
- •«Саясаттану» мамандығына арналған «элита теориялары» пәнінен силлабус
- •5. Пәннің сипаттамасы
- •5.3. Оқу пәнінің міндеттері:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер :
- •7. Білімді бақылау
- •8. Оқу пәнінің саясаты
- •Сөздік (глоссарий)
- •Глоссариймен жұмыс істеудің әдістемелік ұсыныстары
- •Дәріс конспектілері
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •2. Саяси элитаның басты қызметтері
- •3. Саяси элитаның құрылымы
- •4. Саяси элитаның құрамдас бөлігі ретіндегі саяси бюрократия
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •3. Элитаның әлеуметтік өкілділігі.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •1. Саяси режим ұғымы және элитаның қалыптасуына оның ықпалы
- •2. Диктатуралар және демократиялар
- •4. Тарихи және саяси феномен ретіндегі тоталитаризм.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •2. Қазақстанның саяси элитасының ішіндегі конфликтогенді әлеуеттің деңгейі
- •2.Оқу дәрістерімен жұмыс істеуге әдістемелік кеңес
- •Өзіндік оқуға белсенді түрде дайындалуға арналған тапсырмалар мен сұрақтар
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған (сөж) тапсырмаларды орындауға әдістемелік ұсыныстар.
- •Өзіндік жұмысты орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар.
- •Реферат дайындау жұмысына әдістемелік кеңес
- •Практикалық және семинар сабақтары, олардың мазмұны мен сағат бойынша көлемі.
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға дайындалуға әдістемелік ұсыныстар
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
Глоссариймен жұмыс істеудің әдістемелік ұсыныстары
Түсіндірме аппараттың ерекшеліктерінің бірі кез келген ғылымның құрылымдық тұтастығымен аяқталуының, білім логикасы нақтылығының реттілігімен қарама-қарсы болмауының мәселесінде жатыр. Пәннің түсіндірме аппараты зерттелетін шындық туралы түсінікті толықтыратын жаңа ұғымдарды көрсетеді, жаңа мазмұнмен толығады, жаңарады.
Түсіндірме аппараттың басқа бір ерекшелігі саяси білімнің көпнұсқалылығында және аспектілерінің көп болуында жатыр. Бұл алуан түрлі теориялардың пайда болуына, ол өз кезегінде, түсіндірме аппараттың әр түрлі анықтамаларының пайда болуына әкеледі. Осындағы басты қауіп-қатер түсініктердің әр түрлі мағынасында жатыр. Саяси ғылымның түсіндірме аппаратына саяси білімдердің пәні мен объектісінің мәселесі өз әсерін тигізеді.
Сонымен, саяси ғылымның түсіндірме аппаратының мынадай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
саяси ғылымның пәнаралық сипатына байланысты әр түрлі тектес түсініктердің сәйкестенуі.
түсіндірме аппаратына әсер ететін саяси ғылымның пәні мен объектісінің анықтамаларындағы түсінбеушіліктің пайда болуы.
бірыңғай саяси теорияның, бірыңғай түсіндірме аппаратының болмауы.
ұлттық айырмашылықтар.
Түсініктермен жұмыс істеу кез келген пәнді оқытудың маңызды бөлігі болып табылады. Себебі, оларды білмей тұрып оқу үдерісінің қорытындысын анықтауға болмайды.
Әрдайым ескі түсініктер жаңа мазмұнмен толығады, сондықтан оларды жаңадан қарастыру, анықтау керек. Студенттердің назарын осындай эволюцияға аудару керек.
Түсініктерді білу білім алудың мақсаты мен міндеті болып табылады, себебі кез келген жаңа білім алдыңғы алынған білімге негізделеді - анықталатын түсініктің мазмұны мен терминдерін білмейінше жұмыс істеуге болмайды. Сонымен қатар, түсініктермен жұмыс істеу адамның ойлау қабілетін дамытуға бағытталған мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылуы керек.
Түсініктер мен терминдер жүйесін құруда осы түсініктер мен терминдерге, анықтамаларға үлкен мән беріледі. Саяси білім берудің тиімділігі, мақсаттар мен міндеттерді шешу және орындау түсініктерге қандай мазмұн берілетіндігіне тәуелді болады.
Анықтамалармен жұмыс істеу барысында келесі ережелерді ескерген жөн:
1. Анықтама мөлшерлес болу керек, яғни анықтаушы мен анықталатын түсініктер бірдей көлемде болуы керек. Бұл ереженің орындалмауы тым кең немесе тым тар анықтаманың пайда болуына әкеледі. Анықтамаға түсініктің барлық қажетті сипаттары кіргені жөн;
2. Анықтама нақты, түсінікті, метафоралық айтылғандардан бос болуы керек;
3. Анықтама логикалық шеңберге ұқсамауы керек, яғни бір түсінік екіншісі арқылы түсіндірілмеуі керек, бұл сөз қайталауға әкеледі;
4. Жағымсыз анықтамалардан қашу керек, яғни анықталатын заттың кемшілігін атап көрсетпеген жөн;
5. Белгісізді белгісіз арқылы анықтауға болмайды.
Түсіндірме аппаратымен жұмыс істеу бірнеше сатыдан тұрады және арнайы алгоритм құрастырады.
Түсіндірме аппаратымен жұмыс істеудің алгоритмі төмендегідей көрсетіледі:
Танысу (зерттеу): берілген түсініктің барлық амал-тәсілдерін қарастыру, яғни «мән-мағыналарды» ашу, түсінік этимологиясын анықтау, түсінік мазмұнының диалектикасын, алғашқы түсінікті анықтау, қазіргі мағынаны анықтау және мазмұнның трансформациясын, мәнді сипаттарды анықтау, анықтамаға сұрақтар қою, мәтінмен жұмыс істеу және рөлдік ойындар;
Бекіту (орнықтыру): cөз жұмбақ шешу, «қателері» бар мәтінді жөндеу, тестілеу, еске сақтауға арналған тренинг, ойын нысандары («Ақылды мен ақылдылар» («Умники и умницы»), «Сайлау», «Саяси дебаттар» );
Бақылау (білу және түсіну): эссе, тест, cөз жұмбақ шешу, түсініктерді қолдану арқылы білімін тексеруге бағытталған сұрақтар, бақылау: ағымдық, аралық, межелік, қорытынды.