Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
28_09_20013_ELITOLOGIYa.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
628.22 Кб
Скачать

Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға дайындалуға әдістемелік ұсыныстар

Ағымдық бақылау ауызша және жазбаша сұрақ түрінде, жазбаша бақылау жұмысы - сұрақтар және карточкалар бойынша өткізіледі, сонымен қатар іскер ойындар мен дискуссияларда өткізіледі.

Аралық бақылау тиісті тапсырмаларды орындау арқылы коллоквиум түрінде өткізіледі, қортынды бақылау – тестілеу.

«Элита теориялары» пәні емтиханмен аяқталады. Оған дайындық барысында студенттер пән оқытушысынан жекелей немесе топтық түрде консультация ала алады. Емтиханды өткізудің негізгі құжаттары: Мемлекеттік білім беру стандарты және соның негізінде әзірленген оқу пәнінің бағдарламасы болып табылады.

Емтиханда «өте жақсы» деген бағамен тек қана оқу пәнінің теориялық сұрақтарын біліп, сол бойынша еркін бағдарлай алатын ғана емес, соған қоса саясаттың теориясын бүгінгі әлемде болып жатқан оқиғалармен практикалық тұрғыдан байланыстыра алатын білім бағаланады. Емтихан тапсырушы бұдан өзге де қаралып отырған саяси құбылыстың шығу тегін, тарихи тамырын білуі, саяси түсініктерді, категоряларды еркін меңгеруі, саяси оқиғалардың арасынан байланыс таба алатын, тарихи сәйкестіктер мен салыстырулар жасай алатын, қойылған сұрақтарға нақты әрі тыңғылықты жауап беріп, сөйлеу мәдениетінің жоғары үлгісін көрсете алуы тиіс.

«Жақсы»деген бағамен жоғарыда көрсетілген талаптар жеткіліксіз дәрежеде көрініс табатын жауап бағаланады. Пәннің кейбір мәселелері толық әрі нақты игерілмеген.

«Қанағаттандырарлық» деп оқу пәнін игеруге білімінің аздығын көрсетіп, сұрақтарға жауап беру барысында қиналған, негізгі тақырыптарды игерген, бірақ теория мен практиканы ұштастыра алмайтын студент бағаланады.

Бұл талаптарға төмен жауап беріп, білімінің жетіспеушілігін көрсетіп, теориялық және практикалық сұрақтардың мағынасын түсінбейтін студент «қанағаттандырарлықсыз» деген баға алады. Онда емтихан алушы студентке, оның кемшіліктерін түсіндіруі қажет, екінші рет емтиханды табысты тапсыру үшін, қайта тапсыруға қалай дайындалатынына кеңес беруі керек.

Емтиханға дайындық – студенттің оқу пәні барысында соңғы, ең белсенді кезеңі. Жиналған білімді ретке келтіріп жүйелеу қажет. Әрбір тақырып негізгі, жалпы танымдық сұрақтарға ие болуының нәтижесінде соның төңірегінде қалғаны жиналады. Осыларға жауап беріп емтиханға дайындық деңгейін анықтауға болады. Бұл емтихан алдында кафедра беретін өзіндік «тексеру» сұрақтары. Бұларды емтихан сұрақтары деп қабылдау керек, бұларға жауап бере алатын студент өзін емтиханға дайынмын деп санаса болады.

Қорытынды бақылау сұрақтары

  1. Пәнді зерттеу объектісі, пәннің қалыптасуы.

  2. Элитизмді зерттеудің негізгі деңгейлері мен аспектілері.

  3. «Элита» ұғымының мәні. «Элита» түсінігі тар және кең мағынада.

  4. Пәннің әдістері мен әдіснамасы.

  5. Элитологияның негізгі мақсаттары мен қызметтері.

  6. Элитаны зерттеудегі теориялар мен әдістердің дамуы: дәстүрлі және қазіргі әдістер.

  7. Элитологияның теологиялық, әлеуметтік және тиімді-сыни (рационально-критическая) парадигмалары.

  8. Саяси элиталарды зерттеудегі негізгі мектептер мен бағыттар.

  9. Биліктің қазіргі заманғы түсіндірілуі: реляциондық, атрибуттық – субстанционалдық және басқалар.

  10. Биліктің пайда болудағы негізгі концепциялары.

  11. Биліктің өлшемдері мен аспектілері, оның негізгі компоненттері.

  12. Бағыну себептері мен билік себептері.

  13. Биліктің қайнар көзі.

  14. Биліктің мәні мен құрылымы.

  15. Биліктің қасиеттері.

  16. Саяси биліктің ерекше белгілері. Биліктің қызметтері мен биліктің деңгейлері.

  17. Билік негіздері мен оның қорлары.

  18. Биліктің қызмет ету механизмдері.

  19. Биліктің тарихи формалары.

  20. Биліктің түрлері мен оны жіктеу тәсілдері.

  21. Биліктің легитимдігі мен тиімділігі.

  22. М.Вебер бойынша саяси үстемшілдік жүйелері.

  23. Биліктің диффузиялық және өзіне тән легитимдігі.

  24. Биліктің демократиялық, технократиялық, идеологиялық және онтологиялық легитимдігі.

  25. Биліктің легитимдігінің деңгейлері.

  26. Алғашқы элитарлық теориялардың бейнелері.

  27. Ең жақсылардың басқаруы ретіндегі аристократия туралы ежелгі фәлсафашылардың түсініктері.

  28. Платон еңбектеріндегі элитистік дүние тану.

  29. Орта ғасыр дәуіріндегі элитистік түсініктердің дамуы (Фома Аквинский мен Августин Блаженныйдың элиталардың теологиялық теориялары).

