- •«Саясаттану» мамандығына арналған «элита теориялары» пәнінен силлабус
- •5. Пәннің сипаттамасы
- •5.3. Оқу пәнінің міндеттері:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер :
- •7. Білімді бақылау
- •8. Оқу пәнінің саясаты
- •Сөздік (глоссарий)
- •Глоссариймен жұмыс істеудің әдістемелік ұсыныстары
- •Дәріс конспектілері
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •2. Саяси элитаның басты қызметтері
- •3. Саяси элитаның құрылымы
- •4. Саяси элитаның құрамдас бөлігі ретіндегі саяси бюрократия
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •3. Элитаның әлеуметтік өкілділігі.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •1. Саяси режим ұғымы және элитаның қалыптасуына оның ықпалы
- •2. Диктатуралар және демократиялар
- •4. Тарихи және саяси феномен ретіндегі тоталитаризм.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •2. Қазақстанның саяси элитасының ішіндегі конфликтогенді әлеуеттің деңгейі
- •2.Оқу дәрістерімен жұмыс істеуге әдістемелік кеңес
- •Өзіндік оқуға белсенді түрде дайындалуға арналған тапсырмалар мен сұрақтар
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған (сөж) тапсырмаларды орындауға әдістемелік ұсыныстар.
- •Өзіндік жұмысты орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар.
- •Реферат дайындау жұмысына әдістемелік кеңес
- •Практикалық және семинар сабақтары, олардың мазмұны мен сағат бойынша көлемі.
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға дайындалуға әдістемелік ұсыныстар
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
Реферат дайындау жұмысына әдістемелік кеңес
Рефераттар тақырыптары:
Әдістемелік кеңес
Өзіндік жұмыстың белсенді түріне дәріс пен семинардан басқа дәріс курстары немесе оқу құралдары, оқулық пен жүйелі түрде жұмыс істеу жатады. Бірақ мұнда студенттің мүмкіншілігімен шығармашылық қабілеті толық ашылмайды.Студентке табиғи танымдық қажеттілікке қарай көбінесе «оқулық-оқытушы» логикасын қолдануына тура келеді. Бұдан басқа жаңа ұғымдар, анықтамалар, категориялармен танысу, жаңаны, белгісізді білу, білімді жинақтаудағы қажетті процестер үздіксіз жүріп жатады.
Нақтылы тақырыптағы реферат шығармашылықтың айқын аренасына айналады. Реферат авторы ереже бойынша оқулықтың шеңберінен шығып кеткісі келеді, сонда ғылыми танылған әдебиеттер ғана емес, ғылыми әдебиеттермен де танысу басталады. Ғалымдардың «зертханасына» кіруге мүмкіндік ашылады: олар нені ойлайды, не жайында айтысады, неге сол бір саяси оқиғаларға, құбылыстарға, процестерге әр түрлі көзқараспен қарайды, олардың қайсысыныкі дұрыс. Нәтижесінде өзінің позициясын анықтау, шығармашылықты таңдау проблемасы туындайды, өзінің ойын, пікірін, ұсынысын айту тілегі пайда болуы мүмкін.
Рефератты жазу жұмысы бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде әдебиетпен алғашқы танысу басталады (мүмкін, ғылыми, ғылыми-танымдық журналдағы екі-үш материалдар).Бұл тақырыпқа (проблемаға) кіру, білімді жинау мен ұғыну кезеңі. Бұл кезеңде ол рефератты жазу үшін оның жоспары мен құрылымын құрады.
Екінші кезең іздену сипатында болады. Рефераттың авторы өзінің жоспарындағы сұрақтарына жаңа, қосымша әдебиеттерге сүйене отырып жауап іздейді. Бұл кезеңде, бірінші кезең сияқты керекті үзінділер жасалады, бірақ олар өзінің пікірімен, түсіндірілуімен беріліп,жете түсінікті сипатта болады. Мұнда рефератты жазу үшін материалды дайындау жұмысымен айналысады. Осы кезеңде жұмыстың жоспары мен құрылымымен жұмыс істеу аяқталады.
