік. Басқарушы азшылыққа келсек, ол ұзақ уақыт бойы тақсыр, көсем жәнеде саясатта назарға іліккен өзге де танымал тұлғалардың суреттеуі бойынша зерттелді. Және тек соңғы ғасырларда бұл таптың сипаттамасы саяси билік пен мемлекеттің ұйымдастырылу сипаты мен құрылысымен концептуальды түрде байланыстырылды. Осы мақсатпен XVII ғ. Басында-ақ жоғары сапалы тауарларды, соңына қарай қоғамның жоғарғы табын айту үшін қолданыла бастаған «элита» термині пайдаланыла бастады. Өз бетінше элитистік концепциялар XIX ғасыр соңында, шартты түрде айтқанда, антиэлитистік теориялар мен идеялармен күресте пайда болды.
Қалыптасушы элитистік көзқарастарды жақтаушылар өз көзқарастарын тарих ережеден тыс нәрсенің не екенін білмейтінін, сондықтан азшылықтың көпшілікке билік жүргізуінің тұрақты екендігімен дәлелдейді. Соның өзінде басқарушы топтар жағдайы олардың материалдық жағдайымен үнемі байланысты да емес. Олардың пікірінше, біріншіден қазіргіге дейінгі күрделі ұйымдастырылған қоғам ретіндегі өркениеттердің тарихи тәжірибесі басқарушы азшылықтың халықтың көп бөлігін басқарып және мемлекет пен қоғамның саяси дамуын қамтамасыз ете отырып, саяси билікті үнемі өз қолына шоғырландыратынын көрсетіп отыр. Бұл теориялық бағыттың негізін В. Парето, Г. Моска және Р. Михельс салды.
В. Парето (1848-1923) өзінің «Әлеуметтік жүйелер» (1902) мен «Жалпы әлеуметтану трактаты» (1916) атты негізгі еңбектерінде кез келген әлеуметтік жүйенің тепе теңдігі мен динамикасын басқарушы азшылық - өзінің даму циклдерінен өтетін элита анықтайды деген концепцияны құрастырды. Элиталар – бұл қоғамның қойнауында жасалатын ең жақсы нәрсе, ол оның төменгі сатларында пайда болады, күрес кезінде жоғарғысына көтеріледі де сол жерде бүр жарады, нәтижесінде құлдырайды және жойылады.
Олардың орнына даму мен құлдыраудың сол сияқты фазаларынан өтіп, сосын жаңа элитарлы құрылымдар орнын басатын контрэлиталар келеді. Мұның өзінде элиталардың ауысуы, әдетте, биліктегі элиталардың әртүрлі типтерінің кезектесуін білдіреді, атап айтсақ, басқару мен билеудің түрлі әдістерін пайдаланатын «түлкілер» (құтылғыш, қу, принципсіз) мен «арыстандардың» (мемлекетке берілген, консервативті көңіл-күйдегі және күш қолданудан қорықпайтын) кезектесуін білдіреді.
Элиталардың бұл айналымын Парето қоғамға оның өз берекесі үшін өз бойында дамыған ең жақсы нәрсенің бәрін жинақтау мен пайдалануға мүмкіндік беретін «заңның әмбебап тарихы» деп атады. Айналымның тоқтауы билеуші элитаның толықтай құлдырауына және қоғамның ең жақсы өкілдерінің элиталы таптарға өтуіне кедергі болатын, қоғам үшін жақпайтын элменттердің жинақталуына әкеп соқтырады.
Өз концепциясын құрастыра отырып, Парето элиталы топтардың ерекшеленуінің ең басты негізіне оларды халықтың қалған бөлігінен ерекшелейтін оның өкілдеріне тиесілі белгілі бір психологиялық тенденциялар, жеке бас сезімдері мен құрамдас бөліктері болатынына сүйенген. Сөйтіп, Парето Платонның, Ф. Ницшенің, Т. Карлейлдың және өзге ойшылдардың адамдардың (қарапайым) теңсіздігін білдіретін және қоғамның жоғарғы және төменгі бөліктерін бөлетін белгілі бір адамзат қасиеттерінің бар екендігін көрсеткен көптеген идеяларын концептуалды түрде рәсімдеді. Бұл жағдайда элита өзіндік меритократия ретінде қабылданды, яғни бұл мұра етіп алғаны немесе өз дамуы барысында қол жеткізгеніне қарамастан ерекше әлеуметтік қасиеттерге ие ең жақсы адамдар тобы.