  30. Элитизмнің қалыптасуы мен дамуына Н. Макиавеллидің қосқан үлесі.

  31. Элитизмнің қалыптасуы мен дамуына Т.Карлейляның қосқан үлесі.

  32. Элитизмнің қалыптасуы мен дамуына О.Шопенгауэрдің қосқан үлесі.

  33. Элитизмнің қалыптасуы мен дамуына Ф. Ницшенің қосқан үлесі.

  34. Ғылыми бағыт ретіндегі элитизмнің қалыптасуы.

  35. В. Паретоның элита теориясы.

  36. Г. Москаның элита теориясы.

  37. Г.Тарданың элита теориясы.

  38. Р. Михельстің элита теориясы.

  39. Элиталарды зерттеудегі қазіргі заманғы тәсілдер.

  40. Элиталардың түсінігі мен анықтамасы

  41. Саяси элиталардың болмысы мен мәнісін зерттеудегі меритократиялық тәсіл.

  42. Элиталарды анықтау мен белгілеудегі биліктік тәсіл.

  43. Басқарушы элиталар туралы ұғым. Басқарушы элиталардағы құрылым мен ішкі элитарлық қатынастар.

  44. Контрэлита және оның қоғамдағы орны.

  45. Бюрократия және элита.

  46. Элиталардың үстемшілдік демократиялық теориясының мәні.

  47. Функциональдық белгісі бойынша элиталық топтарды жіктеу.

  48. Саяси жүйедегі орны бойынша, қарқынды таралуы мен рекруттеу (рекрутирования) тәсілдері бойынша, ішкі элиталарлық қатынастардың құрылымы мен түрі бойынша, топтық интеграция мен әлеуметтік өкілділігі бойынша элиталардың типологиясы.

  49. Биліктің ерекшелігі мен элиталардың ықпал ететін салаларын қоса атқару негізінде элиталарды жіктеу.

  50. Элиталарды интегралдық жіктеу (типологизация) (Э.Гидденс).

  51. Элиталық топтардың әр түрлі тәсілдермен пайда болуы.

  52. В. Паретоның «Элиталардың айналу» заңы.

  53. Билікті түсіну мен сақтау процесіндегі аристократиялық және демократиялық тенденция, Г.Москаның теориясындағы элиталарды түсіну механизмі.

  54. Элиталарды рекруттеу: гильдиялар жүйесі және басқарушы элитаға антрепренерлік іріктеу жүйесі.

  55. Ашық және жабық элиталар –сұрыптау критерийі.

  56. Толықтыру (кооптация) элиталардың қалыптасу механизмі ретінде.

  57. Элиталарды түсінудегі қазіргі заманғы тенденциялар мен өзгерістер.

  58. Лидерліктің жалпы теориясының пайда болудағы алғы шарттары мен жағдайы.

  59. Архитиптер теориясы мен ойын теориясы саяси лидерліктің методологиялық негізі ретінде.

  60. Бихевиоризм лидерліктің мәні туралы.

  61. Әлеуметтік стратификация теориясы саяси лидерліктің негізі ретінде.

  62. Элиталар теориясы – саяси лидерліктің методологиялық негізі.

  63. Лидерліктің ситуациялық теориясы.

  64. Лидердің ерекшелік теориясының мәні.

  65. Конституенттер (конституент) теориясының мәні.

  66. Рөлдік теория саяси лидерліктің методологиялық негізі.

  67. Лидерлікті зерттеудегі негізгі тәсілдер – биологиялық, психологиялық, әлеуметтік, технологиялық, соционикалық, синергетикалық және информациологиялық.

  68. Лидерлік феноменінің әлеуметтік параметрі.

  69. Лидердің қызметтері.

  70. Қоғамның элитарлығының негізгі факторлары.

  71. Саяси лидерліктің түрлері мен стилдері.

  72. Лидерліктің типологиясының мәні мен негізі.

  73. Биліктің легитимдігі лидерліктің типологиясының негізі ретінде (М.Вебердің жіктеуі).

  74. Лидерлікті практикалық – бағыттық жіктеу – М.Херманн және Ж.Блонделдің лидерлік типологиясы.

  75. Зерттеуледің, өзін–өзі бағалау және Мен–концепциясының (Р.Зиллер) күрделілігі негізінде саяси лидерлердің жеке типологиясы.

  76. Саяси лидерліктің стилі саяси лидерлердің қызметінің типологиясы ретіңде.

  77. Кеңес қоғамындағы элитаның мәні мен негізгі ерекшеліктері.

  78. «Номенклатура» ұғымы, оның билік жүйесіндегі орны.

  79. Кеңес элитасының құрылымы мен иерархиалығы. Субординация жүйесі. Биліктің легитимдік механизмі.

  80. Кеңес элитасының қалыптасу принципі.

  81. Кеңес кезеңіндегі ішкі элиталық қатынастар.

  82. «Бюрократиялық корпоративизм». Элиталық емес топтарға ашықтық.

  83. Кеңес қоғамындағы элитаның тарихи жағдайы (фон) және даму кезеңдері.

  84. Қазақстандағы элитизмнің дәстүрлері.

  85. «Дала демократиясы» және көшпелі қоғамның биліктік элитасы.

  86. Қазақстандық элитаның тарихи жағдайы және қалыптасу кезеңдері.

  87. Кеңес кезеңіндегі Қазақстанның элитасының дамуы.

  88. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі элитасы – құрылымы мен қалыптасу механизмі.

  89. Қазақстанның саяси элитасының дамуындағы негізгі тенденциалар.

  90. Элиталық білім элитаның қалыптасу факторы ретінде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]