Соңында, үшінші өте жауапты кезең – мұқият жасалған жоспар бойынша рефераттың өзін жазу. Әдетте рефераттың көлемі бір баспа табақ болады (40 мың белгі, ашық жерді қоса есептегенде). Жазылған мәтінді автор редакциялайды. Мұнда рефераттың авторы өте құнды қасиетке ие болады: сауатты, логикалық «өз сөзімен» жазуға, яғни өзінің логикалық ойлауын, материалды өз стилі бойынша баяндауды қалыптастыруға тырысады. Жазылған реферат дұрыс безендірілуі керек: белгіленген ереже бойынша әр цитатаға пайдаланылған әдебиеттер көрсетілуі керек, жұмыс тиісті атаулармен параграфтарға бөлінуі керек, рефераттың басында оның жоспары беріледі, ал соңында- библиографиясы, яғни пайдаланылған әдебиеттер тізімі болуы керек. Оқытушымен әңгімелесуді реферат жазылып біткен кезең деп есептеледі, оның негізгі идеяларын (мүмкін болса) семинарда баяндауға болады,
Практикалық және семинар сабақтары, олардың мазмұны мен сағат бойынша көлемі.
р/с |
Семинар сабақтарының тақырыптары мен сұрақтары |
Сағаттар саны |
1 |
«Элита теориялары» пәнінің теориялық- методологиялық негіздері |
1 |
1.1. |
Элитизмді зерттеу деңгейлері |
|
1.2.
|
Ғылым пәні мен нысаны. |
|
1.3. |
«Элита» ұғымы, Элитизм теорияларының эволюциясы. Элитологиядағы әдістер мен әдіснама |
|
1.4. |
Элитизмді зерттеудегі қазіргі заманғы ғылымның негізгі көзқарастары және бағыттары. |
|
2 |
Саяси элитизмнің қалыптасу кезеңдері.
|
1 |
2.1. |
Ежелгі пәлсапашылардың ең мықтылардың басқаруы ретіндегі аристократия туралы түсініктері. |
|
2.2. |
Орта ғасыр дәуіріндегі элитистік түсініктердің дамуы.
|
|
2.3. |
Н. Макиавелли, Ф. Ницшенің элитизмнің қалыптасуы мен дамуына үлесі. |
|
2.4. |
Ғылыми бағыт ретіндегі элитизмнің қалыптасуы
|
|
3 |
В. Парето, Г. Моска, Р. Михельстің элита теориялары
|
1 |
3.1. |
Саяси элиталарды зерттеудегі ғылыми мектептер мен бағыттардың қалыптасуы. |
|
3.2. |
В. Паретоның элита теориясы. «Элиталардың айналым» заңы.
|
|
3.3. |
Г.Москаның саяси тап концепциясы.
|
|
3.4. |
Р. Михельстің элиталар теориясындағы «Олигархиялық тенденцияларының темір заңы» |
|
4 |
Қазіргі заманғы элиталы теорияның негізгі бағыттары.
|
1 |
4.1. |
Элиталардың түсіндірілуі мен анықтамалары
|
|
4.2. |
Саяси элиталардың болмысы мен мәнісін зерттеудегі меритократиялық және биліктік тәсілдер. |
|
4.3. |
Макиавеллистік мектеп
|
|
4.4. |
Құндылықты теориялар. Элиталардың демократиялық өктемдігі (демократиялық элитизм) теориясының мәнісі (демокраического элитизма). |
|
4.5. |
Плюрализм концепциялары. Элиталардың сол либеральді концепциялары. |
|
5 |
Элита ұғымы мен мағынасы.
|
1 |
5.1. |
Жалпы анықтама және элитаның болу себептері. |
|
5.2. |
Элитаның қызметтері
|
|
5.3. |
Саяси элитаның құрылымы
|
|
5.4. |
Контрэлита мен оның қоғамдағы орны. Бюрократия және элита |
|
6 |
Элиталардың әлеуметтік өкілдігі
|
1 |
6.1. |
Элиталардың сапалы құрамы, нәтижелілілгі мен интеграциясы. |
|
6.2. |
Саяси элитаның табиғаиы туралы таптық және элитистік теориялар. |
|
6.3. |
Элиталардың әлеуметтік тегі мен көріктілігі. |
|
7 |
Қазіргі заманғы саяси элиталар
|
1 |
7.1. |
Саяси элитаның қазіргі заманға түсініктемелері, олардың негізгі постулаттары |
|
7.2. |
Қазіргі саяси элитаның құрылымы.