Сөйтіп, өзге адамдар алдында интеллектуалды, өнегелік немесе өзге бір кез келген артықшылығы бар тұлғалардың жеке қасеиттеріне көңіл бөлуі және олардың сол негізде элиталы топтарға жатуы В. Паретоны элтологиядағы аристократиялық бағыттың негізін салушы деп санауға мүмкіндік береді.
Г. Моска (1858-1941, өзінің ең маңызды («Басқару теориясы мен парламенттік басқару», 1884 және «Саяси ғылым элементтері», 1896) еңбектерінде, шартты түрде айтқанда, қызметтік бағыттың негіздерін салып, элитаны белгілі бір әлеуметтік міндеттерді орындайтын, басқаратын топ ретінде қарастырды.
Бірақ «элита» ұғымының орнына Моска «басқарушы тап» категориясын көбірек қолданды, ол оның өкілдерін өзгелерден, атап айтсақ, байлығымен, әскери айбынымен, тегімен немесе басқару өнерін білуімен ерекшелендіретін қасиеттермен қатар, оның билік құдыретінің басты себебі бұл топтың жоғары деңгейде ішкі ұйымдастырылғандығы және ауызбіршілігі ерекшелендіреді деп санады. Дәл осы қасиет элитаға қоғам мен мемлекетті өз қолына шоғырландырып, халықты бір тарихи дәуірден келесісіне көшуі барысында біріктіруге мүмкіндік береді.
Ерекше саяси тап ретіндегі элитаның басты мәселесі өзінің өктемдігін нығайтудан тұрады, бұл de facto ден гөрі de jure. Соның өзінде осы формуланы жүзеге асыратын мемлекеттің басты қызметіне басқарушылар мен бағынушыларға қатар тепе-теңдікті сақтаумен қатар басқарушы таптың да ішіндегі тепе-теңдікті сақтап тұру болып табылады. Отсутствие такого баланса Моска мұндай тепе-теңдіктің жоқтығын заңды биліктің құқыларын заңсыз тартып алатын режимдердің қалыптасу себебі деп санады.
Итальян саясаттанушысының түсінігіне сәйкес, саяси тап ұйымдасқан болғандықтан билікті монополияландырып, көпшіліктің бүкіл әрекеттерін бақылайды, сонымен бірге мұндай жағдайларда халықтың еркін басқарушы топтарға таңа алмайтын сайлау компаниялары. Сонымен бірге қажет саяси тепе-теңдіктің сақталуы үшін қоғамның жоғарғы бөліктері басымдық танытып тұрған «халықтың еркін», абстрактілі және рационалды түрде дәлелденбейтін «тәуелсіз халықтың» саяси бейнелерінің көмегімен қоғамдық пікір алдында өз өктемдігін ақтап отыруға мәжбүр және т.б..
Моска басқарушы таптың дамуындағы сабақтастығы мен құрамның өзгеру үдерістеріне аса назар аударды. Атап айтсақ, ол оның дамуындағы демократиялық және аристократиялық тенденцияларды атап көрсетіп, басқарушылар тобының мұрагерлікке және ауыспайтынға айналуға ұмтылуын көрсететін соңғының басым болуы элитаның «жабылуы мен мөлдірленуіне», сонан соң құлдырауына әкеп соқтыратынын атап көрсетті.