|
|
7.3. |
Саяси элита қызметі тиімділігінің критерийлері |
|
8 |
Саяси элиталар типологиясы
|
1 |
8.1. |
Типология критерийлері
|
|
8.2. |
Саяси элитаның негізгі жіктелуі (классификации) |
|
9 |
Саяси элиталарды рекуртингтеу жүйесі
|
1 |
9.1. |
Саяси элитаны іріктеу тәртібі, критериийлері, селекторат ауқымы және туындау мотивтері |
|
9.2. |
Элиталарды рекрутингтеу: гильдиялар жүйесі және басқарушы элитаға антрепренерлі іріктеудің жүйесі |
|
10 |
Элитаны қалыптастыру фактор ретіндегі элиталы білім
|
1 |
10.1. |
Элиталы білім ұғымы
|
|
10.2. |
Аутентикалы білім
|
|
10.3. |
Білім беру жүйесін сараптау
|
|
10.4. |
Білім беру жүйесін жобалау |
|
11 |
Түрлі саяси жүйелердегі элитаның қалыптасуы мен дамуы
|
1 |
11.1. |
Cаяси режим ұғымы және оның элитаның қалыптасуына ықпалы
|
|
11.2. |
Диктатуралар және демократиялар
|
|
11.3. |
Р. Даль және Ж. Блондельдің саяси режимдерінің типологиялары
|
|
11.4. |
Тарихи және саяи феномен ретіндегі тоталитаризм |
|
12 |
АҚШ-тағы саяси билік пен элита |
1 |
12.1. |
Саяси плюрализм теориялары
|
|
12.2. |
Плюралистік демократия мәселелері бойынша классикалық еңбектер (Д. Трумен, Д. Рисмен, Р. Даль және т.б.). |
|
12.3. |
Неоэлитизм (Т. Дай, X. Цайглер, У. Домхофф және т.б.).
|
|
12.4. |
АҚШ-тың саяси құрылымы. Р. Миллстың үлгісі, биліктің үш деңгейі. |
|
12.5. |
Д. Рисмен үлгісіндегі билік пирамидасы.
|
|
13 |
Кеңестік кезеңнің номенклатуралы элитасы
|
1 |
13.1. |
«Номенклатура» терминінің ұғымы |
|
13.2. |
Кеңестік партиялы-мемлекеттік номенклатураның төрт ұрпағы |
|
14 |
Постсоветтік кеңістік елдеріндегі саяси элитаның қалыптасу ерекшеліктері. |
1
|
14.1. |
Посткеңестік кеңістікте элитаның қалыптасуының жалпы тенденциялары |
|
14.2. |
Посткеңестік элитаның даму перспективалары |
|
15 |
Қазақстанның саяси элитасы
|
1 |
15.1. |
Қазақстанның саяси элитасының даму кезеңдері
|
|
15.2. |
Қазақстанның саяси элитасының ішіндегі конфликтогенді әлеуеттің деңгейі |
Семинарға дайындалу мен оған қатысуға әдістемелік кеңес
Семинар – студенттердің өзіндік жұмысының белсенді және ең ұтымды түрі. Семинардың барысында және оның нәтижесінде студенттер нақты білім алады. Бірақ олардың семинарға қандай дайындықпен келетіндігі өте маңызды. Семинардың өтілу формасы ең алдымен студенттердің білім деңгейіне және олардың оған дайындалу дәрежесіне байланысты. Егер студенттер семинарға дайын болмаса ешқандай талқылау, пікір-талас (дискуссия),іскер ойындар және тағы басқа жарыс түрлері болуы мүмкін емес. Сондықтан оқытушы мен студенттердің негізгі назары семинарға дайындалуға көңіл аударуы керек.
Семинарға дайындалу үшін студент алдын-ала нені оқуы керек екенін біліп қана қоймай, сонымен қатар оның қандай формада өтілетінін де білуі керек. Семинардың өтілу формасын оқытушы таңдайды,ол қажет болса оның сценарийін де жасайды. Семинардың айқын түрдегі дайындығын ынталы топқа, өте қаблетті және білімді студенттерге тапсыруы мүмкін. Кез кеген семинарды өткізгенде бір әдістемелік талапты сақтау керек: студенттер семинарға тапсырылған «сабақтың» сұрақтарына жауап беру үшін емес, олар шығармашылық пікір-таласқа, талқылауға (дискуссияға), өздерінің пікірлері мен көзқарастарын басқалардың позициясымен салыстыруға, дәлелдермен, айғақтармен алмасуға келеді. Семинардың ең бастысы – өз бетінше пайымдау, білім арқылы еркін сөз жарыстыру дағдысына үйрету. Оқытушы өткізілген семинардың қортындысын қорытындылай отырып, келесі сабақтың дайындығына қысқаша нұсқаулар мен кеңес беруі керек.