Г. Москаның ізбасары Роберт Михельс өзінің "Саяси партиялар" кітабында Москаның алға тартқан, бірақ толық мөлшерде дамытпаған жағдайларды неғұрлым мұқият қарастырады. Михельс элита тарапынан бақылау тек оның ұйымшылдығының арқасында ғана мүмкін екендігімен келісті. Алайда ол кез келген ұйымдасқан қоғамның құрылысының өзі элитаға деген қажеттілікті тудырады деп, мәселеге тереңірек қарады.
Р. Михельс кез келген әлеуметтік ұйымдарды басқаратын гипотетикалық заңды қалыптастырды – бұл «олигархияның атақты темір заңы» және де оны Бірінші дүниежүзілік соғыс алдында бұл заңға бәрінен де аз бейім еуропалық саяси партиялар мысалында тексеріп көрді. Бұл партиялар өзінің ішкі ұйымында теңдік пен демокартияны жариялап, өз жетекшілерін тек партиялық бұқараның ерігінің жолсерігі ретінде қарастырды. Михельс бұл заңды қатаң түрде қалыптастырған жоқ, бірақ оның мағынасы кез келген көлемдегі кез келген ұйымда жетекшілер оның табысқа жетуі мен сақталып қалуы үшін керектігінде. Ұйымның болмысы оның бір топ жетекшілерге билік пен артықшылықтарды бере отырып, бақылауға бағынбау мүмкіндігін де, яғни тіпті жетекшілер сайланатын жерлерде де ұйым мүшелерінің алдында жауапты болмауға да мүмкіндік береді.
Мұндай жағдай психологиялықпен қатар, ұйымдастыру факторларымен де анықталады, оның өзінде соңғылары өте-мөте маңызды. Михельс кез келген біріккен адамдардың қызметі оны «ұйым» деп атауға тұрарлық көлем мен күрделілікке жеткенде оның қирап қалмауы үшін қажетті кейбір кәсіби арнайы ілімдер мен білімдерді талап ететіндігін дәлелдеді. Мұндай ұйымды бақылау оның қызметін тиімді басқара алатын ілімдер мен білімдері бар адамдардың шағын тобының қолында болып шыға келеді. Ал әрі қарай «билік билікті көбейтеді».
Михельс элиталардың қалыптасуындағы психологиялық факторлардың да ролін мойындады. Ол ондайға көптеген адамдардың саясатқа қатысты селқостығын да жатқызды. Адамдардың көбі тек қандай да болсын жолмен өздерінің жеке басының мүдделерімен байланысты болған жағдайда ғана қызығушылық танытады. Олар саяси жүйенің қалай жұмыс істейтіндігін білмейді. Мұндай адамдар, деп санады ол, жетекке еріп отыруды психологиялық түрде қажет етеді және саяси жауапкершілікті өзгелерге арта салуға дайын. Селқостық, бағынушылық пен енжарлық билегісі келетін және мұнысы қолынан келетін аз ғана адамдар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. Михельс өзінің талдауын саяси партиялар өмірімен шектесе де, олигархия заңы, оның ойынша, мемлекетті қоса алғандағы кез келген ұйымдарға қолданылады. Бүкіл халық немесе оның көпшілігі мемлекетті басқаратын түрдегі демократияның болуы мүмкін емес. Кез келген демократия кезінде басты шешімдерді құдіретті олигархия қабылдайтын болады.
4 - дәріс. Қазіргі заманғы элиталы теорияның негізгі бағыттары.
Дәрістің мақсаты: Қазіргі заманғы элиталы теорияның негізгі бағыттарымен танысу
Дәрістің жоспары:
Элиталардың түсіндірілуі мен анықтамалары
Саяси элиталардың болмысы мен мәнісін зерттеудегі меритократиялық және биліктік тәсілдер.
Макиавеллистік мектеп
Құндылықты теориялар. Элиталардың демократиялық өктемдігі (демократиялық элитизм) теориясының мәнісі (демократического элитизма).
Плюрализм концепциялары. Элиталардың сол либеральді концепциялары.
Негізгі түсініктер: меритократиялық және биліктік тәсілдер, демократиялық элитизм, плюрализм, теңсіздік, ерік, тәрбие, мемлекет басқару, білім
;
